Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары

Ертедегі Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі, Еуропаның шығыс бетінде
қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, әзірбайжан халықтарының
негізін құрайтын түрік тілдес, түркі тектес жұрттардың әртүрлі ат,
атаулармен танылған, тарихта белгілі болған қағанаттары, алғашқы феодалдық
мемлекеттері өмір сүрген. Ұлыс, Қағанат, Сұлтандық, Ел, Дәулет,
Орда сияқты аттармен әйгілі олардың дербес басқару жүйесі, өзіндік
мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жол-жоралғысы болған. Қазақстан мен
Орта Азияны мекендейтін әртүрлі ұлттар мен халықтардың бүгінгі болмысы
солардан бастау алып, мәдениеті мен экономикасы да сол тұстағы өсіп-
өркендеу, тұрмыс-тіршілік тәжірибесінен сұрыпталып шықты. Сондықтан V-Х
ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия жеріндегі Қағанат, хандықтан,
сұлтандықтардың тарихына көз жіберіп, олардың мәдениетіне біраз тоқтала
кетудің жөні бар. Мұның өзі жалпы адамзаттың тарихын білу үшін де маңызды.
Өйткені, бұл кезеңдегі алғашқы феодалдық мемлекеттердің тарихы мен
мәдениеті әлемдік дамудың құрамдас бөлігі, ажырамас, айнымас арнасы.
Әртүрлі рулық, тайпалық одақтар, мемлекет тектес иеліктер біздің жыл
санауымызға дейін де болды. Солардың үлгісі мен VI ғасырдың орта шенінде
түрік қағанаты дербес ел ретінде әлем сахнасына шықты. Ол қыпшақ, қарлұк,
қырғыз, теле, түркмен, чик, аз сияқты түркі тілдес тайпалардың басын
біріктірді. Шығысында Қытай қақпасы, батысында темір қақпа (Дербент)
арасында біртұтас билік жүргізген үлкен мемлекет болды. Осы тұста оған
қараған ру тайпалардың арасында да қыпшақтардың аты кеңінен тарады. Қазіргі
қазақ жұртының негізгі арналарының бірі, түрік қағанатының мықты тірегі
болған қыпшақтар өз ортасынан биік мәртебелі батырлармен шешендік үлгісін
қалдырған билерді, елге басшы болған көсем тұлғаларды көп шығарды.
Қыпшақтар бүкіл түрік қағанатының халқы сияқты тәңірі дінін тұтынып, көкте
күнге, аспанда ай, жүлдызға табынды. Олар орасан зор көлемі кең жерді
иемденіп бұлтартпайтын билік жүргізіп отырган қанағатқа қарайтын отыздаған
тайпа, ұлыс, халықтармен бір тілде сөйлесіп, бірыңғай мәдениет
қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Кейін ақсүйектер арасындағы алауыздықтың
нәтижесінде қағанат ыдырап, бірнеше иеліктерге бөлшектене бастағанда
қыпшақтар да бірнеше топтарга бөлініп, Орхон өзенінің, Алтай өңірінің,
Ертістің сол жағының бойына жайыла қонып, шашырап мекен етті. VI ғасырдың
аяғына таман түркі қағанатының тұтастығы бұзылып, ол Батыс түркі қағанаты,
Шығыс түркі қағанатына бөлінді. Соңғы екеуінің негізінде Түркеш хандығы,
Қарлұқ жабығылығы, хазар қағанаты сияқты иеліктер өмірге келді. Батыс түркі
қағанаты 603 жылы құрылып, Жетісуды, Шығыс Түркістанды, Тянь-Шанның батыс
бетін, Орта Азияны қамтып жаткан ірі феодалдық мемлекет болды. Оның
астанасы Шу алқабындағы ертеден белгілі Суяб қаласы еді. Оның негізін
қалаған Істем қаған 558 жылы аварларды Батысқа қарай ығыстырып Еділ мен
Жайық бойын өзіне қаратты. Оның негізінде өмірге келген Түркеш хандығы 704-
766 жылдар аралығында, одан кейінгі қарлұқ қағанаты 766-940 жылдарда өмір
сүріп, дәурен кешті. Түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз
тайпалардың басын біріктіріп, ІХ-ХІ ғасырларда дәуірленген оғыз тайпаларын
Батыс Қазақстан жерін, Сыр бойын өзіне мекен етті. Онда Сүткент, Сығанақ,
Қарнақ сияқты сауда-саттықпен өркендеген қалалар болды. Оғыздардың астанасы
Сыр бойындағы Янгикент шаһары еді. Сән-салтанатпен қалада тұрған халықтар
егіншілікпен айналысып, мал өсірумен шұғылданып көшпелі өмір кешкен
Оғыздармен тығыз шаруашылық қарым-қатынаста болды. Кейін оғыздардың басым
көпшілігі қыпшақтардың қысымымен шығыс Еуропа мен кіші Азияға қарай жылысып
ауа көшті де екінші бір бөлігі осы арадағы қыпшақтарға, басқа да ру
тайпаларға сіңісіп кетті. 745-840 жылдар шамасында толық бір ғасырға жуық
уақыт өмір сүріп, тарихта із қалдырған қағанаттардың бірі ұйғыр қағанаты.
Мекен тұрағы Селенгі, Орхон, Толы өзендерінің бойы болған бұл иеліктің
іргесін қалап, елдің дербестігіне жол ашқан Құтлық Білге құл қаған оның
шекарасын солтүстігінде Алтай тауларынан Манжурға дейін, оңтүстігінде Гоби
шөліне дейін кеңітті. Онда мемлекеттік бірыңғай тіл, түркі тілі, түркі
жазуы жазба түсіністік негізі болды. Оның халқының діні негізінен тәңірілік
дін болғанмен елде Христиан дінін, Манихейлік дінді, жаңа еніп келе жатқан
Ислам дінін ұстанушылар да болды. Сондай-ақ пұтқа табынушылар да аз болған
жоқ. Осы қағанат өмір сүрген кезде ұйғыр жазуы пайда болды. IX ғасырдың
орта тұсында бірнеше шағын иеліктерге бөлініп кеткен бұл қағанат
тұрғындарынан қалған мәдени мұралар мен тұрмыс-тіршілік үлгілері түрік
тілдес халықтарында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Түркі қағанаты
ыдырап онын жұртында бірнеше мемлекеттер пайда болған тұста өмірге келген
шығыс Еуропадағы алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі - Хазар қағанаты. VI
ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Сирия тарихшысы Ионно Эфеский өзінің
тарих атты еңбегінде Скифиядан шыққан үш жігіттің өз тайпаларын бастап
батысқа бет алғанын жазады. Солардың бірі Бұлғар Рим империясына дейін
жетеді де, қалған екеуі Берсилия жерінде тұрақтап қалады. Оның осылай
болғанын Византия шежірешісі Феофан да растаған. Оның айтқанындай осы
екеуінің бірін Харазих деп атаған.
VI ғасырдың аяқ шенінде өмірге келген Хазар елінің атауы осы есіммен
тығыз байланысты болғанмен оның шаңырағын көтеріп, уығын шаншыған баяғы
түрік қағанатын құрған ашина тайпасының мұрагерлері болды. Көне түркі
қағанаты құлап, құлдырап, тарих сыбағасына айналғаннан кейін ондағы ру-
тайпалардың бір қатары батысқа қарай жылысып, мекен тұрағын өзгертеді де,
Хазар мемлекетінің билігі өздерін тәңірінің құлымыз деп келген
ақсүйектердің қолына тиеді.
Хазарлар өз иелігіне іргелес жатқан Бұлғар мемлекетін өзіне қаратуды
алдымен қолға алады. 635 жылы Дулу (Дуло, Дулат) руынан шыққан Құбырат
деген кісі Ұлы Бұлғария аталатын мемлекеттің билеушісі болып 5-6 жыл
тақта отырғаннан кейін қайтыс болады да, иелік екіге жарылып, ағайынды
Аспарух, Ботбай дегендер билейді. Олардың билікке таласып бітісе алмауы
Аспарух бастаған бұлғарлардың Дунайдың арғы бетіне көшуіне себеп болды.
Еділ бойында қалған Ботбай бастаған бұлғарлар көп қиындықсыз Хазарлардың
құзырына өтеді. Артынша Хазарлар Азау (Азов) теңізінің төңірегіндегі елді
түгел өзіне қаратып, Қара теңіздің солтүстігінен Қырым түбегінің біраз
жерін қамтып Днепрге дейінгі жерлерді иемденді. Сөйтіп тарих сахнасына
дүркіреп шыққан хазарлар VIII ғасырдың басында да орасан мол жер аймағын
қамтыған, көптеген түрік тектес тайпалар бірлестігінің басын біріктірген
аса ірі мемлекетке айналады. Оның қол астындағы халықтар иуда дініне енеді.
Сонымен бірге мұндағы шашырап жатқан халықтың христиан дінін
мойындайтындары да, Күнге, Айға, Отқа, Суға табынатын тәңірі дініндегілер
де аз болмайды.
Осы тұста Хазарлар мен іргелес жатқан Сирияны, Месопатамияны басып
алып Арменияны, Грузияны бүкіл Закавказьені бағындыруды мақсат еткен
арабтардың жаугершілік жорығы басталды. 654 жыл Хабиб ибн-Маслам деген
қолбасшы басқарған араб әскерлері Арменияның, Грузияның Салман Ибн-Рабиах
әл-Балхи деген қолбасшының жасақтары Әзербайжанның жеріне басып кірді.
Абу әр-Рахман бастаған арабтар Дербент қаласын алып хазарларға қарсы
соғыс ашты.
Арабтардың бет қаратпай қарсылықтың бәрін күйрете жеңіп келе жатқан
қарқынды күшіне алғашқы тойтарыс беріп, оның қолбасшысы Абу әр-Рахманның
ажалына себепші болған Хазарлар еді. Олардан кері шегінуге мәжбүр болған
арабтар Армения, Грузия, Әзербайжан жерінде де тұрақтай алмай, олардан алым
алып тұруға келісіп, әскерін алып еліне кетті. 684 жылы Хазарлар арабтарға
шабуыл жасады. Біраз жылға созылған теке-тірес шайқастардың барысында
арабтар басымдықка ие болып, хазарлар сәтсіздікке ұшырады. Күші басым
жаудан жеңіліс тапқан хазарлар қалаларын тастап, Еділ бойына кетуге мәжбүр
болды. Арабтар басып алған хазар жерінің байлығын тонап, қалаларын
ойрандап, адамдарын құлға айналдырып, алдына салып айдап еліне қайтты.
Хазарлар дүрілдеп тұрған кезде араб басқыншыларының бетін қайтарған, сөйтіп
Шығыс Еуропаны, Византияны араб шапқыншылығынан сақтап қалған оларға көп
елдер өздерін борыштымыз деп санады. Сондықтан да Византияның билеушісі Лев
Исавр хазар қағанына құда түсіп, өз ұлы Левке қағанның қызы Шешакты алып
берді. Сөйтіп 775-780 жылдарда Византияның билеушісі болған Лев өзін
Хазар деп атады.
Хазарларға қараған алан, бұлғар, хазар сияқты ірі-ірі тайпалар Еділ,
Дон, Донецк өзендерінің алқаптарына қоныс аударды. Бұлғарлардың бір тобы
аландармен қосылып, Кама сағасындағы орманды алқаптарды тұрақты мекеніне
айналдырды.
Кейінгі жылдарда хазар иелігінде болған жерлерде археологтар жүргізген
қазба жұмыстары орасан мол заттық мұралар тапты. Мәдениеттің озық, аса
маңызды үлгілері болып саналатын бұл мұралар бұл жерлерде түркі сына жазуы
қолданылғанын, қағанатқа қараған халықтардың этникалық жағынан әртүрлі
болғанымен олардың бірыңғай мәдениеті, тілі, жазуы болғанын дәлелдеп берді.
Хазар қағанаты өрлеу жолына түсіп келе жатқан кезде іргесін көтеріп,
630 жылы тарих ажына шыққан бұлғар хандығында грек және кирилица
жазуларының, ал Еділ Бұлғар әулетінде араб жазуының қолданылғанын, қазіргі
Шуваш, Болгар-Башқұрт, Татар, Венгр халықтарының тілі мен мәдениетінде
Қағанат кезінен сақталған айғақтардың аз емес екенін айту керек.
VI ғасырда түрік тайпалары қоныстанған қазіргі Қазақстанның
оңтүстігіндегі жерлер жуаньжуань (оны Жужан деп те атайды) қағанатының
иелігінде болған.
Түрік тайпалары оған салық төлеп, қару-жарақ жасау үшін темір балқытып
беріп тұрған. Тәуелсіздікке ие болуды көксеген түріктер бостандық алудың
сәтті кезеңін көптен күтеді екен. Жужандардың қол астындағы бостандық
аңсаған басқа тайпаларда да тұрақты тыныштық болмады. Сондай тайпалардың
бірі Төлелер көтерілгенде, оны жужандарға жеңіп берген Түріктер бірде
жужандарға елші жібереді. Енді оларға бас игісі келмейтінін, терезесі тең
ел екенін білдіру үшін жіберілген елші жужан билеушісі Анагүйге: Түрік
қағаны Бумынға қыздарыңыздың бірін айттыра келдік, екі ел арасында татулық
қарым-қатынас орнатудың жолы осы деп білеміз, - дейді. Мұны ар көрген жужан
қағаны елшіні жазалаттырып, терісіне симай ашу шақырады. Осыны күткен
түріктер жужандардың ордасына лап қойып, оны құйын соққандай быт-шыт етеді.
Ызаға шыдай алмаған жужан билеушісі өзін өзі өлтіреді. Бумын өзін қаған деп
жариялайды. Бірақ ол көп ұзамай өліп, қаған тағына оның інісі Қара іске,
одан кейін оның кіші інісі Мухан отырады. Бұлардың тұсында түріктердің жер
аумағы Атырау теңізіне дейін жетеді.
Ал жужандардың тағдыры қалай болды? Олар алғашқыда тоз-тоз болып Батыс
түрік қағанатының қол астында жүріп, онда да тұрақтай алмай Каспийдің
батысын, Қара теңіздің солтүстіктігін, Дунай бойымен Карпат тауына дейінгі
аймақты жайлап, Ауар деген атпен қағанат құрады. 807 жылы ол дербес ел
болудан қалып, Еуропа құрылығындағы халықтарға сіңісіп кетеді.
Қазіргі қазақ жерінің оңтүстігіндегі түрік қағанатының жерінде талай-
талай мемлекеттік құрылымдар болғанын, олардың бірінің орнына екіншісі
келіп үнемі ауысып жатқанын жылнама-шежірелерден айқын көруге болады.
Қарақан қағанаты (840-1069-80 жж.) оның артынша өмірге келген Ғазнауи
сұлтандығы (964-1315 жж.), тарихта өзіндік орны бар Салжүк сұлтандығы Орта
Азиямен Қазақстан аймағында феодалдық дербес, өз алдына мемлекеттер құрып,
дәурен сүрді. Оларда ел билігінің, тұрмыс-тіршіліктің жол жоралғысы, мәдени
дамудың өрнек-үлгілері, әдет-ғұрпы, салт-сана рәсімдері қалыптасып, дамудың
әртүрлі сатысында өзгеріп, жетіліп өз жалғасын тапты. Мәселен әлгіде де сөз
еткен елдерден мол фольклорлық мұралар жетіп отыр. Қорқыт ата, Алдар көсе
сияқты жұртқа кеңінен танылған бейнелер сол тұста пайда болды. Орта Азияның
Оңтүстігінен бастап Иран, Ирак, Сирия, Әзірбайжанды билеп, Римге тізе
бүктірген, Анадолыны иемденген осы сұлтандықтан бүгінгі түріктер, осман
түріктері бастау алып тарихқа енген. Ғазнауи сұлтандығын алыңызшы. Ол да
тарихта үлкен мәдени үлгі қалдырған ел. Орта Азияның көп жеріне, Ауганстан,
Иран, Үндістанның солтүстігіне билік жүргізген бұл елдің халқы кейінгі
ұрпаққа түрік, араб, парсы тілдерінде көптеген жазбаларды мұра етті.
Бируни, Үтби, Әбіл, Байхака, Гардизи, Фирдауси сияқты әлемге аты шыққан
ғұламалар мен шайырлар осы Ғазнауи сұлтандығында ғылым мен әдебиеттің өлмес
дүниелерін өмірге келтірген.
ҚАЛА ТҰРМЫСЫНЫҢ ӨРЛЕУІ
Қалалардың өсуі. X—XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар
мен қала қоныстары шапшаң өсті. Олар қырдың егіншілік аймақтарының
негізінде және осы аймақтардың көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығымен қарым-қатынасы болған аудандарда пайда болып, дамыды. Түрлі
экономикалық және шаруашылық аймақтарының қала орталықтарының кейбір
айырмашылықтары болғанымен (әлеуметтік-экономикалық қатынастар, топография,
архитектура, материалдық мәдениет), олар өздерінің басты белгілері жағынан
қалай дегенмен, де жақын болды.
Бірқатар жана қалалар — Қарашоқ, Қарнақ, Қойлық Екіоғыз, Ашнас,
Баршындыкент қалалары пайда болды. Археологиялық зерттеулердің
көрсеткеніндей, тек Іле алқабында ғана бұдан бұрынғы уақыттағы 10 қаладан
басқа, X—XII ғасырларда тағы да 56 қала пайда болды. Шу және Талас
алқаптарында, Сырдарияда ондаған қала қоныстары орнады. Сонымен бір
мезгілде рабадтар, іргелес сауда қолөнер мекендері есебінен, — бұларда,
әдетте, қала базарлары болатын — ескі қалалар территориясы ұлғайды.
Қаланың шаруашылық орталығы шахристаннан рабадқа ауысты.
Сол замандағы Қазақстан қалаларының ең ірісі Отырар 200 гектар алқапты
алып жатты. Шығыс және солтүстік-шығыс бағыттарында рабадтардың ұлғаюы
қамал-қабырғалардың екінші оралымын салу қажеттілігін туғызды. X—XII
ғасырлар Отырардың территориялық жағынан бәрінен көп өскен кезең болды.
Тараз да өрлеп тұрды, Тараз округіндегі қалалар мен қоныстар есті.
Таразда және оның маңында тамаша архитектуралық ансамбльдер мен монументті
ғимараттар салынды.
Сырдарияның орта тұсындағы бұрынғы шағын қала Ақтебеде тұрғын үйлер
мен шаруашылық жайлары салынып, қамал қабырғамен қоршалды. Іле алқабындағы
Талғар қаласы қалздуалының шегінен шығып, 28 гектардай территорияны алып
жатты (бұрын 9 гектардай еді), қала тұрғындары жаңа учаскелерге тығыз етіп
усадьбалар салды.
Қала мәдениеті Орталық Қазақстанда да, Ұлытау бөктерінде, Сарысу,
Нұра, Кеңгір өзендері алқаптарында да тарады.
Қала тұрмысының өрлеуі шаруашылықтағы ілгерілеулерімен және феодалдық
қатынастардың дамуымен байланысты болды. Қалаларға село халқының бір бөлігі
көшіп барды. Қала халқының тұрмысында егіншілік бұрынғысынша үлкен роль
атқарды. Қалаларда жер мемлекеттік меншік емес, жеке меншікте болды,
сондықтан оның құны селолық жерге қарағанда жоғары болған еді. Жер
учаскелері қалада көбіне мұстағалдар—табысты орындар (сауда қатарларын,
керуен Сарайларын, моншалар) салуға пайдаланылды. Мұндай көптеген орындар
Қарахан әулетінің мүшелерінде болды. Мұстағалдар көп табыс түсіріп тұрды
да, осы себепті феодалдар, соның ішінде көшпелі шонжарлар қалаларда жер
учаскелерін алуға ұмтылды.
Испиджаб пен Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қалалар болып
қала берді.
Испиджаб X—XII ғасырларда транзитті сауда орталығы ретінде мәлім
болды, мұнда көптеген товарлар өндірілді және осы жерден мата, қару-жарақ,
мыс пен темір әкетіліп тұрды. Испиджаб,—деп жазды ортағасырлық авторлардың
бірі бұл қала жөнінде, — үлкен қаланың, Мауараннахрдың Түркістан
шекарасындағы басты қалаларының бірінің аты. Ол Алланың әміріндегі аса
құнарлы, ағашы көп, ағын суы мол және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп,
көркейген және жайлы елдердің бірі....
Испиджабтық жұрты қазір Шымкенттің Шығысына таман 12 километр жерде
Сайрам поселкесінің орталығында. Өкінішке орай, Испиджаб қала жұртына осы
заманғы үйлер салынған, сондықтан оны зерттеу қиынға соғуда. Қаланың
топографиясы, оның тұрғын орамдарының орналасуы, Қазақстандағы осы аса ірі
қаланың неғұрлым дамыған кезеңінің материалдық мәдениеті күні бүгінге дейін
беймәлім болып келеді.
VII—IX ғасырлармен салыстырғанда Отырардың аумағы бірнеше есе ұлғайды.
Рабадтарды — іргелес қоныстарды қоса алғанда ол 200 гектар жерді алып
жатты. Дуалдар шахристан мен камал болған қаланың орталық бөлігін ғана
емес, сонымен бірге рабадты да қоршады, Қамал қаланың негізгі ұйытқысының
орталығында болды да, ол дуалмен және ормен қоршалды. Археологиялық
зерттеулер шахристан өте тығыз салынған деуге мүмкіндік береді. Тұрғын
үйлердің қабырғалары шикі кірпіштен қаланды. Үйлердің едендері мен іргетасы
күйдірген шаршы кірпішпен шегенделді. Рабадтағы құрылыстар бір-бірінен
алшақ салынды, мұнда су қойналары, каналдзр, бау-бақшалар мен егістіктер
болды. Қалада су құбыры жұмыс істеді, каналдар жарасындағы рабад
территориясында қоғамдық моншалар болды.
Отырар төңірегінде, Сырдарияның орта ағысы тұсында, Оксус қала жұртына
сәйкес келетін Весидж қаласы еңсе көтерді. Деректемелерге сәйкес, Весиджде
мешіт болды, билеүшінің резиденциясы да осында орналасты. Қаланың жұрты
жақсы сақталған. Қамалдың, шахристан мен рабаттың тұрқы айқын аңғарылады;
қала жұрты бес-бұрышты төбешік түрінде, жанжарының өлшемі: солтүстік жағы —
220 м, Шығыс жағы — 200, оңтүстік -шығыс жағы — 120, оңтүстік-батыс
жағы—150, батыс жағы — 160 м. болып келеді. Ол барлық жағынан мұнаралы
қабырғамен қоршалған, қамал қаланың қираған орнының Шығыс бөлігінде болған.
Қаланың ішіне екі кірме жолмен — Шығыс және оңтүстік-батыс кірме жолдарымен
барған. Қамалда жүргізілген қазба жұмыстары XI—XII ғасырлардары ірі
құрылыстың қалдықтарын ашты; оның орталығы күйген кірпішпен шегенделген кең
аула болған; тұрғын үйлердің едендері де осындай кірпіштерден төселген.
Олардын, бірінен шарап жасайтын орынның қалдықтары табылды.
Отырардан оңтүстікке таман бір күншілік жерде өзі аттас орталығы бар
Шауғар округі болды. Шауғар округі осы күнгі Түркістан ауданын алып жатты,
ал Шойтөбе қала жұртымен теңдестірілетін қаланың өзі Түркістан қаласынан
оңтүстікке таман 8 км жерде болған. XI ғасырда Шауғар құлдырап, округ
астанасы Ясыға көшірілді, мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Ясауи мавзолейі
салынып, қала діни орталыққа айналды.
Ортағасырлық Ясы қаласының жұрты осы заманғы Түркістан қаласының
орталығында. Қалада мұнаралы қабырғалармен қоршалған қамал, шахристан,
рабад болған.
Сырдариядағы ірі қала Сығанақ (Сұғынақ, Сығнах) болды. Ол Орта Азия
мен Жетісудан шығып, Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына
апаратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан. XII ғасырда Сығанақ
қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-Ата
қала жұрты бар.
Қаратаудың солтүстік баурайында бірқатар қалалар болғаны анықталды;
олардың ішінде Шолаққорған селосынан Шығысқа таман 26 км Қапшағай деген
жердегі Баба-Ата қала жұртымен теңдестірілетін Баладж неғұрлым мәлім қала
болған. Ескі қала жұрты қамалдап, шахристаннан және рабадтан тұрады. XI—XII
ғасырларда, қазба жұмыстары көрсетіп отырғанындай, қамалда құрылыс
жұмыстары жүргізілген: сегізбұрышты орталық залы бар монументті ғимарат
тұрғызылған, оның жан-жағына тұрғын үйлер топтастырылып, олар орталық
залмен және өзара арқалықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz