ХҮІІ ғасырдағы орыс - ойрат елшілік байланыстары
ХҮІІ ғасырдағы орыс-ойрат елшілік байланыстары
Орыс-ойрат ресми қатынастары 1607 ж. қаңтарда орыс бодандығын алу
жөніндегі ұсыныспен Москваның бұйрығымен жіберілген Тара воеводасы Гагарин
бастаған елшіліктің ойрат князьдарына келуімен басталады. Ал маусым айында
бұл елшілікпен бірге ойрат елшілері де қайтып келіп, 120 мың ойрат халқы
орыс бодандығына кірген. Ойрат елшілері өз билеушілері атынан екі жақтың
соғыспауын, Ертістің жоғары жағына қарай тұзды көлдердің маңына көшіп
жүруге рұқсат беруін сұрайды 1;22. Елшілікті дербеттік Далай мен торғоуыт
Дзорикт сияқты беделді князьдар бастап келген. Дзориктің ағасы Хөө Өрлөг
1604 ж. бұлардан жеке бөлініп, өзінің ұлы Кирасанмен Ертістің жоғары
жағында көшіп жүрген. Өз кезегінде Тара воеводасы ойрат билеушілерінің
өтініштерін қанағаттандырмақшы болады. Мұны Мәскеу құптап, тағы да елшілік
жібермекші еді. Ендігі сапарда орыс патшасының атынан оларға Ертістің
жоғары жағымен де, тіпті өздері қалаған жерлерге де көшуге рұқсат ететінін,
Қазақ ордасынан да, ноғайлардан да қорғайтынын айтуды тапсырады 1;22-23.
1607 жылы 21 қыркүйекте екінші елшілік Далайдан Тараға келіп,
князьдардың бұрынғы өтінішін қайталағандай болды, яғни Ертіспен тұзды
көлдерге және Камышловқа қарай көшіп жүруге, Алтын патша мен Қазақ
Ордасынан қорғауды сұраған 1;24. Елшілікпен бірге көпестердің де
керуендері 550 жылқыны сатуға айдап әкелген. Тара өкіметі керуендерді
салықтан босатып, елшілердің өзін Мәскеуге патшамен кездесуге жібереді.
1608 ж. қаңтарда Тара воеводасы Хө Өрлөг өз ұлымен және ұлыстарымен
бірге Тара ауданында, қаладан үш күндік жерлерде көшіп жүгенін, ал дербет
тайшысы Далай воеводаға қайтадан өкілдерін жіберіп, Ом бойымен көшіп-қонып
жүруге рұқсат етсін деген өтінішін жібергенін баяндайды. Ойрат тайшылары
сол баяғыдай өздерін Алтын патшадан қорғауды, Тарадан бес күндік жерде Ом
өзені бойында қала салса, Алтын патшадан қорықпай-ақ көшіп жүре алатындарын
айтқан. Далай тайшы жасақты (яғни салықты) малмен беруге келіскен, ал
бұлғындар мен қарсақтар болса, бұл жерлерде мекендемейтіндіктен, олардың
терісін бере алмайтынын ескерткен (1;25-27). Осындай мәліметтерді алғаннан
кейін Мәскеу өкіметі Тара воеводасы Далай мен басқа да ойрат билеушілеріне
жаңа елшілік жіберіп, тайшылардың орыс патшасымен кездесуіне мүмкіндік
болатынына сендіру қажеттігі тапсырылады. Ал орыс патшасы Алтын ханнан да,
ноғайлар мен қазақтардан да, басқа да келеңсіз жағдайлардан қорғайтынына
кепілдеме беретіні айтылады. Орыс патшасының ойрат билеушілерімен келіссөз
жүргізуіне Мәскеудің мүмкіндік жасауына ойраттар, бір жағынан,
сеніңкіремеген де болу керек. Мысалы, Тара воеводасының атына берілген
грамотада былай делінген: И будет они не поверят и к нам, великому
государю, ехати не похотят, и вы б им для веры дами закладных людей,
сколько человек пригож, и сами б естя им слово прямое на том дали, чтоб они
ехали к нам безо всякого опасения, и ласку и привет к ним держали, и задору
б им от наших людей ни в чем не былоң(1;25-27).
Осы жерде жасақ (ясак) орыс патша өкіметінің Оралдан асып, одан
шығысқа Тынық мұхитына дейінгі жерді өзіне қосып алудың негізгі бір құралы
болғанын атап кеткен жөн деп ойлаймыз. Салық жинау үшін тайгада бекініс
қыстаулар салып, кейіннен олар шептер мен қалаларға айналып отырған. Ясак –
түрік сөзі. Заң, жарғы, ережең деген мағынаны білдіреді. Шыңғысханның
ережесі де ясақң немесе ясаң деп аталған. Ясақ деп заң жүзінде
бекітілген ережеленгенң нәрсенің бәрін айтады. Ол заң жүзінде бекітілген
жазаны да білдіреді. Өлімге бұйырылсын!ң деудің орнына Ясакқа
тартылсын!ң,- деп айтқан. Заң бойынша тиым салған нәрсенің бәрі ясақң деп
аталған. Ясақ!ң, - деп айғайлап кезінде Стамбулда түріктер мешітке кіріп
бара жатқан христианды тоқтатқан. Бұл сөз бекітілген сигнал мағынасында да
қолданылып, ХҮІІ ғ. Орыстар осы мәнде қолданған. Ал Сібірде ясақ Ресей
жаулап алмастан бұрын болған.
1607 ж. 27 қыркүйекте Тараға Хө Өрлөгтің адамы келіп, Орыс
мемлекетімен достық қарым-қатынаста тұруға дайын екенін және Есіл мен
Камышлова жағалауларында көшіп жүруге, Тарада сауда жасау үшін адамдарын
жіберуге рұқсат беруін сұрайды. Тара воеводасы Хө Өрлөгке орыс бодандығын
алмаса, орыс жерінде көшіп жүруге құқы жоқ екенін айтқан (1;28).
1609 ж. наурызда Том воеводасының Москваға жіберген мәліметтерін Иван
Белоголов бастаған Алтын хан мен Қытайға жіберілген елшілік Томскіден алты
ай бұрын жіберіліп, тапсырманы орындамаған себепті, Алтын хан мен ойрат
билеушілері арасында 1608 ж. күзде соғыс қақтығысына алып келді. Бұл
соғыста ойраттар жеңді. Оған ойраттардың беделді князьдарымен қатар Тара
ауданында көшіп-қонып жүргендер мен Далай тайшының маңында көшіп жүрген
топтар да қатысқан. 1609 ж. наурызда Тарадан Голубин бастаған елшілік
ойрат билеушілеріне жіберіледі. Шілдеде Тараға оралып, қалмақ тайшылары
бірге көшіп жүргендерін, оларды Үзен тайшының жесірі Абай басқарып
жатқанын, орыс елшілерінің қатысуымен князьдардың съезі болып, оған Абай
мен оның көмекшісі Көшебші басқарғаны айтылады. Съезд орыс жағының
ұсыныстарын, яғни ойрат билеушілері орыс патшасына ант беріп, соған сәйкес
келісім-шартты бекітуін, ал ең бастысы тайшылар Тара қаласында болып,
жасақты тұрақты төлеп тұру мәселесін талдайды. Бірақ съезд бұл ұсыныстарды
шегеріп тастайды, өйткені “Қазақ ордасы соғыспен келе жатыр”, сондықтан өз
жағынан ойрат билеушілері Тара воеводасының өзі орыс сауда адамдарымен
Ертістің жоғары жағына келуін ұсынады. Ал жасақ мәселесіне келсек, олар
ешкімге жасақ бермейтінін, керісінше өздері Ақ қалмақтардан салық алатынын,
болашақта өздері ешкімге де салық төлейтін ойлары жоқ екенін айтқан. Орыс
жерінде көшіп-қону мәселесі жөніндегі жауаптары да нақты болды: “Өздері
көшпелі халық болғандықтан, қайда көшкісі келсе, сонда көшіп жүреді”.
Бараба ұлысы мен басқа ұлыстардың халқына тиіспеу жөніндегі орыстардың
ұсынысына (бұлар орыс бодандығында болатын. – Ф. Ш.) Абай олар туралы
аңыздарды Тарадағы үкіметтің қарауына беруді қаламайтынын, өздері
билейтінін мәлімдейді 1;38-39. Елшілік туралы осындай мәліметтерге
қарағанда ойраттардың позициясы халхастың Алтын ханы мен қазақ билеушілерін
жеңуімен байланысты нығайғанын байқауға болады. Бұл оқиға ойрат
билеушілерінің Ресейге қатысты мәселесіне де әсер етті. Ойраттар енді орыс
патшасынан қандай да бір жерлерде көшіп жүру туралы рұқсат сұрамайды,
өздерін қорғау жөнінде өтініш жасамайды, орыс патшасының сенімді боданы
болуға, жасақ төлеуге келісім беретінін мәлімдейді. Голубинмен болған
келіссөзде өздерін батыл ұстайды.
Ойрат тайшыларының осы тобындағы кейбір ішкі өзгерістерге назар
аударсақ, бұрын оларды Далай басқарса, енді Үзеннің жесірі Абай мен
көмекшісі Көшебші билік жасайды, ал Голубин елшілігінің құжаттарында
Далайдың аты аталмайды да 2;127. Хө Өрлөг ертеде Далай тобынан бөлек
көшіп жүрсе, енді ол бәрімен бірге көшіп-қонып, көптің бірі болып қалады.
Орыс елшілерінің көзіне тайшылардың береке-бірлігі түскен. Мұның өзі
алдындағы жеңіс пен қазақтарға қарсы жаңа жорыққа дайындықпен байланысты
болса керек, яғни мақсат-мүдде бірлігі жақындастырды.
Бұл топтан хошоут Бабағас пен чорос Хара-Хулай да көшіп-қонып жүрді.
Олардың қол астында ойрат халқының басым көпшілігі және ойрат иеліктерінің
жартысы болды. Байбағас та, Хара-Хулай да не осы топтың қандай да бір басқа
адамдары ХҮІІ ғ. екінші он жылдығының аяғына дейін Орыс үкіметімен
байланысы жөнінде деректерде айтылмайды. Ал ойраттардың осы екі тобының
арасында өзара некелік одақтардың болғанын, жалпы ойрат съездеріне, әскери
жорықтарға бірге қатысқанын қалмақ деректері дәлелдейді. ХҮІІ ғ. екінші он
жылдығы бойы ойрат иеліктерінде тыныштық болғанын 1613 ж. парсы шахы
Аббасқа жіберген Михаил Федорович патша елшілігінің материалдары
дәлелдейді2;128.
Голубин елшілігінен кейін орыс-ойрат қатынастарында бес жылға жуық
үзіліс болғанын байқауға болады. Бұл кездері ойрат билеушілері бос жатпай,
өздері иеленген аймақтардағы позицияларын бекемдей түскен. Көршілес жатқан
ұсақ тайпалық одақтар мен халықтарды өздеріне бағындырады. Мысалы, Абай-
Көшебші тобы Бараба мен Кузнецк татарларын бағындырып, албан салығын, егін
өнімдерін, аңшылық пен темір кәсіпкерлігі өнімдерін алып отырды және
Ертістің орта және жоғары ағыстары аудандарындағы тұз көлдерін
меншіктенушіміз деп жариялап, орыстардың тұз өндіруіне шек қойды әрі бұл
әрекеттерін орыс қала өкіметтеріне қысым жасау құралы ретінде пайдаланды.
Сөйтіп, ойраттар мен орыстар арасында қақтығыс туып отырған. Мұндай
қақтығыстардың болуына жергілікті Сібір өкіметінің қысымы мен алаяқтығы да
себеп болса керек.
1616 жылы орыс-ойрат ресми қатынасы қайтадан жандана бастады. Көктемде
ойраттарға Тобылдан Томи Петров пен Иван Куницын бастаған елшілік
жіберіледі. Елшіліктің мақсаты сол баяғыдай ойрат билеушілерін орыс
бодандығын қабылдауға сендіріп, Сібір қалаларына сауда жасауға келтіру еді.
Тобылға қайтып келгеннен кейін бұл елшіліктер Мәскеуге жіберіліп,
келіссөздің нәтижелерін мәлімдеген. Бұларды да сол дербеттік Далай тайшы
қабылдаған. Далай ірі ойрат тобын басқарып, оған өзінің төрт інісі,
торғоуыт Хө Өрлөг пен чорос Чокур кірген. Құжаттарда Далай тайшыны
қалмақтардың патшасы деп атағанмен, ол өзін патша деп жазбаған 1;52.
Петров пен Куницын ойраттардың осы тобының әскери күш-қуаты мықты екенін
айта отырып, Голубин елшілігі тұсында бұл топты басқарған Абай жөнінде
ештеңе айтпайды. Соған қарағанда ішкі алауыздықтар нәтижесінде Далай тайшы
билікке қайта келсе керек. Сөйтіп, Петров пен Куницын мынадай түйін
жасаған: “к Колматцкой земле ныне в подданстве и в их послушанье Казачья
Большая орда да Киргизская орда, и тем обеим ордам колмаки сильны. А
которые ясыри Казатцкие и Киргизские земли преже сего пойманы были в полон
в Колматцкую землю, и тех ныне Богатырь-тайш, сыскивая, отдает им без
окупу. А Казачьи и Киргизские орды начальники о том ему присылают бити
челом, и живут с ним в совете и во всем Богатыря тайша над собою почитают и
его слушают”1;52.
Елшілердің ойрат ұлыстарында князьдар мен қарапайым адамдар ламаизмді
қабылдап жатқанын айтуы қызығарлық жәйт. Жалпы Батыс Монғолияда ХҮІІ ғ.
екінші он жылдығында ресми дін ретінде будданың бір қанаты ламаизмді
қабылдағанын айтып кеткен жөн. Сонымен бірге Далай тобының ішкі және сыртқы
саяси жағдайының нығайғанын елшілер байқаған. Далай тайшының билігін
торғоуыт Хо Өрлөг пен чорос Чохур мойындаған әрі екеуі де Далайдың
кеңесшісі болғанын құжаттар дәлелдейтінін байқаймыз: Чохур и Хо-Урлюк
состояли у Далая в качестве думчих ближних тайшң1;53. Сыртқы және ішкі
саясатын ойдағыдай жүргізген Далай тобы Ертістің орта және жоғары ағысында,
Есіл мен Обь жағаларында көшіп жүрді, сол жерден Жайық пен Ембідегі
ноғайларға шабуыл жасап тұрған.
Ойраттарға Алтын хан мен Далай тайшы тобының өзара қатынасының дұрыс
болмауы жағымсыз әсер етті. Соғыс өртін тудырмау үшін Далай тайшы Алтын
ханмен бейбіт қатынаста болуға тырысып бақты. Сонымен бірге Ресеймен де
тату-тәтті көршілік қатынас орнату сыртқы саясаттағы бір міндет болды. 1618
ж. басында Мәскеуге Далай елшілерінің келуі жөніндегі мәліметтер бойынша
талдау жасасақ, Ресеймен достық қатынасқа бет бұрғанын байқауға болады.
Елшіліктің қасында болып, алып жүрген Иван Савельевтің Посол приказында
айтқан әңгімесіне қарағанда 1617 ж. мамырда өзін Тобыл воеводасы Далай
тайшыға жіберіп, орыс бодандығына өту жөніндегі пиғылын анықтауды
тапсырған. И. Савельев екі айдай жүріп Далайдың Зайсан көлі ауданында
орналасқан ордасына жеткен. Қазақ даласымен ешқандай қиындықсыз жүрген.
Савельевті жолдағы ойрат ұлыстарының беделді князьдары елшіліктің мақсатын
білгендіктен оны жылы жүзбен қарсы алып, шығарып салып отырған. Тамыздың
бірінші жартысында ол Далай ордасына жеткенде, оған қазақ және қырғыздардың
елшілер келіп, ойраттардың қолындағы тұтқындарды сатып алу жөнінде келіссөз
жүргізуге келген көрінеді. Орыстардың ұсынысына орай Далай Ресей қамқорында
болуға дайын екенін айтқан 12;71. Олар Савельевпен бірге өз өкілдерін
жіберіп, Мәскеуге шығарып салады. 20 наурызда Елшілік приказына келіссөзге
шақырылып, Далайдың тапсырмасымен Орыс мемлекетінің бодандығына өту туралы
мәселе болған. 1618 ж. 14 сәуірде келіссөз аяқталып, Далайдың атына орыс
бодандығына өту туралы тілегін құптайтын грамота тапсырылады, сонымен бірге
Сібір қалаларына жылқылармен, т. б. малдармен, тауарлармен ешқандай
қауіпсіз келе беруіне болатынын айтқан. Өз тарапынан орыс патшасы Далайға
барлық келеңсіз жағдайдан оларды қорғайтынын, Сібір билеушілері достық
қатынаста болып, сауда адамдарына тиіспейтініне де уәде берген 2;76.
Далай тайшының Ресейге қатысты, Ресейдің Далай тайшыға қатысты
саясатының астарына мән берсек, екі жақ та бейбіт қатынас пен сауданы
дамытуға мүдделі болғанмен, Далай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz