ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ

XVІ-XVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН (ТҮРКІСТАН) ҚАЛАЛАРЫ.

Осының алдындағы кезеңдегі сияқты, Қазақстанның оңт. аудандары XVІ-XVІІ
ғасырларда да қазақ халқының тарихи дамуының аса маңызды өңірі болды.
Алтын Орда хандарының билігінен босап шыққан Шығыс Дешті Қыпшақ халқының
тылсым тіршілігінің саяси орталығы XІІІ-XІV ғасырлар шебінде-ақ Оңтүстік
Қазақстанға бет бұра бастады. Ақ Орда хандарының астанасы осында, Сығанақ
қаласына көшірілді. Қазақ хандығы пайда болған кезден оның орталығы нақты
жағдайлар себепті әуелі Батыс Жетісу болды, бірақ бірнеше жыл өткеннен
кейін-ақ сол Сыр бойының солтүстік бөлігі аймағының қалалары мен Қаратау
бөктеріндегі аудандарға (Созақ, Сауран қалалары) ауысты, ал XVІ ғасырдың
аяғынан бастап Қазақ мемлекетінің астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақ
хандығының нығаюы, қазақ халқының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік
Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала
мәдениеті мен отырықшы-егіншілі мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ
осы, бірден-бір ауданында сақталып қалды.
Оңтүстік Қазақстан XІV-XVІ ғасырлардың жазбаша деректемелерінде кеңінен
таныстырылған (Муин ад-дин Натанзидің „Мунтахаб ат-таварих-и Муини“, Шараф
ад-дин Йаздидің „Зафар-наме“ деген еңбектері және басқалар), бұларда ол
Түркістан деп аталады.
XVІ ғасырдағы автор Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфахани оңтүстіктен,
Самарқандпен Бухарадан осы аймаққа баратын жолдағы Түркістанның алғашқы
бекінісі немесе „Түркістанның шекаралық мекені“ деп Аркөк қаласын атайды,
ал Сығанақты ол солтүстіктегі „Түркістанның шекаралық мекені“, Дешті Қыпшақ
шегі сол жерден басталады деп санайды.
Ибн Рузбихан XVІ ғасырда пайда болған ертедегі Сыр атуын да көрсеткен
„Өзбектер мен Манғолдар оны „Сыр өзені“ деп атайды“.
Ибн Рузбихан осы аймақ пен „қазақтар елінде“ болған кезінде, атап
айтқанда, XV-XVІ ғасырлар шебінде, Қазақ хандығының нығаюы дәуірінде ол
айтқан „Түркістанның отыз бекінісінің“ ең ірілері Сырдария оң жақ жағалауы
мен оның салалары бойындағы Ясы (Түркістан), Отырар, Сайран, Сауран,
Сығанақ, Икан, оның сол жақ жағалауындағы Аркөк, Үзкент, Аққорған, Қожан,
Қаратаудың теріскей беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары болған.
Мәселен, Ясы қаласының төңірегіндегі үлкен егіншілік жазирасында орта
ғасырлардағы авторлар Икан, Қарнақ, Йунка, Қарашоқ, Сура қалалары мен
қыстақтарын айтады. Отырар өңірінде XV ғасырға дейін белгілі Шілік қыстағы
болған. Сайранға жақын жерде көптеген қыстақтар арсынан Шымкент қалашығы
(XVІ ғасырдың аяғында Карийа Шымкент „Зафар-наме“ аталған), төменіректе
Арыста-Халадж-Қараспан, Жақанткент (Йақанткент) көтерілді. Жазбаша
деректемелер Қаратау беткейлерінде Қарақұрым қонысы мен Жылан-Қарауыл
бекінісі болғанын біледі.
Көбінесе саяси оқиғалар (Шыңғыс-ханның, Темірдің, ойраттардың
соғыстары) туғызған шаруашылық құлдырау мен куйзелістерді жою кезеңдерінде
бірде бір қала, бірде екінші қала, ал кейде бір мезгілде бірнеше қала да
қалпына келтіріліп, алдыңғы қатарға шығып отырды. Түрлі кездерде бұлар
саяси жағдайға қарай Сығанақ, Сауран, Ясы мен Отырар, Созақ пен Сайран
болды. Өйткені осы қалаларының бәрімен қоса Түркістан аумағы бір билеушінің
емес, екі немесе бірнешеуінің: бір жағынан, Ақ Орданың, Әбілқайыр
хандығының Шайбанилер мемлекетінің, Моғолстанның қолында болып келді. Ясы
белгілі сауда орны, ірі егіншілік өңірінің орталығы, Темір ұрпақтары мен
Шайбани ұрпақтары әкімдерінің әкімшілік орталығы, содан соң Қазақ
хандығының астанасы болды, сонымен қатар ол бүкіл Түркістан, тіпті
жапсарлас жатқан дала үшін ең басты діни орталығы болды.
Отырар Оңтүстік Қазақстан жерінің ірі сауда-қолөнер орталығы болып
қалыптасты. Замандастары Отырардың басымдық жағдайын жақсы түсінді.
Отырарды иелену бүкіл аймаққа билік жүргізуді қамтамсыз етті: „Отырар тағы
да Мұхаммед Шайбани ханның қолына түсті“, - деп хабарлайды „Таварих-и
гузиданың“ авторы. Енді ол бүкіл уәлаятты басып алады“.
Сауран қорғаныс құрылыстарының тұтас жүйесімен белгілі болды, олардың
ішінен Хафиз Таныш мұнаралары бар биік бекініс дуалдарын, бекініс жалым,
„өзен сияқты“ терең орын атайды.
Сайрам-жақсы бекітілген бекініс, Қазақстанның оңтүстігіндегі,
Мауараннахрдан Түркістан мен Жетісуға баратын сауда және әскери жолдың
тоғысқан жеріндегі ірі сауда-қолөнер орталығы болды; бұл қала
деректемелерде Түркістан уәлаятымен қатар аталатын дербес уәлаятының
әкімшілік орталығы еді.
Қалаларда құрылыс ісі және соған байланысты қолөнер (кірпіш, шыны
жасау) дамыды. Жазбаша деректемелерде де Түркістан қалаларындағы түрлі
кезеңдеріндегі құрылыс туралы айтылады. Ақ Орда ханы Ерзеннің Отырарда,
Сауранда, Жентте құрылыс салдырғаны туралы Му,ин ад-дин Натанзидің
мәліметтері мәлім. Әмір темірдің XІV-XV ғасырлар шебінде таңғажайып ғимарат-
Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырғаны туралы материалдар көп.
Кесене XVІ ғасырда да адамдарды қайран қалдырды.
Абд-ар-Раззақ Самарқанидің мәліметтеріне қарағанда, Барақ хан XV
ғасырдың 20-жылдарында Темір ұрпағы Ұлықбекке өзінің Сығанаққа құқығы барын
білдірген, өз дәмесін

ҚАЛАЛАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕЛОЛЫҚ ҚОНЫСТАР

Қалалардың жағдайы мен олардың саны. Жазбаша деректерде қалалар мен
мәдени өмір құлдырауының сұмдық көрінісі, бұрын гүлденіп тұрған кең-байтақ
егіншілік аудандарының және ең алдымен Жетісудың қаңырап қалғаны
суреттеледі. Іле алқабындағы қала мәдениеті XІІІ ғасырдың аяғы – XІV
ғасырда құрып бітеді, Талас және Шу алқабында белгілі қалалардың көпшілігі
қаңырап қалады, бірақ олардың бірқатарында өмір қайта басталып, тіпті
жоғарғы деңгейге жетеді.
Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдария өзені аңғарында, Қаратаудың
теріскей және күнгей беткейлерінде, Талас жотасының етегінде басқаша жағдай
қалыптасады. Мұнда қала өмірі XІІІ ғасырдың орта шенінде-ақ қалпына келе
бастады.
Мөңке хан тұсында нормаланбаған алымдар мен салықтардың күші жойылып,
жан басына салық салу ретке келтірілді, алтын динарлар соғұға жарлық
щығарылды. 1269 жылы Талас жағасында құрылтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның орта ғасырлардағы қалалары мен қоныстары
Қытай империясының көне астанасы Чаньаннан шыққан алғашқы көпестердің жолдары
Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
Жібек жолындағы қалалар
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СІЛЕМІ
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Жетісу археологиялық ескерткіштері
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Пәндер