Ұлттық бастауымыздың тұнба көзi


Ұлттық бастауымыздың тұнба көзi (Отырардың ұлы эпопеясына 780 жыл)
Империя құлап, отарланған халықтар тәуелсіздік алғаннан бepі ата тарихымыздың ана тілімізді, ұлттық ділімізді nіp тұтуға бет алдық. Алайда бұрынғы империялық рухта ауызданып, айтқанын заңға айналдырып үйренген кейбір Ресей ғалымдары бұл еркіндікті көтере алмай жүр. Санкт-Петербург университеті "страноведение" - "елтану" кафедрасын қазір "регионоведение" - "өңіртану" деп өзгертіпті. "Ақшам" хабарынан 22. 08. 99 ж. сөйлеген сол университеттің профессорлары С. Кляшторный, Т. Сұлтанов XVI ғ. дейін Қазақстан жоқ, тек жеке Жетісу, Хорезм, Хорасан, Мауренахр сияқты өлкелердің тарихы бар деп сәуегейленді. Евразияға кіретін бұл өңірлер кешегі Түркі қағанаты, Алтын Орда орныңда пайда болған Ресей империясының пұшпақтары, оның бөлінбес құрамды бөлігі дегісі келеді олардың. "Страноведение" десе Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан жеке елдер, олардың тұрақты ата-мекен жері бар, халкы бар, елі бар, ол халықтардың орта ғасырлық тарихы бар дегенді айту керектігін түсінеді. "Региноведение" деп, кешегі империяға қараған басыбайлы мемлекет болған елдерді өлкеге, өңірге айналдырып, В. Жириновскийдің айтқан сандырағын оқу-білім жүйесіне енгізіп отырғанын түсіну қиын емес.
Отан тарихының киелі беттері баршылық. Ол қазақ сахарасында пайда болған ұлттық ордалар. Ол белгілі тайпалық одақтар мен кейін ұлт мекеңдеген туған жердің тұтастығын қорғаған ұлы шайқастар. Ол миллионнан жаңа аса бастаған халықтан 300 мың ұланды атқа қондырып, 600 мың жылқының дүбірімен ұлы қазақ сахарасының тұтас алып мекенін баянды өткен жорықтар. Ол ғасырларға созылған қазақ-жоңғар соғыстары, шын мәнінде, Ұлы Отан соғысы . . .
Міне, осындай ұлтымызды әлемдік тұғырдан көрсетіп, оның айбынды да, айдыңды халық екенін танытатын оқиға - ұлы Отырар эпопеясы!
Тұңғыш мәрте "Моңғолдың құпия шежіресінде" Отырардың аты тайға таңба басқандай үш рет қайталанады. Шыңғыс хан Отырарға екі мәрте ат басып бұрып, екі бірдей баласы - Үгедей (келешек тақ иесі) мен Шағатайды, жырынды ноян Сүбедейді әлденеше түменмен қорғанның іргесінде қалдыруға мәжбүр болған.
Ұлы шежіре бұл оқиғаны былай тарқатады: "Тышқан жылы (1219) Шыңғыс хаған . . . Арай асуынан асып, Сартауыл елімен соғысуға аттанады . . . Жалал ад-Дин сұлтан мен Мәлік ханның артынан орай тиісіп, оларды Бұхар, Семисгяб (Самархан), Отырар қалаларының қасына да жолатпай қуа соғады… Шыңғыс хаған Отырар қаласына түседі… Ол жерден (Сыр бойы) хаған Отырар қаласына барады". Бұл әйгілі жолдар 1240 жылы жазылған.
Отырар туралы зерттеу әлем көлемінде ғасырлар бойы жүргізіліп келеді. Олардың ішінде әйгілі орта ғасыр ғалымдары Рашид ад-Дин, Жувейни, Нисави, Ибн әл-Әсір, Жұзжани, Сейфи, Рузбехан, кейін мол еңбек сіңірген Б. Я. Владимирцов, В. В. Бартольд, К. Д. Оссон, А. Мюллер… т. б. бар.
Олардың ғылыми болжамдары сан қилы. Бірақ ғалымдардың бір ауыздан айтар түйіні: "Отрар - одна из самых героических страниц мировой истории, сопоставимой разве с подвигом спартанцев при Фермопилах или защитой крепости Масада в Палестине от римского завоевания". Үңіліп қайта оқыңыз осы жолдарды, әлем қалай-қалай шығандатады екен ұлы Отырарды!
Отырар неге әлем тарихының шыңында алаулайды?
Отырардың аты ол кезде бүкіл әлемнің ауызында еді. Тоғыз жолдың торабында тұрған аса ірі кент дала мен қаланы түйістірген, Мысыр мен Шам, Шың, Машын, Рұм мен Рұс, Мәуреннахр мен ұлы Қыпшақ мәдениеті мен экономикасының айтулы кіндігіне айналған, сансыз керуен тоқтамай өтпейтін, кітапханасы әлемде екінші орын алатын әрі жер жәннаты, әрі стратегиялық мәні зор сол заманның даңқты шаһарлармен иықтасатын, бәсекелесетін. Кәзіргі археологиялық қазбалардың олжасы да көз тұндарады… Отрар төбенің топырағын құшып, ақ таяқпен Отырар төбе, Қайыр төбе (бұрын белгісіз төбе), Мардан төбе, Қарауыл төбе, Ақ төбе, Алтын төбелерді аралап жүріп, Отырарда қанша халық тұрды екен, үй-жайы, көше, махалласы, рухани қасиеті мен адамгершілік өресі мен өрісі қандай болды екен деген сансыз сұрақ қаумалаған кез болған.
Атақты тарихшы, Хорезмнің соңғы патшасы Жалал ад-Диннің әрі ақылшысы Нисави Қайыр ханда жиырма мың әскер болды деп жазса, Шыңғысхан ұрпағының уәзірі әйгілі "Жамиғаттауарихттың" авторы Рашид ад-Дин Отырардың елу мың жасауылына Қараджа хаджибтің он мың сарбазы қосылғанын айтады. Соңғы пікірді кейін (ХУI ғасыр) Әбілғазы қолдайды. Рашид ад-Дин хан Шыңғыс өзінің Ақ Ордасын тура Отырардың іргесіне тіктіргенін жыр етіп тарқатады. Ақсақ Темірдің осы киелі кентте дүние салғаны аян оқиға ғой.
Отырардың айтулы кітапханасының тағдыры өз алдына сырлы жыр. Рузбехан өз шежіресінде шартараптан жиналған асыл кітаптардың өртеніп кеткенін өкіне баяндайды. Тек халқымыз: "Жанды! Бітті!" - деуге қимай: "Бір түлкінің інінен асыл кітаптың айдарлы жұрнағы табылыпты" - мыс деген сияқты алуан түрлі аңыз-әңгіме шертеді. Киелі кітаптың өздері түгіл аты да табылмайды деген ойдың көптің көкейінде жүргені де белгілі ғой.
Отырардың мәңгі аңызға айналған сәті 1218 жылы басталды . . . Осы жылдың жауынды-жаңбырлы күзінде жолындағы Яссаға (Түркестан), бұрылыстағы Самархан мен Бұхараға бет бұрмай, тура Отырар-дың айтулы үш темір қақпасының біpі - Жібек жолы тірелер Қарақорымнан төрт жүз елу кіcілі, бес жүз түйелі (!) сән салтанатты аса бай керуен тыртнадай тізіліп, қоңыраулата өте берген . . . Баратын жерлері күніне мыңдаған жылқы, түйе, бас айналдырар әсем бұйым сатылар Отырар базары - Көкбазар . . .
Қайыр ханның жарлығымен 450 саудагер біp күнде қырылды. Біpeyін ғана атқа тepіc мінrізіn жасақты керуеннің шын қожасы хан Шыңғысқа жөнелтті. Жыл бойы Хорезмнің патшасы Ала ад-Дин Мухаммед пен Шыңғыс ханның арасында неше түрлі әңгіме, дау жүріп, ақыры аралары ашылды. 1219 жылы қара Ертістен жер қайыстырған атты әскермен (тарихшылар жүз елу мыңнан екі жүз елу мыңды атайды) Шыңғыс хан: "Қайыр ханнан кегімді алам!"- деп әлемге жар салып, Отырарға жетеді. Адамзат тарихында бұрын-соңғы сирек кездескен, кейін аңыз-әңгіме, зерттеуге жүйе болған, қоғамдық санада ұмытылмастай із қалдырған Отырар эпопеясы - қалың әскер, аяр ханмен алты айға созылған ұлы қаһармандық эпопеясы басталды.
Ортағасыр тарихшылары Ниваси мен әл-Әсір де (12 томдық тарихнама жазған), Жу-вейни мен Рашид ад-Дин де Шыңғысханның сұмдығы мен қатыгездігін, Қайыр ханның ақылдылығы мен "арыстандай айбатты" қаһармандығын ақиқат суреттей отырып, Отырар әміршісіне ауыр кінә тағады. Асыл бұйым, мол байлыққа қызығып саудагерлерге қиянат жасаған соғысқа себепкер сол. Кейін бұл nікіpді Батыс зерттеушілері мен Бартольд та қолдайды.
XX ғасырда Б. Я. Владимирцов, И. П. Петрушевский және басқалар бұл пікірдің қате екенін нақтылы тарихи деректермен дәлелдеп шықты. Жорық алдында (талай жыл бұрын) мунхи (шпион) керуендерін жіберіп, шапқыншылыққа душар болар елдің зәре-құтын кетіру, іpіткі салу, жалған лақап тарату Шыңғыс ханның әдеттегі саясаты еді. Бұл керуеннің де тыңшы, шпион екені талассыз. Соғыс Қайыр ханға емес, әлемге үстемдік құруды армандаған хан Шыңғысқа қажет еді.
Шын мәнінде Шыңғысханның Батыс жорығы ұлы жаһангердің өмірінің мақсаты еді, ал Отырар болса тілге тиек етер соғыстың сылтауы ғана екендігі бұл күні даусыз.
Биылғы қыркүйекте Отырардың алты айға созылған айбынды эпопеясына 780 жыл толады . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz