Отырықшылыққа көшу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Отырықшылыққа көшу1

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР11

Отырықшылыққа көшу

Отырықшылыққа көшудiң прогрессивтi құбылыс екендiгi, дүниежүзiлiк өркениет керуенiне iлесер жол болғаны даусыз. Сондықтан, 30-жылдары жүргiзiлген отырықшыландырудың, сайып келгенде, халқымыздың iргелi ел болуына, бүгiнде тәуелсiз мемлекетiмiздi қалыптастыруға үлес қосып, алғы шарт жасағанын мойындай отырып, оның ащы шындығын айтуымыз қажет.

Отырықшыландыруда әуел бастан жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының iшкi-сыртқы ерекшелiктерi ескерiлмедi, сондықтан, ешқандай дайындықсыз бiрбеткей жоспарлар бекiтiлiп, бар ауыртпалық қазақтың өз мойнына түстi. Қысқа мерзiмде жедел, жаппай отырықшыландыру қазақ халқының ата қонысынан ауа көшуiн үдетiп, ашаршылық пен босқыншылыққа ұрындырды.

Көшпелi қазақты отырықшыға айналдыру туралы жедел шешiм 1929 жылдың аяғында қабылданды. Алайда, бұл прогрессивтi шараның қажеттiлiгi туралы мәселенiң бұдан он шақты жыл бұрын қойылып, шешiмiн таппағанын баса қөрсеткенiмiз абзал.

Қазан төңкерiсiнен кейiн қазақ елiнiң болашағы Кеңес өкiметi көтерген еркiндiк пен әдiлеттiлiк ұрандарымен байланыстырылды. Өз халқын iргелi ел еткiсi келген қазақ зиялыларының ой-армандары ұлыдержавалық тосқауылға тап болды. Олар қазақ елiн алға бастыру шараларының бiрi ретiнде көшпелi жұртты бiртiндеп отырықшыландыру мәселесiн мақсат етiп қойған болатын. Оны жүзеге асыру үшiн патша заманында тартып алынған жерлердi қайтару iсi қазақтарды жерге орналастырумен тығыз ұштастырылып, интенсивтi шаруашылыққа бiртiндеп көшу ұсынылды. Өйткенi тұрмыс пен шаруашылықта жаңа сапалық өзгерiстердi қалыптастыру оған нақты мемлекеттiк көзқарас пен қаржылық қолдау болғанда ғана жүзеге асатынын олар жақсы түсiндi. Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылды. 1922 жылы 30 қазанда қабылданған «Жер кодексi» қазақтарды жерге орналастыруды бiрiншi кезекке қойып, экономиканы алға бастыруға маңызды үлес қосты.

Осы бағыт үзiлiссiз, ұдайы жүргiзiлгенде, көшпелi қазақты отырықшыландыру мәселесi зардапсыз шешiлуi мүмкiн едi. Бiрақ жаңа экономикалық саясат жылдарында Кеңес өкiметiнiң қазақ халқының жағдайын көркейтуге құлқы да, мүмкiндiгi де болмады. Ұзақ психологиялық және қаржылық дайындықты талап ететiн бұл үлкен iстi жүргiзу шеңберi қаржының аздығынан, бiрте-бiрте тарыла бердi. Сөйтiп, отырықшыландыру iсi ұзақ мерзiмдi қажет ететiн шара ретiнде кейiнге қалдырылды.

Қазақстан экономикасын дамытуда бiртiндеп отырықшыландырудың, сонымен қатар, оның индустрияландырумен қатар жүргiзiлуi қажеттiлiгiн айтып, дабыл қаққан С. Сәдуақасов сияқты қайраткерлердiң пiкiрi есепке алынбады. 2 Кейiн олардың күштеп отырықшыландыруға қарсы шыққанын Голощекин мен оның шабармандары түсiнбей, дал болды. Алматы қалалық партия белсендiлерiнiң жиналысында А. Г. Дискантов отырықшыландыруға қарсы тап жауларының күресi жөнiнде айта келiп, « . . . ұлтшылдар осыдан бiрнеше жылдар бұрын партияны отырықшыландыруды жүргiзбедiң деп сынаса, ендi жаппай отырықшыландыру басталған кезде, тағы да қарсы шығып отыр, өйткенi олар бұл шараның қазақ еңбекшiлерiн байдың қанауынан құтқаратынына күмән келтiрiп, жер шаруашылығын техника және механикаландыру негiзiнде өркендетуге қарсы» 3 деп бағалады.

Дискантов айтқандай, С. Сәдуақасов отырықшыландыруға қарсы емес, оның жедел және жаппай жүргiзiлуiне қарсы болды. Өмiр оның пiкiрiнiң дұрыстығын дәлелдедi. Отырықшыландыру бiртiндеп жүзеге асқанда, халықты қырғынға ұшыратпауға болатын едi.

Алайда, 1922-1928 жылдарда бiртiндеп отырықшыландыру мәселесi жерге орналастырумен сабақтас болғандықтан, кейiнге қалдырылды. Қазақ шаруаларына отырықшы халықтың жер мөлшерiне сәйкестендiрiп жер беруге, оны жаратуға мүмкiндiк туғызуға өкiмет мүдделi болмады. Әсiресе, бұл бағыт республика партия ұйымына Ф. И. Голощекиннiң басшы боп келуiнен кейiн одан әрi күшейдi. 1925 жылдан бастап қазақтарды бiрiншi кезекте жерге орналастыру, оны мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмысы тоқырап, ақыры, 1927 жылы тоқтап тынды.

Бұл кезеңде отырықшыландыру мәселесi емес, керiсiнше, қазақтарды жерге таластыру арқылы тап күресiн шиеленiстiретiн «Кiшi Октябрь» ойраны басталды. Оның басты мақсаты - қазақтарға берiлетiн жер көлемiн азайтып, Ресей және басқа республикалардан қоныс аударушыларды орналастыру арқылы егiстiк көлемiн ұлғайту болды.

Қазақтарға жердi мейлiнше аз беру бағытының 1926-1927 жылдарда өткiзiлген «шабындық және егiстiк жайылымдарды бөлу» деген атпен белгiлi жартыкеш жер реформалары нәтижесiнде жүзеге асқаны мәлiм. 1927 жылы қазақ шаруашылықтарын жерге орналастырудың бiрiншi кезектiлiгiнiң жойылуы қазақтың жерге жеке меншiгiн қалыптастыруды жоққа шағарды.

Индустрияландыруға қаржы беретiн астық экспортын көбейту егiстiк жерлердi ұлғайтумен байланыстырып, республикада оның 2 жолы қарастырылды. Бiрiншiсi - сырттан қоныстандыру арқылы болса, екiншiсi - қазақтарды егiншiлiкке көшiру. Соңғысы әуелi жерге орналастырып, содан кейiн отырықшылыққа икемдейтiн сан алуан материалдық-техникалық қолдау шараларын қажет ететiн болғандықтан, басты назар бiрiншiсiне аударылды.

Сөйтiп, шабындықтар мен жайылымдарды бөлу, iрiбайлар мен орта дәулеттiлердi тәркiлеу сияқты шаралар, түптеп келгенде, осы мақсатқа жұмылдырды. Оның себебi Голощекиннiң ойынша, «отырықшыландыру» қазақтардың жайылымдарын азайтып, егiншiлiкке қажет артық жер қорын шығаратын едi.

Отырықшыландыруды 1922 жылдан бергi 7 жылда жүзеге асыруға батылы жетпеген өкiмет, ендi оны қалайша бiр мезеттiк iске айналдырды? Бұл шараның қажеттiлiгiн қандай себептермен, мүмкiндiктермен түсiндiрдi?

Ең алдымен отырықшыландыру туралы Өлкелiк партия комитетi 1929 жылдың қараша айында шешiм қабылдады. Осы мәселенi Орталық Атқару Комитетiнiң екiншi сессиясы 1930 жылдың қаңтар айында талқылап, «Көшпелi және жартылай көшпелi қазақ тұрғындарын отырықшыландыру комитетiн» құрғаны белгiлi.

Аса жауапты шараны жүзеге асыратын ұйымның 3 ай кешiгiп құрылғанына қарамастан, 1929-1930 жылы 84 мың қазақ шаруашылығын «ұжымдастыру негiзiнде отырықшыландыру» туралы көтерiңкi мiндеттер қойылды. Бiрақ еш дайындықсыз, жол-жөнекей құрылған бұл комитет пәрмендi қызмет атқара алмады. 1930-1931 жылдарда оның функциялары мен мiндеттерi бiрнеше рет өзгердi. Халық Комиссарлары Кеңесiнiң (бұдан былай - Халкомкең- Ж. Ж. ) жанынан жалпы басшылық, тапсырылған жұмыстарды бiр орталықтан бақылайтын орган ретiнде құрылған аталмыш Комитеттiң аппараты да 5-ақ адамнан: 1 төраға орынбасары (төраға - Халком басшысы - Ж. Ж. ), 1 экономист, 2 нұсқаушы, 1 есепшiден құрылды.

Алғашқы жарты жылда отырықшыландыру жұмыстарын басқарудағы кемшiлiктерi бұл Комитеттiң қызметiн өзгертудi талап етiп, БК/б/П Өлкелiк Комитетiнiң 1930 жылғы 5 тамыздағы шешiмiне сәйкес Жер Комиссариаты жанынан отырықшыландыру секторы құрылып, бұрынғы комитетке көмекшi рөл атқарды. Алайда, Комитет жұмысы 1930 жылғы шiлде айында басталған округтердiң жойылуына байланысты қожырап кеттi.

1931 жылы отырықшыландыру көлемiнiң ұлғаюына байланысты бұл комитет Халкомкеңдегi директивтi орган ретiнде қайта құрылып, оған комиссариаттар мен өлкелiк мекемелердiң үстiнен қарайтын құқық берiлдi. Өкiнiшке орай, бұл кеш қабылданған шешiм аталмыш комитет жұмысын жақсарта алмады, өйткенi бұл кезеңде дайындықсыз, қаржысыз, жосықсыз отырықшыландыру зардаптары қанатын кең жайып, қазақты аштық пен үдере көшуге мәжбүр еткен болатын.

Бұл үдерiстi тоқтату қолдан келмейтiн iске айналып, 1932 жылдың 25 қарашасында комитет таратылып, БК/б/П өлкелiк комитетi мен Халкомкең жанынан «Қайтып оралушылар мен көшiп кеткендердi орналастырушы өкiмет комиссиясы» боп қайта құрылды. 1933 жылы 13 сәуiрде «Көшiп кеткендердi шаруашылықтық орналастыру және отырықшыландыру комиссиясы» пайда болды.

Бұдан бiз осы Комитеттiң ұйымдық жағынан әлсiз мекеме болғанын, сөйтiп, отырықшыландыру мәселесiне әу бастан-ақ немқұрайды көзқарас оны бүтiн бiр халықтың дәстүрлi тұрмыс-тiршiлiгiне төңкерiс жасайтын аса жауапты мемлекеттiк iс ретiнде қарастыруға кедергi жасағанын көремiз.

Осы орайда отырықшыландыру - аса маңызды стратегиялық мақсат емес, ұжымдастыру ұрандары жетегiнде «бүйректен сирақ» дегендей көлденең шара болғандығы көрiнiп тұр.

Жедел индустрияландыруды қаржыландыру көзi болған астық экспортын ұлғайту жер шаруашылығын ұжымдастыру мақсаттарын қойғаны мәлiм. Ендеше, одақ көлемiнде тек астықты аймақтарды қамту жоспарланған бұл науқанның көшпелi мал шаруашылығына таңылу себептерi неде?

Бұл бетбұрысты бiз Голощекиннiң саясатымен байланыстырсақ, қателеспеймiз. Оның «Кiшi Октябрь» ойранының зорлап отырықшыландыру сияқты зобалаңмен жалғасуы кездейсоқ емес.

Ұжымдастыру науқаны басталмай тұрып, қазақтың жерiн талан-таражға салып, егiстiк жерлердi ұлғайту деген желеумен сырттан қоныстандыруды жеделдеткен ол, партияның ұжымдастыру ұранын асқан қуанышпен қарсы алды. Көшпелi мал шаруашылығын ұжымдастыру талаптары қойылмаса да, ол соны жүзеге асырудың «амалын» тағы да тапты.

Жаппай ұжымдастыру науқанына сәйкес осы аймақтардағы көшпелi және жартылай көшпелi қазақ шаруашылықтарын отырықшыға айналдыру арқылы колхоз-дарға енгiзу жоспары асығыстықпен жасалды. Алғашқы жобаларда 20-25 мың деп белгiленген шаруашылық кейiн 84 мыңға жеттi.

1929 жылдың 6 қарашасында отырықшыландыру туралы нұсқау алған жергiлiктi орындар не iстерiн бiлмей, дал болды. Бұл үдерiс қанша шаруашылықты, қандай аймақтарды қамтитыны әлi белгiсiз болып, нақты жоспарды жасақтау 1930 жылдың қаңтар-ақпан айларына дейiн созылды. Бұл туралы Отырықшыландыру комитетiнiң төрағасы О. Исаев 1930 жылы 29 қаңтарда былай деп көрсеттi: «Отырықшыландыру процессi орнынан жылжыр емес. Ережесi қабылданбаған, нендей жұмыстарды атқаратынын бiлмейтiн комитеттен басқа ештеңе жоқ. Жергiлiктi жерлер бiзден нақты нұсқаулар мен қызметтi күтiп отыр . . . ».

Тiптi отырықшыланатын шаруашылықтар саны белгiлi болғанның өзiнде, бұл қай округтер мен аудандарда жүргiзiлетiнi айтылмады, бұл республикадағы қалыпты шаруашылық жүргiзуге керi әсер еттi.

Қалыптасқан жағдайды анық елестету үшiн Мәскеуде iссапарда жүрген Голощекинге жiберiлген жеделхаттың толық мазмұнын келтiрейiк:

«Москва. Кеңестер Үйi. Голощекинге. 1930 жыл 9 ақпан. Алматы есеп шоты №58» «Өлкелiк партия комитетiнiң нұсқауына сәйкес, отырықшыландыру жерге орналастырумен қамтылған жаппай коллективтендiру аудандарында жүргiзiледi. Бiз дайындаған отырықшыландыру жоспары бұл аудандардағы 84 мың шаруашылықты қамтиды. Жұмсалатын қаржы есептеулерiн келтiремiз: Үймен қамтамасыз етудiң 25 процентi қаралады, сөйтiп, жалпы қаржы 17. 827 мың сом, халық 4. 247 мың сом енгiзедi. Өзiмiзде бар қаржы 4. 951 мың сом, оның өзi қысқа мерзiмге берiлетiн қарыз: 1. 600 мың сомы - отырықшыландыру орталығынан, «Ауыл шаруашылық банкiсi» машинамен қамтамасыз етуге 3140 мың, мал қоралар салуға 211 мың сом қарыз бередi. Биылғы жылдың отырықшыландыру жоспарларын орындауда үй құрылысына 6. 120 мың сом, мал қораларға 1. 829 мың, жұмыс малына 680 мың сом жетiспейдi. 8629 мың сом жетiспеушiлiктi қамтамасыз ету туралы орталыққа мәселе қоюыңыз сұралады, оның көпшiлiк бөлiгi қайтарымсыз қарыз болса, тiптен жақсы. Керiсiнше жағдайда барлық жоспарларды жоғарыда көрсетiлген қаржыға сәйкестендiрiп бұзуға тура келедi, сөйтсек, отырықшыландыру жоққа шығады. Нәтижелерi туралы жедел хабарлаңыз. Құрамысов. Исаев».

Қаржы сұрап, Мәскеуге барған Голощекин, оның кешiктiрiлiп болса да берiлетiнiне сенген болуы керек, отырықшыландыруды жанталаса жүргiзуге, оны халықтың тiлегiнен туған құбылыс етiп көрсетуге бар күшiн салды.

Отырықшыландырудың көтерiңкi жоспарларын ХКК төрағасының орынбасары Қ. Құлымбетов жергiлiктi жерлерден келiп түскен ұсыныстар негiзiнде көбейдi деп түсiндiрсе, Отырықшыландыру комитетiнiң қызметкерi Семевскийдiң Актөбе облыс-тық атқару комитетiне 24 сәуiрде жолдаған жеделхаты өзгеше жағдайды көрсетедi: «Отырықшыландыруды жаппай жүргiзу қажет. Жергiлiктi мүмкiндiктердiң осы нұсқауларға сәйкес келу-келмеуi жөнiнде жедел хабарлаңдар. Республикалық отырықшыландыру комитетi. Семевский. 24. 04. 1930 ж. ».

Жедел отырықшыландыру Қазақстан басшылығының бұл iске салғырттықпен қарағандығын көрсеттi. 84 мың шаруашылыққа қажет қаржы жеткiлiксiздiгiн бiле отыра, жыл жарымы өтiп кеткен I бесжылдықта 400 мыңнан аса көшпелi қазақты отырықшыландыруды жоспарлағанын мына құжаттан көремiз. 1930 жылы 14 сәуiрде Исаевтың Мәскеуге Халық Комиссарлар Кеңесiне, Қазақстанның Мәскеудегi өкiлеттiлiгiне жiберген жеделхатында I бесжылдықта Оңтүстiк пен Солтүстiк Қазақстанда 389 мың, ал Орталық Қазақстанда көшпелi шаруашылықтардың 50 пайызы, яғни 65 мыңы отырықшыланатыны айтылған. Соңғысы мелиорациялау жоспарларына байланысты болғандығын баса көрсетiп, барлығы 454 мың болатынын, ақыры, 430 мың шаруашылықты отырықшыландыру жоспарына енгiзгенiн мәлiмдейдi.

Көп ұзамай Мәскеуден ешқандай қаржы келмейтiнi белгiлi боп, қаржы беру түгiлi, одақтағы индустрияландыру қарқынына байланысты азық-түлiк, астық пен ет дайындаудың көтерiңкi жоспарлары, салықтық қысымдар одан әрi күшейтiлдi. Мұндай жағдайда қолда бар аз қаржыны толық пайдалану да мүмкiн болмай қалды.

Сөйтiп, отырықшылыққа көшетiн 84340 шаруашылықтың 25 пайызына үй салу, қора-қопсының 40 пайызын қаржымен қамтамасыз етуге жоспарланған 17498 мың сом-ның одақ тарапынан - 8629 мың сомы берiлмейтiн болды. Республиканың қаржы мүмкiндiгi 8869 мың сом боп белгiлендi.

Отырықшыландыру басталып кеткеннен кейiн атүстi жасалған қаржыландыру деңгейi республика бойынша 8538 мың сом (8149, 0+389, 0) болған. Бұл Е. Ерназаровтың отырықшыландырудың бiрiншi жылында 17, 180 мың сом қаржы қарастырылып, 8 миллионы бюджет пен қарыз ретiнде, қалғаны халық қаражатынан жабылды деген пiкiрiне сәйкес келедi.

Басқасын былай қойғанда, тек жерге орналастыру мен суландырудан басқа жұмыстарға бөлiнген аз қаржының өзi толық орындалмаған. Мысалы, үй, қора-жай салуға жоспарланған қаржының тең жартысы ғана бөлiнiп, оның қолға берiлгенi 39, 7 пайыз құраған. 1930 жылы 9-10 қазанда өткен I өлкелiк кеңесте отырықшыландырудың бiрiншi жылына 8. 321. 394 сом қарастырылып, оның 4 миллионға жуығы бөлiнгенi туралы айтылуы да бiздiң есептеулерiмiзге сай келедi. Тағы бiр деректерде үй құрылысына бөлiнген қаржының 18 пайызы, мал қора мен жабдық қоралар қаржысының 4-5 пайызы игерiлгенi туралы мәлiметтер де шындықтан алыс кетпесе керек. Сөйтiп, бұл iсте еш береке болмады, тiптi, жарым-жартылай бөлiнген қаржы тиесiлi жерiне жетпей қағаз жүзiнде қалып қойды.

Науқан басталғанда аймақтарды анықтау, дәндi дақылдар мен шөп егу, пiшен дайындау және құрылыс жұмыстары бiр мезгiлде жүргiзiлiп, халықтың берекесi кеттi. Мұнымен бiрге ет дайындау, жүн, май, т. б. ауылшаруашылық өнiмдерiн дайындау жұмыстарын ешкiм алып тастамады. Керiсiнше, осы жылы Қазақстан өнiм дайындау жоспарларын артығымен орындады.

Отырықшыландыру жұмыстарын ұйымдастыруда үлкен қателiктерге жол берген «Колхоз құрылыс», «Колхоз одағы», «Су шаруашылығы», «Село құрылыс» және т. б. мекемелер жаздың ортасына дейiн ешқандай жұмыс атқармады. Орналастыру пункттерi мен үйлердi, поселкелердi жобалау өте кеш басталып, тамыз айына дейiн созылды. «Колхоздағы» мен «Колхозқұрылыс» мекемелерi бар уақытты дау-дамаймен өткiзiп, соңғысы құрылыс материалдарының жоқтығын сылтау еттi.

Дайындалған ағаштарды тасымалдайтын көлiк, жол мәселелерi шешiлмей, соншама енбекпен дайындалған бөренелер станцияларда үйiлiп жатты. Федерация мен Одақ тарапынан нұсқау болмағандықтан, платформа берiлмедi. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына жұмыс көлiгi де жетiспедi. «Колхозбанк» тарапынан осы мақсаттарға 188144 сом 9 бөлiндi, бiрақ осы қаражат та толық пайдаланылмады.

Жерге орналастыру мен орын анықтауда да үлкен жауапсыздықтар жiберiлдi. «Су шаруашылығы» мекемесi отырықшыланатын аймақтардың нақты жоспарын жасақтамай, бұрынғы бағытпен жүйесiз қызмет атқарды. Сондықтан қазақ шаруашылықтарының отырықшылыққа өтуiне ықпал ететiн егiншiлiктi енгiзудiң алғы шарты болып табылатын суармалы жер көлемiн ұлғайту жоспарлары орындалмады. Отырықшы аудандардағы суармалы жер көлемi әуелi 10245 га белгiленiп, 1930 жылдың 1 қыркүйегiндегi мәлiмет бойынша 6. 620 га болды. Оның өзi орындалмай жалпы саны 4. 095 га жер суландырылды.

Орын дайындауда жер партиялары жергiлiктi жағдайларды есепке алмады, тiптi, олар атқару комитеттерiмен де байланыс жасауға құлықты болмады. Соның салдарынан, дайындалған орындар көбiнесе тиiмсiз жерлерге орналасты, кейде шаруашылықтарды ондаған шақырым жерлерден арып-ашып көшiп келуге мәжбүр еттi. Бұған Қазақстан өкiметi тарапынан қабылдаған кейбiр шешiмдер де әсер еттi. Халық Комиссарлар Кеңесiнiң 1930 жылдың 26 шiлдесiндегi нұсқауларында / № 24 хаттама/ « . . . тұрғын үй құрылысын жеке колхоздарға шашыратпай, iрi поселкелер негiзiнде салу жүзеге асырылсын»11 деп атап көрсетiлген. Мұны Т. Омарбековтың 306 колхозға 49 үй салу жоспарланғаны туралы мәлiметi де растайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Қазақстан экономикасының жағдайы
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Алаш қайраткерлерінің жер мәселесі төңірегіндегі көзқарастары
Қазақстанның тауар айналымы
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ)
Көшпенділер институтының зерттеліну тарихы
Кеңес өкіметінің қазақ шаруаларын отырықшыландыруға байланысты мемлекеттік саясатын талдау
Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz