Өзбек хандығы
Өзбек хандығы – XV ғасырдың 20-60 жылдары Қазақстан жеріндегі
феодалдық мелекет. Тарихшы Б. А. Ахмедов осы хандықты Көшпелі өзбектер
хандығы деп атауды ұсынды. Бұл мемлекеттің тарихи әдебиетте оның негізін
қалаушының есімі мен Әбілхайыр хандығы дейтін тағы бір аты кең
қолданылады. Жошы ұлысындағы феодалдардың қырқысып, жеке иеліктерге
(Жұмадық хан, Махмұд Қожа хан, Мұстафа хан және басқалар) бөлінуіне
байланысты XV ғасырдың 20-жыл дары Ақ Орда құлаған соң, одан Өзбек хандығы
бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ, Темірдің немересі Ұлықбектің
көмегімен 1425 жылы Ақ Орданың ханы болды, бірақ феодалдық қырқысулар одан
әрі жалғасып, 1428 жылы Барақ хан өлтірілді. Орда Ежен мен Шайбан
ұлыстарының жерін қосып алған Өзбек ұлысында (XIV ғасырдың аяғындағы жазба
ескерткіштерде Ақ Орда осылай аталды) билік Шайбан ұрпағы Әбілхайырдың
қолына көшті. Әбілхайыр мемлекетінің жері Ноғай ордасының шығысындағы
жерлерді: оңтүстігінде Арал теңізіне, солтүстігінде Тобыл өзенінің орта
ағысынан Ертіске, батысында Жайықтан, шығысында Балқаш көліне дейінгі
жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі ағысын, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік
Сібірді қамтыды. Өзбек хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың құрамын
сақтап, оған ішінара Ноғай ордасы қосылды. Оның құрамына XIV ғасырдың аяғы
мен XV ғасырдың 1-жартысында өзбек деген атаумен біріктірілген: Қаң- лы,
Қоңырат, Кенегес, Қарлұқ, Қыпшақ, Найман, Маңғыт, Үйсін, Арғын, Бүркіт,
Қият, Қосшы, Жат, яғни XIV-XV ғасырда қазақ деген этнониммен түркі тілдес
халық болып қалыптасқан тайпалар кірді. Бұл тайпалар экономикалық дамуы мен
материалдық мәдениетінің деңгейлері жағынан бір-біріне жақын еді. Өзбек
хандығының халқының негізгі кәсібі – көшпелі және жартылай көшпелі мал
шаруашылығы мен кей жерлерде (өзен, көл алқаптарында, әсіресе оңтүстікте)
отырықшы және жартылай отырықшы егіншілік болды. Әбілхайыр хандығында
патриархалдық–феодалдық қатынас одан әрі үстемдік етті. Хандық мемлекеттік
бірлестік тұрғысынан әлсіз болды, одан Жошы ұрпақтары (Махмұд хан Ахмед хан
және басқалар) мен көшпелі тайпалар көсемдерінің феодалдық қырқысулары
тоқтамады. 1446 жылы Әбілхайыр ханның Сырдарияның орта ағысы алабындағы
қалаларды (Сығанақ, Аққорған, Өз- кент және басқалар) басып алуы оның
хандығын едәуір күшейті. Сығанақ хандықтың астанасына айналды (бұған дейін
астана Тара және Ордабазар қалалары еді). 1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ
қаласының түбінде қалмақтардан жеңіліс тапты. 1459 жылы шамасында қазақ
сұлтандары Жәнібек пен Керей бастаған бірқатар тайпалар Әбілхайыр ханнан
бөлініп, Батыс Моғолстанға қарай көшті, кейін 1468 жылы Әбілхайыр оларға
қарсы жорық ұйымдастырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан өлген соң оның мемлекеті
құлады. Әбілхайырдың мұрагері Шайх Хайдар хан ішкі қырқыс кезінде
өлтірілді. 70 жылдардың басында Әбілхайыр хан билеген жерлер қазақ
хандығының құрамына кірді. Хандықтың құлауына ұзаққа созылған феодалдық
қырқыс, әулеттік алауыздық, хан өкіметінің әлсіздігі, феодалдық қанаудың
және феодалдық топтар мен қатардағы көшпенділер арасындағы таптық қарама-
қайшылықтың өсуі, сондай-ақ Батыс Жетісуда қазақ хандығының күшеюі,
қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы, осыған байланысты, 15
ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Мауараннахрға көшкен өзбек тайпалары
тобының бөлініп шығуы себеп болды.
XV ғасырдың 20-жылдарының аяғында Ақ Орданың далалық аумағының
үлкен бөлігінде XIV ғасырдың өзінде-ақ біріккен, Орда-Ежен мен
Шайбани ұрпақтары билігіндегі халық (ұлыстар) пен жерде (жұрт)
билеуші әулет алмасады: Шыңғыс хан ұрпақтары мен көшпелі шонжарлардың
қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік біріншісінің мұрагерлерінен
екіншісінің мұрагерлеріне ауысады. Бұл күрестің пайда болуы мен етек
алуына саяси және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген
себептерге байланысты Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы себепші
болды. Алғашқыларының арасындағы ең бастылары XIV ғасырдың екінші
жартысынан бастап жалғасып келе жатқан Алтын Орданың ыдырауы мен әмір
Темірдің және Темір ұрпақтарының агрессиялық саясаты болатын.
Екіншілерінің арасында Сырдариядағы қалалардың қолдан шығарылуы аса
маңызды орын алды. Ортағасырлық авторлардың бірі Махмұд ибн Уәли Ақ
Ордада Шайбани ұрпақтарының билік басына келу фактісін жалпы Алтын
Орданың күйреуімен орынды байланыстырады: Жәнібек хан (өмірінің)
аяқталу мезгілінің ең шегі болған хижра бойынша 758 жылдың (біздің
заманымыздағы 1356-1357 жж.) басынан Шайбани ұрпақтары шығуының басы
болған хижра бойынша 835 жылдың (біздің заманымыздағы 1431-1432жж.)
ортасына дейін Дешті Қыпшақ мемлекетінің тағы ақылды падишах пен
жігерлі билеушісіз қалды, осы себепті дін мен мемлекет істерінің
құрылысында жүгенсіздік пайда болды, сол аумақтағы қоғамды
(байланыстырушы) арқау үзілді, сөйтіп бірлік жойылды. Шайбани
ұрақтарының өздері Алтын Орда тағында билік еткен жоқ, ол жөнінде
Махмұд ибн Уәли де былай дейді: Сол күннен бастап (яғни Батый хан
өзінің бауыры Шайбани ханға төрт омақ пен көшіп жүретін жер бөліп
берген кезден бастап) Шайбани ханнан тараған барлық адамдар Батый хан
ұрпақтарына бағынуға бекем бел буып, бағыну ғұрпын бұзу жөніндегі
қылмысты тілек пен ниетті ойға да алмады.
Ақ Орда хандарынан айырмашылығы – Шайбани ұрпақ- тары Орда тағы
үшін жан аямай, өздерінің материалдық және адам ресурстарын ысырап
еткен жоқ, олардың Темір мен оның мұрагерлерінің басқыншылық
дәмелеріне тойтарыс беруіне де тура келмеді, өйткені Темір ұрпақтарын
бұл ауданда көшіп жүретін даладан гөрі бірінші кезекте Сырдария
аңғарындағы бекініс-қалалар қызықтырған еді. Осының бәрі Шай бани
ұрпақтарына Орда-Ежен мен Тоқа-Темір әулетінен өрбіген хандарға қарама-
қарсы Ақ Орда аумағында билік ету құқығын білдіру және Шғыс Дешті
Қыпшақ пен кейініректе Түркістанның саяси картасын өзгерту мүмкіндігін
қамтамасыз етті. Ақ Орда аумағының далалық бөлігінде бастапқыда екі
саяси бірлестік нығаяды. Олардың біріншісі – ертеректе Жайық және оның
батысына қарай Еділге дейін дерлік, ал солтүстік-шығыс жағында Тюмень
бағытында оқшаулап шыққан Ноғай (Маңғыт) Ордасы. Ал Жайықтың шығыс
жағында, Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жо
ғарғы ағыстарында, әуелі 20-жылдарда көптеген Шайбани ұрпақтары:
Сарысу, Жем аралығында, солтүстік Арал өңірі далаларында – Жұмадық
хан; Тобыл мен Есілдің оң жақ саласы Атбасар аралығында – Махмұд-Қожа
хан; Атбасардың сол жақ жағасы мен Есілде - Мұстафа хан; Тара қаласы
ауданын да бүркіт тайпасының көсемдері және басқалар күшейеді.
Сонан соң, оларға қарсы жиырма жылдай уақыт алған ұзақ күрестен
кейін Шайбани ұрпағын Әбілхайыр хан күш алды. Шайбани ұрпақтары Ақ
Орданың өрлеуі кезеңінде өз иелігін сақтап қалып, онда Шайбани ұлысы
шегінде жеке үлес болды.
Жоғарыда оның аумағының ол Батыс және Орталық Қазақстанның бір
бөлігі аумағын алып жатқаны және Сырдарияның төменгі ағысы мен
солтүстік Арал өңіріне шыға алатыны айтылды. Махмұд ибн Уәли өз
ұлысында билік еткен Шайбани ұрпақтарын атап келтіреді (Баһадүр, Жошы-
Бұқа, Бадағұл оғ- лан, Минг-Темір, Пулад, Ибраһим, Дәулет-Шайх) және
олардың бәрі сол заманның хандарына, әуелі – Алтын Орданың
билеушілеріне, содан соң оның құлдыраған кезеңінде Ақ Орда хандарына
бағынды дейді. Ал XV ғасырдың бірінші ширегінде Ақ Орданы да бүліктер
мен талас-тартыстар қамтып алған кез де Шайбани ұрпақтары Ақ Орданың
билігінен шығып, тәуелсіз билік ете бастады. Дәулет-Шайх өлгеннен
кейін билікті Суфи хан, содан соң оның ұлы Жұмадық хан (1425-1428жж.)
қолына алды. Ақ Орда ханы Барақ нақ сол кезде Сырдарияда мұраға
иеліктерін қайтарып алуға әрекет жасап жатқан еді, сондықтан далада
Шайбани ұрпақтарына қарсы қимыл жасауға мүмкіндігі болмады.
Шайбани ұрпақтарының ұлысы мен Ақ Ордада бүлік шығып, тартыс
жүрген кезде Ноғай Ордасының билеушілері өз иеліктерін Орталық
Қазақстан мен Арал өңірі жағына қарай кең ейтуге, жергілікті көшпелі
халықтың бір бөлігін өз билігіне бағындыруға тырысты. Маңғыттардың
көсемдері Әбілхайыр хан дығындағы, соның ішінде Сырдприядағы
оқиғаларға үнемі қосылып жүрді.
XV ғасырдың бірінші ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында
тұтанған соғыстар мен талас-тартыстар Шайбани ұрпағы, Дәулет-Шайхтың
баласы Әбілхайырды жоғары көтерді, Шайбани ұрпағы Жұмадық хан 1428
жылы маңғыт әмірлерімен және Жошы ұрпағы Қажы-Мұхамедпен Жайтар-
Жалқын сайында болған шайқаста қаза тапқаннан кейін Әбілхайыр хижра
бойынша 833 жылы (1428-1429жж.) Тура өңірінде (Ба- тыс Сібір) хан деп
жарияланды. Махмұд ибн Уәлидің мәліметтері бойынша, Әбілхайырды (17
жаста болатын) рулар мен тайпалардың 200-гк жуық ірі өкілдері
қолдаған. Әбілхайыр хан Шайбани ұлысында билік басына тайпалардың
едәуір бөлігінің – қыпшақ, найман, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы,
ұйылын, күрлеуіт, кенегес және басқа тайпалардың билік етуші үстем
таптарының қолдауымен келсе де, ол билеп-төстеген бүкіл қырық жыл
ішінде (1428-1468жж.) оның мемлекетінде талас-тартыс тоқтаған жоқ.
Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы саяси жағынан бытыраңқы болып қала
берді. Шайбани тағынан басқа бір үміткер Махмұд-Қожа ханды (1430
жылғы Тобылдағы шайқаста), содан соң әмір Едігенің немересі, маңғыт
әмірі Уақас биді және басқа да қарсыластарын талқандап, Әбілхайыр хан
Орда-Еженнің Ертіс пен Солтүстік-Батыс Балқаш өңіріне дейінгі бұрынғы
ұлысының далалық аумақтарын өз иеліктеріне XV ғасырдағы 40-жылдардың
ортасына қарай ғана қосып алды. Ақ Орда хандары ұрпақтарының билігі
сақталып қалған Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандарын – сыр өңірін,
Қаратау аудандарын бағындыру Әбілхайырдан мейлінше көп күш-жігер мен
уақытты талап етті, ал Сырдарияның төменгі ағысында, Солтүстік Арал
өңірі даласында, Жем және Жайық өзендері аралығында, Қажы-Тархан
ауданында дербес иеліктер – жоғарыда аталған Кіші-Мұхаммед ханның
ұлдары Тоқа-Темір Ахмед хан Махмұд хан ұрпақтарының ұлыстары сақталып
қалды. Генеалогиялық тармағы бойынша олар Ұрұс хан мен Барақ ханның
ұрпақтарымен байланысты болатын.
Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар
20-жылдарда Ақ Орданың Барақ ханның билігі мейлінше берік болған және
одан кейінгі жиырма жыл ішінде Әбілхайыр хан ілгерлеп бара алмаған
нақ сол оңтүстік бөлігін мекендейтін. Олар осы аумаққа Барақтың
билігін мұраға алған еді және Ахмед хан мен Махмұд ханға олардың
жерлерінен Әбілхайырдың дәмеленуіне қарсы күресінде одақтастар
болатын.
Тоқа-Темір әулетіне қарсы жорыққа Әбілхайыр көп әскер жиды. Оның
бұл жорыққа алып шыққан әскер басыларының тізімінде маңғыттардан,
бүркіттерден, қияттардан, қоңыраттардан, қытайлардан, таңғұттардан,
күшілерден, ұйғырлардан, дұрмандардан, шымбайлардан, үйсіндерден,
өкіреш-наймандардан, кенегестерден шыққан әмірлер кездеседі.
Әбілхайырдың төменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуының басты себебі
әулеттік күрес қана емес, сонымен қатар Сырдария мен Арал жағалауы
төңірегінен қысқы жайылымдық алу қажеттілігі еді. Сырдарияның төменгі
сағасына иелік көшпелі мемлекеттің қуатын арттыру үшін аса қажетті
Түркістан қалаларына жол ашатын.
Шайқас 1431 жылы Екіретүп деген жерде болды. Мас`уд бен Усман
Кухистанидің айтуы бойынша Тоқа-Темір әулеті тас–талқаны шығып
жеңілген, Махмұд хан мен Ахмед хан... Жоғарғы өкімет пен мемлекетке
деген барлық пиғылдарын біржолата ұмытып, одан әрі соғысудан бас
тартты, Әбілхайыр әскерлерінен тырағайлап қашты. Көптеген тұтқындар
мен олжа қолға түсті. Қисапсыз байлық пен толып жатқан мүліктің
арасынан автор Жүйрік аттарды, тізілген түйелерді, көлік тартқан
шағаладай шатырларды, қару-жарақты санап шығады. Әбілхайыр орда-
Базарды басып алды (хандар сарайы осылай аталған). Бұл жерде Сайын
хан тағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz