Петроградтағы Қазан төңкерісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Петроградтағы Қазан төңкерісі
1917 жылы 25 қазан Ресей империясының астанасы Петроград қаласында
Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі Кеңестердің қолына
көшті.Қазан төңкерісінің идеологы , яғни басшысы В.И.Ульянов (Ленин) болды.
Қазан төңкерісінен кейін билікті қолыга алған Кеңестер Ресей
халықтары құқықтарының декларациясын қабылдады.Осыдан кейін Кеңкстердің
Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына үндеуі
жарияланды.Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық
мүдделеріне ешкім тиіспейтіні , барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны
туралы айтылған.
1917-1918 жылдары Қазақстанда Кеңстер өкіметі кейбір өңірлерде күоес
нәтижесінде , ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.
Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы ұлттық үкіметтер
1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде
Дутов басқарған Әскери үкімет билікті қолына алды.
1917 жылы 15 қарашада Ташкентте болған мұсылман депутаттары
Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет Түркістан Халық Комиссарлары
орнады. Бұл үкіметтің Кеңесі құрамында мұсылмандар болған жоқ.
1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған бүкіл Түркістандық IV
съезінде Түркістан автономиясы , яғни Түкістан үкіметі құрылғаны туралы
жарияланды.Бұл үкімет кейбір деректерде Қоқанд автономиясы деп аталған.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі
болды.Съезді М.Шоқай басқарды.
Съезде Алаш автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.
Алашорданың 25мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.
Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды.
Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Қазақ
газетіне Алаш партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.
Алаш партиясының бағдарламасы:
1.басқару түрі;
2.автономия;
3.азаматтың негізгі құқықтары;
4.дін ұстану туралы мәселе;
5.соттар туралы;
6.қорғаныс;
7.салық;
8.жұиысшы мәселесі;
9.халық ағарту;
10.жер мәселесі.
Кеңестер билігі Сырдарияда
1917жылы 30 қазанда Перовскіде билік бейбіт жағдайда жұмысшы солдат
депутаттарының қолына көшті.1917 жылы 1 қарашада күнге созылған шайқас
негізінде Ташкентте Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі 1917 жылы қарашада Шымкентте (бейбіт түрде), 1917
жылы 7 қарашада Түркістанда орнады.
Кеңестер билігі Торғай облысында
Торғай облысында атаман Дутов бастаған казактар ,Ә.Бөкейханов
бастаған Алашорда және эсерлер Кеңес өкіметіне қарсы күресті.бірақ олар
жеңіліске ұшырады.1917 жылы 25 желтоқсанда Қостанайда күрес нәтижесінде
Кеңестер билігі орнады ( басшысы В.М.Чекшаров).
1918 жылы 8 қаңтарда Кеңестер Ақтөбеде билікке келді (басшысы
В.Ф.Зинченко).
1918 жылы қаңтарда Торғай , Ырғыз уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда
Бұл өңірде Кеңес өкіметі Күрес нәтижесінде орнады
1917 жылы 22 қарашада Петропавлда Кеңестер билігін қолына алған
Уақытша Революциялық Комитет билікке келді (басшысы И.Д.Дубинин).
1917 жылы 25 желтоқсанда Ақмолада Кеңес өкіметі орнады.
1917 жылы желтоқсанда Кеңес өкіметі Көкшетауда орнады.
1917 жылы 2 қаңтарда Атбасарда Кеңес өкіметі орнады.
1918 жылы 18 қаңтарда Өскеменде билік Кеңестердің қолына көшті.
1918 жылы 19 қаңтарда Павлодарда нәтижесінде билік Кеңестердің қолына
көшті.
1918 жылы 17 ақпанда семейде Кеңестер билігі үкімет басына келді.
Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда
1918 жылы 15 қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі орнады.Бірақ осы жылдың
наурызында ақ гвардияшылар контрреволюциялық төңкеріс жасап , Кеңестерді
биліктен тайдырды.Оралда Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында ғана
орнады.
1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкей Ордасында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңестер билігі Жетісуда
1918 жылы 3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі қарулы көтеріліс
нәтижесінде орнады.
1918 жылы наурыз айында Жетісу облысының барлық өлкесінде Кеңестер
билігі орнады.Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ж.Бабаев ,
А.Розыбакиев , Т.Бокин , Т.Өтепов т.б. революционерлер аянбай күресті.
Социалистік экономика және мәдениет
Кеңестер билігінің орнауына байланысты Қазақстанда жаңа үкіметтің
басқару жүйелері орнай бастады.Барлық кеңестер іске кірісті.Кеңестер
жанынан қаржы , өнеркәсіп , жер , ағарт у , әділет , денсаулық сақтау
басқармалары жұмыс істеді.
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің I Торғай облыстықсъезі
басталды.Съезде жергілікті басқару жүйесі , әлеуметтік мәселелер жайында
қаулы қабылданды.Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы
Қазақ газеті жабылды.
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі
болды.Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялыКеңстік
социалистік республика құрылды.1918 жылы Кеңес өкіметі көптеген өнеркәсіп
орындары мен банктерді қарамағына алды.
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданылды.
1918 жылы Ақмола мен Семейде сауда ісін жүргізу азық-түлік комитетіне
жүктеледі.
Кеңес өкіметі ағарту мәселесі бойынша нақты шараларды жүзеге асыра
бастады.
С.Сейфуллин Ақмола облысындығы , С.Мендешев Бөкей Ордасындағы білім
беру бөлімдерін басқарды.
Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақсатында қазақ бөлімін құрды.Бұл
істер азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды.
Ұлттық-демократиялық және революциялық қайраткерлер
Мұстафа Шоқай(1890 – 1941)
1890 жылы құрылған Қызылорда қаласында дүниеге келген.Ташкент
гимназиясын , Петербург университетінің заң факультетін тамамдаған.Ол
ағылшын , орыс , француз , поляк тілдерін меңгерген.
1917 жылы құрылған Түркістан автономиясының М.Тынышбаевтан кейінгі
президенті болған.Кеңес өкіметінің қудалауы Түркия , Грузия , Франция
жерлерінде эмиграцияда болған.Стамбұл , Париж , Берлин , Лондон қалаларында
ол өзінің Орта Азия туралы теориялық зерттеулерін және саяси шолуларын
жарыққа шығарады.Стамбұл , Берлин қалаларында Жаңа Түркістан , Жас
Түркістан журналдарын ұйымдастырады.1935 жылы Түркістан Кеңестер
билігінде кітабы жарық көреді.
1940 жылы неміс фашистерінің қолына түсті.
1941 жылы Түркістан легионында болған кезінде Берлинде қайтыс болады.
Бәймен Алманов(1896 – 1943) – мемлекет қайраткері , Торғай жерінде
Кеңес өкіметін орнатушылардың бірі. 1931 жылы Қазақ мемлекеттік
институтының директоры болды.
1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениет зерттеу институтының директоры болып
қызмет атқарды.
Сақыпкерей Арғыншиев(1887 – 1938)
Воронеж медицина училищесінде оқыған.1917 жылы большевиктер құрамына
кірді.Орал облысында Кеңес өкіметін орнату үшін күреседі.Әлеуметтік қорғау
халық комиссары , Жоғары трибунал төрағасы қызметтерін атқарады.Репрессия
құрбаны болған.

ЖЭС-ке көшу
Империялистік , азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр
шығын алып келді.Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жмыс істеді (барлығы 307)
Мұнайдың өндірілуі 4 есеге , Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге
қысқартылды.Шаруашылық өнімінің 6.3 пайызы ғана өнеркәсіптің үлесінде
болды.29.9 млн малдан 16.3 млн мал ғана қалды.
1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салығына
, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы
шығарды.
ЖЭС-тің мәні
1.Саясатта бір партиялық – тоталитарлық режим.
2.Экономикада әкімшілік – нарықтық шаруашылық.
1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы
шешім қабылданды.
Ашаршылықпен күрес
Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды.
1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен
ашаршылық басталды.Республика халқының 13-і аштыққа ұшырады.
Ашыққандар саны:
1921 жылы қарашада 150800 адам ,
1922 жылы наурызда 2303200 адм болды.
Ашыққан адамдар Орынбор , Орал , Бөкей , Қостанай , Ақтөбе
губернияларында көп болды.
Аштықтың тағы бір себебі азық – түлік отрядтарының ауыл шаруашылық
өнімдерін алып кетуі болды.Ауыл шаруашылық өнімдерін Москва , Петроград ,
Қазан , Самара сияқты орталық қалаларға жіберді.Мысалы , Семей , Ақмола
губернияларындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің 80 пайызын алып кетті.
Кеңес өкіметі Қазақстандағы аштыққа ұшыраған халыққа көмек көрсете
бастады:
- БОАК егіннің өнімі аз өңірлердегі халықты азық – түлік салығынан
босатты;
- 1921 жылы 14 маусымда көшпенді , жартылай көшпенді халық ет
салығынан босатылды;
- 1922 жылы 4 тамызда Қазақстанға ауыл шаруашылық техникасын сатып
алу үшін 25млн сом , мал сатып алу үшін 2млн 131 мың сом бөлінді;
- Түркістан үкіметі ашыққан адамдарға 2млн пұт астық беріп , 20
мыңдай аштыққа ұшыраған халықты қабылдады.
Жер – су реформасы
1921 жылы сәуірде бұрынғы қазақтарға берілген жерді қазақтарға қайтару
туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177000 десятина жер қазақтарға
берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді.Нәтижесінде 460 мың
десятина жер қайтарылды.
1921 жылы құрылған кедейлердің Қосшы одағы жер реформасын жүргізуге
ат салысты.
Жер – су реформасын жүзеге асыру жолында С.Мендешев , Ә.Жангелдин ,
С.Сейфуллин көп еңбек сіңірді.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформасы ескі жүйені жойды.
ЖЭС – тің қиындықтары мен табыстары
Ең алдымен салық мөлшері төмендеді.Мысалы , 1927 – 1928 жылдары
өнімнің 113 –і салық ретінде алынды , салықтың ауыртпалығы байлардың
мойнына түсті.
Салықтан жиналған қаражат ағарту , мәдениет , өнеркәсіп салаларына
т.б. жұмсалды.
Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға
көмектесті.Мысалы , 1924 – 1925 жылдары 415 трактор сатып
алынды.Қазақстанның егістік көлемі 1918 жылы 4 млн гектарға жетті.1928 жылы
мал 41млн болды.
ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103
коммуна жұмыс істеді.
Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды.Республикада аса ірі
Атбасцветмет, Эмбанефть, Алтайполиметалл трестері құрылды.
Олардың құрамында республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру кезеңі республикада 1928 жылы аяқталды.
Қазақ Кеңес мемлекетін құру үшін қазақ жерлерін бір республикаға
біріктіру қажеттілігі туды.
Қоғамның саяси өмірі
Коммунистік партияның беделі өсті.1925 жылы өлкелік V партия
конференциясы болды.Ауыл тұрғындарын партия қатарына кіргізу ісі өріс
алды.1927 жылы 1 қаңтарда коммунистік партияға мүше шаруалардың саны 16854
адам болды.
1932 жылы коммунистік партияның қалыптасу кезеңі аяқталды.
Бірақ коммунистік партия бірте – бірте әміршіл жүйемен жұмыс істей
бастады.
1921 жылы шілдеде Орынбор қаласында жастар ұйымы Қазақстан
комсомолының бірінші съезі өтті. Қазақ комсомолының ұйымдастырушы
көшбасшысы Ғани Мұратбаев болды.Түркістан комсомол ұйымының төрағасы ,
комсомолдың шығыс бөлімінің меңгерушісі Ғани Мұратбаев 23 жасында дүниеден
өтті.Қазақстан жастар ұйымының жұмысына Қ.Тәштитов , М.Төлепов , Ф.Рузаев
белсене қатысты.
1921 жылы 1 қаңтарда Қазақстан кәсіподақ ұйымы құрылды.
Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің беделі күшейді.ҚОАК бір жылдық
мерзімге сайланды.Бұрынғы үстем тап өкілдері мен діни қызметкерлер сайлау
құқығынан айырылды.
Қалыңмал мен моногамияға (көп әйел алу) , әмеңгерлікке тыйым салу
туралы қаулы қабылданды.
Қазақстанда әйелдер қозғалысын дамыту бағытында А.Оразбаева ,
Н.Құлжанова , Н.Арықова , Ш.Иманбаева көп еңбек сіңірді.
1922 жылы Ә.Жангелдин бастаған Қызл керуен ірі экспедициясы
Орынбордан Семейге дейін жүріп , Кеңес өкіметінің декреттерін , коммунистік
партияның саясатын насихаттаған.
1921 жылы қаңтарда Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ және
орыс тілдерін қолдану туралы декрет , 1923 жылы Қазақстан Қрталық Атқару
Комитеті Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы декрет қабылдады.
1928 жылы республикада ауылдан , ауданнан , округ пен орталықтан
тұратын 4 сатылы басқару жүйесі енгізілді.
1929 жылы Қазақ АКСР – ның астанасы Қызылордадан Алматы қаласына
көшірілді.

Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928 – 1932 жылдары өтті.1928 – 1932
жылдары халық шаруашылығын дамытудың 1 – бесжылдығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
1917 жылғы ақпан төңкерісі
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1920-1939)
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
Өлкедегі кеңестік мемлекеттің құрылуы
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Ақпан төңкерісі. саяси партиялар мен ағымдар
Пәндер