Қожа Ахмет Иасауидың


Қожа Ахмет Иасауидың туған жылы анық емес. Кейбір зерттеушілер Қожа Ахмет Иасауидың жетпіс үш жыл өмір сүргендігін және 1166 жылы қайтыс болғандығын негізге алып, оны 1093 жылы туған деген пікірде. Кейбір деректер оның жүз жиырма бас, жүз отыз жыл өмір сүргенін және 1166 жылы өлгендігінде сүйеніп ћиджраның 437/1041 туғандығын қуаттайды. Белгілі иасауитанушы Фуат Көпрүлү Қожа Ахмет Иасауидың туған жылын анық көрсетпесе де, оның өмір сүрген мезгілі 11 ғасырдың бірінші жартысында дегенді айтады. ¤збекстандық зерттеуші Хамид Ғұламов 1097 жылы туған десе, соңғы жылдардағы иасауитанушылардың басым көпшілігінде Исауи 1103 жылы туған деген көзқарас басым. Қожа Ахмет Иасауидың шыққан тегі жағынан түрік, әкесі Исфиджабта атақты даңққа бөленген әулие Әзірет Әлініңі ұрпағы Шейх Ибрагим екендігі белгілі. Анасы - Мұса шейхтың қызы Айша (қазақтар ол кісіні Қарашаш ана дейді) . Мұса шейх та Исфиджабта әулиелік кереметтерімен танылған адам болған.
Түркістан қаласында 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Иасауи дүние салғаннан кейін халықтың экөп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналады. 1389, 1931, 1394 және 1395 жылдарындағы қан төгіс ұрыстарда Әмір Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып, астанасы - Сарай-Беркені өртеп жібереді. Мліне, осы жеңістің құрметіне Қожа Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа, зор кесене орнатуды ұйғарады. осы тұрғыда Әмір Темір тек діни мақсат- мүддені ғана көздеген деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге, үстемділігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ ту сыртының сенімді болуы үшін да қажет еді. Бұл кезде Әмір Темір Моғолстан әміршісі Хазыр Қожа ханның қызы- Тукел ханымды алмақ болып, той қамына кірісіп жатқан. Қалыңдықты қарсы алу үшін Әмір Темірдің әмірімен Самарқанда "Ділкүш" ("Гүл атқан жүрек") бағын салу аяқталды. Қалыңдығының алдынан шығуға аттанған Әмір Темір жолшыбай Шанас елді мекеніне таяу маңдағы Ахангеран қойнауында біраз аялдайды. Қыркүйек айында ол осы арадан Иасы шаћарына соғып, Қожа Ахмет Иасауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды, мазар жанында тұратын шырақшы мен діни қызметкершілерге бағалы сыйлықтар береді. Деректерде Қожа Ахмет Иасауидың 12 ғ-да салынған, құлауға жақын тұрған мазарын көрген Әмір Темір мұны бұзып, орнына жанасын салуға әмір еткендігі айталады. Әмір Темірдің ұсақ-түйекке дейін есептеп барып берген нұсқауында кесененің негіздері алдын ала анықталып көрсетілген-ді. Жамағатхана күмбезінің 41 кезге (кез-ұзындық өлшемі, 1 кез 60, 6 см тең. ), ал айналасы 130 кезге тең болуға тиісті. бас фасады қос мұнарлы биік порталмен көмкерілуі керек еді. Пештақтың мұнараларға дейінгі ені-60 кезге, пештақ арқасының биіктігі-30 кезге жату қажет еді. Бұдан әрі қабырғаларының ұзындығы - 30 кезге тең, бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылатын төртбұрышты, күмбезді бөлме - жамағатхана орналаспақ еді. Оған қабырғалары 12 кезге тең, әр қабырғасында 4 қуысы бар, төбесі қосарлы күмбезбен көмкерілген 4 бұрышты бөлме- көрхана жайғасуы керек-тін. Бұл бөлменің еденіне Тавриз мәрмәрі төселуі тиіс еді. Көрхананың оң және сол жағынан көл. 16, 5х13, 5 кез бөлмелер салынуы қажет болатын. Бұлардан басқа да бөлмелер болуы көзделген тұғын. Әмір Темірдің жарлығы бойынша Иасы шаћарынеың төңірегінен Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне пайда түсіріп тұратын жерлер мен арықтар атап көрсетілген "Вакфнаме" жасалды. Мұнда әкімшілік ететіндер, де оларды ұстауға кететін шығындар да, жөндеу жұмысын жүргізу жайлы да аталып көрсетіліп, тұңғыш мутевали болып Қожа Ахмет Иасауидің ағасының ұрпағы Мір Әли Қожа тағайындалды. Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен Убайдулла Садырға жүктеді. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимараттар жобасына сүйеніп отырды.
Келген адам орталық заллға бас порталдың сәнді есігі арқылы кіреді. Қазандық Қазақстан мен Орта Азиядағы кірпіштен өрген күмбездердің ішіндегі ең үлкені, диаметрі 18, 3 метрлік күмбезбен көмкерілген. бұл бөлмеден өткен соң оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Иасауи мүрдесі жатқан бөлмеге кіруге болады.
Кітапхана мен ақсарай бөлмелері көлденең арқалармен жабылған. негізгі бөлмелер - қазандықта, көрхана мен мешітте қос қабатты аркалар жоқ, олардың әр-қайсысының қабырғаларынан төрт-төрттен ойшықшалар жасалған. Күмбездің ішкі бету алуан тұрпаттағы сталакиттермен көмкерілген.
Кесененің сырт қабырғаларының көмкерілуі үш бөлікке жіктеледі. Оның орта бөлігінде үлкен көлемдегі өрнектелген жазулар түсірілген, жоғары жағына - эпиграфтық фриз, төменгі жағына (ірге бөлігіне) биіктігі -1, 85 м тас кенере жүргізілген.
Орталық зал- қазандық төбесі жалаң қабат күмбезбен көмкерілген төрт бұрышты бөлме. Қазандық күмбезді сегіз қырлы, дінгек үстіндегі желкенге табан тірейді. Қазандық күмбездің ішкі жағы- 18, 2, ге сырты-20, 5 м-ге тең. Қазандық, көрхана жәнемешіт қабырғаларының төменгі жағы алты бұрышты көгілдір тақтайлардан тұратын биіктігі-1, 5 метрлік майолика тыстамамен қапталып, мозаикалық өрнектермен әшекейленген. Әрі мозаикалық бедермен көлеңкелндірілген. ал, еденге жанасар тұста бетіне өсімдік өрнегі салынып, тастан қашалған белдеушілер жүргізіледі. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалар мен алты шырағдан да халық өнерінің лал-маржандарының қатарына жатады. Бұларда да оны жасаушы исфаћандық шебер Тадж -әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz