САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР 1
САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ 3
САҚТАР ОТАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БАЙЫРҒЫ МҰРАЛАР 8
САҚТАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ 10
САҚ ТӘНІНДЕГІ ӘШЕКЕЙ (ТАТУИРОВКА) 12
САҚТАРДЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ МЕН САҚТАРДЫҢ КИІМ
ҮЛГІЛЕРІ 13

САҚТАР ЖӘАҚТАР ЖӨНЕ ҚАЗАҚТАР

Қытайдың және өзге де елдердің тарихшылары үйсіндерді қазақтың негізгі
тегі екендігін бірдей растайды. Дей тұрғанмен, үйсіндер Іледария бойын атам
заманнан мекендеп келген халық емес, олардың бағзыдағы мекені Дұңхуаң мен
Шилань-Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.д.д. 160 жылдардың
айналасында ғана олар сол өлкеден үдіре көшіп, Іле бойына келген.
Үйсіндердің алдында бұл өлкені сақтар мен иүзилер мекендейтін. Сондықтан
Ханнама. Батыс өңір баянында: Үйсіндердің бұл қонысы бұрын сақтардікі
болатын, иүзилер Сақ қағанын бұл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке
Шуан-дуға асып кетті де, бұл жерде иүзилер қалды. Кейін үйсін күнбиінен
жеңілгесін иүзилер Бактерияға кетті де, бұл жер үйсіндердің қол астында
қалды. Десе де, үйсіндердің ішінде сақ, иүзилерден қалған түқым да бар
делінген. Бүдан біз үйсіндер Іле бойында елдік құрған замандарда олардың
арасында сақтардан кіріккен тектің де недәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде
қазақтың арғын, қыпшақ тайпаларының қүрамында жерсақ, бессақ, борсақ,
қарсақ деген рулар бар. Осындағы сақ жалғауы Қытай тарихындағы
сайжоң—сақ деген атаумен төркіндес келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз
қазақ ұлтының түп-тұқияны екендігін дәлелдейді.
Сол себепті кей ғалымдар қазақ этнонимі Каспий теңізі өңірінде
жасаған каспейлер мен Іледария бойында жасаған сақтардың — осы екі халық
атының геоэтникалық түрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді. Бұл
да сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге
салады. Б. д . д. III ғасырдан б.д. V ғасырына дейінгі үйсіндердің
археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне
талдау жасаған кезде олардьң бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы
терең, мұрны сүйір, ат жақтылау екені байқалған. Бұл сақтарға тән типке
жақындайды. Ендеше сол дәуірде — сақтар мен үйсіндер белгілі дейгейде
этникалық тоғысуды бастан кешірген. Алдыңғы жақта баяндалған Шыңшанның
Құтыби ауданындағы Қаңжиа — Шымынзы деген жерден жыныстық тәу етуге қатысты
жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың антропологиялық бейнесін
анықтауға көп септігін тигізді. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты,
дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бұл- ерте заманда
Тянь-Шаньды (Еренқабырғаны) мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып
келген негізгі келбеті.Ал, осыған қарап кейінгі кездегі сақ-үйсін
араластығынан туындайтын антропологиялық бейнені тұспалдап көріңіз.
40-жылдарда Лобнор өңіріндегі бірнеше байырғы қабірлерге
археологиялық қазба жүмыстары жүргізілген-ді. Ауа райының құрғақ әрі өте
ыстықтығына байланысты онда сақталған адам мүрделері сол қалпында сартап
болып кеуіп қалған. Оларға қоса көмген дүниелер де көп құрымаған. Ондағы
мүрделер бастарына көбінше шошақ төбелі киіз қалпақ (бөрік) киіп,
бөріктерінің төбесіне қауырсын қадаған күйінде жатыр. Оларды жалаңаш
күйінде текеметке орап, аяқтарына құрым етік кигізіп, қасына әртүрлі ағаш
мүліктер мен жебе-садақтарын қойып жерлеген. Стейн бұл адамдардың
ерекшелігі қазіргі күнде Тарым ойпатындағы халықтардың нәсілдік құрылымын
ең көрнектілендіретін факторлардан байқалады деп есептейді. Хуаң Вэнби осы
аталған байырғы мүрделердің пішін-бейнесіне, әсіресе, олардың шошақ
бөріктерінің ерекшеліктеріне қарап, оларды сақ қауымынан деп есептейді.
Бірде оның: Жерлік роландықтар мен сақтарда белгілі байланыс жоқ деуге
болмайды дегені бар. Ағылшын ғалымы Бейли: Б. д. д. II ғасырдың алдында
бір қауым сақ елі Қотан диярына келіп қоныстанған, әрі осындағы жерлік
халыққа билік жүргізген. Қостана — сол сақ қауымының Қотанда құрған
қағанаты деп жазады.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде
ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан даланы
мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаумауарға
Сақтары (Sakа Наитаvargа, яғни хаумауар дейтін ағаш жапырағына тәу ететін
сақтар). Бұлар Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі,
Тиграхауда Сақтары (Sakа Tigrahaudа, яғни шошақ бөрікті сақтар), бұлар
Қырғызстан мен Қазақстанның далалық аймақтарын — Памир үстірті мен Алтай
жотасының тура солтүстікке Тянь-Шань, Алтай таулары — Тәшкент, Талас, Шу,
Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын қамтыған аумақты мекендеді. Үшіншісі,
Тиятарадрая Сақтары (Sakа Тyaiytaradrayа, яғни, теңіздің, дарияның ар
жағындағы сақтар), бұлар Амударияның терістігін, Арал теңізінің шығыс
жағын, Соғдиянаны (Мауреннахрді, яғни, Аму-Сыр дарияларының арасын.)
мекендеген. Ежелгі Парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген
ғажайып қауымдардың бәрін Сақтар деп атаған. Сондықтан тарих атасы
Геродот: Парсылар мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды дейді. Ал,
Геродотқа келсек, ол кең-байтақ Евразия даласының Карпаттан Қара теңізге,
одан Каспий мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді
түгелдей скифтер деп атаған. Бірақ осы скиф жұрты да бірнеше түрге
бөлінеді. Мысалы, Геродот Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді
сарматтар (сарматайлар) деп атады. Ол: сарматтардың тілі скифтердің
тілімен бірдей дейді. Бұдан сарматтардың да скиф халқының бір бөлігі
екенін байқауға болады. Ол тағы Каспий теңізінен Сырдарияға дейінгі жердегі
көшпелілерді массагеттер дей келіп, массагеттер біздің естуімізше, соғысқа
шебер, батыр халық екен. Олар сонау күн түбіндегі Алөксөс өзенінің
(Сырдарияның) бойында тұрып, Есседондармен тіресетін көрінеді, біреулер
оларды да скифтердің бір тобы деседі — дейді. Іс жүзінде парсылардың
Бихистон тасына бәдізделген жазудағы Сақтар мемлекеті де теңіздің ар
жағында, ондағылар да бастарына шошақ төбелі бөрік киеді. Сондықтан,
Ксенофанның оларды масагет сақтары деуінде де негіз бар.
Жоғарыдағыларға қарап, біз Қытай жазбаларындағы сайжон (Sai-zhong)
деген атаудағы сай иероглифі ертедегі сақ сөзінің қытайша дыбыстық
баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бұл көне парсы жазуындағы сак,
сака деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарихи құжаттарында
сай иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, За-а-хан-жиң деген
кітапта Ши-жя деп, Жыңфа-няныпу-жиң (Дүрыс оқу тәпсірі) деген кітапта
шыжия деп, Коңшуэ уаң жиң (Тауыс патшаның баяны) деген кітапта шуо-
жия деп көрсетілген. Осындағы шияжия, шы-жия, шуо-жия дегендердің
бәрі сака немесе сақ сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске
ұшыраған түрі.
Шүй Соң Ханнама. Батыс өңір баянына түсініктер аттьг еңбегінде
осы пікірді үстанды2. Іс жүзінде бүндай пікір еш дәйексіз дер едім. Сай,
ші дыбыстары бір-біріне жақын деген күннің өзінде шіжоң деп тарихта
бүдда дініне сенген халықтар жалпылама айтылады, сай-жоң деген сөз ұлт
атауы ретіндегі өз алдына басқа этноним. Сондықтан сайжоң (сақ) дегенді
бүдданы үстанғандарды меңзейтін шіжоң деген атаумең шатыстырмаған жөн.

САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын, көпшілігі
көшпелілер еді. Ханнамада көрсетілуінше, сақтар да жер шұрайын сағалап,
көшіп-қонып жүреді екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер
қатарына жатқызады. Ерен-қабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ
дәуіріне тән бір қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қоса көмілген ағаш
астаудың ішінен қойдың сүйек-саяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл
осы қабір иесінің фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын
алғандығын білдіреді. Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар
заманында мал түліктерін өсіру бұл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі
болғандығын айғақтай түседі .
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдалануды білді. Олардың киіз
үйі сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал ішінен қара-ғанда
ол тор көзді ағаштардан (керегеден.) құралған. Керегелер 6 немесе 10
қанатқа дейін болады, оны жаюға да, жинай салуға да, алып жүруге де болады.
Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ ұстап тұрады. Ағаш қаңқаның (уық-
керегенің) сыртынан киіз жабу сақтар дәуіріндегі ірі тапқырлық. Ертеде
Америка мен Африка құрлығындағы халықтар мыңғыртып қой бағуды
білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. АҚШ ғалымы
Лауфердің атап көрсетуінше киіздің ойлап табылуы Орта Азиядан таралған
тағы бір мәдениет үрдісі. Мұндай жиып-қаттауға, алып жүруге оңтайлы үй
ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі өмір жағдайына бейімделіп
жасалған. Ол сақ халқы ақыл-парасатының туындысы. Алғашында сақтар
шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі, үш өгіз немесе түйелер жегіп алып
жүретін. Ол арбалар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін. Көші-қон
кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен балаларды, үй жиһаздары мен түрмыстық
керек-жарақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып
жүрген кездерінде осы арбаларда, онын маңайына түнеп кете беретін. Бүгінде
қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған әдемі
киіздерден қиюластырып өрнек басылған оюлы сырмақтар сақтар заманынан бері
қарай келе жатқан өнер туындысы. Сақтар қыс күндері балшық пен шөптен соғып
жасалған дүңгіршек үйлерде отырған. Егіншілікпен шұғылданатын сақтар
көбінде арпа, бидай, тары дақылдарын егіп күнелткен.
Сақтар патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей мәліметтерде олар үш
ірі тайпалық бөлікке бөлінеді, әрбір бөлік өз ішінен және де белгілі
территориялық аумақтан құралады, әр аумақты бір басқақ (тұтықбек немесе
губернатор.) басқарады делінген. Бұл басқақтар әр ру-тайпа ішінен билік
басына дәстүрлі мирасқорлық үрдісі бойынша келеді. Сақтар құлдық Қоғам
сатысына кіргенмен де кәдуілгі рулық-тайпалық қауымдастық үлгілерін әлі де
болса сақтап келген еді, сондықтан әлгіндей басқақтардың әмірі бұлжымай
жүріп тұрды. Ал сақ патшасын (қағаның) әр тайпаның төбебасылары мен
басқақтары, ақылгөй қариялары сайлайтындықтан олардың әмірі тіпті де
күшті болатын. Сақтар өмірі — бір ғажайып дүние Олар аламан шеруден оралған
сайын төбебасылары соғыс олжасын әрбір жасауылға дейін тепе-тең үлестіріп
беретін. Ал, олар жасауылдарды жанталасқан соғыс шебінде жанкештілікпен
жауды жеңуге жігерлендіретін. Сақ жауынгерлері соғыста мерт қылған
қарсыластарының басын байланып кеп, әмірші сардардын алдынан сыйлық
бөлісетін. Сыйлық әрбір жауынгердің қанша адамның басын әкелгеніне
байланысты берілетін. Сақтарда өздері өлтірген жаудың бас сүйегімен шарап
ішетін әдет бар. Әр аумақ басқақтары жыл сайын шарап тойын өткізеді. Оған
жыл бойына бір жаудың басын кесіп, қанжығасына байлаған жауынгерге дейін
қатысуына болады. Өткен бір жылда ешбір қарсылас дүшпанының басын алып,
олжалы қайтпаған сақ жауынгері шөміштен қағылады. Геродот сақтар жайында
жаза келіп: Скифтерде өздері өлтірген бірінші дұшпанының жүрек қанын
ішетін әдет бар. Олар майданда жау түсіріп қайтса, өлтірген адамдардың
басын патшасының алдына ала барып, сонымен сый-сияпатқа кенеледі. Сақ
жауынгерлері өлтірген дұшпанының бас терісін құлақ шекесінен айналдыра
кесіп алып, онан соң өгіздің қабырғасымен қырнап, шелін алып, қолмен
уқалап, әбден жұмсартқасын, оны қол жаулық (сүлгі) ретінде пайдаланады. Әрі
бұндай сүлгілерді атқа салатын жүгендеріне көптеп тағып алып, сонысымен
өздерін баһадүр, шер батыр санайтын сақтар да көп дейді. Ал, олардың бас
сүйектен шарап тостағанын (қадақ) жасау әдісіне келсек, оның да өзіндік
жолы бар. Олар адамның бас сүйегінің қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп
тазалайды. Егер осы адам кедей кісі болса, онда ол тек бастың сыртын
сиырдың қатты қайысымен қаптап алып, пайдалана береді. Егер қолы жетіп
тұрған бай болса, онда бас сүйекті сиырдын терісімен қаптап алғаннан кейін,
іш жағына алтыннан жалатып, шарап тостағаны (мәй қадақ) ретінде
пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегінен, осындай қадақ-тостаған жасау
үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан кісі болуы керек.
Сақ патшасы ең мәртебелі адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара-жұрты
оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан сақ билеушісінің өлімі де,өте салтанатты,
қаралы жағдайда өтетін. Алдымен патша мәйітінің үстіне қош иісті жұпар майы
жағылатын, онан соң әдейі жасалған сәулетті ырдуан арбаға салынып, әр
шалғайдағы сақ тайпаларын аралатып шығатын. Сүйек қайда барса, сондағы
қалың қауым мұң-налаға батып, қайғы-қасірет жұтатын. Олар өздерін зақымдап,
құлақтарын кесіп, шекелерін тіліп, сол білектеріне жебе шаншып, бірде бет-
көздерін зақымдап, шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы, ту-талақ азалы күй
кешетін. Бұл рәсім аяқталғасын патшаның мүрдесі баяғыдан патша әулетінен
тараған текті тұқымның әумет-жәуметтері жататын арнаулы молаға апарылады.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген тік төртбұрыш пішінді осындай
молалардың аумағы өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге оралып, дәл
орта тұсқа орналастырылады да, оның екі жағына бес қаруы қойылады. Патшаның
қасына тағы патшаның әйелдері, аспаз, атбегілері, бақауыл-сақауылдары да
өлтіріліп қоса қойылады. Тіпті, патша көзі тірісінде мінген аттар да
патшаның жанына қоса көміледі. Ең соңында бір тайпа ел қабір басына тас
қалап, топырақ үйеді. Патша өліміне бір жыл толған кезде тағы да 50 құл, 50
жылқы патша рухы үшін құрбандыққа шалынады. һәм патша моласының қасына
көміледі.
Әдетте ру-тайпа ішінде жәй адамдар өлгенде, олардың туған-туыстары да
өлген кісінің мүрдесін арбаға салып, жақын жұрағаттарын аралайды. Олар ас-
тағамын әзірлеп қаралы топты қарсы алып, шығарып салып отырады. Бұндай
рәсім 40 күнге жалғасқан соң барып, өлікті жерлейді. Олар өлушіге өзінің ең
көрнекті киімін кигізіп, сауыт-сайман, ат-әбзел, ас-тағамын қоса көмеді.
Көзі тірісінде жақсы көретін атын да пышаққа жығып, қабірінің қасына
көмеді. Бұндай қабірлер жалпақ тастар мен топырақтан қаланып, айналасына
қиыршық тастардан жол сорабы жасалады. 1976, 1978 жылдары Ереңқабырға
бөктеріндегі Алагу сайының шығыс аузынан төрт жерден тік ақымдап қазған
ағаш табытты сақ қабірі байқалады. Бұл қабірлер де тас кесектерінең
түрғызылған, пішіні дөңгелек, диаметрі 5 м, биіктігі 1 м. шамасында, олар
бір-бірімен қатарласа терістік шығыстан оңтүстік батысқа қарай көлбеп
жатыр. Ал қабірлердің әрбір ішкі ақымы шығыс-батыс бағыты бойынша келген.
Ең үлкенінің ұзындығы — 6,56 м, кеңдігі — 4,22 м, тереңдігі — 7,1 м. Ақым
ішінде малта тастар мен үлкен жалпақ тас қойылған. Оның астында — ағаш
табыт. Ағаш табыт тағы да диаметрі 10—24 см-лік қарағай шөркелермен 1 м.
биіктікке дейін айқастыра бастырылған. Адамның мүрдесі табыт ішіне
қойылған, оның бейнесі екі адамға ұқсайды, сүйек бітімдері ерекше жуан.
Енді бір үлкен қабірде жап-жас әйел жерленген, оның бас сүйегін әлдеқандай
өткір нәрсе тесіп өткен, диаметрі 0,5 см-лік тесік бар.
Бұл фактілер сақ мемлекеті б.д.д. V—III ғасырда әлдеқашан құлдық қоғам
сатысына өткендігін түсіндіреді. Аталмыш археологиялық материалдардан
құлдар мен құл иеленушілер арасындағы айырмашылықтың қаталдығын, отбасында
да әке-балалық шек-шекара қатаң сақталатынын, ауқаттылардың көп әйел
алатындығын, ру-тайпалық бірлестіктер ішінде ру сыртынан некелену үрдісін
ұстанғандықтан, көп әйелді отбасында егер әкесі өлсе, баласы өзінің туған
анасынан өзге қалған жесірлердің біріне ие болатындығын байқаймыз.
Дей тұрғанмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын.
Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту
алып соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті
жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс (Keyitese) сақ
әйелдеріне деген сүйінішін: Сақ әйелдері — нағыз батырлар, олар соғыстың
қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді деп білдірсе,
Алимарт Александр: Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін,
құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін
деп жазады. Б. д. д. VI ғасырдағы массагеттердің әйел шахы Томирис ері
өлгесін, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қальн қолын ойсырата
жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін әйелдерінің ер көңіл, адуындығы да сол ескі
кездегі сақтардан жалғасқан қасиет болса керек. Үйсіндер де әйелдердің
қоғамдық орнын жоғары қойып отырған.
Сақтар заманы толассыз атыс-шабыстың, есеңгіреткен жаугершіліктің
заманы болатын. Сондықтан әр азаматтың белден асынатын бес қаруы сақадай
сай тұруы керек болды. Сақтардың соғыста қолданатын қорғаныс бұйымдары
дулыға, қалқан, шарайна, сауыт еді. Әу баста мұндай құралдар мықты болу
үшін терімен тысталып, сыртынан сүйек және ат түяғынан жасалған
теңгешелермен қапталған. Қола мен темірдің өмірге енуіне байланысты ендігі
жерде мұндай жарақтарға сүйек пен ат түяғының орнына қола мен темір
пайдаланатын болды. Соғыс кезінде жылқы жануарының орны бөлек болғандықтан
жауынгерлер жан серігі арғымақ аттарын қауіп-қатерден сақтау үшін сауыттап
мінетін. Геродоттың сақтар аттарын мыс сауытпен омыраулап, алтын сағақ пен
алтын ауыздықты жүген салып мінеді дегені де сондықтан болса керек.
Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта (гүрзі), найза, семсер, садақ, жебе
сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау,
ал сарматтардікі ұзындау келеді. Бұған қоса скифтер кісіге алыстан үйіріп
тастайтын шалма арқан (Lassо) мен тас лақтыратын зақпыны да (Sling)
пайдаланған. Скифтер осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп
пайдаланған. Сондықтан әрқандай сақ жауынгері садақ пен жебе жастанып жатып
өлетін. Олардың жебелері қысқа һәм өткір келетін. Жебелерің ұшын алғашында
сүйек пен тастан жасаса, кейін қола мен темірден жасады. Алып жүруге
қолайлы болу үшін қорамсақ пен садақты бір жерге байлайды. Сақ молаларынан
табылған қорамсақ пең садаққап көрер көзге өте әдемі. Сақтар ат үстінде
келе жатып алыстан көздеп жебе тартуға шебер болғандықтан Ат жалында
ойнаған садақшылар деп аталған.
Сақтардың рухани мәдениеті хақында тарихи шежірелерде біраз айтылады.
Қытай мен КСРО ғалымдарының археологиялық қазба жұмыстары да ол жайында
мәлімет береді.
Өндіргіш күштің дамуы төмен деңгейде болған сонау ерте заманда-ақ
сақтардың өз діндері болды. Олар ата-баба рухына тәу етті. Кейін келе күллі
ғаламның тылсым сырларына бой ұрып, барлық табиғи құбылыстарға тәу етуді
бастады. Геродот көшпелі массагеттер жайында жаза келіп, Олар күллі
тәңірлер арасында тек Күнге ғана тәу ететін, олардың Күнге шалатын
құрбандықтары — жылқы жануары. Олардың жылқыны құрбанға шалу себебі, бұл
фәниде желдей ұшқыр тұлпар аттар ғана күллі құдайлар ішінде күнге тез
жетеді деп қарауынан дейді. Отырықшы сақтар жерді Ана қүдайға балап, тәу
еткен. Сақтар үнемі жау-жалам күндерді бастарынан кешіп отырғандықтан соғыс
піріне де қатты табынатын. Олар селебе-семсерлерін жерге шаншып қойып,
семсердің ұшынан сүт пен қан тамшылатып, алдағы алапат қан кешуден аман
өтуді тілейтін.
Сақтар да парсылар секілді мәңгілік от пен қасиетті суға табынатын.
Хорезмдегі байырғы жұрттан От күмбезінің орны табылған. Ертеде адамдар
сол От күмбезінің ішіндегі қасиетті отқа тәу еткенге ұқсайды. Хорезм
топонимінің мағынасы да күнді өлке дегенді меңзейді (Хоре-хвар— күн
дегенді, зм-зімін— жер дегенді білдіреді).
Сақтар да алғашқы кездегі өзге халықтар секілді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көшпенділер мәдениеті
Қазақ халқы
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Сақ. Үйсін. Қаңлы
А.Бахтидің Шумерлер,скифтер, қазақтар кітабына аннотация
Сақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениеті туралы
САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері
Көшпенділердің менталитеті
Пәндер