Дарий I Скифияға жорығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Дарий I -дің Скифияға жорығы2

Қорытынды7

Пайдаланылған әдебиеттер:8

Кіріспе

"Томирис" спектаклінде өте бір рухты, айбынды көрініс бар. Парсылардың Кир патшасы сақ даласына қызығып, басып алмақшы болғанда, оған өзі елші болып барған Томирис (Тұмар) патшайым:

"- Біздің тек үш байлығымыз бар. Бірі - кең, көгілдір аспан, екіншісі - шетсіз, шексіз сайын дала, ал үшіншісі - жусан, - деп, қолындағы бір уыс шөпті көрсетіп, - тамырынан кесілген жусан солып, өмір сүрмейді, " - дейді. Осы кең аспан, шетсіз дала бостандық, еркіндік символы болса, жусан - туған жер, Отан, өмір символы. Демек, сақтар елін, Дешті Қыпшақ пен Түркі даласын мекендеген әрбір халықтың бас байлығы - еркіндік, азаттық болған. Еркін далаға қол сұғып, қан іздеп келген дұшпанның өз басы қанға бөкті.

"Томирис Кирдің шабылған басын қан толған меске салып былай дейді: "Аңсағаның қан болса, қанғаныңша іш!" Ұлы грек тарихшысы Геродоттың бұл сөздері өзгелерге жасаған ескертуі секілді.

Менің рухани байлығым - халқым, қазақ халқы. Тарих төрінде көне түркі ұрпағы болып, саңлақ "сақтар", үйсіндер және қаңлылар деген асқақ атпен де танылып, бүгінде тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы - шежірелі, қазыналы ғұмыр.

Міне тәуелсіз ел болғалы бері біздер көне заманымыздағы тарихи құндылықтарымыз бен рухани байлықтарымызды зерделеп пайымдауға күш салып келеміз.

Сондықтан сақтар туралы ойлар тұжырымдау өткенімізге көз жіберіп шолу жасау ғана емес, сонымен қатар олардан үлгі алу, үйрену де болатыны хақ.

Дарий I -дің Скифияға жорығы

Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б. д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден Греция да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грецияны скифтердің экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ болды. .

Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және ассириялық және эллиндікжазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық халықтардың атын жазуға әмір етеді. . Біздің уақытымызға дейін жеткен даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді. .

Дарий әскерлерінің келе жатқанын білген скиф көсемдері кеңеске жиналып, сонда өздері ғана парсылардың қаптаған қолына ашық соғыста төтеп бере алмайтынына көздері жетеді де, көрші тайпаларға елшілерін аттандырады. Таврлардың, агафирстердің, неврлердің, андрофагтардың, меланхлендердің, гелондердің, будиндердің және савроматтардың патшалары тағы бір кеңеске жиналады. Бірақ кеңесте бірауыздылық болмайды. Гелондер, будиндер және савроматтар келісімге келіп, скифтерге көмектесуге уәде береді. Агафирстер, неврлер, андрофагтар, меланхлендер және таврлар патшалары парсылар олардың тайпаларына емес, өздерінің өштестері - скифтерге қарсы келе жатқан жоқ сияқты, сондықтан олар соғысқа қатыспайды дегенді айтады. . Мұндай жауап алған скифтер парсылармен ашық шайқасқа шықпауға шешім алады, өйткені көршілері көмекке келмейтін болды. Скифтермалдарын айдап, құдықтар мен бұлақтарды бітеп, шөпті жойып, даланы өртеп, баяу шегіне бастайды. ¤з әскерлерін скифтер екіге бөледі. Біріншісі Скопасис патшаның басшылығымен, савроматтармен бірге Танаису өзеніне қарай шегінеді. Бір әскерге біріктірілген екі басқа бөліктеріне Иданфирс пен Таксакис басшылық жасады. Оларға гелондар мен будиндер қосылды. Бұл отряд күндік жердегі Дарий әскерінен скифтермен әскери одақтан бас тартқан тайпалардың жерімен шегінеді. Оларды да парсылармен соғысқа тартпақ болады.

Ақыры үздіксіз тақымдап қуудың нәтижесінде жауласқан екі әскер де Танаис өзеніне жетеді, одан өтіп, савроматтар жері арқылы будиндер аймағына келеді. Будиндер жеріне тереңдеп енген парсылар ағаш қабырғалармен қоршалған қалаға тап болады. Будиндер қашады, қала қаңырап қалады, парсылар оны өртеп жібереді. Бұдан кейін де парсылар скифтерді қууды жалғастыра береді, будиндер елінен де өтеді, ақыры шөлге ілігеді. Шөлдің шетіне Дарий тоқтайды және бір-бірінен бірдей қашықтықта сегіз үлкен бекініс салуға бұйырады. Бұл бекіністерді парсылар салып жатқанда, скифтер оларды солтүстігінен айналып өтіп, Скифияға оралады. Парсылардың алдында скифтердің жоқ екенін білгеннен кейін, Дарий жартылай аяқталған құрылыстытоқтатуға бұйырып, өз әскерін батысқа бұрады. Скифияға оралып, парсылар бұл жерде енді бірлесе қимылдаған скиф әскерлерінің қос отрядына кезігеді. Тікелей соқтығысулар болмаған соң, парсылар скифтерді табандап қуа береді және де скифтер әрдайым олардан бір күндік жер алда жүріп отырады. Осының бәрі бірнеше айларға созылады. Скифтер оларға көмек беруден бас тартқан тайпалардың иеліктері және ең алдымен меланхлендердің елі арқылы шегінеді. Содан скифтер жауларын андрофагтар, содан кейін неврлер жеріне қарай бастайды. Бұл тайпалардың зәре-құтын алып, оларды өздеріне қосылуға мәжбүр етіп, скифтер агафирстерге қарай шегінеді. Бірақ агафирстер алдынан шығып, егер скифтер олардың жерлеріне аяқ басар болса, онда скифтермен шайқасамыз дегенді айтады. Скифтер агафирстер еліне бармай, парсыларды неврлер елінен өз жеріне қарай тартады. .

Осылайша соғыс созыла береді және оның соңы көрінбейді. Дарий Иданфирске елші жіберіп, далада айнала беруді тоқтатып, ашық соғысқа шығуды ұсынады. Бұған Иданфирс скифтердің не қаласы, не өңделген жері жоқ, сондықтан олар бүліншілікке ұшыраймын деп қорықпайды деп жауап береді. "Егер сендер біздермен қайткен күнде де соғысқанды қалайтын болсаңдар, онда біздің ата- бар. Соларды тауып, талқандап көріңіздер, сол мүрделер үшін біз шайқасамыз ба, жоқ па содан кейін білесіңдер", -дейді скифтер патшасы Иданфирс.

Бұл соғыста ұсақ қақтығыстар болмай тұрмайды. Дарий әскері өздеріне тамақ іздегенде, скифтер оларды аңдып тұрды. . Скифтердің атты әскерлері әрқашан жау салт аттыларын тым-тырақай қашырды. Қашып келе жатқан парсылық салт аттылар өздеріне көмекке келе жатқан жаяу әскерлерін баса-көктеп кетеді. Мұндайда атты әскердің бетін қайтарған скифтер әрқашан көп болған жаяу әскерлерден үрейленіп, кері қаша бастайды.

Ақыры Дарий әскерінің саны едәуір сирейді, скифтік тактика оны әбден діңкелетеді, содан Дарий қиын жағдайда қалады. Мұны білген скиф патшалары Дарийге құсы, тышқаны, бақасы және бес жебесі бар сәлемдемені жаршы арқылы жібереді. Парсылар сәлемдемені жеткізушіден бұл сыйлықтар нені білдіретінін сұрайды. Ал анау оған тек сыйлықтарды түсіндірулерсіз жеткізу бұйырылды деп жауап береді. Парсылар кеңес құрады. Дарий скифтер өздерін оның билігіне береді және өзіне бағынудың белгісі ретінде жер мен суды береді, өйткені тышқан жерде өмір сүреді, бақа суда, құстар аспанда тіршілік етеді, ал жебелер скифтер қарсылықбілдіруден бас тартады дегенді білдіреді деп топшылайды. Бірақ оның кеңесшісі Гобрий басқаша түсіндіреді: "Егер сендер, парсылар, құс сияқты аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқандай жерге індеп кірмесеңдер немесе бақадай батпақтап қашпасаңдар, онда мына жебелер кеуделеріңе қадалып, кейін қайта алмайсыңдар!".

Парсы патшасына сыйлықтарын тапсырғаннан кейін скиф отрядтары - жаяу және атты әскерлері парсылармен шайқасуға жауынгерлік сап түзейді. Скифтер жауынгерлік сапқа тұрғанда, олардың қатарларының арасынан қоян жүгіріп өтеді. Қоянды көрген скифтер оны қуалай жөнеледі, олардың қатарлары бұзылады және олардың қосында айғай-шу шығады. Дарий жау жағынан шыққан шудың мәнісін сұрайды. Скифтер айғаймен аттандап қоян қуып жүргенін естіген Дарий өз жақындарына: "Мына адамдар бізді иттің етіндей жек көреді және Гобрий скиф сыйлықтары туралы дұрыс пайымдағанын мен енді түсініп отырмын. Біз енді аман-есен оралуды ойластыруымыз керек", -дейді. Міне, сонда Гобрий патшаға тағы бір кеңес берді: "Түн болысымен біз әдеттегідей от жағуымыз керек, ошақтағы отты сөндірмес үшін әлсіз жауынгерлерді тағдырдың тәлкегіне қалдырып, скифтер әлі көпірге келмей, оны олар бұзбай, көпір күзетшілері біздер үшін өлімді шешім қабылдамай тұрғанда, өздеріміз шегінуіміз керек", -дейді.

Күн батқанда, Дарий әлгі айтылғандарды орындайды. От жағып, ал өзі негізгі әскерлерімен асығыс өткелге қарай беттейді.

Жолдан парсылар адасып, скифтер олардан бұрын өзенге жетеді және көпірде парсыларды ионяндер күтіп тұрады. Скифтер ионяндерге көпірді бұзып, парсыларға қарсы шығуды және солайша бостандық алуды ұсынады. Бірақ ионяндер көсемдері Дарийден алған артықшылықтарын ойлап, естері шығады да, көпірдің тек шетін бұзып, скифтерді алдап соғады. Ионяндер көпірді талқандап жатыр деп сенген скифтер парсыларды іздеп кері бұрылады. Парсылар жол бойы адасқандықтан, скифтер де қателеседі және жауын жолықтыра алмайды. Скифтер қарсыластарын іздеп жүріп, өз елінің атқа жемі мен суы бар бөлігімен жүреді, жаулары осы жолмен шегінуде деп ойлайды. Алайда парсылар өздері бұрын шиырлаған жолға түсіп, ақыры өліп-талып өткелге жетеді. Және ол жерге түнде жетіп, көпірдің бүлінгенін көреді. Бірақ көпір аттар мен жаяу әскерге төсеніші бар кемелерден құралған қалқымалы болады. Бір египеттік көпірді күзетуге Дарий қалдырып кеткен ионянин Гестиейді шақырып, қатқыл дауыспен айғайлай бастайды. Гестией естісімен әскерді өткізу үшін барлық кемелерді жеткізеді де, көпірді орнатады. Парсылардыңәскерлері өзеннен өтіп, сонымен аман қалады. Сөйтіп, Дарий І-дің Скифияға жорығы абыройсыз аяқталады. Геродот.

Дегенмен, сақ әйелдердің қоғамдық орны едәуір жоғары болатын. Олар ерлермен бірге әлеуметтік істерге араласудан басқа тұлпар мініп, ту алып, соғыс шебіне де аттанып кете беретін, әрі соғыста өте жанкешті жауынгерлігімен көзге түсетін. Грек жазушысы Кияутс сақ әйелдеріне деген сүйінішін “Сақ әйелдері - нағыз батырлар, олар соғыстың қиын сәттерінде ерлермен бірге қасап қырғынға кіріп кетеді” деп білдірсе, Алимарт Александр “Мен соғыста ерлерден кем түспейтін массагет әйелдерін, құдды ерлердей садақты сарната толғайтын өзге сақ әйелдерін жақсы білемін” деп жазады. Б. з. д. VI ғ. массагеттердің әйел патшайымы Томирис (Тұмар) ері өлгесін, қалың қолға өзі бас болып, парсылардың қалың қолын ойсырата жеңеді. Кейінгі кездегі үйсін әйелдерінің ер көңіл, адуындығы сол ескі кездегі сақтардан жалғасқан қасиет болса керек. Үйсіндер де әйелдердің қоғамдық орнын жоғары қойып отырған.

Сақтар заманы толассыз атыс-шабыстың, есеңгіреткен жаугершіліктің заманы болатын. Сондықтан әр азаматтың белден асынатын бес қаруы сақадай сай тұруы керек болды. Сақтардың соғыста қолданатын қорғаныс бұйымдары дулыға, қалқан, шарайна, сауыт еді. Әу баста мұндай құралдар мықты болу үшін терімен тысталып, сыртынан сүйек және ат түяғынан жасалған теңгешелермен қапталған. Қола мен темірдің өмірге енуіне байланысты ендігі жерде мұндай жарақтарға сүйек пен ат түяғының орнына қола мен темір пайдаланатын болды. Соғыс кезінде жылқы жануарының орны бөлек болғандықтан жауынгерлер жан серігі арғымақ аттарын қауіп-қатерден сақтау үшін сауыттап мінетін. Геродоттың сақтар аттарын мыс сауытпен омыраулап, алтын сағақ пен алтын ауыздықты жүген салып мінеді дегені де сондықтан болса керек.

Сақтар жекпе-жек соғыста айбалта, гүрзі, найза, семсер, садақ, жебе сияқты құралдарды пайдаланған. Бұлардың ішінде скифтердің семсері қысқалау, ал сарматтардікі ұзындау келеді. Бұған қоса скифтер кісіге алыстан үйіріп тастайтын шалма арқан мен тас лақтыратын зақпыны да пайдаланған. Скифтер осы құралдардың ішінде садақ пен жебені көптеп пайдаланған. Сондықтан әрбір сақ жауынгері садақ пен жебе жастанып өлетін. Олардың жебелері қысқа хәм өткір келетін. Жебелердің ұшы алғашында сүйек пен тастан жасалса, кейін қола мен темірге ауысты. Алып жүруге қолайлы болу үшін қорамсақ пен садақты бір жерге байланады. Сақ молаларынан табылған қорамсақ пен садаққап көрер көзге өте әдемі. Сақтар ат үстінде келе жатып алыстан жебе тартуға шебер болғандықтан “ат жалында ойнаған садақшылар” деп аталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарий I -дің Скифияға жорығы
Тарих бастауы сақ дәуірі
Парсы шапқыншылығы
Сақтар, скифтер: алтын адам
Сақтар (скифтер)
Ертедегі түрік жазуы
Парсылар
Александр Македонский
Сақ тайпаларының орналасуы
Сақтар туралы мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz