Созақ жерінің тарихы
Созақ жерінің тарихы
Тарихи деректерге қарағанда халқымыз "Әзіреті Қаратау", "Әулиелі
Қаратау", "Қазыналы Қаратау" деп әз тұтынып, "Қазақтың қара шаңырағы" деп
қадірлеген қарт Қаратаудың теріскей жағында жатқандықтан Созақ өңірін -
"Теріскей өңірі" деп те атаған. Осы өңірдің ортасында - көне дүниенің куәсі
болған шаһар орналасқан. Созақ атауының қашан және қалай пайда
болғандығы жайлы нақты деректер жоқ. Созақ атауының шығуы жайлы жергілікті
тұрғындар арасында мынадай аңыз деректер айтылады.
Ертеректе Созақ шаһарының төңірегі сазды болып, осы сазды бетінде
көлшік болып су жатқан. Жергілікті халық бұл суды "Зәк" суы дейді. Осыдан
"суы зәк" деген сөз пайда болып, ол келе-келе "Созақ" атауына айналған
дейді.
Созақ жайлы мағұлмат шежіре деректерінде де айтылады. Аннаста Сыбай
одан Алаш туады. Алаштан Жайылхан, Сейілхан дүниеге келеді. Сейілхан
Қыпшақтың арғы атасы. Жайылханның үрім-бұтақ көп болады. Одан қазақ,
қырғыз, қарақалпақ ұлттары бөлініп шығады. Сонымен бірге Жайылхан тұқымынан
Созақ деген атақты адам шығып, одан могол тайпасы шығады. Осы тайпадан аты
әлемге әйгілі Әмір Темір шығады. Ал батырлар эпосындағы "Ер Едіге" жырында
Созақ атауы айтылады. Онда: "Қаратаудың бауырында Қарақалпақ атасы Созақтың
қара абасы қасында Баба Түкті Шашты Әзіз атам бар, мені соның қасына апарып
қойсын" деген өсиетіне орай денесін сонда апарып қойған екен: Қалай дегенде
де Қазақ, Созақ ұғымдарының қастерлі атаулар екендігі дауа жоқ. Бүтін бір
ұлы халықтың атын бейнелейтін Қазақ сөзімен қатар айтылған Созақ
шахарларының аты да киелі, әрі қасиетті.
Созақтың ең маңызды жәдігерлік - Созақ - қамал-қаласының орны. Бұл
жайлы Қазақ Совет энциклопедиясында: "Созақ (Хузақ) - орта ғасырлардағы
қаланың оны. XV-XVIII ғасырлардағы деректемелерде Созақ тың ірі
экономикалық орталық болуымен қатар, ол Орта Азиядан Орталық Қазақстан
арқылы Сібірге өтетін керуен жол екендігі айтылады. Қаланың сырты дуалмен,
ормен қоршалған. Онда 500-ге жақын үй болған Қала маңында егіншілікпен
айналысқан мекендер орналасқан.
Зерттеу жұмыстарын 1946 ж Ә.Х.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы, 1947-1948 ж.ж А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік
Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізеді. Олар қаланы VI ғасырда
пайда болып, XI X ғасырларға дейін өмір сүргендігін анықтады. Олардың
қортындысында қала орны алып жатқан жерінің көлемі 19 га шамасында.
Ә.Х.Марғұлан айтуынша зерттеу жұмыстары қамал-қаланың бес қабаттан
тұратындығын анықтаған.
Бұл қабаттардың ең көнесі X- XI ғасырларға, ал ең соңғысы XVII- XVIII
ғасырларға тура келеді екен. Оның ішінде тарихи маңыздылығы жағынан 2
метрге жететін XV- XVI ғасырларға жататын қабатқа ұқсайды. Қазақ ССР
тарихының 1980 жылғы бес томдығында 1218 жылы басталған Шыңғысхан жорығы
кезіндегі Созақ шаһарының жағдайы былай баяндалады: "Сырдария бассейні мен
Қаратаудың оған жақын жатқан отырықшы өңірдегі монғолдардың жаулап алуынан
күйзелген қалалардың территориясы да күрт азайды. Мысалы, Созақта қаланың
монгол шапқыншылығына дейінгі территориясының тек үштен біріне жуығына ел
қоныстанды.Отырарда көлемі 150 га жуық орасан зор Рабатта жан тұрмады деуге
болады. Алайда Қаратаудың теріскейіндегі аудандағы қыстақтар мен қалалар
саны (Созақ, Құмкент, Баба-ата, Саудакент және басқалар) өзгеріссіз қала
берді" - деп көрсетеді. Созақ Шаһары Қазақ хандығының қалыптасуында тірек
қала ретінде шешуші маңызға ие болды. Ғұлама Әлкей Марғұлан: "Қаратаудың
солтүстік бөктерінде Созақ поселкесінің жанында сол аттас қамал қала бар,
ол қазақ жерлерін біріктірудің бастапқы кезеңінде қазақ хандарының тірегі
болған. Созақ қырға жақын тұрған ірі сауда - қолөнер орталығы еді, онда
көптеген керуен сарайлар, тұрғын үйлер мен сауда дүкендері және қолөнер
саудалары, атап айтқанда былғары, ұста, зергерлік және керамикалық тауарлар
өндірілген шағын шеберханалар болған " - деп жазды. Жергілікті халықтың
айтуына қарағанда Созақ қамал-қаласына жапсарлас "Хан мазары" Жәнібек пен
оның ұрпақтарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz