Сталинград шайқасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Сталинград шайқасы1

Сталинград шайқасы

1942-1943 ж -совет әскерлерінің 1941-1945 ж Ұлы Отансоғысында1942 жылғы 17 июльден 1943 жылғы 2 февральға дейін Сталинград қаласын қорғау және Дон мен Волга ө-дері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс 1942 ж июль-18 нояб. және шабуыл 1942 ж. 19 нояб-1943 ж. 2 февр. кезеңдеріне бөлінеді.

Сталинград қорғанысы 1942. 1942ж. июннің аяғында неміс-фашист әскерлері шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басып алу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованияның Ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 июльде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасының негізінде Сталинград майданының жаңа басқармасы құрылды. Оның құрамына 62-63-64-армиялар, сонымен бірге бұрынғы Оңтүстік-Батыс майданның 21-, және 8-әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4- танк армиялары, 28-, 38-, 57- армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 июльге бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетті. Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарың шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты.

17-22 июльде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла ө. бойында жаумен кескілескен ұрыс жүргізгеннен кейін негізгі қорғаныс шебіне шегінді. 22 июльге жаудың Сталинград бағытында он сегіз дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкы, 1200 самалеты, 7500 зеңбіректері мен минометтері болды. Ал Совет Армиясының күші әлде қайда кем еді. 1942 ж. 23 июльде ген. - полк. Ф. Паулюстың 6- армиясы Сталинград, Астаханьды басып алып, Волгада бекіну үшін шабуылға шықты. 62-64- армиялардың бағытында кескілескен шайқас болды. Июль-август айларында жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бырақ сталинградтықтар неміс- фашистерінің бұл шабуылын да тоқтатып, берік қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекет Қорғаныс Комитеті 12 августа Бас штаб бастығы генерел-полковник А. М. Василевскийді, 29 августа Жоғары Бас қолбасшының орынбасары армия генералы Г. К. Жуковті көмекке жіберді.

Сталинград майданының әскерлері ( 1- гвардия, 24- және 66- армиялар) сентябрдің басында 2- рет шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушы -ембекшілердің жағдайын едәуір жеңілдетті. Неміс-фашист әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13-15 сентябтьде Волга шебіне шабуылды қайта үдетті. 28сентябрьде Сталинград майданы - Дон және Оңтүстік-Шығыс майданы болып бөлінеді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Июль мен ноябрь аралығында жау 700 мыңдай адамнан, 2 мыңнан астам зеңбірегі мен минометінен, 1400 самолетінен айрылды. Жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.

Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл. Неміс-фашист командованиесі 1942-43 жылдың қысында өздері орналасқан шепті. 1943 жылдың көктеміне дейін ұстап тұруды, сонан соң қайта шабуылға шығуды жоспарлады. Ал Совет командованиесі қарсы шабуылға күш пен құрал-жабдықтар жинақтады. Жоғарғы Бас штаб оны өткізудің жоспарын жасауға кірісті. Мемлекет Қорғаныс Комитеті 13 ноябрьде бұл жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес Совет Армиясы Сталинградтағы генерал-фельдмаршал Ф. Паулюстің 6-армиясын қоршауға алып, тізе бүктірді. 1943ж. 2 февральда неміс генерал-фельдмаршалы қалған әскерімен тұтқынға алынды. Сталинград шайқасы осымен аяақталды.

Сталинградты бүкіл совет халқы қорғады. Даңқы 62-армияның құрамында 3800-ден астам қазақ болды. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты. Әйгілі 64-армияның құрамында қазақстандық 29-және 38-атқыштар дивизиясы болды.

Сталинград шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 29-және 38-атқыштар дивизиялары 72-және 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы атынды, ал 73-гвардиялық атқыштар дивизиясын Сталинградтық құрмет атағы қоса берілді.

Сталинград шайқасында жүздеген мың совет жауынгерлері ерліктің үлгісін көрсетті. Шайқаста ерекше көзге түскен 55 құрамалар мен бөлімдер ордендермен марапатталды. 100-ге жуық жауынгерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Сталинград қаһарман-қала атағына ие болды. Сталинград шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963-67 ж. Мамай қорғанында мемориалды комплекс салынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы Сталинград майданы тылының инфрақұрылымының, күштері мен құралдарының қызметі
Кеңес әскери қолбасшылардың естеліктеріндегі Сталинград шайқасы
1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы
Сталинград шайқасы туралы
Сталинград шайқасында
Соғыстың басталуы
Сталинград шайқасы және Қазақстан
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz