СЫНДАРЛЫ 10 ЖЫЛ НЕМЕСЕ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ІШКІ САЯСАТТАҒЫ ҚАЙРАТКЕРЛІГІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

СЫНДАРЛЫ 10 ЖЫЛ НЕМЕСЕ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ІШКІ САЯСАТТАҒЫ ҚАЙРАТКЕРЛІГІ

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н. Ә. Назарбаев 1992 жылы жарық көрген “Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Коституциясында көрініс тапты.

Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған “Қазақстанның болашағы - қоғамдық - идеялық бірлігінде” деген еңбегінде ашып берді. Мұнда Президент тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық ынтымқтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады. 1996 жылы шыққан “Ғасырлар тоғысында”, одан кейін 1999 жылы жарық көрген “Тарих толқынында”, 2003 жылы жазылған “Сындарлы 10 жыл” аса ірі күрделі еңбектерінде : Назарбаев қазақ халқының өткені мен кеткенін, оның бүкіл тарихын ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын ашық жазып көрсетті. Бұл еңбектерінде ол қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдары әлемдік құрылыс шеңберінде, солармен тығыз байланыста қарау керек екендігін ғылыми тұрғыда тұжырымдайды.

Ел Президенттің бұл шығармаларында Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты - қазақтар мен орыстардың және басқа этнос өкілдерінің достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылық негізінде әлемдік қауымдастыққа енудің қуатты факторы ретінде білікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырылады. Ал осы бірлікке қол жеткізудің ең маңызы шартын Президент мемлекеттік идеология, мәдениет факторларымен тікелей байланыстырып қарайды. Өйткені, мәдениетті бюджеттің соңында қаржыландыратын мемлекеттер ерте ме, кеш пе, кенжелеп қалатыны тарихи кезеңдерден белгілі болып отыр… Идеология, мәдениет қоғамның дамуында бастапқы элементтер екені енді түсінікті бола бастады. Өйткені технология да, экономика, шаруашылық жүргізу әдістері де, қоғамға қажетті бәрі де солардан шығатыны белгілі.

Сондықтан Н. Ә: Назарбаев қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып, тұрмыста күшті сұранысқа ие ьолып отырғанында, алдағы ХХІ ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдайтығын білдіреді.

Президент Н: Назарбаевтың “Ғасырлар тоғысында” еңбегіндегі “Мемлекет деген біз боламыз” және “Өктемшілдік пе, әлде демократия ма?”, сондай-ақ, “Тарих толқынында” атты кітабының “Алаш мұрасы және осы заман” деген тарауы қоғамның демократиялық жолмен дамуында интеллигенцияның алатын орны мен атқаратын рөлін пайымдауға арнайды. Онда бүгінгі қазақ зиялылырының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді.

Демократиялық үрдіс қазақ зиялыларына да тән құбылыс. ХХ ғасырдың басында дүниеге келген “Алаш” қозғалысы қоғамды демократиялық негізде басқарудың бағдарламасын жасады. Бірақ қалыптасқан тарихи жағдай олардың ойын, қойған мақсатын бермеді. Олардың арманы тек ХХ ғасырдың соңында ғана нақтылы шындықа айналды. Өз өмірлерін ел тағдыры үшін қүрбандыққа шалған бұл зиялылардың еңбегі босқа кеткен жоқ. Қазақ халқы өз мемлекеттігіне, тәуелсіздігіне, қоғамды демократиялық жолмен дамытуға ие болды.

Сондықтан да бүгінгі қол жеткен тәуелсіздік соңғы он жылдың ғана жемісі емес, бүкіл қазақ халқы тарихның енбойында елім деп еңіреп өткен боздақтардың ерлгінің “жемісі” деп бағалануы тиіс. “Алаш” қозғалысының басшылары бүгінгі демократиялық үрдістің үлкен бастауы болды. Бұл үрдіс Қазақстан жағдайында қазіргі кең құлаш жайып, даму үстінде. Өйткені, дамудың демократиялық үрдісі - Қазақстан мемлекетінің сара бағыты, таңдап алған айқын жолы.

Алайда, осы белгіленген стратегиялық міндеттерді тәжірибе жүзінде іске асыруда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер кездесті. Оны орындауды әлсіздік көрсеткен С: Терещенко басқарған Министрлер Кабинеті 1994 жылы отставкаға кетті. Оның орнына Ә: Қажыгелдин бастаған жаңа үкімет келді. Бұл үкімет таяудағы үш жыл елімізде болып жатқан реформаларды іске асырудың жаңа бағдарламасын белгіледі. Осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізді. Бірақ өзінің бағдарламасын аяғына дейін жеткізбей Ә: Қажыгелдин үкіметі 1997 жылдың 10 қазан күні отставкаға шықты. Оған, әрине, жекешелендіру бағдарламасында кеткен үлкен қателіктердің зияны тигенін, кейбір жерлерде әділетсіздіктің орын алғанын айтуға болады.

Ә. Қажыгелдин үкіметі орнына Н. Балғымбаев басқарған үшінші үкімет келіп үш жыл қызмет етті. Бұл үкімет те қиын кезеңде жұмыс істеді. Елде қордаланып қалған қарыздарды қайтару, сыртқа шығарылатын шикізат өнімдері бағасының құлдырауы, көрші елдердегі экономикалық дағдарыстың Қазақстанға әсері кезінде жұмыс істеуге тура келді.

Үкімет сыртқы факторлардың жағымсыз әсеріне қарамастан, тұтас алғанда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қалды. Сондай-ақ, өткен күрделі кезеңде 1999 жыл бұрынғы заемдерды төлеуде шарықтау шегіне жеткенмен, мемлекеттің ішкі және сыртқы міндеттемелерін орындауда Н. Балғымбаев басқарған үкімет айтуға тұрарлық қызмет атқарды.

1999 жылы қараша айында Қазақстан үкімет басына Қ. Тоқаев басқарған төртінші үкімет тағайындалды. Жаңа үкімет республика парламентінде өзінің 2000 - 2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын ұсынып бекітті. Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламадан туындайды.

Бірінші. Еліміздің қатаң бюджет мәселесін ескере отырып, одан тиісті қорытынды жасау, бюджетті жоспарлауда жетімсіздіктер табылып жатса оны түзету, кірісті жинақтауда резервтер болатын болса, оны іске қосу, яғни қаржы көзімен әдіс-тәсілдерін жете пайдалану.

Екінші. Экономиканы, қаржы және заңдылық жүйесін реформалауды одан әрі жалғастыру, әлеуметтік саладағы реформаларға баса назар аудару.

Үшінші. Елге инвестиция өте қажет. Сондықтан жаңа үкімет белгілі және салиқалы инвестроларды іздеп тауып, олардың мемлекет экономикасына деген ынтасын арттыру.

Төртінші. Үкімет сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту қажет. Бұл саладағы жұмыс қазіргі кезде ешкімді қанағаттандырып отырған жоқ.

Бесінші. Өндірісті жандандыру, үкімет отандық тауар өндірушілеге қолдау көрсетіп, кіші және орта бизнестің мәселелерін шешу.

Алтыншы . Жаңа үкімет 2000 жылдың басына дейін зейнетақы қарызынан құтылуы керек.

1991 және 2001 жылдар аралығында Егемен Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы - Парламентте төрт рет өзгеріске ұшырады. Бірінші рет, 1990 жылы 12-шақырумен сайланған Қазақ Республикасының 1993 жылдың желоқсан айында көптеген депутаттардың өз міндеттерінен бас тартуымен байланысты тарады.

Одан кейін 13-шақыуымен сайланған Парламенттің өмірі де ұзақ болмады. Себебі Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсанында бекіткен сайлау кодексі негізінде 1994 жылғы наурызда сайланған Парламент заңсыз деп табылды. Бұған сайлау барысында аталған Кодекс баптарының өрескел бұзылуы себеп болды. Міне, осымен байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлауы туралы” 1995 жылғы 28 қыркүйектегі пәрмені бойынша сол жылдың желтоқсан айында жаңа Парламент сайлауы өткізілді. Ал 1997 жылдың қазан айында Парламенттің жоғарғы палатасына сайланған депутаттардың құрамының жартысы өзгертіліп, оларға жаңа сайлау жүргізілді.

Еліміздегі жоғары басқару жүйелеріндегі өзгерістер жергілікті атқару органдарының да өзгеруіне де алып келді. Бұларда егемендік алғаннан бері үш рет өзгеріске ұшырады. Алдымен жергілікті атқарушы органдар-облыстық, қалалық, аудандық атқару комитеттері болып құрылды. Кейіннен барлық атқару комитеттері мен кеңестерді қосып, оларды бір адам-кеңестің төрағасы асқаратын болды. Ақырында келіп атқару жүйесін-әкімдер, өкілдік огандарды - мәслихат жүйесіне келтірді.

Соңғы жылдары әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қоданылды. Орталық Үкімет елеулі түрде қайта құрылды және сан жағынан ықшамдалды. Жергілікті жердегі басқару құрылымдары да едәуір қысқаруда. 1997 жылы 50-ден астам министрлік пен ведомстволардан 25-і қалдырды. 19 әкімшілік обыстың бесеуі, 220 әкімшілік ауданының 30-ға жуығы таратылды, сөйтіп бес мыңға жуық қызметкер қысқарды. Еліміздегі демократия және ұлт мәселесі жөнінле айтқанда, тағы бір көңіл аударатын мәселе Қазақстан халықтыры Ассамблеясы туралы айтуға болады. Мұндай ұйым ТМД елдерінің ешбірінде осы кезге дейін құрылмаған. Ең бір қиын күндерде ол шын мәніндегі халық өкілеттілігінің орнына айналды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылы желтоқсанда өткен Қазақстан халықтары құрылтайы кезінде қабылданды. Онда Ассамблея парламенттің немесе атқару билігі органының баламасы бола алмайды деп көрсетілді. Бірақ ол мүдделестер клубы сияқты қуыршақ ұйым болуға да тиісті емес. Ұзақ ізденістердің, ұлтық мәдени орталықтар өкілдерінің, этнологтардың, заңгерлердің, басқа да маман иелерінің пікірлерін зерттей келе, Ассамблеяға мемлекет басшысының қасындағы консультативті-кеңесші орган дәрежесін беруге ұйғарылды. Қазірдің өзінде ол өз қызметінің жемістерін бере бастады. Ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен қатар, ол адамдармен күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізді, бұл оның беделін өсірді.

1992 және 2001 жылдары аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының алты сессиясы өтті. Сессияда біздің елді мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен татуластығы, конституциялық заңдарды сақтау, халықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары және тағы басқа да көкейкесті маңызды мәселелер талқыланды. 1985 жылдан кейінгі қоғамды қайта құру, жаңарумен байланысты Қазақстанда бұрынғы кездегі жеке Коммунистік партияның үстемдік етуінен бірте - бірте арылып, әртүрлі көзқарас және көппартиялық жүйеге көшу белең алды. Бұл елде болып жатқан демократиялық процестермен, саяси сипаттағы өзгерістермен тікелей байланысты еді.

Қазақстанда көппартиялық жүйенің жеке жаңадан саяси партиялардың пайда болуының басты үш себебін атап көрсеткен жөн. Оның бірінші - 1989 жылдан Қазақстан саяси өмірде болған өзгерістер, соның ішінде әртүрлі көзқарас идеясы, жариялық, міне осымен байланысты қоғамда іске аса бастаған саяси еркін ой. Бұл кезде тоталитарлық және коммунистік идеяға қарсы негізде саяси партиялық қозғалыстар пайда болды. Оладың басты ұрандары социал-демократия, ұлт бостандығы, мәдиниет және экология бағыттарында қайта даму, жаңару, дамыту.

Екінші себебі - 1991 жылға Мәскеуде болған тамыз оқиғасымен байланысты. Оның нәтижесінде Кеңестер Одағы тарап, Қазақстан өзінің тәуесіздігін жариялады. Республика жетекшілері жаңа жағдайда, егемендік алумен байланысты уақыт талабына сай батыл қимыл жасады. Белсенді мемлекеттік жаңа құрылыс басталды, саяси партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейсті ұрандар мен міңдеттер кірді. Партиялардың бағдарламаларына қоғамға қажетті, көкейкесті ұрандар мен міндеттер кірді. Партиялардың негізгі міндеттері - үкіметпен байланысы жоқ саяси күштерді ығыстыру, парламент сайлауларында жеңіске жету, уәкілдік қызмет органдарында көпшілік қолдайтын ниеттестік тәртіпті қамтамассыз ету т. б. Міне, осымен байланысты, Қазақстан басшылығы мұндай саяси партиялар арқылы өзінің сүйенетін әлеуметтік базасын құруға ерекше мән берді.

Үшінші себебі - бұл еркіндік синдромы, ол барлық саяси ұйымдар мен күштерге тән. Республика жағдайында ол әсіресе реваншистік күштер арасында ерекше байқалады. Оған коммунистер, ұлтшылдар және тағы басқа да топтар жатады. Қазақстан және бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттерде мұндай ультра-құқықтық саяси партиялардың пайда болуы ескі тоталитарлық жүйенің күйреуімен және нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты.

Міне, осындай себебтердің нәтижеисінде 1990 жылдан бастап Қазақстанда ең әуелі социал-демократиялық партия, одан соң демократиялық «Азат» қозғалысы қалыптасты. Олардың қырылуының басты белгілері - құқық органдарына тіркеуден өту, белгілі бір бірлестікке ұжымдық негізде бірігу және саналы ынтымақты болу, жалпы алға қойған мақсаттарының бір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір болуы, саяси қызметі түрлерінің пікір бірлігі, татулық қарым-қатынас, сайлау алдындағы платформа немесе ұстаған саяси бағытының тұтастығы т. б.

Көппартиялы жүйе тек біздің Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, өздерінің ұлттық тәуелсіздігін алған, бұрынғы басқа да одақтас республикаларда құрылды. Мәселен, 1995 жылы тек бір ғана Ресейде жүзден астам саяси партиялар тіркелген. Қазақстанда Ресейдегі сияқты жүздеген саяси партиялар құралтайындай ауқымды жағдайға жеткен жоқ екендігін атап айтқан жөн. Мысалы, 1994 жылы өткен парламент сайлауына Әділет министірлігінің тіркеуінен өткен төрт-ақ партия қатысты. Олар-социалистер, Қазақстан конгресі, Демократилық және Азат партиялары. Сайлау өткеннен кейін көп кешікпей Қазақстанда Коммунистік партиясы құқық органдарынан тіркеуден өтті. Ал 1994 жылдың соныңда Қазақстан Халық конгресі партиясы Республика басшылығына қарсы конструктивтік опозицияда екендігін жариялағанында, елде тез арада бірнеше жаңа саяси партиялар пайда болды. Олар - Ауыл шаруашылық кооператорлар партиясы, Демократияық және Қазастанның Дәуірлеу партиясы. Қазақстан халық бірлігі қозғалысы Қазақстан халық бірлігі партиясы болып қайта құрылды.

1999 жылы республикада 4 саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. Саяси партиялардың көпшілігі Республика Президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Бір айта кететін жайт, осы партиялардың бағдарламаларында айтарлықтай аймаршылық аз, ең басты экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселерде бір бірін қайталайды. Қазақстандағы саяси партиялардың барлығыда (оған Коммунистік партия да кіреді) республикада іске асып жатқан нарықтық экономикаға көшуге ешқандай қарсылығы жоқтығын білдірген. Олардың бағдарламаларында тек оны жүргізудің тәсілі, уақытын белгілеуде ғана айырмашылықтар бар. Көп жағдайда бұл партиялар бағдарламасының мазмұны декларациялық-ұрандық сипатта жасалған. Қоятын талаптары нақты өмірден алыс, көбіне жалпылама пайымдау, негізгі басты мәселелері - нарықтық экономикаға көшу, парламенттік демократия, жеке адам құқықтарының артықшылықтарын қастерлеу, т. с. с. Саяси партиялардың бағдарламаларында прагматизмнен гөрі идеология басымырақ, мұның өзі Қазақстандағы көппартиялық жүйенің және саяси бірлестіктер мен партиялардың әлі де болса кәмелеттігінің жетімсіздігінің дәлелдемесі. Оның нақты көрінісі ретінде саяси партия жетекшілерінің үкімет басқару ісіне араласа алмай отырғандығы, өздерінің қызметінде тек Президент, Республика үкіметін қолдайтындығы жөніндегі мәлімдемелері байқатады.

Мұндай жағдай қазіргі кезеңде саяси партиялардың елді басқарудағы нақты мүмкіндіктерін, республика алдында тұрған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Елдегі билік жүргізу партиялардан тыс сипатта іске асырылып, үкіметтің саясаты белгілі бір партияның ғылыми тұрғыдан ойластырылған бадарламасы негізінде іске асып жатыр деп әсте қарауға болмайды. Сондай-ақ, өкімет құрылымдарының өз арасындағы байланыстарға да саяси партиялардың айтарлықтай ықпалының болмай отырғандығын айтпай кетуге болмайды.

Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарында да тек алғашқы басқару түрі орын алған. Олардың басым көпшілігі өзінің тек сыртқы формасы бойынша партия деп саналғанмен, мазмұны жағынан әлі де болса партиядан гөрі ынтымақтастық топтарға көбірек ұқсайды. Осының нәтижесінде олар біздің саяси партиялар жөніндегі дәстүрлі түсінігімізге сәйкес келмейді. Қазақстандағы саяси бірлестіктер мен партиялардың саяси-ұйымның әлсіздігінің көптеген өзіндік себептері бар. Бірінші - объективтік себептер, бұған саяси партиялардың бүгінгі таңдағы экономика, қаржы саласындағы көріп отырған қиындықтары мен жетіспеушіліктері. Партиялардың саяси органдары болып саналатын жеке газет-журналдары шықпайды, олардың басқа да қызмет ететін механизмдері қосылмаған. Екіншісі - субъективтік себептер, бұған қазіргі кезеңдегі жағдайда саяси партиялардың абыржуы және өздерінің тиімді тактикалық жұмыс формаларын жасай алмай отырғандығын айтса да жеткілікті.

Қазақстандағы саяси партиялардың әлсіздігінің тағы басты себебі - олардың қоғаммен байланысының жете дамымауы. Осының нәтижесінде саяси партиялардың бұқара халық арасындағы беделі төмен, олардың қатарына халық өкілдері аз енеді, бұрынғы біз білетін Коммунистік партияның құрамында болған бірнеше жүз мыңдаған адамдардың ешқандай нышаны жоқ десе де болғандай. Осындай жағдайлардан келіп, қазір де бүкіл республикаға белгілі болып отырған саяси партиялардың құрамының өзі ауыз толтырып айтатындай дәрежеге жетпей отыр. Мәселен, 1996 жылдың басында Қазақстан Халық бірлігі партиясы құрамында небәрі - 28 мыңдай адам, Демократиялық партиясында -5 мың, Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясында - 42 мың, Социалистік партияда - 47 мың, Қазақстан партиясында - 55 мың мүше болған. Ал Қазақстан Халық конгресі партиясы өзінің мүшелерін түгендеп, оларды тиісті есепке алып отыруға ешқандай мән бермеген, сондықтан онда қанша мүше барлығы осы уақытқа дейін қалың көпшілікке беймәлім. Бұған қосып айтатын тағы бір жәйт, саяси партиялардың құрамындағылардың басым көпшілігі - бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясына мүше болғандар. Олардың саяси жетекшілерінің өздері де 1991 жылғы қыркүйекте, яғни Коммунистік партия таратылғанға дейін, оның мүшесі болып, белгілі бір буындарында қызмет істеген адамдар.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарының көпшілікке жеткілікті дәрежеде белгілі болмауының тағы бір себебі, қоғамда көппартиялықтың қалыптасып, аяғынан тік тұру процесінің тек жаңадан басталуымен байланысты екендігін айтқан жөн. Осыған орай әзірге біздің қоғамызда тұрақты саяси-партиялық құралдардың қалыптасуы, саяси күштердің арасындағы айқын межеленіп даралануы жөнінде бөле-жара айтып жатуға әлі ертерек. Кейбір партиялар, одақтар, қозғалыстар мен бірлестіктер бұқара халыққа әлі белгісіз, олардың әлеуметтік базасы қазіргі кезге дейін мардамсыз жұтаң. Мұндай жағдай саяси күштердің қайта топтасуының, ұйымдық әлеуметтілігін (потенциал) одан әрі өсірудің және қаржылаудың жаңа көздерін іздеп табуды талап етеді

Өздерінің бағдарламаларында ерекше атап көрсеткендей, Қазақстан саяси партиялары мен бірлестіктері республика парламент сайлауларына қатысып, онда көпшілік депутаттық орындарға ие болуға тырысады. Бұл бағытта саяси партиялардың едәуір қол жеткен табыстарын айтпай кетуге болмайды. Мысалы, 1994 жылғы Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауында Қазақстан Халық конгресі партиялары өздерінің көптеген өкілдерін парламентке өткізді. Республиканың бірқатар саяси партиялары мен қоғамдық бірлестіктері 1995 жылғы 9 желтоқсанда өткен парламент сайлауына белсене қатысты.

Сайлау науқаны кезінде өздерінің өкілдерінің депутаттыққа тіркеткен саяси партиялар мен қозғалыстар бұқаралық-ақпараттық құралдар арқылы бағдарламалылық платформаларын жариялады. Бірақ, олардың бағдарламаларының арасында айтарлықтай айырмашылық, қойылған міндеттердің бір-бірінен өзгешелігі өте аз екендігі байқалды. Барлығы дерлік Қазақстан Республикасы Президентінің жүргізіп отырған саяси бағытын қолдайтындығын білдірді. Жүргізілген әлеуметтік зерттеу жұмыстары көрсеткендей, бұқара халық арасында адам құқықтарын қорғау, оларға тегін білім беру және денсаулығын сақтау талаптарын міндет етіп қойған саяси партиялар көпшілік арасында үлкен беделге ие болды.

Сайлау қорытындысы бойынша депутаттыққа кандидаттардың тек ең үздіктері, ел сеніміне ие болғандары ғана халық қалауы мандатына ие болды. Әсіресе, бұл тұрғыда Қазақстан Халық бірлігі партиясы басқа әріптестерінен көп ілгері болып шықты. Парламентке олардын 24 мүшесі, Демократиялық партияның - 12, Шаруалар одағының -7, Жастар одағы мен Инженерлер одағының - 3-тен, Қазақстан Коммунистік партиясының - 2 мүшесі сайланды. Қазақстан Халық конгресі партиясы, Қазақстан Дәуірлеу партиясы мен Қазақстан Халықтық кооперативтік партиясының заң шығарушы органына бір-бірден өкілі кірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың конституциялық реформалары - қоғамыздың негізгі қозғаушы күші
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
Қазіргі заманғы Қазақстанның үшінші модернизациясын жүзеге асырудағы философияның рөлі. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі гносеология. Абай философиясындағы адам мәселесі
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанда Президенттік институттың пайда болуы
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Мамандығы
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz