Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі


Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783-1797 жж. )
Е. И. Пугачевтің басшылығымен болған, қазақтар оған белсенді қатысқан 1773-1775 жж. Шаруалар соғысы басып-жаншылғаннан кейін жеті жылдан соң 1783 ж. Кіші жүзде шаруалардың көтерілісі тағы бұрқ ете қалды. Көтерілісшілерге ру ағаманы Сырым Датов басшылық жасады.
Бұл қозғалыстың феодалдық пен отаршылдыққа қарсы сипаты болды, ол 1773-1775 жж. шаруалар соғысының жалғасы еді. Осы көтерілістен кейін қазақтарға жер мен су проблемаларын ішінара болса да шешіп алудың сәті түсті. 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен, Сыртқы істер коллегиясы қазақтарғы қысқы уақыттары Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі, Сағыз өзендері ауданындағы жайылымдарды пайдалануға рүқсат етті. Бірақ, патша үкіметінің бұл көнімпаздығы амалсыздықтан туған еді, сондықтан аймақтағы позициясын нығайтуына қарай ол осы жеңілдіктерін жоюға немесе шектеуге талпынды. Қазақтардың жер мен суға деген құқығының кеңейтілуіне Орал казактарының әскері белсенді қарсы шықты. 1782 ж. 27 желтоқсанда үкіметтің жоғарыда көрсетілген аудандарға қыста мал айдауға қазақтардың ол жерлерді тек жалға алған жағдайында ғана рұқсат етілетіндігі туралы жарлығы шықты. Орал казактары бұл жарлықты өз мүдделеріне пайдаланып, қазақ жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тиым салды. Бекіністің Орал желсінде корондық күзет күшейтілді, оның үстіне жалға алатын жері үшін қазақтар ақысын төлеумен бірге, аманаттарын қалдыруға тиісті еді.
Пугачевтің шаруалар соғысына қазақтардың қатысуына Кіші және Орта жүздердегі тәуелділік қатынастардың одан әрі ыдырауы маңызды себеп болды. Айталық, Кіші жүзде Нұралы хан мен сұлтандар көтерілісшілерден бірте-бірте іргелерін аулақ салып, патша үкіметін қолдау позициясына көшті. Қазақ ақсүйектері арасында көтеріліске сенбеушілік пен өшпенділік арта түсті, мұның өзі феодалдық бытыраңқылықты күшейтті. Қазақ аристократиясы мен ру ақсүйектерінің Пугачев көтерілісіне әр түрлі көзқарасы XVІІІ ғ. 80-жылдарында аристократия мен ру ағамандары одағының ажырауына және XVІІІ ғ. 70-90-жылдарының аяғынды хандық биліктің күйзелуіне әкеп соқты. Нұралыханның кіші жүздегі ықпалы бірте-бірте төмендей бастады, мұның өзі оның саяси оқшаулануына, халық бұқарасының қайтадан көтеріліп, Кіші жүзде хан билігін жоюға алғашқы әрекеттер жасалуына алып келді.
1783 ж. көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желісіне шапқыншылығы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат бастаған қазақ жасағы Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап, солдаттарды тұтқынға алды, малдарын айдап кетті. Орынбордан солтүстік-шығысқа қарайғы жерде тама руының ағамандары Қадыр мен Садыр басқарған жасақтар әрекет жасады. Олар Красногор бекінісі мен Татыр қыстағына шабуыл жасауға дайындалып жүрді.
Орынбор коменданты Ладыменский далаға орынборлық казактардың құралған жазалау отрядтары мен жүзбасы С. Харитонов басқарған башқұрттардың 1500 адамдық отрядын жіберді. Қазақ жасақтары Харитоновтың отрядына табанды қарсылық көрсетті, бірақ қазақтардың тастан қалап тұрғызған бекінісі сол отрядтың баса көктеп шабуылдауымен алыгды. Тұтқынға түскен 56 адам қазына жұмыстарын атқаруға жіберілді.
Қазақстардың бекіністері мен сауда керуендеріне шабуылдары жаз айларында жиілей түсті, мұның өзі ортаазиялық хандықтармен сауданың нашарлап кетуіне әкеп соқты. Қарғай бекінісі шабуыл жасалды, Орынбор мен Илецк қорғанысы аралығындағы қозғалыс бақылауға алынды. Әсіресе, Орск бекінісі мен Нижнеуральск дистанциясы аудандарындағы әрекеттер белсенді жүргізілді. Серкеш руынан шыққан қазақтарды ағаман Дулат басқарды. Бірақ бұлар әзірше біріктіретін орталығы жоқ жекелеген әрекеттер еді. Сол кезде халық қозғалысының басына Байбақты руының ағаманы Сырым Датов келді. Орыс жазба материалдарында Сырым Датов туралы алғашқы деректер Е. И. Пугачев қозғалысының тұсында келтірілді. С. Датов 1774 ж. Е. И. Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған деген Орал казагі Ф. Курицынның хабары бар. А. В. Суворовтың граф П. И. Панинге 1775 ж. 22 маусымда жеткізген хабарламасы сақталған. Онда ол С. Датов туралы Е. И. Пугачев көтерілісінің белсенді бір қатысушысы болған деп хабарлайды. Бірақ 1776 ж. күзінен бастап С. датов бұл қозғалыстан кетіп, патша әкімшілігі жағына өткен. Тек 1783 ж. ғана ол қайтадан көтерілісшілерге қосылып, орал қазақтары әскеріне қарсы күреседі. 1782 ж. желтоқсанында С. Датовты оралдық казактар Тополихинск форпосты маңында тұтқынға алған болатын, 1784 ж. көктемінде оны қарындасына үйленген Нұралы хан тұтқыннын сатып алып босатады. Оны сатып алу сомасы 70 жылқыдан және ақшалай 350 сомнан тұрды. 1784 ж. мамыр айынан С. Датов оралдық казактармен кескілескен ұрыстар жүргізді. Қазақ жасақтары Нижнеуральск желісі ауданында, Орск бекінісі маңында әрекет жасады. Қараша айында С. Датовтың жасағында 1000 қазақ болды. Бұл кезде С. Датов Нұралы ханнан іргесін аулақ салды.
Дәл сол кездері жазалаушы экспедицияның даладағы әрекеттері күшейе түсті. Елек өзенінің бас жағына 237 орынборлық казактар мен 2432 башқұрттан тұратын отрядты басқаруға генерал-майор Смирнов жіберілді.
1785 ж. қазақтардың патша отрядтарымен кескілескен шайқастары нижнеуральск желісі ауданында одан әрі жалғасты С. Датов - 2700, старшин Барақ - 2000 және Тіленші - 1500 қазақтан тұратын жасақтарды басқарды. Оларға қарсы қазақтардың Орал әскерлері старшындары Колпаков пен Пономарев және премьер-майор назаров командалық еткен үш отряды жасақталды. Бұлардың соңғысы Сахарный бекінісі мен Антонов қамалына шабуылдаған С. Датовтың жасағына қарсы шайқасты.
1785 ж. бастап ру ағамандарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен күресі күшейе түсті. Ағамандар патша үкіметінен Нұралы ханды биліктен тайдыруды және Кіші жүзді басқару ісін жаңа негізді құруды талап етті. Жүзді үш бөлікке немесе ордаға - Байұлындық, Жетірулық және Қаракесектік етіп бөлу ұсынылды. Олардың әр қайсысында ағамандар мен халық жиналысы сайлаулары өткізілді: Қаракесек бөлігінде ағаман болып Сегізбай би, Байұлында - Тормамбет би, Жетіруда - Тіленші батыр сайланды. Сырым Датов барлық үш орданың кеңесшісі болып сайланды, оған көмекшілікке ағамандар Көккөз би мен Қаратау би берілді. Ағамандар салтанатты жағдайда патша үкіметіне адалдығына ант қабылдады. Осымен Қазақстандағы отаршылыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.
Патша үкіметі ағамандар жиналысына шекаралық сот ұйымдастыруға келісім беруді ұсынды. Мұның өзі дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін жою жолындағы қадам болған еді. Ағамандар Шеқаралық сот жөніндегі мәселеге абайлап қарады, оны шешуді болашаққа қалдырды. Ағамандардың біл бөлігі хан билігін сақтауды, жаңа хан сайлауды қалады. Ағамандар патша үкіметінің алдына қысқы жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды.
1786 ж. көктемінде Нұралы хан Кіші жүзден қуылды, сөйтіп, оны Калмыковск бекінісіне жасырған патша өкіметі өз қорғаушылығына алды.
Патша үкіметінің алдында Кіші жүзде мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жаңа формалары туралы мәселе тұрды. Екатерина ІІ Орынбор губернаторы Игельстром талдап жасаған реформаны мақұлдады Нұралы хан Уфаға О. А. Игельстром әлімұлы, байұлы, жетіру ұрпақтарына Орынбордағы шекаралық сотқа бағынатын соттар (сот кесімін орындаушылар) құруды ұсынды. Сот кесімін орындаушыларды жалақы алатын төраға мен ру ағамандарынан екі заседатель басқаруға тиісті болды. Жүзде екі немесе үш қала, мешіттер және ақсүйектердің балалары үшін мектептер салу ұсынылды. Бұл шаралар Қазақстанның Ресейден саяси оқшауланушылығын жоюға тиісті еді. Игельстромның жобасы ханды жүзден қуып шығуды ескерді, бірақ император әйел жанында кеңес құрылатын жаңа ханды сайлау жөніндегі ұсынысты үзілді-кесілді қабыл алмады.
Даладағы ықпалдарынан айырылғылары келмеген хан мен сұлтандардың ру ағамандарымен дау-жанжалдары үдей түсті. Қыркүйек айының басында олар Сырым Датовты тұтқынғы түсіріп, бұғаулап тастады, сөйтіп жүзге Уфадан Нұралы хан оралмайынша оны өздерінде ұстап тұруға шешім қабылады. Қазақ қауымдарында зор бедел ықпалы бар Сырым батырдың тұтқындалуы туралы хабар Орынбор әкемшілігінде аландаушылық туғызды. Игельстром реформаны жүзеге асыруда С. Датовқа сенді, сондықтан оны босату үшін батыл күш-жігер жұмсады. 1786 ж. күзінде С. Датов тұтқыннан босатылды. Алайда, осы кезде ру ағамандарының Кіші жүзде хан билігінің сақталуын жақтайтын бөлігі күшейіп кетті. Олар Қайыпты хан жариялады. 1786 ж. қыркүйекте ағамандардың съезі болды. Онда тек шекаралық соттың құрылуына ғана келісім берілді, оның құрамына ықпалды рулардың өкілдері есептелмейтін қазақтың алты ру ағамандары сайланады.
Патша өкіметінің өкілдері шешуші күш құрды. Шекарлық соттың төрағасы премьер-майор С. Петрушевич, мүшелері секунд-майор И. Капустин, Сеитов Посадтың көпестері С. Салеев және М. Мырдабаев, башқұрт жорықтық старшыны А. Аккулянов және Мишарок жорықтық старшыны З. Абдусалямов болды.
Сот кесімін орындаушыларға сайланғандардың арасында қазақтың ықпалды ағамандары Тіленші, Жәнібек, Тілеп жүрді. Сонымен әкімшілік қызметтерде сұлтандар ру ағамандарымен алмастырылды. Бірақ сайлау Кіші жүздің тек үш руынды ғана өтті. Шекаралық сот өз кесімін орындаушылар арқылы Кіші жүздің барлық руларымен байланысты бола алмады, міне, мұның өзі оның жүздегі саяси жағдайда ықпал жасауына, сұлтандардың ықпалын шектеуге кедергі келтірді. Сұлтандар далада сот кесімін орындаушылықтың ұйымдастырылуына қарсы қатты наразылық білдірді.
Шекаралық соттың құрылуын ағамандар өз мүдделері үшін пайдаланып қалды. Олар жер туралы, Жайық пен Еділ аралығындағы және Каспий теңізі жағалуындағы жеке иеліктер есебінен қысқы жайылымдарды кеңейту жөнінде мәселе қойды. Генерал-губернатор тек бос жатқан жерлерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуді ғана жойды, жеке иеліктердегі жерді пайдаланғаны үшін ақы төлеу жойылған жоқ. Оның үстіне ол жақтарға өту үшін “ашық орындар” алу және аманат қалдыру қажет болды.
1786-1787 жж. қысында қазақтардың Жайық пен еділ өзендерінің аралығына жаппай өтуі басталды.
1786 ж. күзінде ағамандар қашып кеткен құлдарды жүзге кері қайтару жөнінде де мәселе қойды. Ру ағамандарының бұл талабы олардың шын мәніндегі жалпыхалықтық мақсатты - қазақ мемлекеттілігін нығайту мен жер мәселесін шешуді тарылтқандығын дәлелдеді. О. И. Игельстром ағамандардың талабын ішінара орындады, бірақ шекарлық шапқыншылықты доғару жөнінде шарт қойды. Мұндай жағдайда қазақ ағамандары желілер маңайы әкімшіліктері мен орал қазақтары тарапынан қазақтарға жасалатын зорлық-зомбылықты тыюды талап етті.
Генерал-губернатор Игельстром басқарудың жаңа жүйесін бүкіл жүзге тартудың сәті түспейтінін мойындады. Рулардың бір бөлігінде сот кесімін орындаушылар құрылғаннан кейін де патша үкіметі танымаған Қайып хан тарапындағы хандық билік сақталып қалды. Сот кесімін орындаушыларды құру жүзді басқарудан сұлтандарды шеттетуде өз рөлін, атқарды. Бірақ нақты билік сот кесімін орындаушыларға емес, ал бас ағамандарға көшті. Сондықтан О. А. Игельстром бас ағамандардың өкілеттігін айқындап, өз реформасына елеулі қосымша жасады. Бұл Кіші жүзді басқарудағы 1775 ж. Заңдар жинағына дейінгі ұқсастықты жойды.
Бас ағамандар генерал-губернатордың, шекарлық экспедицияның, сот кесімін орындаушылардың барлық жарлықтарын орындауға тиісті еді. Сот кесімін орындаушылардың және ру ағамандарының жұмыстарын қатар бақылай отырып, генерал-губернатор бас ағамандарды жүзде хан билігін қалпына келтіруден толық бас тартқыздыру үшін пайдаланбақ болды. Бұл қадам өздерінің артықшылықтарын шектеген патша үкіметіне қарсы сұлтандардың наразылығын тудырды.
Кіші және сұлтандар мен ағамандардың өздерінің мемлекеттік билікті ұйымдастыру мәселесі бойынша ішкі тартыстары жалғасып жатты. Жүздің салыстырмалы саяси бірлігі мен бұрынғы хан, сұлтан, ру ақсүйектері түріндегі тәуелділік жүйесін қамтамасыз еткен тарихи қалыптасқан хан билігін алмастыру жөніндегі мәселе анық емес күйінде қалды.
Кіші жүздегі ең басты ағаман болып С. Датов тәуелділікпен бағынудың, оның формалары мен тәсілдерінің дәстүрлі жүйесін іс жүзінде сақтап қалды. Ол 1785-1786, 1787 жж. өзі шақырған ағамандар съездеріне ерекше маңыз берді. С. Датов жүздердегі мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен тәуелсіздігі тек ішкі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен бірге сыртқы саяси жағдайға да байланысты екенін жақсы ұқты. Ол Ресеймен саяси және экономикалық байланыстарды нығайтуды жақтады, бірақ сонымен бірге патша үкіметіне сенбеді. Айталық, халық бұқарасының қозғалысын басқарып, ол генерал-губернатормен кездесуден бас тартты. Патша әкімшілігімен хаттар жазысып, келіссөздер жүргізу арқылы оны бейтарап қалдыруға, сол арқылы ру ағамандарының сұлтандармен және ханмен күресін жеңілдетуге тырысты. Игельстромның реформаларын жүзеге асырмау - патша өкіметімен қарым-қатынасты үзу және көтерілісті жалғастыра алмау болып табылатындығын Датов түсінді. Сонымен бірге ол көтерілістің табысқа жетуі тек Қазақстан мен Орта Азия халықтарының, сондай-ақ ағамандардың күшін біріктіргенде ғана мүмкін болатындығын да жақсы ұғынды. С. Датов қазақтарға қару-жарақпен атты әскермен, азық-түлікпен көмектесу, ал жеңіліске ұшырған жағдайда - Хиуа хандығының аймағынан көшіп-қонатын жер берулері туралы Хиуамен келіссөздер жүргізді. Бұл ретте ол қазақтардың ол жерлерді иемденуге тарихи құқы бар екендігіне меңзеді, қарақалпақтардың бұрын қазақтардан барымталап алған мал мен дүние-мүліктерін өздеріне қайтаруларын талап етті.
1789 ж. қазақ айында Игельстром жүзді басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Онда үкіметтің: хан билігін қалпына келтіру және Кіші жүзді алты бөлікке - сот кесімін орындаушыларға бағынатын етіп бөлу жөніндегі тілегін ескерді. Хан басшылық ететін Бас басқарма құрыла бастады. С. Датовқа прокурор қызметі ұсынылды. Жаңа жоба бойынша үкімет Кіші жүздегі хан мен сұлтанның құқына қысым жасаудан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іс жүзіне аспай қалды. Үкімет генерал-губернатор Игельстромға Ералы сұлтанмен келіссөздер жүргіз деп қоймады, яғни хан мен сұлтандарға арқа сүйеу саясаты қайта басталды. Енді үкімет қазақтардың Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы жайылымдарды пайдалану құқын шектеуге әрекеттенді, мұның өзі осы аудандағы қарсыластықтың күшейе түсуіне әкеп соқты. Аймақтағы жаңа саясатқа қарсы шыққан А. А. Пеутлинг генерал-губернатор болып тағайындалғаннан кейін қазақтардың Орал желісі бекінісіне шапқыншылығы жиілей түсті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz