ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ТОЛҒАҒЫ ЖЕТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ТОЛҒАҒЫ ЖЕТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР

1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті денсаулығына байланысты М. С. Горбачевті қызметінен босатып, оның орнына вице-президент Г. И. Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады.

Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы Төтенше Жағдай Жөніндегі Мемлекеттік Комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г. И. Янаев, премьер-министр В. С. Павлов, қорғаныс министрінің бірінші орынбасары О. Д. Бакланов және Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. А. Крючков сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК қолдау көрсетуге шақырды. «Кеңес халқына үндеу жолдап», ТЖМК өз билігін республиканың барлық эеріне енгізетінін, онда өз өкілдерін қоятынын мәлімдеді. Барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет - мемлекеттік төңкеріс. Қырымда демалып жатқан КСРО Президенті М. С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды. ТЖМК-ға КСРО құрамындағы республикалар мен әлемдегі басқа мемлекеттер де түрліше көзқараста болды.

Украина ТЖМК-ны қолдамады және республика аумағына төтенше жағдай енгізбеді.

Қырғызстан Президенті А. Ақаев ТЖМК-ны сынап, республика аумағына төтенше жағдай енгізбеді.

АҚШ Президенті Джордж Буш өз мәлімдемесінде ТЖМК-ны сынап, КСРО-дағы конституциялық басқаруды қалпына келтіруді қолдады.

Еуропа Экономикалық Кеңесі де ТЖМК-ны сынап, М. С. Горбачевтің билікке қайта оралуын талап етті.

Ирак Президенті Саддам Хусейн, Қытай Халық Республикасының басшылары ТЖМК-ны қолдады. Мәскеудегу тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Жетоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық-саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.

1991 жылы 19 тамызда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Наарбаев республика халқының алдына Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілмейтін, КСРО біртұтастығын жақтайтыны туралы мәлімдеді.

1991 жылы 20 тамызда Президенті Н. Ә. Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты.

ТЖМК халықтан қолдау таппады. 1991 жылы М. С. Горбачев Мәскеуге келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Тамыз төңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н. Ә. Назарбаев «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР үкіметінің қол астына көшіру туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы», «Семей ядролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы» т. б. жарлықтар шығарды.

Қазақстан компартиясын тарату

КОКП басшылығы қолдаған ТЖМК-ның күйреуі КОКП-ны аса ауыр жағдайда қалдырды. 1991 жылы 23 тамызда Қазақ КСР Президенті Н. Ә. Назарбаев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшелігінен шықты. Қазақстан компартиясы да КОКП-ның қатарынан шықты.

1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына социалистік партия құрылды. Социалистік партияның тұғыры мықты болмады. Компартияның көптеген мүшелері Қазақстан ХалықКонгресі партиясына кірді. Бұл партия 1991 жылы қазан айында құрылды. Партияның төрағасы О. Сүлейменов болды. Ал партбилеттерін тапсырған көптеген компартия мүшелері ешқандай партияға кірмеді.

Комсомол және кәсіподақ тағдыры

1985 жылдан басталған елдегі саяси дағдарыстар комсомолға да өз әсерін тигізді. 1987-1990 жылдар аралығында комсомол мүшелерінің саны едәуір азайды. Коммунистік партия өмір сүруінің тоқтатуы комсомолдың ыдырауын тездетті. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына Қазақстан жастар одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.

Минск, Ашгабад, Алматы келісімі

1991 жылы желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары Минск қаласында кездесті. Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім-шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Ашгабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20-желтоқсанда Қазақстан, Қырғыстан, РСФСР, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Белорусь, Украина, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда бас қосты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

ТМД елдерінің ядролық қару мәселесі

КСРО-дан мұраға қалған ядролық қаруы бар мемлекеттер (Ресей, Белорусь, Қазақстан, Украина) басшылары ядролық қару жөніндегі келісімге қол қойды. Ядролық қару мәселесін бірлесіп шешуге келісті. Аталған ядролық қаруы бар мемлекеттер ТМД құрамындағы басқа республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенді.

Б. МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №131 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ

РЕФЕРАТ

тақырыбы:

Тамыз төңкерісі

Орындаған: АБДРАИМОВА Зарина

Тексерген: ЖАЛПАҚОВА Алтынай

АЛМАТЫ 2006

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет байтұрсынұлы-халықтың әлеуметтік мәселелерін көтер- ген қоғам қайраткері
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Сұланбек Қожановтың өмірі мен саяси қызметі
Шәкәрім мен Пушкиннің аудармаларындағы үндестік
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Отан тарихы
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстан
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz