ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР1

§1. Саяси тарихы1

Ақ Орда

Ақ Орда тарихынан жан-жақты, негізгі мәліметтер мен мағлұматтарды бере отырып, студенттерге жаңа білім беру. Берілген білім бойынша студенттердің ойлау жүйесін дамытудың өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, мәліметтерді қабылдау қабілеттерін жетілдіру студенттерді отан сүйгіштікке, ұлт жандылыққа, өз елін сүюге және оның тарихын білуге тәрбиелеу.

1. Ақ Орда тарихына қатысты деректер мен тарихнамаға шолу;

2. Ақ Орда мен Көк Орда терминдері туралы;

3. Ақ Орда 13-14ғғ

4. 15ғ. 1 ширегіндегі Ақ Орда;

Негізгі әдебиеттер:

«Қазақтардың 15-16 ғғ. Қазақ хандығына бірігуі» деген тақырыпта өтілді. Сабақ барысында Қазақ хандығының құрылуы, алғышарттары белгіленіп, «Көшпелі өзбектер» мемлекетінің құлауы, Жәнібек пен Керейдің бөлініп шығуы, Қазақ хандығының өрлеуі мәселелері талданды. Қазақ хандығының тарихы сонау моңғол шапқыншылығы кезінен бастап қарастырылып, ұлыстардың негізінде пайда болған мемлекеттік құрылымдар тарихына тоқталды.

ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

§1. Саяси тарихы

Қазақстан тарихында XIV-XV ғғ. айрықша орын алады: бұл кезде әр алуан түріктілді және моңғол тілді этникалық топтардан қазақ халқының өзінің құрылу процесі аяқталып, оның мемлекеттігі жергілікті этникалық негізде қалпына келтіріледі. Моңғол ұлыстары құрамына зорлықпен енгізілген халықтар мен елдердің, облыстардың дербес дамуы жолындағы күресі, олардың ішкі өміріндегі өзгерістер Алтын Орда мен Шағатай ұрпақтары мемлекетінің азып-тозып ыдырау процесін тездетеді, моңғол өктемдігі орнағаннан кейін Қазақстан территориясы осынау екі мемлекет құрамына кірген еді. Моңғол жаулаушылығының тым ауыр экономикалық зардабы бірте-бірте жойылып, жөнделе бастайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілік кәсібі, қала өмірі, қолөнері өндірісі, оңтүстік-шығыстағы жер өңдеп, егін салу қайта туып, еркен жаяды, мал саны кебейеді. Орталық Қазақстан мен Жетісу далалық аудандарының Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияның көгалды аймақтарымен жүргізетін сауда байланыстары қалпына келтірітеді. Қоғамдық қарым-қатынастар дамуында да бірсыпыра алға басушылық байқалады.

Моңғолдан кейінгі кезең. (XIV-XV ғғ. ) Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның (парсы және түріктілді бастау-хаттарда Қазақстаннын бұ бөлегі Түркістан деп аталады) орасан кен. территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егінші халықтың бас қосып бірігуімен сипатталады.

Бірыңғай халық пен оның мемлекеттігін құру жолындағы тарихи қам-харекеттің дамуы аймақтың саяси бытыраңқылығын болдырмау ісінің аса қиын жағдайында өтеді. Қазақстан тарихының осынау аса күрделі кезеңінің бастапқы кезінде моңғол ұлыстары - Шыңғыс ұрпақтарының Дешті-Қыпшақ пен Орта Азиядағы (Мауараннахр) еншіліктері ыдырайды да, сонғы кезінде қазақтың өз мемлекеті - Қазақ хандығы құрылады. Моңғол дәуірінен соң осы аймақ халқының саяси өмірінің дамуы жергілікті этникалық негізде пайда болған бірнеше мемлекеттік құрылымның оңашалануы арқылы өтеді: олар Ақ орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті), Ноғай ордасы. XIV г. мен XV ғ. бас кезіндегі Қазақстан халқының мемлекеттік бытыраңқылығының сақталып қалуы - енді ғана құрылып жатқан қазақ халқы этникалық жолының, үш жүздің түзілуі сияқты, ерекшелігінін тууына себепші болғанын да атап өту қажет. Сол сияқты тарихи дамудың сол кезеңінде ілгеріде айтылған мемлекеттер шеңберіндегі этникалық-саяси эволюция процесі жаңа ұйымдасып жатқан көрші түрік халықтары - қазақ, өзбек, қырғыз, татар, ноғай т. б. үшін де - белгілі дәрежеде ортақ болып шыққаны да мәнді құбылыс.

Шығыс Дешті-Қыпшақ жерінде XIII ғ. орта кезі мен XV ғ. бірінші ширегінде Ақ орда мемлекеті болады. Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (XIV ғ. ), Жошы ұлысының шығыс бөлегін (сол қанатын), әкесінің көзі тірісінде, үш інісімен бірге, Жошының үлкен ұлы Орда (Орда Ежен, Орда Ичен) алады.

Әбілғазының айтуынша (XVII ғ. ) осынау жерді оған інісі Батухан XIII ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болады. Рашид әд-Динге жүгінсек, Батухан ұрпағының вассалымыз деп сөз жүзінде ғана мойындайтын «өз ұлысының тәуелсіз алдиярлары» болады.

Ақ орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы, бірақ оның территориясы Алтын Ордаға тәуелділігі әлсіреуіне орай, бірте-бірте кеңейіп қалыптасады. Орда Еженнің ұлысына әуелгі кезде Жетісудің солтүстік-шығыс бөлегі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала кіреді. Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен Төменгі Сырдария бойында Жошының тағы бір ұлы - Шәйбанның ұлысы болды. Плано Карпинидің айтуынша, XIII ғ. орта кезінде Орда қосыны Ертіс бойында, Алакөл маңында болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпағы билеушілерінің өкімі Шәйбан ұлысына да яғни кәзіргі Қазақстанның күллі жеріне жүрген, оған тек Шағатай мемлекетінде, сосын Моғолстан құрамында болған Жетісу ғана енбеген. Енді Ақ орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне көшеді де, Сығнақ қаласы астана болады. Әсілі, осы оқиғаға байланысты мемлекеттің аты өзгергенге ұқсайды: бірқатар зерттеушілер Қазақстан жеріндегі осы бір мемлекетті Көк Орда деп атайды. Тегі, Орда Ежен иелігінің аты бастапқы кезде Көк орда, ал Шәйбанның ұлысы - Ақ орда деп аталса керек. (Бәлкім, Батуханның бүкіл иелігі - Шәйбан ұлысын да қоса - Ақ орда деп аталса керек) . Шәйбан ұлысы Орда ұрпақтары иелігі құрамына кіргеннен кейін, бүкіл мемлекет Ақ орда деп аталып кетеді. Тарихи деректерде бұл атау XV ғ. бастап белгілі (Муин ад-Дин Натанзи т. б. авторлар) . XIV ғ. соңынан бастап Ақ орда жері, сол сияқты, Өзбек ұлысы деп те аталады.

«Ясының» нормалары қазақ зандарының кодексі - «Жеті жарғыны» жасар кезде белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіктің әлеуметтік ұйымы мен түрлерінің көптеген нормалары моңғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттерде қажетке асырылады. Моңғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына қатты әсер етеді. Дегенмен, тұтас алғанда, Шыңғысхан мен олардың мұрагерлерінің соғыстары жаулап алған елдердің күштерін ғана емес, Моңғолияның өзінің де өндіргіш күштерінің құлдырап кетуіне әкеліп соғады.

Ақ орда дербес мемлекет ретінде, моңғолдан соңғы кезенде, шаруашылық қайта түлеп жаңғыра бастаған, жергілікті түрік және түріктенген ақсүйектер рөлі күшейген жағдайда туып қалыптасты. Онда ежелден Қазақстан даласын мекендеген түрік тілді тайпалар және Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде Шығыс аудандардан осы араға ауып келгендер тұратын. Соңғылары ішінде түрік рулары, тайпаларымен бірге, түріктенген моңғол тайпалары да бар еді. Бұл жерді қыпшақтар мен наймандар, үйсіндер мен арғындар, қарлықтар мен керейттер (керейлер), қаңлылар мен қоңыраттар, маңғыттар т. б. көптеген тайпалар қоныс еткен еді.

Ақ орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығынан анықталды. Көшпелі аудандарда мал жеке меншік деп саналып және сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жайылымдық жер қауымның иелігінде деп қанша айтылғанымен, өріс-қонысты еркін билеуге хұқы бар текті бай-бағландар со жердің нағыз қожасына айналады. Деректерде Ақ орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, сойтұрғал сияқты түрлері болғаны және тархандық сый-тарту да белгілі болғаны айтылады. Қатардағы көшпелілер мен жер иеленушілерді қанау түрлерінің кейбірі дерек беттеріне де түсіріледі, мәселен, Ақ орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған. Соғыстар, мен өзара қырқыс халық бұқарасының хал-ақуалын қиындата түседі. Мемлекетті Орда Ежен тепкен шыққан хан басқарады, оған Жошы әулеті еншілігінің иелері (ұғландар) мен ірі-ірі көшпелі ақсүйектер (бектер, әмірлер, баһадүрлер) бағынған, олар өздерінің еншіліктері мен қарауындағы тайпаларға әкімшілік-саяси билікті жүргізіп тұрған.

Ақ орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал өз тарихының соңғы-түйінді кезінде Мауараннахр билеушісі әмір Темір мен Темір ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі. Алтын Ордаға сырттай тәуелді болудан бұлар XIV ғ. орта кезінде Ерзен хан мен Мүбәрак қожа (1320-1344 жж. ) тұсында ғана біржолата құтылады. Ақ орда XIV ғ. 60-10 жж. билік құрған Орыс-хан кезінде кәдімгідей нығаяды. Темір жаулаушылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы соған түседі.

XIV ғ. соңғы ширегінде және XV ғ. бас кезінде, көрші Моғолстан мемлекеті сияқты, Ақ орда да әмір Темір әскерінің шапқыншылығына әлденеше рет ұшырайды.

Әмір Темірдің шыққан тегі - түріктеніп кеткен моңғол тайпасы барластан, ол XIV г. 60-жж. Мауараннахрда етек алған феодалдық ішкі қырқыстар мен соғыстар кезінде жұлқынып алға шығады. 1370 ж. ол өкіметті тартып алып, Орта Азияны жалғыз өзі 35 жыл бойы билейді. Осынау жылдар көрші облыстар мен елдерге жасалған басқыншылық, талау-тонау соғыстарына бүкіл әлемдік империя құру ұмтылыстарына толы жылдар болады. Ол аса ірі жаулаушылық соғыстарды барып тұрған қатыгез, тағылық тәсілдермен жүргізді.

Орта Азияны біріктіру қимыл-әрекеттерімен бірге ол Шығыс Дешті-Қыпшақтың Жетісу мен Тян-шан жерлерін талау, басып алу мақсатында әскер жұмсап, шапқыншылықтар жасап отырды. Солтүстік пен Батыс жақта Темірдің жаулап алу жоспарына құдыретті Алтын Орда кедергі жасады. Бірақ, оның бел омыртқасын үзуден бұрын Темір әуелі Мауараннахрдың көршілері - Ақ орда мен Моғолстанға семсер салды. Орта Азиядан тыс жатқан жерден бірінші етіп, Темір солардың шебіне басып кірді.

Ақ орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігін нығайту жолындағы қам-харекетіне кесірін тигізу үшін Темір 70-80 жж. осынау мемлекеттердің жеріне он шақты рет шапқыншылық жасайды. Соның саладарынан екі мемлекеттің екеуі де әлсіреп қалады, қыруар халықты қырғынға салып тұтқын етіп айдап кетеді, бағалы заттар тоналып-таланып алынады, мал саны күрт кемиді, отырықшы-егіншілік шаруашылығы одан да бетер ойрандалады. Темірдің Ақ орда мен Моғолстанға қарсы жүргізген басқыншылық саясаты жеке халық болып құрылып жатқан қазақ, қырғыз тайпаларының этникалық бірігуін және мемлекет болып дамуын тұсаулап тастады. Сырттай алғанда далалық жерлер Темір империясына қосылмағанымен, Шығыс Дешті-Қыпшақ көшпелілері үшін өмірлік маңызы бар өлке, Сығнақ, Отырау, Сауран, Яссы, Сайрам сияқты қалаларымен қоса Оңтүстік Қазақстан дұшпанның қарауына кетеді. Ақ орда мен Моғолстанның дербестігіне қатты соққы беріледі. Ақ ордадағы өкімет билігін Темірдің қолғанаты - Тоқтамыс тартып алады. Ақ орданың материалдық және әскери қорына сүйене отырып, 1380 ж. Тоқтамыс Жошы ұлысының батыс бөлегін жаулап алады да, Темірдің қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ 1389, 1391 және 1395 жж. жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Алтын Ордаға жортуыл жасағанда Темір әскері Қазақстан, Кавказ бен Оңтүстік орыс ел-жұртын ақсирақ етіп талап, жұтатып кетеді. Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымдағы ірі қалалары (Сарай, Берке, Астрахань, Азов т. б. ) түгел талқандалады, бұл осынау облыстарда шаруашылық тіршілігі мен транзиттік сауданы тұралатып тастайды. Оңтүстік Қазақстанның қалалары да экономикалық жағынан көп зиян шегеді. Темір ғұмырының соңғы кезінде оның хисапсыз көп соғыстар арқасында орнатқан мемлекетінің құрамына Мауараннахр мен Түркістаннан (Оңтүстік Қазақстан), Хорезмнен басқа, Иран мен Ирак, Ауғанстан, Кавказдың аржағы мен Үндістанның бір бөлек жері енеді. 1404-1405 жж. қысында Темір Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға орасан қалың қолды аттандырып, тағы да Моңғолстан жеріне келіп кіреді. Бірақ 1405 ж. ақпанда Отырарда қайтыс болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Астанасы Алмалық қаласы
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Қосалқы тарихи пәндер пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Ноғай ордасының туралы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz