Тараз - мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тараз - саудагерлер қаласы

Тараз (Ертедегі Отырар) ортағасырлық Қазақстанның ең ірі ғана емес, сонымен бірге ең ертедегі қалаларының бірі. Ол туралы жанама деректер б. д. дейінгі І ғасырдың ортасынан белгілі және ол ежелгі халықтар хұндар мен қанғұйлардың өзара қарым-қатынастарының бір оқиғасына байланысты. Соңғысы б. д. дейінгі 2 ғ. - б. д. дейінгі 3 ғ. Қангүйлер мемлекетіне біріктірілді, бұл біздің еліміздің аумағындағы ертедегі мемлекеттердің бірі болатын. Қангүйдің астанасы Битянь қаласы Сырдарияда, дәлірек айтсақ, Отырар алқабы аудандарында болды. Қытай көздері хабарлаған оқиға Талас жағасында ғұн шаньюі (жетекшісі) Чжичжидің ордасын қангүйлер мен оларға көмекке келген қытай әскерлерінің қоршауға алуына байланысты .

Осы деректер бойынша топшыласақ, сол кездің өзінде-ақ Талас алқабында елді мекендер мен қалалар болған. Мұны Тараз біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының басында пайда болғанын көрсеткен археологиялық материалдар да растады. Тараз туралы бірінші нақты еске алулар византиялық түпнұсқаларда бар және ол б. д. 568 жылына жатады. Міне, дәл осы кезде Византия батыс түріктермен шарт жасасуға талпынады, осы мақсатты император Юстин ІІ түрік қағаны Дизабулдың ордасына Земархбастаған елшілікті аттандырады. Византия тарихшысы Менандраның сыйпаттауынша, өзінің сапары кезінде Земарх Талас қаласында болады және одан онша қашықта емес түрік қағанының ордасында қабылданады .

Кейін Тараз (Талас) туралы барлығы дерлік, ортағасырлық географтар, тарихшылар, саяхатшылар жазады және бұл таңданарлық емес еді, өйткені қала Ұлы Жібек жолында орталық жағдайлардың біріне ие болды. Сондықтан да Таразды сыйпаттағанда, авторлар ең алдымен оның саудалық маңызын атап көрсетуі тегін емес. Мысалы, қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь былай деп жазады: "Талас шеңберінде 8-ден 9-ға дейін ли болады. Мұнда көптеген елдерден келген саудагерлер тоқтайды және сан алуан тауарлармен сауда жасайды".

Ибн Хаукаль үш ғасыр өткеннен кейін тағы соны хабарлайды: "Тараз - мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны". Ал Максиди былай деп жазады: "Тараз - көптеген бау-бағы бар, үлкен бекіністі, халық тығыз орналасқан қала, оның орлары, төрт қақпасы және мекендейтін рабады бар. Қала қақпасының алдында үлкен өзен ағып жатыр, қаланың бір бөлігі өзеннің арғы бетінде. Өзен арқылы жол өтеді, жиналатын мешіт базардың ортасында". Тараздың орталығы, оның ескі бөлігі, цитадель (қамал) болып табылды. Қаланың неғұрлым нығайтылған бөлігіне билеуші адамның резиденциясы орналасты. Цитадельге шахристан деп аталатын қабырғамен қоршалған қала аумағы жанасып жатты. Бұл жерде ақсүйектердің, бай саудагерлердің, қолөнершілердің үйлері орналасты, мұнда сауда дүкендері болды. Шахристан қабырғаларына барлық жағынан сауда-қолөнершілік мекендер - рабадтар жайғасты. Оларда қол өнер шеберханалары, шеберлердің үйлері, сондай-ақ қала кедейлерінің баспанасы орналасты .

Ол кезде Тараз үлкен мәдени аймақтың орталығы болды. Тараздан басқа мұнда ондаған ірі-ұсақты қалалар, селендер, жеке мекендер және бекіністер енді. Қазіргі кезде олардың тек жайылып кеткен орындары - төбешіктер қалды.

Солтүстікте Таразға бәрінен жақын Дох-Нуджикес қаласы орналасты. Ол туралы Х ғасырда Макдиси: "Дох Нуджикес шағын қала, онда көктемде үш ай жұмыс істейтін базар бар, сүйексіз ет дирхеміне төрт манадан (сатылады) . Онда құрылыстар көп, ол нығайтылған және цитаделі бар", - деп жазды. Таразға жақын ірі қалалардың ішінде Атлах, Жұмақат, Қасрибас болды. Қараханидтер әулеті Қазақстан мен Орта Азияны билеген 11-12 ғасырларда Тараз өзінің гүлдену шегіне жетеді. Сол кезде ол бір жеке иеліктің астанасына айналады. Оның саяси дербестігі мен округтің автономдығы ең алдымен тараздық төрелердің атынан тиындарды жергілікті соғуынан көрінді. Ал қаланың маңызы мен құдіреттілігі мынадай куәландырылған тарихи фактіден көрінеді: 11 ғ. басында тараздық иеленуші Туғанханға Самарқан мен Қашғар билеушілері бағынды.

Осы кездің қала қатпарларын археологиялық қазулар кезінде Тараздың мәдени-экономикалық өрлеуін жарқын сыйпаттайтын көптеген олжаларды кезіктірді.

Тараздың шығыс бөлігінен археологтер су құбыры учаскесін ашты. Саз балшықтан жасалған түтіктер саз балшықты құбырларға қосылған. Су құбыры Талас өзеніне "қосылған", оның екпінді ағысының қысымымен су қаланың барлық шетіне берілді .

Қараханидтер тұсында Таразда және оның төңірегінде тамаша мавзолейлердің тұтас қатары салынды, солардың ішінен бізге жеткені-екеу. Олар - Айша бибі мен Бабаджи-қатын мавзолейлері. Оларды уақыт қатты бүліндірсе де, біз ертедегі сәулеткерлердің мәңгілік өнеріне сүйсіне аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз - саудагерлер қаласы
VІІ – Х ғасырлардағы түркілердіің соғдылармен және ирандықтармен байланысы
Қарлұқ мемлекетінің Жетісу аумағына саяси үстемдігін жүргізуі
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Көне түркі дәуіріндегі Қазақстан туралы
Қарлұқ мемлекетінің мәдениеті
Крест жорықтарының салдары
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz