Т а р а з



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Т а р а з
Тараз және қазақ даласында болған басқа да қалалар жөнінде парсы,
үнді, түркі, араб тілдерінде жазылған деректер баршылық. Алайда
заманымыздың зерттеуші ғалымдарының еңбектерінен де Тараз-Таластың талай
рет тарихи оқиғаларға куә болғанын көре аламыз. Оның бірін француздың
әйгілі ғалымы "Дала императорлары (Атилла, Шыңғысхан, Темірлан)" авторы
Рене Груссе деуге болады. Онда:"...қытайлық қолбасшы генерал Ченги-ки
заманымыздың алпысыншы жылында "Қара шаһардың оңтүстігінде "Кио-Ли"
мекнінде маңызды бір әскери орда құрды және өзін Тарым мен Воу-Ли
арасындағы өлкенің қорңаушысы деп аталады. Бұл аймақ қарашаһар мен Куча
арасында болғандықтан, ол жерден басқа аймақтарды көз алдында ұстап күзете
алатын".
Осылайша Жібек жолының бақылау жұмысын қытайлықтар "һионгнулардың
шеңгелінен шығарыл, өз қолдарына алған болатын. "һионгнулар" қарсылық
көрсете алмағандарының себебі олар б.з.б. 60 жылдардаң бері қарай үздіксіз
шайқастарға ұрынып, әлсізденіп қалған еді. Екі кісі патшалық таққа таласып
"чан-ю" атағын алғысы келген. Бірі - үоу һан ие, екіншісі Че-чең еді.
Б.з.б. 51жылы һоу һан ие өзі Чанг Неган сарайына барып, император Сиван-
Тидан өзін бағынышты екенін айтып, көмек сұрайды. Б.з.б. 49 жылы қытайдың
қолдауымен бәсекелесшн жеңеді. Б.з.б. 45 жылы Орхонға барып жеңімпаз
ретінде аталық орнына таққа отырады.
Б.з.б. 33 жылы отырықшы болған бұл "хун Аспан ұлының сарайына" (Чан-
неган) барып, өзінің еркіндігін талап етеді. Қытай шахзадаларының бірінін
қызына үйленуді сұрайды. Бұл өтініш қабылданады. Демек, оның қол жеткізген
еркіндігі бүкіл далалықтардың еркіндігі болды.
Че-е батыс һионгну тобынв жататын. Ол үоу һан иеден жеңілген соң,
ежелгі Моғолстанды тастап, Қытайға бағынған бәсекелесіне тапсырады. Содан
байлыққа кенелу мақсатында Батыс Түркістанға қарай бет алды. Б.з.б. 44 жылы
жол-жөнекей "Іле" аймағында Вусуэн әскерлерін күйретті. Имил аймағында һоу-
ки тайпасын, Арал жайлауларында кин-у тайпаларын. тіпті байқамай өздеріне
қол ұшын берген Сұғдиан тұрғындарына да шабуыл жасап талқандады. Сөйтіп өз
билігін Шу, Талас кеңістігінде орнатты.
Бұл батыс һионгнулардың ұлы императолық құруының арайлап атқан таңы
болатын-ды. Бірақ қытайлықтар оған мұрша бере қойған жоқ. Б.з.б. 36 жылында
қытайлық сардар Ченг-Танг кенеттен жігерлі таңқаларлықтай жорыққа шығып,
Шуғп кіріп, Че-чені тұтқындап, басын денесінен бөліп алды. Мұндай
трагедиядан соң хундардың да, Че-че жақтастарының да ізі батыста жоғалды.
Тек қана біздің дәуіріміздің төртінші ғасырының аяғына таман (370-375ж)
олардың Еуропаны жаулап алам деген ниетпен Еділ өзенінен өткен ұрпақтары
Баламер, Атилла атымен тарих сахнасына бір-ақ шыққанын байқаймыз" ("Дала
императорлары")
Қытайлықтар түрікпен, монғол арасындағы ежелгі дәуірде жеңімпаз
аталған тайпаға һионгну дейтұғын, Рененің пайымдауы бойынша, бұл атау
хундарға берілген атаулармен бір деп саналуға тиіс. Өйткені римдер мен
үнділер бұл далалықтарды солай деген.
Қытайлықтар б.з.б. ІХ және VIII ғасырлар шамасында һионгнуларды "ин-
ну" деп аталған. Алайда, б.з.б. ІІІ ғасырда Тесин дәуірінде қытай
жылнамаларында бұл есім айқын түрде аталып келген. Одан бұрын қытайлықтар
оларды "һион-го" немесе көмескілеу "һу" деген қытайлықтар танысудың
бастапқы кезеңінде "һуларды" сол кездегі Қытай шекарасында, яғни "Ордус
және Шан Си солтүстігінде һәмде һүпиде орналасқан тайпалар дей-тұғын.
Императорлық ғылымдар академиясы журналының 1902 жылғы 17-ші
санында "Кираки-ширатор", "Тунгһулар мен һиәнгнулардың тілі жөнінде" атты
мақаласында тілдік ерекшеліктері негізінде һионгнулардың түркілерге қатысты
екенін мақұлдаған еді. Содан болар Рене Еуропа хундарын нақты түркі тегінен
екенін әрі олар Түркістан, Азуф теңізі мен Дон сағасын да өз биліктерінде
ұстағанын айтады.
Қытай тарихшылары "То-Киоларды" түркі тектес халық екенін айтып,
олардың есімін сол тілде сөйлейтін халықтарға бергенін ескертеді. Рене өз
еңбегінде қытайлықтар тілінде "р" әрпі болмағандықтан, бұл атау, яғни "То-
кио" кейінірек француз ғылымы Пеллиот тарапынан түзетіліп, "Туркиот" деп
оқылып, содан "Турки" болып шыға келген. Содан түркі тілінің аясы кеңейе
келіп, алыс өлкелерге дейін жетіп жатты. Алтай тауларының етегінен анау
Ғозан өлкесіне, одан Болғар шекараларына жол тартты.
Қытай жылнамаларында "То-кио", яғни түркілердің ата-тегі Қасқыр
болған, олардың пікірінше, қаншық қасқыр олардың атасына сүт беріп ер
жеткізген. Содан ол қаншық қасқырмен жанасқан, соның нәтижесінде он ұл
дүниеге келген. Олардың барлығы шешелерінің үңгірінде туған. Тусап ағашының
ұшында То-киолар алтыннан жасалған қаншық қасқырдың басын орнатқан.
Шахардың күзетшілері де оларды қасқыр дейтін. Олар қаншық қасқырдан дүниеге
келгендері үшін тегін ұмытпауға тырысқан...
"То-иолар ежелгі һионгнулардың әулеттері және мінез-құлықтары анау
бастаған түркілерге ұқсайтын деп пайымдаған". Алтыншы ғасырдың басында "То-
киолардың" қоныс тепкен жері шамамен Алтай аймағы екен. Олар сол жерде
болат жасаумен айналысқан".
Моғолстанның ежелгі жері "Жуан-жуан" мен монғолдардың қолына
түркілердәң билігіне өтті. Содан Бумин қытайша айтқанда Тумин "хақан" деген
император лақабын алды. Бумин хақан түркі қаһарманы жеңіс күнінің ертеңіне
қайтыс болды. Содан басып алған жерлері бөліске түсті (552ж), оның ұлы
Муһан Монғолстанның патшасы аталды (553-572ж). Бұл шығыс "То-кио" ханатының
бастауы болатын. Буминның ағасы түрікше айтқанда Истами және "Четиеми"
Қытай жазбасында шахзада ретінде "ибғу" аталып, Зунгари, Қара Ертіс, Имил,
Илдыз, Шу және Талас аймағына иелік етті. Бұл батыс То-кио ханатының
бастауы болып табылады. Талап маңында батыс То-иолардың 8-патшасы Истами
һиателемен тұспа-тұс келген еді. Үиателе жөнінде Хосейін Нәхәһи Шариф
"Хорасан жеңісі" атты өз мақаласында былай деп жазған:"Жейхун өзені парсы
тілдес және түркі тілдес қауымдардың, яғни Иран мен Тұран шекарасы болған.
Жейхун өзенінің арғы жағын арабтар Мауәроннәһр деп атаған. Афталдар не
ақхундар осы һиателелер болған. Бірақ араб жазушылары бұл ережені
сақтамастан, ол атауды Тұранда тұратын барлық тайпаларға берген".
Һиателенің билік қүрған жерлері батыс То-киолар мен сасандардың
арасында бөліске түскен. То-кионың патшасы Истами соғдиларды басып алған.
Хосроу Әнуширван Иранның өлкесі болған Бахтәранды қайтарып, Сасан
императорлығына қосқан.
Тай-сунг Қытай императоры 611-618жылдары іс жүзінде алтаайдан
Каспий және Үндікешке дейін билеушісі болған. Қытай саяхатшысы үиан-Тсунг
630 жылдың басында оның бауыры һәм мұрагері Тонг че-һу яғни Иб Ғу Тунг пен
билік шыңының басында тұрған кезде Тарым алаңында кездескен. Ол қыс
мезгілін Ыстықкөл жағалауына, кейде батысқа қарай Әулие-Ата аталатын Талас
маңындағы "Мың бұлақ" аумағына барып өткізетін Үион Тзанг қытай саяхатшысы
629жылы Қансудан бастап сол мекендерді көріп баян еткен. Ол түстікке жүру
үшін (Турфан, Қара шаһар, Куча, одан кейін Тугмаг, Талас, Ташкент,
Самарқанды өтіп 644 жылы қайта оралғанда, оңтүстіктен Памир, Қашқар,
Ярқанд, Хотан, Шан-шан, Туэн һуанг үстінен өткен).
Қытай қолбасшысы Као-Сиен-Че 751 жылы Талас өзенінің жағалауында
Әулие-ата маңында Зиад ибн Салиһ басқарған түркілер мен арабтардың біріккен
күштерінен жеңілді. Таластағы бұл мәнді де трагедиялық жеңістен кейін үиоан-
Тсунг билігінің соңғы кезіне таман ішкі дағдарыстар мен сегіз жыл соғысқа
байланысты қайтадан тіктеуіне ешқандай шара таба алмастан жоғары Азиядағы
императорлығы кенеттен құлағанына куә болды, - дейді Рене Груссе.
Кейін 955 жылы қайтыс болған Қашқардағы бірінші Қарахан патшасы
Боғрахан әулеттері барлығы ислам дінін қабылдаған жағдайда батыс Тарым, Шу
және Талас даласын өзара боліп алды.
Шыңғысханның екінші ұлы Шағатай әкесінің мұрагері ретінде Ыстық
көл, Іле аумағы, Шығыс Оңтүстікте Балқаш көлін, Шу, Талас маңын өзіне
қаратқан.
Шағатай әулеттері елу бір жылға созылған билігінен кейін 1370 жылы
Әмір Темірдің екпінімен күйреді.
Содан он бесінші ғасырдың соңына таман Іле, Талас аймақтарында
дамалдық өмір кешумен болды.
Міне, Талас не Тараз мындаған жыл бойы талай тарихи тағдырдың куәсі
болды. Он бесінші ғасыр түркілердің бөліске түсіп, қазақ хандығының
құрылуына себеп болған мерзімге дейін талай оқиғаларға куә болған.
Бартольдтің де Түркістаннамасы мен Әбубәкір Мұхаммед Ибн Жафар-Әл
Наршаһидың (286-348) Бұхара тарихы атты еңбектерін салыстыра қарастырсақ,
Тараз шайқасын Бартольд осы кітапты пайдалана отырып тұжырым жасағанын
байқаймыз.
Бұхара тарихында: ...Әмір Нәсірдің қайтыс болған хабары Әмир-әл-
мүмінин-Мүһтәзд Беллаға жеткенде, ол Мауәроннәһрдің билігін Әмір Исмайылға
тапсырды. Ол 893 жылы көкек айында тағайындалысымен Тараз шайқасына
аттанды. Көп тауқымет шекті. Соңында Тараз әмірі сыртқа шықты, көптеген
диқандармен ислам дінін қабылдады, Тараз қақпасы ашылды. Үлкен шіркеуді
орталық мешітке айналдырды деп жазса, Бартольдтың Түркістаннамасында
былай деп жазылған: Исмаил ибн Ахмед 849 жылында Ферғанада дүниеге келген.
Бұхарада саяси жұмысқа кіріскен 893 жылының көктемінде Халифа тарапынан
оның атына шешім шыққан. Сол жылы Исмайыл жеңімпаздықпен Таласқа (Тараз)
жорыққа шыққан. Ол қаланың үлкен шіркеуін мешітке айналдырған.
Тараз тарихының кейбір уақиғаларына Исмайыл ибн Ахмед Самани кезеңі
куә бола алды. Өйткені, 893 жылдың көктемінде Халифа тарапынан әмірлікке
тағайындалған соң, Таразға қол бастап шыққанын айттық. Саманилер дәуірінде
бейбітшілік орнығып, сауда саттық пен өнеркәсіп айрықша дами бастады. Сол
себептен Мауәроннәһрдың түрлі экспорттық бұйымдары шет жерлерге жіберіле
бастады. Мәселен, Ферғана, Исфижабтан құлдар, сондай-ақ мата, қару-жарақ,
семсер, мыс, темір сияқты бұйымдар болса, Тараздан ешкі және тағы басқа
заттар саудаға түсетін дейді Мұқаддәси
Қорыта айтқанда, біздің байқағанымыз, Тараз қаласы тарихи
деректердің беттерінен ғасырлар бойы түспеген әрі жойылып кеткен қабаттарын
тарихшылар ол жөнінде жазғандарымен толықтыра алатыны Мұхаммед Хайдардың
Тарих-и-Рашиди еңбегінен кейін 1593 жылы жазылған үәфтиқлим кітабында
көре аламыз. Ал, кейінірек, сұлтан Мұхаммед Мүтреби Самарқанди Тәзкәре-
тол-шоара кітабында: Бесінші климаттың ұзындығы 1835, ені 150 фарсах,
Испанияның кейбір қалалары, Армения, Каспий, Хорезм, Бұхара, Самарқанда,
Ферғана, Тараз, Түркістанның кейбір қалалары да оған қарасты,-деп жазған.
Ал, 1953 жылы жазылған Жеті климат кітабында Тараз қаласы өзбектердің
таптуынан ойрандалған деген қайшы мәліметтер болғандығын байқатады. Бұның
бәрі келешекте зерттеуді қажет етеді. Алайда қаланың өзіндік байлықтары мен
ерекшеліктері жайында басқа да талай деректер барлығын айта тұра,
тарихшылардан да басқа парсы тілді ақындар ғасырлар бойы Тараз қаласының
әйгілі дүниелерін өз өлеңдеріне арқау еткені бар.

ТАРАЗДЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Тараз қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары Талас өзенiнiң
жағасында ғұндар шаньюы Чжи-чжи талабымен салынған. Бұл туралы Қытай
тарихшысы Бан - гу жазған ежелгi Қытай жылнамасы “ Цянь Хань- шу” (“Үлкен
хань әулетiнiң тарихы”) кiтабында атап көрсетiлген. Бұл жөнiнде академик
А.Н. Бернштам “ Памятники старины Таласской долины” деген кiтабында “
Бiздiң дәуiрiмiздге дейiнгi 204 жылдан бастап Орталық Азияда үстемдiк
құрған ғұндардың тайпалық одағы ... бiздiң жыл санауымызға дейiнгi 55 жылы
екi бөлiндi. Хуканье шанью ( шанью - ғұндар князiнiң атауы) Қытайға бағынды
да, Чжи - чжи шанью басқарған екiншi бөлiгi тәуелсiздiк үшiн күресiн
жалғастыра бердi. Чжи - чжи бастаған солтүстiк ғұндар күшi артық
дұшпандарының шабуылына төтеп бере алмай солтүстiк - батысқа қарай қоныс
аударуға мәжбүр болды. Қытай деректерiнде айтылғандай, Чжи - чжи шанью
қаңлы тайпасының басшысы тарапынан қолдау тауып, оған және оның жасағына өз
жерiнен мекен бердi”, - деп жазған едi ( А., 1941, 12 - б).

Қаңлылардың бес аймағы бар едi. Оның бiр шетiнен екiншi шетiне дейiн 500
километр болатын. Бұл жер - Шу - Iле күре жолындағы Шу өзенiнен Қызылордаға
таяу Сырдарияға дейiнгi жер. Қаңлылардың ... 90 мың адамдық әскерi болды,
бұл - әдетте барлық тұрғындардың 20 пайызынан құралған ересек еркектер.
Олай болса, қаңлылардың саны 400 мыңдай едi.

Қаңлылар патшасы ғұн шаньюын құшақ жая қарсы алды. Оған өзiнiң қызын
берiп, өзi Чжи - чжидiң қызына үйлендi ... Бұл одақтастар алғашқы шабуылын
батыс жағынан төтен соғысқа еш әзiрленбеген үйсiндерге жасады ... Мұнда
ғұндар қазiргi жыл санауымыздан бұрынғы 42 жылы үйсiндердiң астанасы Чигуды
яғни Қызыл қорған қаласын талқандады ...

Үйсiндер өздерiнiң батыс қоныстарын тастап, елiн батысқа қарай көшiруге
тура келдi. Осындай шегiнiс қана үйсiндердi толық жеңiлiстен сақтады.
Ғұндар сондай - ақ Ферғана алқабына да жортуыл жасады. Алайда, Чжи - чжи
бұл алқапты тонаумен ғана шектелген сияқты. Өйткенi, ғұндар қорғандарды
қоршап ала алмайтын едi. Тонап алған олжаны сақтайтын мекен керек болды.
Чжи - чжи Талас өзенi алқабында өзi үшiн және өзiнiң жасағы үшiн қорған
тұғызады. Бұл қорғанды 500 жұмысшы екi жыл бойы салып, айналасын балшық
дуалмен және күзет мұнаралары бар қосарлы сырықтармен қоршалды. Мұның өзi
қорған тұрғызуда гректердiң немесе парфяндықтардың емес, римдiк қорғаныс
салу әсерi болғандығын көрсетедi. Бұл қорғандағы гарнизонда жүзден аса жаяу
әскер болды. Оларды римдiктер деп санайды. Бұлар парфяндықтарға қолға
түскен Красс легионерлерi болуы ықтимал, оларды парфяндықтар шығыс
шекарасында қызмет етуге жiберген сияқты”, - деп жазған едi тарих
ғылымдарының докторы, профессор Л.Н. Гумилев өзiнiң “Таласская битва 36
года до н.э. “ деген мақаласында (“ Сборник в честь акад. Н.А. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұланды ауданы
Кешенді сандар
Симметриялық шифрлау кері шифрлау. “Базарбай Бектас” мәтінін вижинер кестесі арқылы шифрлау
Қазақ және Орта Азия түркілері тілдеріне ортақ мақал - мәтелдерде кездесетін кейбір сөздердің этимологиясы
Қашықтықтан оқыту жағдайында 7-сыныпта математикадан олимпиадалық есептерді шешу электрондық факультативтік курсын әзірлеу
Консонантизмдер және олардың зерттелуі
Көп айнымалылардың функциялық тәуелділігі. Евклидтік өлшемді кеңістік
Скалярлық аргументтің векторлық функциясы
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себептері және оны жеңу жолдары
Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы
Пәндер