Таштық мәдениетінің шығуы туралы нұсқалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
III ТАРАУ
Таштық мәдениетінің шығуы туралы нұсқалар
С.В.Киселевтің болжамы бойынша таштық мәдениеті тағар мәдениетінің жалғасы
болып табылады. Тағар мәдениетінің соңғы қорғандарынан көріп
отырғанымыздай, олардың таштық мәдениетімен арасындағы ұқсастық соңғы
дәуірге тіресіп келеді. Сондықтан да тағар халқының таштық этнонимімен V-VI
ғасырдағы байланысы туралы айтуға тура келеді. груннтты таштық
мәдениетінің ең ежелгі ескерткіштері өте күрделі мәдениет пен дәстүрдің
қалыптасқан кескінін береді. Формальды-типологиялық архитектуралық
белгілерге қарай отыра, біз оның тек қана жергілікті мәдениетпен емес,
сонымен қатар ежелгі тағар (сарағашен сатысының дәуірі) мәдениетімен
байланысқа түсе отыра, мыңдаған дәуірлерге созылған заңды дамудың тарихи
үрдісін бұзды. Мұндай белгілерге обалардың құрылысынан тартып барлық
құрылымдар жатады: шахматты немесе қатарластырылып орнатылған обалар немесе
жылқының шақыруына арнатылып қазылған тастар қатары. Біруақытта таштық
этнонимінің жерленуінің өзі екітопқа тіркелді, олардың арасындағы бөлініс
тікелей мал шаруашылығы мен жер шаруашылығы, әлеуметтік ерекшеліктерімен
қатар, киім кию, шаш қою үлгісі, дәстүрлері, халықтың физикалық типіне
қарай, жергілікті геометриялық және қисықсызықты өрнек үлгілеріне қарай
жерлеу рәсімі де бұл этнонимнің біруақыттағы өзгешелігін көрсетіп тұр. Бұл
этнографиялық өзгешеліктер бір уақытта ер адам мен әйел арасындағы жерлеу
рәсімінен кейін тағар халқы мен таштық халқының арасындағы бір уақытта
пайда болған, халықтардың бірбіріне әсерінен туған, жаңа мәдениет
үлгілерінен соның ішінде Минусие жазығына өмір сүретін халықтар өмірінен
хабардар береді. Олардың дәстүріндегі ең анық инновация тұрғындар
категориясын анықтайтын кремация. Тек осы белгісімен ғана таштық мәдениеті
басқа сібірлік хундық-сарматтық кезеңнен ажыратылады.әртүрлі мәдени
дәстүрлердің бір сәйкестікпен дөп келуі таштық обаларында біруақытта екі
халық тұрғындарының жерленуінен дәлел болады, бұл екі халықтың
антропологиялық мәдениетінен қанша айырмашылығы болса, этникалық тұрғыдан
да соншалықты. Таштық мәдениетінен жерленген жергілікті тағарлықтар.
§1. Таштық халқының арасында тағар халқының бар болуы.
Тіпті таштық обалар мен кейінгі тағар қорғандары дәл анық талмаса да,
ежелгі тағар мен таштықтар туралы сандаған ақпараттар бірдей тізбекті басқа
да ескерткіштердің салыстырмалы түрде жуықта Сібірге I ғасырдан бұрын емес
және II ғасырдан кейін емес уақытта тарағаны жөнінде білеміз. Одан басқа
таштықтарда тағарлықтармен салыстырғанда бірдей тағарлық заттар яғни,
миниатюрлі айна мен басқа да әшекей заттар табылғандығы жөнінде ақпарат
бар. Өз кезегінде тағарлықтарда ағаш қару моделі, шеті таштық өрнектерімен
әшекейленген тағаштық түтікшелер, балшық емес гипсті маскалар кездеседі.
Тағарлықтар мен таштықтардың арасында таштық мәдениетінде бірдей Сібірлік
болып көрінетін ортақ этнографиялық тізбек орнатылған. Оған өркениеттің
екішші сатысында пайда болған тағарлықтардың төртбұрыш негізді түтікше
формалары, геометриялық өрнек элементтері, ағаш ыдыс-аяқ дайындау әдісі
жатады. Соңғы тағарлық қорғандарды сараптау нәтижесінде бұл бұрын
анықталған ұқсастықтар кең таралуы мүмкін. Жекеше айтқанда тағарлықтарда
таштықтар сияқты белгілі бір адамдар тобына тәжірибелеу үшін көпреткі
жерлеу рәсімдері орындалып отырды, мәселен бірінші жерлеу, екінші жерлеу.
Аруақтарды жерлеуге ұзақ дайындады және белгілі бір мекенге жерледі.
Таштықтарда бұл дәстүр тікелей жергілікті жердің дәстүрімен байланысты.
өліктерді мумификациялау (тағарлықтар) және соломды қуыршақ дайындауға
(таштықтар) ортақ теріні қатқыл шөппен көктеу әдісі қолданылды. Береш
қорғаны мен охлантин моласын салыстырып қарағанда көріп отырғанымыздай
аруақтардың киім үлгісі де бірдей киімдер құрамынан тұрған, қос тері тон
түрінде. Тіпті тігісінің өзі бірдей, шеткі жағынан бастап бүрмелеп тігу
әдісі.
Көріп отырғанымыздай таштықтардың көптеген жергілікті
этнографиялық белгілері тұтастай Сібірдің солтүстігіндгі халықтың өмірлік
сипаттарына сай келетіндей. Бұл ағаштан ыдыс әзірлеу, ондағы геометриялық
өрнектер, аруақтарды жерлеу дәстүрі мен киім үлгісі, тігу үлгісі және
аруақты берестке орау, аруақтың бетін жабу. Бір кездері бұл айтылып отырған
ортақ Сібірлік ортақ мәдениет сипаттары Л.Р.Кызласовтың еңбектерінде
угрлермен нақтырақ айтсақ шығыс ханттарымен идентифицирлеген. Мәселе бұл да
А.В.Адриан шатасуы сияқты жерленген адамдар мен жерленген қуыршақтарды
әртүрлі халықтар тобына жатқызып жүрді. А.В.Адрианова, С.В.Теплоуховамен
салыстырғанда ол қазылып алынған қуыршақтарды ежелгі Қытай емес, Сібір
халықтарының дәстүріне жақындатып барып зерттеді. Мысалы, адам өлгеннен
кейінгі соңғысын айырбастау, айырбастау үшін жиі өлген адамдадардың адам
формасын жасауға тур келді. Оны аруақтың киіміне кигізіп, тамақ беріп, оны
күтіп әрі тірі адамның орнын айырбастау үшін ұзақ уақыт бойына бар
қолдарынан келген жағдайды жасауға тура келді. Бұл қуыршақтарға киім
үлгісін кигізуден бұрын дәл аруақтан айнымауы керек еді, сондықтанда
аруақтың бас сүйегін салып, шаш орнына шаш қондыру маңызды еді. Бұл тек
хантыларда ғана емес, сонымен қатар Алыс Шығыстағы самодицтерде де танылған
дәстүр еді. Мүсіндермен қатар көптеген халықтарда мысалы, түркітілдес
халықтарда өлі адамның бейнесін беру үшін басқа да көптеген құралдар
пайдаланылады, мысалы,оның киімі, жастығы, тас, ағаш шест және т.б. өліні
айырбастау тек өлген адамды мойындағанда ғана әзірленетін, ал көптеген
халықтарда бұл түсінік әртүрлі қалыптасты. Біреулер үшін адамның физикалық
тоқтауымен өлшенсе, екіншілер үшін аруақты жерлеуге қабірге кіргізгенде,
ал үшіншілер үшін жерленгеннен кейін белгілі бір мерзім өткеннен кейінгі
белгілі бір уақытпен мойындалады. өлі қуыршақтың өмірінің ұзақтығы
әртүрлі деңгейде анықталынып жатты, мысалы Амур халқында бір қуыршақтан
екінші қуыршаққа жан алмастыру процесі орындалды. Ең соңында адам өлімі
соңғы рет мойындалғанда туыстар арасында бұл өлі қуыршақ не өртеліп, не
жоғалып, не қол жетпейтін жерде сақталып көзден таса болатын.
Л.Р.Қызласовтың аналог ретінде пікірінше өлген қуыршақтарды
адамөлгеннен кейін 4-5 жылдан кейін мола үстіндегі амбарға жерлейтін халық
ханттар туралы айтты. Таңдау хант тобына келіп түсті, өйткені таштық
халқыныңқуыршақтары өлген адамның үстіне орналасады екен деген жалған
ақпарат жасалынды. Байқап отырғанымыздай бұл әлі анықталмаған жағдай болып
табылады. Хант тобында адам өлгеннен кейін адамның басына орамал не қап
байлау әрі көз айналасына күміс теңге тігу дәстүрі қалыптасқан.
Р.Л.Қызласов мұны гипсті маскамен ш. атастырып келді, бірақ бұл дәлел нақты
емес, өйткені тек қана хантыларда емес, көптеген Сібір халықтарында
мұндай аруақтың бет-басын орамалмен байлау дәстүрі сақталған. Бет әлпетінде
тек қана угур халқында ғана емес, самодицтерде де көз, ауыз, мұрын орнына
түйме тігу салты орын алған. Нивхи Амур төселінген көрпе бетіне көз, ауыз,
мұрын орнын көрсетіп тігіп отырған. Бұл жабулардың мағысаны әртүрлі,
бірақ ежелгі замандағы жабудың орнын иемденгендігі анық. Томск Приобьеде
XIV-XVIII ғасырлардағы угр халқын да қалай табылса, дәл солай селькуп
халқында да байлауыштар табылған.(Басандайка және Тискинский). IX-X
ғасырлардағы угр халықтарында Орта Поволжье және Камдағы сияқты ауыз, көз,
мұрын орындарына арналып тіккен жібек матасының қиқымынан жасалған бет
перде табылған. Тіпті ежелгі қуыршақ өлікке арналып тігілген көне
маскалар V-VIIIғасырлардағы томдағы самодицтердің моласынан табылған.
Таштық мумияларының бетін жібек матамен жауып, ал бетін гипстік бояу жағып
бас киіміне тіккен. Яғни өліктің бетін жабу өте терең және
идентифицирленбеген мағынаға ие. Қазіргі уақытта біз жерленген таштық
қуыршақтарының моладағы дәстүрлі мағына беретін,яғни өліктің барлық о
дүниелік парызын орындаушысы екендігін байқап отырмыз. Гипсті жабынды
маска рөлін емес, керісінше өліктің немесе қуыршақтың бас қаңқасының
скульптуралық қызметін атқарып отырған. Олардың қайсысынада Сібірде еш
аналог жоқ. Таштық-хант элементінің үшінші бір ортақ дәстүрі ретінде
Л.Р.Кызласовтың айтуы бойынша өлікті берестян қапшығына кигізіп, терең жер
орына жатқызған. Біріншіден ханттарда жерлеу дәстүрінің қатаң түрде
сақталған ешбір ритуалы боолмаған. әсіресе өлікті табытсыз теріге орап
қана жерлеу дәстүрі етек алған, берестке ораған қалпы жер табытына орады,
табыттың да өзіндік ерекшелігін білдіретін үш түрі болған. Екіншіден тері
немесе төсек жапқышына орау дәстүрі солтүстік Сібір халықтарының арасында
кең тараған дәстүр болғанынан кейін, оған көбінесе жапқыш төсеніштері мен
тері жамылғылары кең қолданылды. Жерге жерлеу немесе жер бетіне жерлеу
көбінесе жыл мезгілі мен ауа райы жағдайына байланысты еді. Жекеше
айтқанда ненцы халқы да ханттар сияқты өлікті қыстың күні қайық, табыттарда
жерлесе, ал жаздың күні еш табытсыз терең емсе жерге жерлеген.
Сонымен Л.Р.Кызласов айтқан барлық жерлеу дәстүрлері, яғни бетіне
орамал кигізу, өлікті берестке орау, табытқа жерлеу немесе өлікке әдейі
арнап өлі қуыршақтарды арнау тек қана ханттар немесе тұтастай угр
халықтарында ғана кездесетін дәстүр емсе, сонымен қатар сол кездегі
көптеген ежелгі халықтарға ортақ жерлеу ритуалы болоды деуге болады. Ағаш
немесе берестян ыдыстарын пайдалану кең тараған құбылыс ретінде ежелгі
угр халқының ғана емес, сол кездегі басқа да халықтардың өнер туындысы
болып табылады. Сондықтанда жүргізіліп отырған археологиялық және
этнографиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір жұртындағы қыпшақтар
САҚ ӨНЕРІ
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі
Хакасия
Әлеуметтік әрекеттестіктің маңызы
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Қазақ кітаптары мен қисса-дастандардың көрнекті зерттеушісі
Наным - сенімдер немесе көне діни ұғымдар
Пәндер