Тәуелсіздік - бабаларымыздың ежелгі арманы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәуелсіздік - бабаларымыздың ежелгі арманы. Тек соңғы бес ғасырда қазақ жерінде тәуелсіздік үшін әр түрлі деңгейдегі ұлт-азаттық көтерілістер болды. Соның бірі - 1986 жылы желтоқсан оқиғасы. Біз бұл оқиғаны - Тәуелсіздік аңсаған елдің ширыққан намысы деп бағалаймыз. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұхсат етіңіздер.

Адам үшін ең ғажабы да, ең қымбаттысы да оның өмірі. Ол адамға бір-ақ рет беріледі. Сондықтан да оны мағыналы, мәнді өткізу әрқайсымыздың басты мақсатымызға айналады. Бірақ та адам ғұмырының өн бойы тарихи жағдайларға өзін қоршаған қоғамның тіршілік-тынысына тәуелді. Өйткені, өз бас еркіндігі жоқ елде бақытты өмір сүру тіптен мүмкін емес. «Тәуелді елдің иті де төмен қарап үреді», - деп Шақалақ ақын айтқандай, адам санасы сол өзі мүшесі болып табылатын ұлттық тадыры ауқымынан шыға алмайды. Осы орайда әр халықта өз ұлттық бостандығы үшін күресетін, азаматтық санасы мығым жандардың болатындығы табиғи құбылыс. Міне, осы жағынан алғанда қазақ халқы азаттық жолында ақтық демі қалғанша алысып өтетін күрескерлерден кемде болған емес. Оны Ресей империясының боданында болған 300 дей жылдай уақытта даламызды дүбірге бөлеген 300 дей ірілі-ұсақты көтерілістер айқындап берді. Ал, бұл ұлттық наразылықтардың ең соңғысы - тарихымызда «Желтоқсан оқиғасы» болып, алтын әріппен жазылған 1986 жылғы желтоқсан айындағы жастардың бас көтеруі болғаны белгілі.

Алаңға бейбіт шерумен шығып, кеңестік тоталитарлық кезеңнің жойқып ашу-ызасын оятқан, сапер күректерімен сабалып, қасқыр иттерге таланған, кейіннен сонау Сібір түрмелеріне дейін қамалып, қанатынан қайырылған, сөйтіп денсаулығынан айрылған бұ ұрпақ өкілдерін біз ұмытпауға тиіспіз.

Ата - бабаларымыздың өмір тарихына тоқталатын болсақ, ол Жәнібек ханның 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізі болғанынан басталады. Ол қазақ халқының осы бірлігін жоғалтпай дамуын тілеген. Сөйтіп өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен.

Жәнібек төсекте жатып, қасында отырған баласына

Жәнібек: - Балам, анау тұрған жебені әперші (баласы әпереді) . Мә, балам сындыр, -деп 1 жебені береді, оны баласы сындырады, 2-еу береді, оны қинала сындырады, 5-еу бергенде оны сындыра алмайды.

Жәнібек: - Не ұқтың балам?

Әке, бір жебе жалғыз, 2-і жебе сындыру қиындау болды. 5-ді мен сындыра алмадым, ол - бірігіп өмір сүріңдер деген шығарсыз?!

Жәнібек: - Иә, балам дұрыс айттың

Бірлік түбі - береке

Береке түбі - мереке.

Ақ білектің күшімен

Ақ найзаның ұшымен

Ел болуды ойлаңдар! - деп өліп кетеді.

Содан бастап қилы-қилы кезеңдер өткен. Талай хандарымыз ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін сақтап, қайтсек тәуелсіз боламыз деумен өткен өмірден. Қасым хан, Тәуке хан, Есім, Жәңгір, Әбілхайыр, Абылай хан, Кенесары сияқты хандарымыз елін-жұртын аман алып қалам деп, жауларымен айқасқан.

Қазақ халқы тарихта «Ақтабан шұбырынды»деген атпен Елім-ай әнін туғызған жоңғар шапқыншылығына дақарсы тұрған.

Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шапқылап бос келеді.

Қара түнді жамылып, қара қазақ

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені

Қара жауы қанатын кескен еді

Шұлғау болып қыздардың кестелері

Талай қара шаңырақ өткен еді.

Қара жұртта бықсыған шала қалған,

Аналардан ес кеткен, балалардан

Тал-да таппай қамауға жағалаудан,

Ақыл қашқан адыра бабалардан.

Хандарымызбен бірге Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты от ауызды шешендеріміз бен билеріміз өзінің тапқырлығымен халықты бірлікке, елдікке шақырған.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде Төле би атамыз елінен көшпей отырып алған.

Сонда Қалмақ батыры:

Еліңді шауып шулаттым,

Жеріңді алып дулаттым,

Салауат айтсам өткенге

Өткенге ертең жеткен бе?

Сенген елің Төле би

Жұртқа тастап кеткен бе? -мазақ етеді.

Төле би:

Адаспай сөйле, адаспа,

Тереңменен таласпа.

Төле биді таныдың,

Аты шыққан Алашқа

Ар намысын алдырмас,

Атасын жауға қалдырмас

Қазаққа тілің тимесін,

Көзіңнен ағар қанды жас.

Білгің келсе, Төлені!

Жібермеген құдірет-

Ұя салған қарлығаш

Қорғалақтап бұқпаймын,

Ық жағына шықпаймын,

Балапан ұшпай ұядан,

Мен үйімді жықпаймын.

Ердің ары-ел ары

Шапсаңда басың жоғары

Маған қымбат бәрінен

Балапанның обалы.

Мен өлсемде артымда

Шаңырағым қаады.

(Осы кезде қамақтың нөкері қылышын көтереді, қалмақ батыры қолынан ұстайды)

Қалмақ батыры:

Тоқтат, қылышты, сал қынапқа!

Ұшқан құсты жылатпа

Жан бітірді Төле би!

Өліп кеткен ұятқа!

Атасы алаш, үйі ағаш,

Жаттан ақыл сұрамас

«Қазақ»- деген халықтың

Шаңырағы құламас! - деп шығып кетеді.

Өз бостандығын аңсаған елге, құрсаудай болып, «большевник» деген дәу келді ғой. Өзімен бірге алпауыт зобалаң- ашаршылықты ала келді. Өз еркімен көшіп-қонып, жаз жайлауда, қыс қыстауда отырып қазағың қолындағы бар малын етке өткізіп, қала берсе, сол «дәуден» қашып, тарыдай бытырап басқа елдерге қашты емес пе?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс
Бабаларымыздың арманы
Мәңгілік ел - Қазақстанның ХХІ ғасырдағы ұлттық идеясы. Қазақстан - қазіргі әлем таныған мемлекет
Тәуелсіздік мерекесі
Бастауыш білім деңгейінің 1-4 сынып пәндері бойынша Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының құндылықтарының енгізілу жағдайы
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Мен осы қадірлі елдің перзентімін, мен ұлы тұлғалардың ұрпағымын, ұлы тарих пен мәдениет иесімін деген шынайы ұлттық мақтаныш сезімі қалыптасуы үшін жастарда қандай қасиеттер пайда болуы керек
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 20 ЖЫЛ! БҮГІНІМІЗ БАЯНДЫ, БОЛАШАҒЫМЫЗ НҰРЛЫ
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫН ҚҰРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz