ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ (1680-1720) 1

ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ (1680-1720)

XVІI ғасырдың соңғы ширегі мен ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ тарихы
маңызды оқиғаларға толы. Бұл дәуір Қазақ Хандығының ішкі және сыртқы
жағдайының шиеленісуіне қарамастан, хандық биліктің дәйекті түрде күшеюі
мен дамуына әкелген шаралардың іске асуымен сипатталады. Бұл кезде саяси
жағдай өте тұрақсыз болатын. Қазақ жеріне көз тіккен көрші хандықтар
мемлекетгің дербестігін сақтауға барынша кедергі жасаған.
XVІІ ғасырда Қазақ Хандығының шығысында пайда болған жоңғар
мемлекетінің күшеюі, үздіксіз шабуылы, оның жағдайын қалыптан тыс ауырлата
түседі. Қытай мемлекеті және Орта Азия хандықтары Шу, Талас және Сыр
бойындағы керуен жолдарын иеленуге тырысады. Сонымен бірге осы кезеңде
Ресей де қазақ жерлерін жаулап алу саясатын ұстанады.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы Қазақ Хандығы бір
орталықка барынған дербес мемлекеттік мәртебесін сақтап калу үшін ішкі және
сыртқы қайшылықтарды басынан өткереді. Бұл тұста әсіресе ішкі алауыздық
күшейіп тұр еді. Осыған қарамастан бұл дәуірдө қазақ халқының арасынан ірі
саяси қайраткерлер, билер, сұлтандар, батырлардың тарих сахнасына шыққаны
бұл ауыртпалықтарды өз дәрежесінде шешуге мүмкіндік береді.
Халық зердесінде өшпес із қалдырған ірі тұлғалар қатарына XVII
ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ ханы болған Әз Тәукені
жатқызғанымыз жөн. Тәуке хан өзінің даналығы, ұлылығы арқасында ел арасына
Әз Тәуке деген атаққа ие болған. Халық Тәуке заманының Қазақ Хандығының
ең бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі екендігін қой үстінде боз
торғай жұмыртқалаған заман деп еске алады. Ол — қалмақ ханшасынан туылған
Жәңгір ханның ұлы. Тәуке хан билікке келісімен Қазақ Хандығында күшейген
ішкі тартысты бәсеңдетіп, бір орталыққа бағынған Қазақ Хандығын құруға
кіріседі. Қазақ Хандығының ішкі және сыртқы мәселелерін шешу барысында
Тәуке хан көптеген істер атқарады. XVII ғасырдың аяғында хандықта
экономикалык және саяси ықпал үшін билер мен сұлтандар арасында күрес
күшейе түседі. Осы тартысты тоқтату үшін Тәуке хан басқару тұтқасын
толығымен билерге береді. Ол жүздерді, ұлыстарды басқару үшін Ұлы жүзде —
Төле биге (дулат, жаныс руынан), Орта жүзде — Қазыбек биге (арғын,
каракесек руынан), Қарақалпақтар да — Сасық биге арқа сүйеді[1]. Тәуке хан
мемлекеттік құрылыс жағынан туысқандық жүйені дамытады. Тарихшы
М.П.Вяткиннің айтуынша старшиналардың (ру басылары) келісімінсіз хан
бірде-бір қарар шығара алмаган. Тәуке хан тұсында орныққан әдет-ғұрыптар
XVIII ғасырда берік қолданылып келген[2]. Тағы бір айта кететін жәй қырғыз
және қарақалпақ халықтары да Тәуке ханның қол астында болған.
Тәуке ханның тарихтагы ең басты орны оның қазақ әдет-ғұрыптарын, өзіне
дейінгі Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы сияқты заңдарды
жинастыра келіп, билердің басын қосып Жеті Жарғы заңын қабылдауында болып
отыр. Бұл заңның сол қабылдануы замандағы қазақ қоғамын өркениетке бір саты
жоғарылатты. Мұны Еуропа елдеріндегі конституциялық монарх биліктерімен
салыстыруға болады. Өйткені Жеті Жарғы кабылданғаннан кейін хан оның
принциптерінен ауытқымаған және бұл заңдар жинағын барынша қадірлеп,
қастерлеген. Әсіресе Жеті Жарғыдағы өнердің, ел дауын шешудегі билер
кеңесінің, хан кеңесінің, билер хұқығының қорғалуын, сақталуын қатты
қадағалаған. Осы арқылы хан өкіметін ішкі жақтан нығайтуды мақсат етті.
Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да
қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. Бұл, керуен
сарайы, елді мекені жоқ көшпелі қоғам өмірінде хан, би бұйрық-жарлығын,
соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі еді. Бұған қарсылық көрсеткен
түтін басы хан, би алдында қатаң жазаланатын. Әрбір соғысқа жарайтын еркек
бес қарусыз жүрсе оған да айып салынатын. Мұның өзі хандықтың әскери-
феодалдық сипатын айқындай түсетін. Қыз-келікшекті алып қашуға, зорлауға
өлім жазасы кесілген. Бүл — рулар арасында алауыздық туғызбаудың қамы.
Өйткені ру ынтымағын ыдыратып қанды қырғынға киліктіретін көп дау-дамай,
осы жесір дауынан туындап жататын. Ең соңында рулар арасында адам өлімі
болғанда қанды кек алуды құн төлеумен ауыстыру сияқты баптың Жеті Жарғыға
енгізілуі бұл заң жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайды. Жеті
Жарғы принципі бойынша әрбір от басында әке билігі баянды етілді, ол ұл-
қызының, әйелдерінің, құл-күнінің,, төрт түлік малының, жайлау-қыстауының,
көш жолының құдық-бұлақтарының жеке-дара билеушісі әрі қамқоры еді. Әке
ризалығынсыз отбасының кез келген мүшесі ешбір шешім қабылдай алмайтын.
Отбасында қатаң тәртіп сақтау арқылы аталас ағайынның, одан әрі рудың түп
соңында тайпаның, ұлыстың ынтымағы сақталады деп қаралған. Бұл
айтылғандардың бәрі хандықты ішкі жақтан нығайту бағытындағы заңды шаралар
еді, оны Тәуке өз кезінде іске асырады және одан әрі орнықтыруға күш
салады.
Тәуке хан Қазақ Хандығының тек ішкі тартысты мәселелерін ғана шешіп
қоймай, сыртқы саясатында да көрші елдермен бейбіт байланыс жасай отырып,
экономикалық қарым-қатынас орнатады. Соның ішінде ұзақ уақытқа үзілген
Ресей елімен мәмілегерлік және сауда байланысын жаңартады. Өйткені осы
кезеңде халыкаралық жағдай ушығып тұрған болатын. Елдің қауіпсіздігіне
жетуде Ресей мемлекетімен мәңгі бейбітшілік болу үшін жасалынған
мәмілегерлік әрекеттерді Ресейге қосылу деген ұғыммен теңеу — тарихи
шындықты бұрмалау екендігін қазіргі тарихшылар мойындап отыр. Тәуке хан
сонымен бірге Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды да
естен шығармайды. 1678 жылы Бұхар ханы Сұбханқұлы Қазақ Хандығына Хошин
басқарған елшілік жібереді. Сұбханқұлы ханның дәл осы жылы елші жіберуінің
саяси да, мәмілегерлік те зор мәні бар еді. Бұхар ханы қазақтардың барынша
соғысқа кірісіп жатқан кезінде мәмілегерлік қысым көрсетіп, өз шарттарына
көндіре аламын деген есепті ішіне бүгеді. Оның елшілігі Сыр бойындағы
Ташкент, Созақ, Жизақ сияқты бірнеше қалаларды, соғыс тұтқындарын қайтаруды
Бұхар көпестерінің Қазақ Хандығына ішкерілей кіріп, сауда жасау хұқықтарын
талап етеді. Сонымен бірге Қазақ Хандығынан Бұхар, Самарқан базарларына
әкелінетін мал мөлшерін келіспек болады. Сөйтіп екі жақ тұтқын қайтарысу
мен сауда-айырбас істері жөнінде келісімге келеді. Сыр бойындағы шаһарлар
тағдырын шешу кейінге қалдырылады. Бұл мәселеде қазақ билеушілері жоңғардың
сақадай сай атты әскерін қазақтар ғана тоқтата алатынын және жеңетіні, дәл
осындай жағдайда Сұхбанқұлы хан соғыс ашса, онда өзінің күні ертеңгі жауына
көмектескен болып шығатынын, жоңғарлар қазақтарды жеңіп кетсе, Бұхар
хандығының жаяу әскерін таптап өтіп, Қызылбас шаһарларына жорык бастайтынын
мәртебелі ханға жете түсіндіруді елшіге баса айтады. Қазақтың 80 мың,
қарақалпактың 6 мың жасағы тек қазақ жерін ғана емес Хиуа мен Бұхар
хандықтарын да қорғау соғысын жүргізіп жатқаны бұл екі елдің ханзада,
бекзадаларына мәлім болсын деген түйінді сөзін ұстатады. Бұл жауапқа әбден
риза болған Бұхар ханы Қазақ Хандығына шабуыл жасау райынан қайтады және
реті келсе Қазақ Хандығына көмектесудің жолдарын қарастыра бастайды. Төуке
хан орыс-қазақ қатынастарын жалғастыру үшін барлық мүмкіндікті іздестіреді.
Өйткені осы кезде қазақтар тарапынан Ресейдің бекіністеріне шабуыл жасау
сиякты арандатушыльщтар болып тұратын. Бұл мәселені өзара түсіністікпен
шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына Төшім батыр бастаған елшілік
жібереді. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақтың атақты билері
Қазақ хандығының заңдары
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Жеті жарғы заңдары
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
ХҮ- ХҮІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
Пәндер