ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ӘМІР ТЕМІРДІҢ ШЫҒЫС ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ПЕН ЖЕТІСУ АУМАҒЫНДАҒЫ БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫСТАРЫ

XIV ғасырдың соңғы үштен бірі - XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне әмір Темірдің жаулап алушылық, тонаушылық жорықтары зор қауіп төндірді.

Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің (Алтын Орданың, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің, Ирандағы Хулагу ұрпақтары мемлекетінің) саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық-азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі - Мауараннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік-моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Моңғолдар жаулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қолөнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас-тартыстар, сондай-ақ Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан Моғолстан хандарының Мауараннахрға жасаған жорықтары халық-бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауып-қатері Мауараннахрдың ақсүйектері мен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық-азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар монғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы әмір Темірді (1336-1405 жж. ) осындай басшы деп тапты. Атаккұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын әмір Темір әскерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып-жаныштап, көршілес жердегі халықты талап-тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мауараннахрда билікті басып алды. Темірдің жеке-дара билік құрған 35 жылы (1370-1405 жж. ) көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылык, тонаушылық жорықтарға, дүниежүзілік империя кұру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мейлінше мейірімсіз тағылық әдістермен жүргізді. Темір бұл соғыстарды Мауараннахрдың билік етуші үстем табы арасыңда өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап-тонау, Орта Азияның да, бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді.

Темірдің Орта Азияны біріктіруі 18 жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына - Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісуға және Тянь-Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды. Темірдің үстемдікке үмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас-тартыстар шайқалтқанымен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе-бет істелді. «Бірақ оны күйретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері - Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлерге агрессиясының алғашкы нысаналарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға ұмтылған Темір 70-90-жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам жорық жасады: АқОрда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс қимылдарына мұрындық болған соңғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға қатысудан бас тартқаны үшін Үрұс хан өлтірткен, Маңғыстаудың үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге кашып барды. Ұрұс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі көршісінің істеріне араласу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып, Токтамыстың Ақ Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбегінде Тоқтамыспен шайқаста Үрұс хан балаларының бірі Құтлығ-Бұға каза тапқанымен, Тоқтамыстың хижра бойынша 776 жылы (1374-75 жж. ) алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандтағы өз қамқоршысына кашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранға дейін жетті, бірақ Ұрұс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тасталқан етті.

Темірдің Ақ Орданың оңтүстігіндегі әрекеттері, оның әулет ішіндегі араздық пен талас-тартыстарға араласуы Ұрұс ханды Сарайдан асығыс шығып, өзінің байырғы жұртына қайтып оралуға мәжбүр етті. Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады. Сол кезде, 1375- 76 жылғы кыста, Ұрұс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және Ұрұс хан әскерлерінің Түркістан жеріне аяқ басқанын хабарлаған елші келді. Оған жауап ретінде Темірдің өзі Сырдариядан өтіп, әскерімен Отырар маңына орналасты. Ұрұс хан Сығанаққа жетіп тоқтады. Алайда екі әскер осылайша бір-біріне жақындамай, аталған мекендерде 3 айға жуық тұрды.

Ұрұс хан Сығанақтан кеткеннен кейін әмір Темір Ұрұс ханның ұлы Темір-Мәлік оғланның мындық әскерін талқандады. Низам ад-дин Шами мен Шараф ад-дин Йаздидің мәліметтеріне қарағанда, 1376 жылы Ұрұс хан өлген. Көп ұзамай оның ұлы әрі мұрагері Тоқтақия қайтыс болды. Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, «оған бүкіл Дешті Қыпшақ патшалығы мен» әлі де жаулап алынбаған «Жошы ұлысын берді» де, өзі Мауараннахрға қайтты.

Ұрұс ханның ұлы, Ақ Орданың жаңа ханы Темір-Мәлік (1376-79 жж. ) 1377 жылы Сауранда Тоқтамысты талқандады. Темір өзінің әскербасыларымен бірге Тоқтамысты Ақ Ордаға тағы да аттандырды. Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақты басып алды. Түркістанның өзге жері Темірдің қолында қалды. Темір Сығанақты қолдан шығарып алғанына көнбеген Ақ Орда ханының қарсы кимылдарын қалт жібермей қадағалап, Темір-Мәлікті талқандауға әмір берді. Мұны жүзеге асырған Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісі деп есептеді. Ақ Орданың көптеген әмірлері оның жағына өтті. 1380 жылы Тоқтамыс Сарайды, Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың табысқа жетуін 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донскойдың Мамайды талқаңдауымен түсіндіруге болады. Алтын Орда үшін бұл Русьтің монғолдарға тәуелділіктен азаттық ала бастағанын білдірген басты соққы болды. Алтын Орда бірқатар шағын иеліктерге (ордаларға, ұлыстарға) ыдырап кетті. Алтын Орда бұрынғы екі одақтастар - Темір мен Тоқтамыстың ұрыс алаңына айналды.

Түркістанда өз билігінің нығаюымен бірге және Дешті Қыпшаққа өзі қойған, Ақ Орда ханының тағынан үміткер Тоқтамыстың қолдауымен Темір Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Қашқарияның аумағыңда басқыншылық соғыстар жүргізді.

Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын моғол билеушілерін әлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу және Орта Шығыс еддеріне жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371-1372 жылдарда Темір Моғолстанға әскер аттандырды, ол «Алмалықтың шегіне дейін жетті» де, керейіттерді талқандап, қайтып оралды. Нақ сол жылы оның өзі Моғолстанға жорыққа шығып, бұл жолы Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетті. Темір әскері сансыз көп тұтқын алып, «сан жетпейтін» олжа түсіріп қайтты. Бұл Темірдің олжа түсіріп, тұтқындар алумен аяқталған және өзінің күшін көрсеткен барлаушылық жорығы болатын. Осыдан кейін сол кезде Моғолстанның ең ірі феодал билеушісі болған әмір Қамар ад-дин дуғлатқа қарсы 1375-77 жылдардағы жорықтар тізбегі жасалды.

1375 жылы Темір әскері Ілеге дейін жетті. Темір әскерлерінің жолы Сайрам, Талас алқабы арқылы жүріп, Жетісудың қойнауына қарай етті. Шарын өзенінің шатқалында Темір әскерінің Жаһангер бастаған алдыңғы қосынының (маңдай) Қамар ад-динмен шайқасы болды. Моғолдар қаша бастады. Темір қууға үлкен қосын жіберді, ол моғолдарды Іле өзеніне дейін және оны жағалай қуды: «Жау еліне жеткен соң, оны тонап, бүкіл мал-мүлкін тартып алды, ал ел құрамындағы «мындықтар» (хазарахтар) күрендерге белініп, Самарқандқа жөнелтілді». Тұтқынға алынған көп адамды айдап әкету Темірдің Моғолстанға шапқыншылықтары үшін сипатты нәрсе.

1376 жылдың көктемінде Хорезмді жаулап алумен айналысып жатқан Темір Моғолстанға Қамар ад-динге қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы-Бұға қыпшақты, Әділ-шахты және баска әмірлерін аттандырды. Алайда әмірлер Моғолстанға бармай, Темірдің өзі Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарды да, өздерінің жалайыр және қыпшақ тайпаларын жинап алып, Самарқандқа аттанды. Жеңіліске ұшырап, Ақ Орда ханы Ұрұстан қолдау табамыз деген үмітпен Дешті Қыпшаққа қашты. Сонан соң әмірлер Моғолстанға Қамар ад-динге барып, оны Темірдің Мауараннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Темірге қарсы қимылдарында ездерін, әмірлерді, қолдау үшін оған әскер жіберуге шақырды. Алайда Мауараннахрға қайтып келген Темір Қамар ад-динді Атбасы маңында (Нарын алқабында) қуып жетіп, талқандады. Темір Мауараннахрға кеп олжа түсіріп қайтты.

1377 жылы Қамар ад-дин екі рет: біріншісінде - Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандалды. Деректемелерде атап айтылғанындай, оның әскерлері жауынгерлік қабілеттен толық айырылды; Темір «қисапсыз олжамен» бірге өте көп тұтқын алды. Тұтқындар Мауараннахрға апарылып, құлдыққа сатылды. Қамар ад-дин өзінің негізгі әскери күштерінен айрылды, ал бүкіл моғол ұлысы да бұл талқандаудан көп уақыт бойы ес жия алмады.

1383 жылы Темірдің Моғолстанға жіберген әскері ба'арин тайпасының әскер косынын талқандады. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-дин Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді, ал сәл кейіннен ол Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа барды. Моғолстанда уақытша болса да қолын босатып алған Темір Мауараннахрға қайтып оралды, онда жаулап алушыны Хорезм мен Ирандағы басқыншылық жоспарлармен қатар, өзінің Ақ Ордаға бұрын қолымен қойған билеушісі Тоқтамыспен арадағы барған сайын шиеленісе түскен қатынастар күтіп тұрған еді. Тоқтамыс хан Ақ Орда ақсүйектерінің Алтын Орданың бүкіл аумағында Жошы ұрпағының билігін қалпына келтірмек болып, XIV ғасырда Алтын Орда тағына өз үміткерлерін талай рет жіберген бөлігіне сүйеніп, сондай-ақ, бір жағынан, Мамайды Дмитрий Донскойдың талқаңдағанын, екінші жағынан - Темірдің Хорезмдегі, Ирандағы, Моғолстандағы жаулап алушылық әрекеттерден босай алмауын пайдалаңды да, Алтын Ордада билікті басып алды. Тоқтамыстың ұлы державалық ниеттері Темірдің қарсылығын туғызды, оған Алтын Орда мен Ак Орданың бір күшті билікке бірігіп, күшеюі мүлде ұнамайтын. Темірдің Тоқтамысқа қарсы ұзакқа созылған қиян-кескі күресі бастал-ды. 1387 жылы Токтамыс Кавказдағы Кура өзенінде Темірден жеңіліс тапты, бірақ Орта Азияда Тоқтамыстың, Қамар ад-дин мен Енге төренің одақтасқан әскерлері Самарқанд пен Бұхараның төңірегін тонады. Темір Хорезмді біржола талқаңдап, оның астанасы Үргеніш қаласын жермен-жексен етті де, 1389 жылдың көктеміңде Сырдариядан өтті. Тоқтамыс даланың түкпіріне қашты, алайда Темір Қаратаудан айналып өтіп, оны Түркістан шегінен әрі қуған жоқ, қайта әуелі Тоқтамыстың моғолстандық одақтастарын талқандау үшін Жетісуға бет бұрды.

Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің 80-жылдардың аяғына қарай қалыптасқан, құрамына Қамар ад-дин, Енге тере, ал 1389 жылдан - Моғолстанның жаңа басшысы Қызыр-Қожа хан және Тоқтамыс кірген саяси одағы Ақ Орда мен Моғолстанның бытырап кеткен саяси және әскери күштерін бір жауға қарсы біріктіруге мүмкіндік алды. Одақ Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан халқын тәуелділікке түсіруге, Дешті Қыпшақ, Жетісу және Тянь-Шань өңірі аумағыңдағы мемлекеттердің шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға тырысқан әрекеттеріне қарсы бағытталды.

Ақ Орда мен Моғолстан билеушілерінің күш біріктіруіне жауап ретінде Темір Қазақстанның байырғы халқы үшін зардаптары мейлінше ауыр болған екі жорық: 1389 жылы - Моғолстанға және 1390-91 жылдары Ақ Орда мен Алтын Ордаға жорықтар жасады.

1389 жылы жорық кезінде Темірдің Моғолстандағы қарсыластары Енге тере мен Қызыр-Кожа хан еді. Темір әскері Моғолстанға Каратауды теріскей беткейінен айналып, содан соң Шу өзенін бойлай жүріп өтті. Іле өзенінен өткеннен кейін Аякөзге жетіп, онда Темір өз әскерін екі бөлікке белді. Темірдің өзі Қаракөшірге, Тарбағатайдың батыс жағына бет алды. Омар-Шайх әскердің екінші тобымен Кебік өзеніне дейін жетіп, онда үлкен шайқаста Енге төренің әскерін талқандады. Моғол басшысы Ертістің арғы жағына қашты, ал жеңгендер қисапсыз олжа мен байлыкка батты, «көп жылқы, түйе, сондай-ақ тұтқындар» әкетті.

Өзі Тарбағатайда қалып, Темір Моғолстанның түкпір-түкпіріне жалпы саны 120 мың адамға дейін жететін 5 косын жіберді. Сонан соң Темір бастаған негізгі әскерлер Емел ауданынан Жұлдызға, Күнгес және Текес өзендерінің арасындағы жазықка бет алып, жол-жөнекей бұлғашы тайпасын талқанда-ды.

Қосындардың бірі Қызыр-Қожа ханға тап болды. Екі әскер де шайқас бастауға тәуекел етпей екі күн тұрды да, екі жаққа кетті. Темір Жұлдыздан Қаратұр тау асуы арқылы өтіп, Шығыс Түркістандағы Қарабұлак деген жерде Қызыр-Қожаның әскеріне жетті, оны қашуға мәжбүр етіп, Шалысқа дейін қуды. Қызыр-Қожа оғлан хан атағынан және Моғолстанды билеу құқығынан айрылды.

Барлық қосындар жиналған Жұлдызда бірнеше күн болып, 1389 жылғы 8 тамызда Темір Самаркандқа қайтар жолға бет түзеді. Келесі 1390 жылы Темір әскері Ыстықкөлге, содан соң Көктөбеге бет алды, Алмалыққа соқпай, Іле өзенінен етіп, Қараталда Енге төрені қуып жетті. Осында әскердің алдыңғы Қосыңдарының бірі мен Қамар ад-диннің әскерімен шайқас болып, ол жеңіліп Ертістің арғы жағына өтіп кетті. Темір әскерінің бір белігі оны жеңілденіп, арбаларсыз қуды. Қамар ад-дин Алтай жаққа қашты. Бұл жерлердің Темірге бағынғандығының белгісі ретінде ормандарға белгі салынып, таңба соғылды.

Темірдің Моғолстанға жорықтарын сипаттайтын деректемелерде Темір әскерлерінің орасан көп олжа, негізінен жылкы мен қойды, сансыз көп тұтқындарды қолға түсіргені талай рет атап етілді, сөйтіп Моғолстанды талап-тонап, оның билеушілерін қуып шыққан Темір Дешті Кыпшаққа сондай міндетті шешуге, яғни Тоқтамыс пен ол біріктірген мемлекеттің күш-қуатын жоюға оралды. 1391 жылғы 21-каңтарда Темір 200 мың әскермен жорыққа шықты. Отырардан, Ясыдан, Қарашықтан, Саураннан өтіп, сәуір айында әскері Сарысуға («Сарыөзен») жетіп, Ұлытауға жақындады. Бұдан кейін Темірдің жолы Жыланшық, Тобыл, Сақмар, Орал (Жайык) өзендері арқылы өтті. Тоқтамыс әскеріне Құндызша деген жерде жетті. 1391 жылғы 18-маусымда сол жерде шайқас болып, онда Тоқтамыс жеңіліс тапты. Темір зор олжамен қайтты, оның қайтар жолы сәл оңтүстікте Жайық, Сауран, Отырар арқылы өтті, Темірдің бұл жорығы ол жүріп өткен Оңтүстік, Орталық және Батыс Қазақстан аудандарының халқына зор ауыртпалығын түсірді. Темір әскері өз жолында кездескеннің бәрін талап-тонап, таптап кетті. Тоқтамыстың жеңілісі салдарынан ғана емес, қайтар жолда да қисапсыз олжа - жылқы, қой, алуан түрлі мүлік, тұтқындар қолға түсірілді. Олар дер кезінде кетіп үлгірмеген көптеген Ақ Орда ұлыстарын талап-тонады. «Мал мен соғыс олжалары қисапсыз көп түсті, жаяулар 10-нан 20 жылқыға дейін, бір жылқысы барлар 100 жылқыға дейін ала алды . . . Қой мен басқа малдың саны көптігінен санауға да мүмкін болмады» , - деп жазады Низам ад-дин Шами «жорықгың нәтижесі туралы»; Әбілғазы демографиялық тұрғыда «Әмір Темір көптеген халықтарды қырды» деген мәліметтер келтіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Ақ Орда хандығының пайда болуы
Моғол хандығы
ӘМІР ТEМІРДІҢ ШЫҒЫС ДEШТІ ҚЫПШAҚ ПEН ЖEТІСУ AУМAҒЫНДAҒЫ БAСҚЫНШЫЛЫҚ СOҒЫСТAРЫ
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Моғолстанның құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz