Түргеш қағандығының территориясы, орталығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Түргеш қағанаты (699-766) 2
Түргеш қағандығының территориясы, орталығы 5
Саяси-әкімшілік құрылысы 6
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 9

Түргеш қағанаты (699-766)

Tүpгeштep туралы алғашқы деректер Күлтегiн құлпы тастарында және Қытай
жазба деректерiнде көп жазылған.
Түргештер - үйсіндер басқарған одаққа ежелгі уақыттардан бері кіретін
Дулаттар тайпасының ірі рулық бірлестігінің бірі. Батыс Түрік қағанаты
кезінде (582-704) қуаттанған бұрынғы үйсіндер орта ғасырда дулаттар деп
атала бастады. Белгілі тарихшы-ғалым Нығмет Мыңжан ежелгі қытай жылнамалары
негізінде "Қазақтардың қысқаша тарихы" деген өзінің кітабында былай деп
жазады:
"Дулат тайпасының бес негізгі бөлімдері былайша бөлінеді:
1. Түргештер - Алаш - Ұлыс (ел) Шора
2. Қойлау - Құлық - Ұлыс Шора
3. Шимойын - (Чимучин) - Луй - Ұлыс Шора
4. Ысты - Тоң - Ұлыс Шора
5. Жаныс - Шопан - Ұлыс Шора".
Дулаттар арасында ең ірі рулық бірлестік (тайпа), саны мен алып жатқан
жері жөнінде ең үлкені Түргештер (Сары үйсіндер) болды. Міне, сол себепті
де Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін ие болған жерлерінде түргештер
"Он оқ халқымен" бірге Түргеш қағанатын құрады. Тарих ғылымында
түргештердің белгілі бірінші қағаны Өжели (Өгели Құдай Тархан) болып
табылады. Түргештер арасында өзінің ерлігі менартықшылықтары жөнінде ең ұлы
әскербасы Шен руынан шыққан Сұлушор болды. Аса үздік шығыстанушы, түрік
танушы В.В.Бартольд ол туралы былай деп жазады: "Батыр Сұлушордың даңқы мен
атағына сол кезде Батыс Түрік қағанатын билеген Ашин руында тең келетін
ешкім болмады". Және де дәл сол жылдары Түргештер қағанаты Алтайдан Тәңір
тауына, Баркөлден Арал теңізіне дейінгі аумақты иемденді. Сұлушордың
күшейгені соншалықты, оның игі ниетін Тибет те, қытайдың Таң әулеті де
іздеді, олар оған өз хан қыздарын әйелдікке беруге асықты. Және де бірінен-
бірі озғысы келді. Түргеш қағанатының екі астанасы болды. үлкен астана Суяб
қаласы деп аталды, ал кіші астанасы Іле өзенінің жағасында орналасты, бұл
Қойлық (Күнғұт) қалашығы болды.
Түргеш қағанатының басты қалалары Батыс пен Шығыс арасындағы сауда
жолының бойында орналасуына байланысты керуен саудасы және онымен бірге
қағанат халықтарының өмір деңгейі де шапшаң өсті. Сауданың гүлденуі
қағанаттың өзінің мемлекеттік ақшасының пайда болуына ықпал етті. Түргештер
қағаны ақшаны металдан тиын құюға бұйырды. Ертедегі түргештер қалаларының
орнын қаза отырып, археологтер төрт бұрышты, ортасында тесігі бар түргештер
қағанатының ақшаларын тапты. Тиындарда жазулар бар, бұл біздер үшін ерекше
бағалы; оның бір жағына: "Түргештерқағаны Бай Баға", екінші жағына: "Құны
он жебе" деп жазылған. Жазулар Орхон-Енисей жазулары тілінде түсірілген.
Теңгелердегі "Он жебе" туралы бұл жазулар он түргеш рулық бірлестіктерінің
құрметіне түсірілгенін білдіреді, өйткені түргештер халқының өздері осылай
аталды. Егер теңгелерде бейнеленген "Т" таңбасын жеке алып қарасақ, онда
Орхон-Енисей жазуларында "Т" таңба-белгісі "жебе - оқ" дегенді білдіреді,
ал белгінің үстіндегі қос дефис "-" "10" цифрын білдіреді.
Және мынаны еске түсіре кету керек. Батыс Түрік қағанатының ыдырау
кезеңінде халық он ұлысқа (аумаққа) бөлінді және ұлыс басшыларының
әрқайсысы бір жебе алады, сондықтан түргештер "Он оқ халқы" деп аталады.
Батыс түрік қағанатының орнында пайда болған Түргеш қағанатының этникалық
құрамында да үлкен өзгерістер болмады. Түргештердің қытай жылнамашылары
олардың қағандарын "Он жебе халқының қағаны" деп атады. Орхон-Енисей
жазуларында дәл солай Түргеш қағанаты "Он оқ будун" ("Он жебе халқы") деп
аталады.
Кейбір шетелдік зерттеушілер қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқы өзінің
бастауында Түргеш қағанаты сияқты ірі бірлестікке ие болды, Сырдария мен
Әмудария және Жетісу өзендерінің далаларында қазақ этносынегізінде
қалыптасқан түргештер ең басты халықтардың бірі болды және "Он оқ
халықтары" қазақ халқының құрамына енген рулар мен тайпалардың ең бастысы
болып табылады деп заңды күші бар қорытындылар жасайды.
Алайда жер бетінде мәңгі ештеңе жоқ. Түргештер қағанатын іштен іріткен
көптеген қарама-қайшылықтың, өзара қақтығыстар мен шайқастардың салдарынан
766 жылы Түргеш қағанатының әскерін бұл уақытқа дейін күшейіп кеткен
қарлұқтар быт-шыт етті. Солай бола тұрса да, Түргеш қағанатының ғасырға
жуық тарихының ұлы дала мен далалық мемлекет тарихы үшін зор маңызы бар.
Түргеш қағанатының тарихында ең маңызды оқиға қытай әскерлерін жеңген Атлах
шайқасы болып табылады. Бұл шайқас 751 жылы Талас өзенінің аңғарында өтеді,
және де қытай жаулап алушыларын Орта Азияны басып алғаннан кейін біздің
далаларымызға келген Араб халифатының әскерлері тоқтатады. Қарлұқтар мен
түргештер, арабтар өз діндестері жағында соғысады, сөйтіп, олар даланың ең
қатерлі және ежелгі жауы - қытайлықтарды талқандайды, сонысымен Батысқа
қарай қытайдың етек алуы тоқтатылады, қытай басқыншыларынан біздің дала мен
Орта Азия мәңгілік құтқарылады.

Түргеш қағандығының территориясы, орталығы

Қағандықтың территориясы Орта Азияның Оңтүстiк шығысындa Чаш
(Ташкент) қаласынан шығыc Түркiстандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейiнri
аралықты қамтыған. Орталығы Суяб қаласы. Түргeш тайпалары VI ғ. Тянь-Шань
таулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түрік қағанаты туралы
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Батыс түрік мемлекеті
Алғашқы түркі мемлекеттері
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Түрік қағандығы
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Түркеш және қарлұқ қағанаттары
Пәндер