Орхон - енісей мұраларының қазақ әдебиетіне қатысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

„ . . . Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда

ұлт ұлы болып есептелмейтінін ұмытпайықшы . . . ”

Ғ. Мүсірепов

Орхон - енісей мұраларының қазақ әдебиетіне қатысы

Орындаған: I-курс, студенті Жаңабаева Д. Тексерген: Малтабарова К.

АЛМАТЫ 2005

Орхон - енісей мұраларының қазақ әдебиетіне қатысы

Қазақ ұлтының өте ертедегі тарихи тілі мен мәдениеті жағынан хабарлы ететін ауыз толтырып айтатын жазба мұралары негізінен алғанда жоқ деп қарайтындар өте көп те. Тек ауыз жүзінде сақталып жеткен мұралар саны аса мол деп қарайтындар да аз емес. Тым арғы дәуірлерде қалыптасып сақталып отырған тарихи еңбектен ғана басталады деп білеміз. Бұл да бір есептен орынды. Егер қазақтың өз алдына ұлт болып қалыптасуы 14 - 15 ғасырлар деңгейі деп тұрақтандыратын болсақ ондай жағдайда Жами - ат таруих шындығында да Қазақ халқының дербес ұлт болып қалыптасқан кезеңінің бірден бір ескерткіші болып табылатындығы шүбәсіз. Осыған қарағанда немесе осы түсінік бойынша біршама арғы кезеңдерді қамтитын көне дәуірде жарыққа шыққан тікелей Қазақ туралы жазылып сақталған мұраларды жоқ болуынан туындайтын тарихи болмыстарды дәлелдеудегі олқылықтар немесе осы саладағы тың ізденіс пен зерттеу ісіндегі терең бойламаушылықтар қолда барды теке қойдырып, қолға іліккенге мәз еттіретін сыңайларды белең алдырғаны себепті Қазақты 15 - ғасырдан ары апармауға тырысатындардың санын мүлде басым орынға шығарып отырғаны екінің бірін таңқалдырмаса керек.

Орхон - енісей жазба ескерткіштері - түрік тектес немесе түрік тілінде сөйлейтін ескі дәуір халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан, Шыңжан немесе Шығыс Түркістан өңірлеріне ықылым замандардан бері қоныстанып келген түрік тектес халықтардың ертедегі тарихы жайлы бұрын тек ауыз әдебиеті түрінде ғана сақталып жеткен. Атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып жалғасып жеткен тарихи шежірелер мен тарихи эпостық жырлар сынды халық дастандарында күңгірттеу сүлбесі ғана бар. Әйткенмен тым айқындалмаған өте көмескіленіп келген деректерді анағұрлым анықтап толықтыра түсетін баға жетпес аса құнды қазына. Оның таяу заман ғылымында белгілі болғаннан кейінгі рөлі өте жоғары болғаны тарихшылардың, этногрофтардың, тіл зерттеуші ғалымдардың бірталайына түсінікті. Өйткені аталған ескерткіштері табылғанға дейін түрік тектестердің тарихы жөнінде әсіресе жазба ескерткіштер орнатылған 8 - ғасырға тән тұстары дәуір жөнінде көптеген қате түсініктер жаппай белең алған әрі әсіресе сыңаржақтылы болжамдар ортаға қойылып келген. Сол себепті аталған дәуірде иісі түрік халықтарының саяси - әлеуметтік жағдайы, экономикалық хал - күйі, территориялық аумағы және басқа көршілес елдермен жасаған жан - жақтылы қарым - қатынастары, мәдениет өрісі сияқты келелі мәселелердің қанығына жете отырып анықтауда толып жатқан қате көзқарастармен жойдақсыз тұжырымдамалар өмір сүріп келген еді. 19 - ғасырдың соңына ала орхон енісей жазба ескерткіші қайта табылғаннан кейін ғана жоғарыдағы аталған түрік тектестердің күллі тарихы мен болмысы бұрмаланған қате түсініктер мен тұжырымдамаларды теріске шығарудың талас жүрмейтін фактілерін анықтаудың алтын кілті табылып, толып жатқан тарихи қателіктер мен қасақана бұрмалаушылықтарды ауыздықтауға толық дәлелдер жарыққа шықты. Талайдан бері жөн - жосықсыз ортаға қойылып келген немесе әсіресе шовинистік көзқарастар көлеңкесінде өрбітілген ешқандай нанымды тиянағы жоқ дәлелсіз ойжота пікірлердің бірталайы өз үкімін өзі шығарып тарихи қарабет үйіндісіне көмілді. 19 ғасырларда еуропа құрлығындағы белді капиталистік елдерде басқа елдерге жасаған отаршылдығы мен өктемдікке толы озбыр саясаттары тұсындағы ортаға қойылған қате көзқарастарға тастай қатып мұрагерлік етіп келген кейбір ғалымсымақтар да талайдан өздері қасарыса жабысып келген көне көзқарастарына жал табуға амалсыз қалып нағыз шындықтың бұлтартпас айғағы мен өлмес куәларын көргенде барып /жазулы тастардағы жазуды өз көздерімен оқығаннан кейін/ амалсыздықтан изек қаққандары мәлім.

Содан бастап бүкіл еуропада жаңа дүние жүзінде шығыстану ғылымы түрік халықтарының ежелден бірі қоныстанып келген ата мекені саналатын Орта Азия мен Қазақстан тарихының көне дәуірлеріне қатысты деректері туралы Қытай архивтерінде қытайша жазылып сақталған кітаптарға жазбаша шежірелерге /тарих естеліктері/, /хан хандығы кітабы/, /вый хандығы кітабы/, /жоу хандығы кітабы/ т. б. толып жатқан қытайша жазылған тарих материалдарына, сонымен бірге грек, үнді тілінің жазбаларындағы тарихи материалдарына жүгіну арқылы аталған халықтардың өз тілінде, дәлірек айтқанда, солардың өздері сол заманда жазып қалдырған ежелгі түп нұсқа күйіндегі естеліктерге жаңадан немесе ұмыт қалып қайтадан табылған ескерткіш мұраларды салыстырып зерттеуге мүмкіндік алды. Міне бұл орхон енісей жазба ескерткішінің тарихи маңыздылығы мен оның ғылымдағы құндылығын айғақтайтын немесе нақтылы фактілермен дәлелдейтін нағыз шыншыл куәліктің бірі болып есептеледі.

Түрік халықтарының кешегі өмір тынысын, тыныс-тіршілігін, этникалық жақтағы топталыуын, одақтастық бірлігін көп жақты тұсіндіріп бере алатын орхон-енісей жазба ескерткішінің қайтадан ғылымға белгі болуы- өз тарихымыздың тайға таңба басқандай айғағы, ата-бабаларымыз өз қолдарымен қашап жазп тасқа таңбалаған ұлтымыздың өшпей жеткен тарихи шежіресі екендігі кімді болса да нандырары сөзсіз. Бұл сөздерімізді толық дәлелдеу үшін, біз тарихи жазба деректерге, сол аталып стырған 8-ғасырларда жазылып сақталған белгілі ғұлама тарихшылар өз қолымен жазып қалдырған дерегаі мол, дәлелі күшті кітаптар бетіне үңіліп- сол кітаптар сөзін қайтадан тұп нұсқасынан өз аударпмаларым негізінде қазақшаға толық түсініктер жасай отырып оқығанымыз теріс болмас. Мұнда ең бастысы қытай архивтерінде, әсіресе осы мен тұрған Пекин кітапханасы сөрелерінде қытаиша жазылып, жазба дерегі аса дәлеліді естеліктерде сақталып отырған фактілерде толығынан әрілеп тәптіштеуді, соның түп нұсқаларынан қазіргі қазақ тілімізге толық аударып алып салыстыруды сол арқылы өткендегі тарихи деректерді шындық болмысымен өте жақын келетін сырларына үңіліп, оның бай қазынасынан барынша пайдалануды ерекше ескеріп отырмыз. Сол себепті, біз орхон-енісей жазба ескерткіштеріндегі ең көлемді әрі ең негізгісі болған (Күлтегін жазба ескерткіші) делінетін алып ескерткіш жәйлі баса айалдауды, сол жөнінде жазылып деректерді көбірек ортаға қоюды жөн көрдік.

(Күлтегін жазба-ескерткіші) - б. з. 732- жыл (Таң хандығы дәуірі деп аталатын қытай жылнамалық дәуіріне Шуән Заң натшалығы билік құрған 26-жылы) тарихтағы түрік қағанаты деп аталатын дәуірде жасаған елбасы Білге қаған (Молгіян да делінеді) деген билеушінің туған інісі сол қағанаттың асқан батыры Күлтегенге арнап оның еңбектері мен ерліктерін жыр етуге бағышталғалып орнатылған алып ескерткіштердің бірі. Оны өткен тауындағы Білге қаған ордасының шығыс жағындағы Орхон өзенінің оң жағалауына (қазіргі Монғолияның Хошо Сайдам көлінің жағасына) тұрғызылған. Ескерткіш батыстан күншығысқа қарай созылған 28. 85х6х5 метр жазықтыққа көлемі 0. 33х0. 33 шарші түрінде құиылған шикі кірпіштен жасалған. Есік алдындағы шыға берісте Ақ мырамор тастан шабылып жасалған екі қошқардың мүсіні орнатылған. Одан басқа да тасбақаның және адам мүсіндерінің қалдықтары да табылған. Екерткіш тастың биіктігі 3. 15м. ені 1. 24 м. қалдығы 0. 41 м. Келетін тұтас тастан тұрғызылған деп жазады В. В. Радлов экспедиция естелігінде. Естеліктегі жазулар түрік иқағанаты дәуіріндегі қолданылған орхон жазуімен жазылған және қытай жазуымен жазылған ескерткіш үшін атлған екі түрлі жазу тең қолданылған. Сондай-ақ екі түрлі тілде айталық көне түркі тілінде және қытай тілінде жазылған. Ескерткіштің күншығысқа қараған беті оңтүстік және солтүстік жаққа қараған беттеріне орхон жазулары арқылы жазылған Кұлтегін батырдың өмір -баяны меен ерлік еңбектері және сол кездегі түрік тектес халықтардың төл тарихына қатысты мол деректер жазылған. Батысқа қараған бетіне де қытай тіліндегі аударма нұсқасы жазылған.

Осы аталып отырған ескерткіштің тұрғызылуы туралы және сол кездегі қытайдың Таң хандығының бір патшасы болған Шуан заң деген патшаның орхон -енсей дазба ескерткішін тұрғызуға тікелей араласқандығы жәилі деректер жазылған ескі кітаптар мәліметін (ескі Таң хандығы кітабы) мен (жаңа Таң хандығы кітабы) деп аталатын ескі дәуірде жазілған (шамамен 8-ғасыр жазылған) екі кітаптың қай-қайсысынан болса да оқуымызға болады. Айталық, ескі Таң хандығы деген кітаптың 194-томының алдыңғы бөлымынде; ( . . . аталған ескерткіштің орнатылып тұрғызылуы туралы және сол кездегі Таң хандығы патшасы Шкан заң Күлтегін қайтыс болыпты дегенді естігеннен кейін, патша сарайына алтын айдарлы қолбасшысы Жаң Шұииі мен патша ордасының кеңесшісі Лүи Шяң екеуін шақырып алып, оларға патшалық таңбасы басылған көңіл айту хатын алып баруды, Батырдың басына ескерткіш тас орнатуды, ескерткіш тасқа жазу жаздыруды, басына мұнара тұрғызып, айналасына сынтастар отырғызуды, күнбездің төрт құбыласын бекіністен берік етіп жасап шығуды әмір етеді деп жазылған (түпнұсқа қытайшасынан қазақ тіліне аударған автор. ) .

Ал, бұл дерек қытай жазбасының бізге көптен бері бейтаныс болып келген немесе ескерусіз қалған бір тың дерек екені анық. Бұл деректі тағы да анықтай тұсетін (жаңа Таң хандығы кітабынан) 215-томының аяқталу бөлімінде жоғарыда баяндалған деректен сәл де болса басқашалау жазылған, алайда жалпы мазмұндық жағынан негізіне ұқсастау келетін тағы бір деректі оқи аламыз. Ондағы ең көңіл бөле ден қоятын мына деректер өзіндік құндылығымен қызықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күлтегін жазба ескерткіштерінің көркемдік ерекшеліктері
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz