Туған жерім - Түркістан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Туған жерім – Түркістан
Осы сөзді айтқан сайын бойымды ерекше бір мақтаныш сезімі билейді,
өйткені бұл қазақтың қасиетті мекені, Екінші Мекке атанған жер.
Түркістанның осылай аталуында өзіндік үлкен мағына жатыр. Халықты өз
қасиетімен баурап алған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі өзінің сұлулығымен,
айбаттылығымен, киелігімен, берекесі ортаймайтын Тайқазанымен бүкіл әлемге
әйгілі болғанына сан ғасыр. Оның үстіне, басына барып тәуел ететін ақын
бабамыз Қожа Ахмет Яссауи уағыздаған имандылық, кең пейілділік,
адамгершілік, инабаттылық менің туған мекенімнен шартарапқа нұрын шашуда.
Мұны айтатын себебім, көпке топырақ шашпағаныммен, қазақ халқының
көптеген аймақтары өз тұғырымыз-туған тілімізден, дінімізден, әдет-
ғұрпымыздан ажырап қалып жатқан шақта Оңтүстік өңірінің халқы барлық
қасиетін өз бойында сақтай білген. Сондықтан елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
біздің қаланың өркендеуіне, бүкіл халыққа аты таныла түсүіне айрықша
қамқорлық жасап отыр. Өйткені Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылған алты
алаштың айбыны Абылай хан, қазақ мемлекетінің қалыптасуына еңбегі сіңген
Тәуке хан, елімнің ескі жолын жаңғыртқан Есім хан, қаз дауысты Қазыбек би
сияқты бабаларымыздың әруағына тағзым етушілер легі күннен-күнге көбейе
түсуде. Зиярат етушілер ел-елдеріне осы қасиеттерді ала барып, өз жұртын
жақсылық шапағатына бөлейтіндігіне күмәнім жоқ.
Түркістан түлегі болғаныммен қаным қазақ болған соң, кең – байтақ
жерімнің қай түкпірінің болса да көкейкесті мәселелері қатты толғандырады.
Рас, менің енді шешек атып, гүлдер шағыма тура келген елімнің басына
түскен қиын кезеңде халқымның сабырлығына, шыдамдылығына, бір-бірімен
татулығына шүкіршілік етемін, бірақ талай-талай бас шайқататын әттеген-
айлар көп-ақ. Соның ең күрделісі де, қиыны да – алтын бесігіміз –
табиғатымыздың қаншалықты зардап шегіп жатқандығы.

Дала өркениетiнiң рухани астанасы - Түркiстан.

Түркістан ... түріктің елі, түрік елінің бас қаласы, рухани астанасы.
XX ғ. әлемдік деңгейдегі ұлт ақыны М.Жұмабаев айтса айтқандай - Түркістан -
екі дүние есігі ғой, Түркістан - ер түріктің бесігі ғой. Оның сырын ұғып,
мұңын білу үшін, ғасырлар қойнауына үңілу керек.
Түркістан ең алдымен әлемдік тарихтың құрамды бөлігі. Ол аты аңызға
айналған Вавилон, азалы Иерусалим, айбынды Рим, азулы Ватикан, қасиетті
Мекке, сан айлалы Киевпен ұласады. Египет, грек, Византия, үнді, Иран,
Қытай өркениеттерімен жалғасқан Дала өркениетімен тұтасады, қазақ
мемлекеттігінің тарихымен сырласады.
Осылай жасы 1500, шындап келсе 2000 жылға баратын көне, бұл күні
жаңғырған Түркістан түрік әлемімен, Дала өркениетімен, оның Отаны
Түркістанмен бірігіп, кірігіп, дүниежүзілік тарихта өзіндік орны бар, үні
бар, түрі бар, сыры бар тұтас ұғымға жымдасады. Бір сөзбен айтсақ,
Түркістан бір халықтың тарихы ғана емес, дүниежүзілік тарихпен еншілес, ұлы
әлемнің омырауына таққан қасиетті тұмарларының бірі, түркі тектес жандардың
иманының нұры, түркі әлемінің басын қосқан пірі, рухтың шыңы. Түркістан
қаласы - әлемдік өркениет перзенті.
Cөз жоқ, "Түркістан" деген ұғым сан-салалы. Оның талай мыңжылдық
тарихи шежіресін әлеуметтік-экономикалық формация арқылы
идеологияландырмай, өркениеттік даму динамикасы арқылы тарату - замана
талабы.
"Өркениет" - дегеніміз ұзақ мерзімдегі эволюциялық тарихи дамудың
нәтижесінде бір, не бірнеше ірі этностардың қалыптасқан этнодемографиялық,
әлеуметтік-мәдени бірегейлігі. Белгілі бір кеңістікте материалды, рухани
мәдениеті бір тұтас макрожүйе, мәдени тип. Географиялық кеңістік бірде
кеңіп, бірде тарылып, қусырылса да сол типтік негіз, оның өзегі сақталады.
"Өркениет" терең қарасақ - мәдениет. Ол мемлекет билеу мәдениеті, ол
халықтың рухани мәдениеті, ол адами қарым-қатынастың мәдениеті, ол махабат,
отбасын құру, өмір қаракетінің мәдениеті, ол халықаралық, мемлекетаралық
қатынастар мәдениеті, ол өзі өмір сүрген ортаны сақтау мәдениеті.
Осы кең мағынадағы мәдениет эволюциялық даму үстінде халықтарды
тағылықтан шығарып, варварлықтан өткізіп, өркениетке жеткізеді. Батыстық
евроцентристер адам баласының бір бөлігі өркениеттік дамуға бейімді, ал
қалғаны өркениеттік жасампаздық жасауға қабілетсіз [Қараңыз: Тойнби А.
Постижение истории. М., 1991, 99-б.] деп біледі. "Даланың құлы", "әлеммен
байланысы жоқ", эволюциялық дамуы жоқ көшпенділер, олар болса "тарихы жоқ
қауым" деген пікірді уағыздайды.
Ғалымдардың бір тобы Алтайдан Днепрге дейін мәдени-тарихи кеңістікте
эволюциялық даму динамикасы бар халықтардың бірлестігі - түркі тектестердің
мәдени бірлестігі бар екендігін дәлелдейді. Бұл евроазиялық даланың табиғи
орталығы - дешті қыпшақ сахарасы. 92 Баулы Қыпшақ - Дала өркениетінің
негізі, өзегі, мәйегі.
Өркениет туралы әдебиетте "дала" ұғымы туралы қарабайыр түсінік бар.
Ол даланы - шөлмен теңестіреді. Ол далада шөл де, сел де бар. Ұлы Мағжан
айтқандай:
Тұранның егі - шексіз шөлі қандай, Теңіздей кемері жоқ көлі қандай.
Тұранның дария аталған өзендері,
Тасыса, шөлді басқан селі қандай.
Шынында да Енисей, Лена, Онон, Керулен, Ертіс, Тобыл, Жайық, Обь,
Каспий, Арал, Еділ, Дон, Днепр - ұлы даланың көркі емес пе? Тек қазақ
жерінде ғана 45 мың өзен, 85 мың ірілі-уақты көлдер барын айтсақ та болады.
Түрік - дала өркениетінің негізгі белгілері - мемлекеттік, жазу, дін,
мифология мен эпос, архитектура, жол, қала, белгілі қалыптасқан шаруашылық
қаракеті. Сайын даланы дүркіретіп, тайпалық үйсін мемлекетімен (б.ж.э дейін
IY-Y ғғ.) түрік қағанаты, Алтын Орда, Жошы ұлысы, қазақ хандығы үзбей
дәурен сүрді. Орхон-Енисей жазуы, ғажайып бай ауыз әдебиеті, тәңірге
табынудан ислам, христиан діндеріне қолы жетті. YI ғ. түрік әдеби тілі
қалыптасты. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы YI-Y ғғ. тек Орталық
Қазақстанда бір миллион тоннадан астам кен қорытылды. Өрнекті айшық аң
стильді өнері бұл күнге дейін көрген жанды тамсандырады.
Трансевропалық жібек жолы, тек бір сыр бойына орналасқан 300-ге жуық
қала. Дала өркениетінің қала мен даланың қоспасы екенін айғақтайды. Дала
өркениеті әлемдік өркениетке өз үлесін қоса алды.
* * * Евразияның батыс-орталық бөлігін жайлаған елді ежелден Тұран, не
болмаса Түркістан - түркі халықтарының елі дегені белгілі. Ф.А. Брокгауз
бен М.А. Ефронның "Энциклопедиялық сөздігінде" бұл ел батыста Орал,
Каспийден басталып, шығысында Алтай мен Қытайға тіреледі, оңтүстігінде
Персия мен Ауғанстаннан басталып, солтүстікте Тобыл, Том губернияларына
жетеді, Европаның 13 бөлігінен артық жерді алып жатыр делінген [Қараңыз:
Энциклопедический словарь. Ф.А.Брокгауз, И.А.Ефрон. СПб.. 1992. т. ХХ, XIV.
174-б.].
Акадмик В.Бартольдтың пікірінше Түркістан ұғымын IX ғ. араб
саяхатшылары енгізген. Ол ұғым Мавераннахр мен Қытайдағы мұсылмандар елін
білдірген.
Бұл күні Батыс (Ресей) Түркістаны, Шығыс (Қытай) Түркістаны, Ауған
Түркістаны қосылып - ұлы Түркістанды білдіреді.
Басқаша айтқанда ұлы Түркістан Дала өркениетінің картасын толық
қамтиды. Бұл өлкенің ғажайып өзгешелігі А.Тойнбидің айтуынша, жер шарының
бар тұсынан келер жолдың торабы, әлемдік жол қиылысы. Бұл өлкенің ғажайып
тағы бір өзгешелігін біздің бабаларымызда білгендей. Мағжан өзінің
"Түркістан" атты шығармасында:
Ертеде Оқыс, Яксарт - Жейхун, Сейхун; Түріктер бұл екеуін дария
дейтін. Киелі сол екі су жағасында Табасың қасиетті бабаң дейтін, - осы бір
толғауын әлем зерттеушілері де қолдайды.
Дж. Неру, А. Тойнби Жейхун мен Сейхунның аралығында зороасторизмнің,
одан қалды буддизімнің алғашқы түрі махаянның пайда болғанын атап
көрсетеді.
Ал, Ахмет Байтұрсынов, кейін акад. В. Бартольд қытай деректеріне
сүйене отырып, VII-ғ. бастап бұл өлкенің Үнді, Қытай, Батыс Азияның мәдени
ықпалында болғанын баяндайды.
А.Тойнби Азияның қыраты, Мармара теңізі мен Ганганың дельтасының
аралығында пайда болған Ислам қоғамы Анадолы мен Индостан аралығындағы
қыспақтан өтіп, Окс пен Яксарт өзендерінің алқабында жайылып, Ұлы Далаға
ұласады. Ислам әлемінің қалыптасуына қос өзен алқабының маңызын әділ атап
өтеді [Қараңыз: Тойнби А. Постижение истории. М., 1991, 45-б].
Ұлы Түркістан біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғ. бастап Иран мен
евразиялық көшпенділердің, көне сириялық, үнділік, эллиндік, көне қытайлық,
орыс өркениеттердің қақтығысуларына куә болды. Ұлы сахарада біздің жыл
санауымызға дейінгі VIII-VII ғғ. болған евразиялық көшпенділердің жосуы
Жейхун мен Сейхун бассейінінен бастап, Үндістанға, Оңтүстік Азияға жол
ашты. Соңынан бұл өлкеде Ахеменидтер империясы, кейін Селевкид мемлекеті
орнады. Олардың мұрагерлері Бактрия патшалығы, Қушан империясы Окс-Яксарт
алқабын солтүстік Батыс Үндістанға біріктірді. Араб империясы оңтүстік-
батыс Азияны Египетпен қосты, Монғол империясы Жейхун мен Сейхун дариялар
алқабын Евразиялық континенттің құрамды бөлігіне айналдырды. Бір сөзбен
айтсақ, Ұлы Түркістан әлемдік өркениетпен араласып-құраласып өмір кешті.
Дала өркениеті Қытай, Үнді, грек, араб, орыс өркениеттеріне өз ықпалын
жасады. Ұлы даланың табиғи мүмкіндіктерін евроазия сахарасындағы
халықтардың мәдени-тарихи бірлігін қалыптастырып қана қоймай, оларды
өркениет өріне сүйреді.
* * * Түркістан қаласының түркі әлемі жүйесіндегі ерекше орны бар.
Оның мұндай статусына географиялық, этникалық, діни-этикалық, экономикалық,
саяси факторлар ықпал жасады.
Ең басында Ясы қаласы сауда орны болып табылды. Сыр бойынан Александр
жотасынан асып, Шу алқабынан Бедел, Ақсу асулары арқылы Қытайға сауда жолы
өтті. Жол бойы Талас (Тараз), Құлан, Суяб, Барсхан сияқты қалалар барды. XY
ғ. осы жолдың басы-қасындағы Ясы Түркістан болып аталады. Ол Ұлы Жібек
жолындағы дала гаванына айналды.
Түркістан сауда орталығынан Ахмед Ясcауи мавзолейі салынғаннан кейін
рухани, шығыс мұсылмандарының Меккесі болып табылды. Енді ол қалаға құдайға
табынатындардың легі ағылды, тіпті олардың қатарында Бұхардың хандары да
болды.
Түркістан қаласы түркі халықтарының саяси орталығы болып таныла
бастады. Ол әуелі көшпелі өзбектердің, кейін қазақ хандығының астанасы
болды. Қала мен даланы қосып тұрған бұл қала мемлекетті бір орталықтан
басқаруға ыңғайлы еді. Қазақ елінің тұтастығын нығайтуға өмірлерін арнаған
Тәукехан, Абылайхан Түркістанның атағын көтеруге, сол арқылы өз беделдерін
де өсіруге ұмтылыс жасады.
Қазақ хандары Түркістанның діни-рухани потенциалын қазақ халқының
басын қосуға, бірлігін арттыруға пайдаланды. Түркістанды айнала қоршаған
Сыр алқабының, Қаратау өңірінің, Солтүстік Арал өңірімен Талас пен Шу
алқабының, Жетісу мен Дешті қыпшақ халқының басын қосып, Қазақ қосынын
жасақтау көзделді.
Түркістан өлкесі сауда орталығы, суармалы егінді алқап, сонымен бірге
қолөнершілердің де еңбегі қайнаған ел. Ғасырларға созылған қазақ-жоңғар
соғысы тұсында қазақтың қалың бөлігі оңтүстік өңірге ойысты. Отан қорғауға
ұран тастап, бірігу процесіне басшылық жасауға да Түркістандай қала табу
мүмкін еместі.
Түркістан қаласының Ұлы Түркістандағы статусы - мәртебесі жоғарлауына
Ахмет Яссауи мавзолейінің бүкілхалықтық таңдаулы ұлдарының пантеоны болуы
да себепкер болды.
Ақын Мағжанның:
Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны Абылай ері ... , - деуі де содан.
Түркістан бүкіл халықтың басын қосып, ұлы шешім қабылдайтын әкімшілік,
саяси орталығы бола алды. Жеті жарғы", Күлтөбенің басындағы күнде жиын-
бүкілхалықтық парламенттің, дала демократиясының бір жарқын болмысы еді.
Түркістан қаласы өзбек, қарақалпақ, қалмақ, ноғай (манғыт), могул,
қырғыздармен экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынас жасау ордасы
тұғырына көтерілді.
Тұран сахарасының Отырар, Сығанақ, Сайрам, Тараз, Самарқан, Бұхара,
Мерв, Герат сияқты тағдыр отын маздатқан Ұлы мекендері сияқты Түркістан
барша түркі халықтарына алтын бесік бола алды, оның бағы аспандағы ең жарық
жұлдыздардың біріндей жарқырай жанды.
Ендеше, бүгінгі той - Тұран даласының ұйытқысы - қазақ жері, түркі
әлемінің қара шаңырағының ордасы - Түркістан қаласының тойы, дала
өркениетінің тойы.
* * * Абылай хан өлгеннен кейін Қазақ мемлекеті біржолата құлап,
Түркістанның мемлекеттік статусы жоғалды. ХХ ғ. коммунистік режим тұсында
ол рухани статусынан да жұрдай болды.
Ғасыр басында ұлтын ойлағанда жүрегінен қан аққан Міржақып Дулатов
Түркістанның тағдырына үңілген еді. "Хазірет Сұлтан" деген мақалада "бес-
алты жүз жыл өмір сүрген Қожа Ахмет Яссауи мешітінің орнына үйіліп бір оба
томпайып қалу ғажап емес", - деп қатты қынжылыс білдіргенді.
Отаршылдықтың теперішін көріп, тастанды қалаға айналған Түркістанның
аянышты ажарына арнап, Мағжан "Ескі Түркістан" деген өлең жазғанды.
Кеңестік замана да Түркістанға тарихи ескерткіш санатында ғана көңіл
аударды. Яссауи мавзолейін қалпына келтіруді желеу етіп, талай желауыз
мәдени мұраны талапайға салды. Ата-баба аруағын саясаттың құрбаны етіп,
ғасырлар қойнауында мәңгілік сапарындағы ұлыларды жатқан жерінен қопарып,
тыныштығын бұзды. Ұлылардың сүйегі жыланбауыр бульдозердің пышағына ілінді,
мүрделердің тұтастығы бүлінді, пантеонның іргесі сөгілді де, тілінді. Бұл
қастандықты жасаған қуыскеуде мәдениет министрлігінің мәңгүрттері шын
мәнісінде біздің ұлттық болмысымызды аяққа басты, мемлекеттік қасиетімізге
топырақ шашты, ұлттық санамыздан құт-береке қашты.
Міне, осындай ұлылардың сүйегі шашылып, рухы басылып, мемлекеттік
дәрежеде жүргізілген этноцидтен Абай елінде жастар топ-тобымен асылып
жатқан сәтте бостандық таңы атты.
Ата тарихымызды саралап, ұлыларымызды даралап, ана тілімізді бағалап,
туған жердің қасиетін көтеретін күн туды. Ұлы Абайдан бастап, кешегі Мұхтар-
аға, Қаныш дана тойына дейін ұмытқанымызды жадымызға түсіріп, аяқ асты
болған асыл мұраларымызды түгендеп, әлемдік өркениет көгіне жыл құсы қылып
ұшырып, ата-бабамыз бастап, аяқталмай қалған аруақтар аманатын бітіріп
жатқан жайымыз бар ағайын! Осы аруақтар аманатының бірі күллі түркі
әлемінің бас қаласы, Қазақ хандығының, одан қалды бүгінгі еліміздің рухани
астанасы - Түркістан қаласының статусын қалпына келтіріп, барша әлемге
таныту еді.
Бүгін бұл аманат-арман да орындалды.
Бұған мың шүкіршілік айтпағанда нені айтамыз!
Түркістан елімізбен бірге ренесанс-жаңғыру заманасын бастан кешуде.
Бүгінгі юбилей осы ұлы құбылыстың, түркі әлеміне тән ортақ құбылыстың
айғағы!
Тәуелсіздік нұрымен жаңарған, жаңғырған статусың құтты болсын көне де
жаңа Түркістан!
Өркениеттің төріне, үшінші мыңжылдықтың өріне өрлей бер, киелі
Түркістан!

Қазақ жеріндегі шаһарлардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар
тереңінде жатыр. Түркістан шаһары – солардың бірі. Ал, осы Түркістанның
көне тағдыры жайындағы тарихи мағлұматтар не дейді, оны біздің біліп –
түйген болмысымыз қандай?
Шаһар... Қазақ жерін Шыңғысхан жаулап алған XII ғасырда, Отырар
қырғыны кезінде Ясы (Жаса) немесе Туркістан қаласының аты аталмайды. Демек
ол шақта бұл қала ірге көтергенмен, тым шағын болса керек.
Осы шағын қаланың өсіп, келе – келе даңқының жайылуына себепкер
болған тарихи тұлға барын ескеру лазым. Ол – Қожа Ахмед Ясауи. Осы біздің
ғасырдың 1093 жылдары Испиджаб қаласына (осы күнге Шымкент облысының Сайрам
жерінде болған қала) дүниеге келіп, сол қалада балалық, жастық шағын
өткізген. әкесінің аты Ибраһим, шешесі Қарашаш. Олар еті тірі, пысық
баласына бастауыш білім берген. Оның одан әрі білім алуына жағдай жасап,
оны Бұқардағы медресеге оқүға жіберген. Оқу, білім, дүниетану жолына ол
осында түскен. Көп жыл оқып, көп ізденіп, араб тіліндегі оқулықтарды еркін
меңгереді. Сол заманның қалың да көлемді кітаптарының бірі құранды бастан –
аяқ жатқа айтатын болған. Аспан мен жер, табиғат жайындағы ғылыми
кітаптарды да көп оқып, көп үйренген шәкірт оқуды озық бітіреді. Сөйтіп ол
Мербі қаласындағы медресеге ұстаз болып барады. Осында біраз боп, Бұқарға
қайта оларды. Енді өзі оқыған медресеге сабақ беріп, ұстаздық етеді. Келе –
келе білімді, алғыр ұстаз осы медресеге басшы болады.
Артықша дүние – мүлік жинамай, білім – ғылым жинаған жас ұстаз
Мербіде де, Бұқарда да тым жұпыны тұрса керек. Мұнын үстіне өсіп жетіле,
тоқтаса келе шәкірттеріне де ешбір ерекше, тым артық тұрмауды уағыздай
бастайды. Осы кезде оның артық дүние – мүлік, ақша, алтын – күміс жинау,
ерен байлыққа талпыну, бөткен еңбекті пайдалану, сөйтіп өзгеден өтен тұру
жараспайды, адамдарғы бірбірінен ерекшелене беру, артық ішіп, артық киіну
күнә болады деген, сол кездегіше, мистикалық – софылық ойы – төңірегіне,
әсіресе, озі жүрген Бұқарға, Мербіге шәкірттері арқылы тарай бастайды.
Қалың көпті ашса – алақанында, жұмса – жұдырығынды ұстап отырған ел
билеушілер, қыруар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Туған жер - әр адамның баға жетпес, асыл атамекені
Жатыр өлеңі
Қазағым өлеңі
Шымкент мұражайлары
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер кітабынан
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы кейіпкерлердің сипаттамасы
Пәндер