Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы


ЖОСПАР
Мұстафа Шоқай1
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы3
Әдебиеттер14
Мұстафа Шоқай
(1890-1941 жж. )
Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында дүниеге келді. Ол белгілі Торғай датқаның немересі, Ер Шоқай бектің ұлы. Нағашылары Хиуадағы қазақ хандары тұқымынан.
Мұстафа бастауыш білімді ауылда ата-анасынан алады. Осыдан соң Ташкенттегі орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бітіріп шығады.
1912 жылы түрік-балқан соғысы бұрқ ете қалғанда, ол Түркияны қолдау қоғамына белсене араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірден-бір өкілі болды, Думаның 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды жазалаушы қазақтардың айуандық әрекеттерін тексеру үшін комиссия құру туралы шешім қабылдауы барысында М. Шоқай шешуші рөл атқарды. Мұстафа сондай-ақ Құрылтай жиналысындағы Түркістан халықтарының құқығын қорғау жөніндегі өкілдер комиссиясын басқарады.
Өкімет басына Уақытша үкімет келген соң, оның басшысы А. Ф. Керенский М. Шоқайға министрдің портфелін ұсынады, бірақ Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісі М. Шоқай тобының Түркістанда біртұтас Түркстан федерациясы құрамындағы ұлттық автономиялар құруға дайындалуына ықпал етті. Бірақ уақытша үкімет Түркістан халықтарының өзін-өзі билеуіне қарсы шықты.
1917 жылдың наурызында М. Шоқай Ташкенттегі Мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылман орталығын басқарады. Мұсылман орталығы да автономия құруға әзірлене бастады.
1917 жылдың Қазан төңкерісін түркістандықтар қуана қарсы алды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылған жоқ. Кеңес өкіметі де Түркістан автономиясына үзілді-кесілді қарсы болатын.
1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Қоқан автономиясының құрылғандығы жария етілді. Оның президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М, Шоқай «Алашорда» Үкіметінің құрамына кіреді.
1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызылгвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, М, Шоқай Грузияға кетті. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене ат салысты.
1920 жылы қызыл армия Грузияға келгенде, М. Шоқай Түркияға қоныс аударады, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады. Эмиграцияда жүріп М. Шоқай кеңестік езгідегі Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына белсене араласады. Стамбұл мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада ол Орта Азия туралы мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған «Жаңа Түркістан» және «Жас Түркістан» журналдарды тиісінше Стамбұл мен Берлинде басылып тұрды. Ұлы Отан соғысы басталысымен М. Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жіберілді. Осында екі апта ұсталған ол кейіннен босатылды. М. Шоқай үйінде ұзақ бола алмайды. Оны әуелі Германияға, кейіннен Польшаға және Украинаға әкеліп, тұтқынға түскен түркістандықтармен жүздестіріледі. Лагерлердің бірінде қазақтың ардагер ұлы 1941 жылдың 27 желтоқсанында дүниеден өтті.
Гуманист-ойшыл, демократ, энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқай ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болды, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін өте жетік меңгереді. Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле-өлгенше туған халқымен бірге болды.
Мұстафа Шоқай - халықаралық саясат сарапшысы
XX ғасырдың басындағы қазақтың белгілі қоғам қайраткері, Кеңес өкіметіне қарсы бағыттағы "Алаш" партиясының жетекшілерінің бірі - Мұстафа Шоқай сол кездегі халықаралық жағдайды жіті қадағалап, түркі тектес халықтардың тағдырына қатысты оқиғаларға өз бағасын беріп отырғаны белгілі. Ол халықаралық жағдайларға жіті назар аударып, әсіресе, ірі державалардың отаршылдық бұғауына түскен бодан халықтардың ұлттық тәуелсіздік жолындағы күрестеріне ерекше көңіл бөліп, үнемі бақылап отырды. Бұған Мұстафа Шоқайдың шетелде саяси эмиграцияда жүріп өзі басшылық жасап шығарған "Яш Түркістан" (1929-1939 жж. ) журналының беттерінде жарияланған мақалалары дәлел бола алады. Мысалы, Қытайдың ұлттық аймағы саналған Шығыс Түркістандағы мұсылман халықтардың XX ғ. 30-40-жылдарындағы маньчжур-қытайлық отаршылдыққа қарсы көтеріліп, ұлттық тәуелсіздіктерін жеңіп алу жолындағы күрестері жайлы мәліметтерді осы журнал беттерінде жариялап, оған өзінің саяси көзқарасын білдіріп, тиісті бағасын беріп отырған.
Шығыс Түркістанда 30-жылдардың басында жергілікті мұсылман халықтардың қытайлық бодандықтан азат болу жолындағы көтерілісі басталып, ол Қытай империясының онсыз да нашарлай бастаған халықаралық жағдайын шиеленістіре түседі. Кеңес Одағының тікелей араласуымен болып жатқан Шығыс Түркістандағы бүл оқиғалар туралы М. Шоқай "Шығыс Түркістан көтерілісшілдері бұдан бұрынғы көтерілісшілер сияқты атамекенін қытайлардан біржолата азат етуді көздеп отыр. Бұл мақсаттарына олар ішінара болса да қол жеткізгендей сыңайы бар" деп жазып, 1933 жылы Шығыс Түркістан ислам республикасының құрылуы туралы хабарды журнал бетінде мәлімдейді (1. 360-бет) .
1931-1933 жылдары Шыңжаңның Құмыл, Баркөл, Тұрфан қалаларына ие болған көтерілісшілердің басшылары Шыңжаңды "көпір қытайлардан" азат етіп, "дербес мемлекет"- Шығыс Түркістан немесе Ұйғырстанды құру жолындағы күрестерін исламдық ұрандармен бүкіл Орталық Азияға таратуды көздейді. Көтеріліс басшылары аймақтағы нақты саяси жағдайды өздерінің әрекеттеріне қауіптің қай жағынан басым болатынын таразылай алмады. Олар Қытай билеушілеріне өшігіп, империалистік елдердің түпкі саясатын болжай алмай, олардың арандатуына ұшырай бастайды. Өйткені, 30-жылдардың ортасында Шыңжаң, ірі державалардың, яғни Жапония, Англия, кеңестік Ресей және Германияның өзара күрес аймағына айнала бастаған болатын. Олардың әрқайсысы Шыңжаңдағы саяси дағдарыс пен ұлт-азаттық күресті өз мақсаттарына қарай бағыттау жолында бәсекелес күрес жүргізді.
1933 жылы жарияланған Шығыс Түркістан ислам республикасы шетелдік державалардың өзара мүдделері таласқа түскен саяси күресінің нәтижесі іспетті болып, тағдыры тәлкекке түсіп, жеңіліске ұшыраған болатын. Шығыс Түркістан республикасының құрған үкіметі, шынында да, артында әртүрлі шетелдік күштер тұрған қуыршақ биліктің үлгісі болатын. "Бұл үкімет ағылшын империалистерінің қолдауымен құрылған, оған арқа сүйеген құрылым еді" деген кеңестік зерттеушілердің пікірінің қаншалықты рас екені күмән туғызғанымен, бұл сөздің жаны бар екені даусыз. Ал Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістандағы оқиғаларға сараптама жасап, оған қатысты сан алуан саяси пікірлерге өз көзқарасын білдіре отырып, ол Шығыс Түркістан Республикасына Англияның ұстанымы қандай болды деген сұраққа былай деп жауап береді: "Ағылшындар да Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына көмек қолын соза қоятындай сыңай танытып отырған жоқ. Ағылшындар да Шығыс Түркістан қозғалысының исламдық сипаты бар деп сескенеді . . . "Панисламизм' десе агылшындардың да басының сакинасы ұстайды. Сол себепті ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына аса сақтықпен қарайды" - деп, Англияның ШТР үкіметіне қолдау көрсетуінің негізсіздігін айтады (1. 405-бет) . Ал бұл пікір, шынында, Кеңес үкіметінің өзімен бәсекелес ағылшындардан қауіптеніп, «солай болуы мүмкін-ау» деген ойынан шығуы да ғажап емес. Мұстафа Шоқай осыны дәлелдейтіндей мынадай тағы бір мысал келтіреді: "Чинни Туркістан ауазы" ағылшындар Шығыс Түркістан ұлттық қозғалысына іш тартып болысып отыр деп жазады. Ал шын мәнінде олай болып отырған жоқ.
Біз осы газеттен ағылшындардың Үрімжідегі қытай әкіміне қару-жарақ бергенін де оқимыз. Олай болса, өзі қару-жарақ беріп көмектесіп отырған үкіметке қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысын ағылшындардың қолдауы мүмкін бола қояр ма екен?
Өкінішке орай, ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресіне көмек көрсетуі былай тұрсын, оған сырттай жанашырлық та көрсетпейді" дейді (1. 405-406-бет) .
Шыңжаңның билеушілеріне кеңестік ықпалдың қаншалықты болғандығын, Мұстафа Шоқай 1933 жылы "Яш Түркістанның" 46-нөмірінде былай деп жазды: "Тұрғындарының көпшілігі тарапынан, яғни түріктер тарапынан (бұл жерде ол жалпы түркі тектес халықтарды айтып отыр-Н. А. ) ешқандай құрметке ие бола алмаған және ішкі Қытайдан тым шалғай, оқшау тұрған Шығыс Түркістанның билеушілері тек Кеңес үкіметінің жартылай ашық, жартылай астыртын көмегінің арқасында гана өмір сүріп тұра алды. Шығыс Түркістандағы осы үкімет тұсында бұл өлкенің есігін емін-еркін ашып, қазыналарын қалауынша тонауға, экономикасын өз ықпалына біржола енгізуге мүмкіндік тапқан Мәскеу мұндай үкіметтің бұдан соң да өмір суре беруіне шын мүдделі болатын. Большевиктер Шығыс Түркістанда тек экономикалық пайданы ғана емес, сонымен қатар саяси мақсаттарды көздейді' (1. 3бО-361-бет) .
Ол 1933 жылы "Яш Түркістан" журналында, Кеңес өкіметінің Шығыс Түркістан оқиғаларына қатысты саясаты туралы: "Шығыс Түркістан түріктері өздерінің ұлттық құқықтарын қорғау жолында орталық Қытай үкіметі, Дұнған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың бірлескен одағымен бетпе-бет келіп отыр. Олар өздерінің ұлттық күресін ешбір сырт күштің көмегінсіз, тек өз күштеріне сүйеніп жургізуде" деп жазды (1. 406-бет) .
Кеңес үкіметінің Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың ұлт-азаттық көтерілісіне ешқандай да іш тарта алмайтын себептерін Мұстафа Шоқай былай деп көрсетеді: "Олар ұлттық көтерілістер капиталист мемлекеттерді әлсірететіні себепті, мұндай көтерілістер тек өздеріне зиян келтірмейтін мемлекеттерде болып жатса гана, ондай мемлекеттердегі ұлттық көтерілістерді ұйымдастыруға және жәрдем етуге қатысып отырады.
Шығыс Түркістандағы жағдай басқаша. Бұл жердегі ұлттық күрестің жеңісі Кеңес өкіметі мүдделеріне, оның жаңа отаршылдық саясатына қауіп тудыратын болады. Жапонияның Манжурия арқылы Моңголстанға жақындасуы, бір жағынан, Англияның Тибетке саяси-экономикалық билік жүргізуі, екінші жағынан, большевиктерді Шығыс Түркістан мәселесінде барынша абай болуға мәжбүр ететін факторлар. Оқиғалар мен жалпы саяси жағдай Шығыс Түркістандағы Қытайға қарсы ұлт-азаттық күрестер тек большевиктердің еркімен ғана болып жатыр деген пікірді теріске шығарады"(1. 361-бет) . Мұстафа Шоқай бұл пікірі арқылы Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруіне кеңестік саясаттың мүдделі еместігін көрсеткісі келді. Кеңес Одағы Шығыс Түркістан үкіметінің Шэн Шицай үкіметіне бағынып, тізе бүгуіне мәжбүр етті. Шығыс Түркістан Республикасы, Мұстафа Шокай айтқандай, оның жаулары -"орталық Қытай үкіметі, дұнған күштері және Кеңес өкіметі тәрізді дұшпандардың" қарсылығы нәтижесінде жеңіліске ұшырады. Шығыс Түркістанның тәуелсіздігін Кеңес Одағы ешқашан көргісі келген жоқ. Және көргісі де келмейді"(1Л46-бет) .
Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы қызметін атқарған Қожанияз қажыға Кеңес үкіметі ақыл беріп, оның Қытай үкіметіне берілуін талап етуін, тағы да Мұстафа Шоқайдың "Яш Түркістан" журналында 1935 жылы жариялаған мына мәліметінен көреміз:
"Кейбіреулер " Шығыс Түркістан түріктерінің досы" деп жүрген кеңестік Ресей Қожанияз Ажымға ол Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы болып тұрғанда көмектеспей, Республика туын түсіріп. Қытай үкіметіне берілген соң ғана және дәл осыны шарт ете отырып көмектесетінін білдірді және солай етті де" (1. 446-бет) .
Сонымен, Шығыс Түркістан Республикасы, ұзақ уақыт өмір сүре алмастан, 1934 жылы қазан айында, Кеңес үкіметінің әскери көмегіне арқа сүйеген Шэн Шицайдың әскери күштерінің талқандауы нәтижесінде жеңіліс тауып, таратылды. Кеңес Одағы өзінің көздеген мақсатына кол жеткізіл, Шыңжанды Қытайдың құрамында сақталуына көмектесе отырып, есесіне аймақтағы экономикалық және сауда саласындағы монополиялық билігіне мүмкіндік жасап алады. Мұстафа Шоқай Шыңжандағы мұсылман халықтардың азаттық күресін жаныштауға күш салған Кеңес Одағының саясатын батыл айыптап, ол туралы: "Шығыс Түркістанда қытай отаршыл үстемдігін аударып тастап, тәуелсіз түрік мемлекетінің шаңырақ көтеруі қызыл орыс империализмнің Азиядағы мүдделеріне бүкілдей қайшы келетін. Сол себепті кеңестік Ресей, әу бастан-ақ, Шығыс Түркістандағы ұлттық қозғалысқа қарсы бағыт ұстады" деген болатын (1. 490-бет) .
Шыңжандағы мұсылман халықтардың тәуелсіздік жолындағы күрестері нәтижесінде жарияланған Шығыс Түркістан Республикасы жеңіліске ұшырап, таратылғанмен, онын өмірге келуінің өзі үлкен жеңістің куәсі еді. Басшылығының саяси әлсіздігінен, стихиялық сипатының басым болуынан, қарсыластар күштерінің ара салмағы тең болмауы салдарынан жеңіліске ұшырағанымен, Шыңжаң жерінде Шығыс Түркістан Республикасын құру арманы халықтың көкейінде бәрібір жойылыл кетпеді. Ол арманға жету жолында Шыңжаң халқының бұдан былай да үздіксіз күрестер жүргізуіне тура келеді.
30-жылдардағы Шыңжаңдағы кеңестік саясатқа байланысты, ондағы жергілікті билеушілердің кеңестік ықпалға түсуінің себептерін түркі әлемінің көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай, 1935 жылы, былай деп жазды: " . . . Үрімші губернаторы Шың Шыцай Кеңес үкіметімен тығыз достық қарым-қатынас орнатып, большевиктерден түрлі кәсіптегі мамандар мен қызметкерлерді шақырып, "Шығыс Түркістанның экономикалық дамуы" үшін олардан несие ала бастағанын мойындап отыр. Демек, Шың Штын (Цзпнъ Шужэнь - Н. А. ) тәрізді бүгінгі Үрімші үкіметі де Мәскеудің уысына түскені көрініп тұр. Олай дейтін себебіміз- Мәскеу қызметкерлері, Мәскеу мамандары, Мәскеу қаржысы тек Мәскеудің мүддесі үшін гана қызмет ететін болады. Оның үстіне Шығыс Түркістандағы Қытай үкіметі Мәскеуге ешқандай бір шарт қоя алатын халде емес. Оған шамасы жетпейді.
Шығыс Түркістандағы "Мәскеу мүддесі" дегеніміз, бұл өлке сөз жүзінде Қытайдікі, іс жүзінде Мәскеудікі дегеннен басқа ештеңе де емес" (1. 445-446-бет) . Әрине, бұл алаш қайраткерінің аузымен айтылған пікірлердің артық-кем әсердегі сипатына қарамастан, оның бүл сөздерінің төркінінде шындык жатқанын айтқанымыз жөн. Кеңес Одағы Шыңжандағы сауда байланыстары арқылы экономикалық жағынан көп пайда көргені рас жөне қытай жағының экономикалық мүдделері одан зардап шеккені де белгілі. Бірақ, сол кезеңде Қытай үкіметінің Шыңжаңды экономикалық немесе саяси жағынан да өз қолында берік ұстай алмауы Кеңес Одағының өзінің ұлттық стратегиялық мүдделеріне сәйкес әрекет етуіне толык мүмкіндік берді.
Кеңес Одағының Шыңжандағы жүргізген сауда жөне әртүрлі бағыттағы экономикалық әрекеттері аймақтың өте ауыр, артта калган жағдайында, онын шаруашылығын ілгері дамытуға ықпал еткенін қытай жаты да мүлдем жоққа шығара алмайды. Кенес Одағы өзінің стратегиялық саяси мүдделерін қорғау мақсатында Шыңжаңда белсенді әрекет етіп, оны басқа державалардың ықпалына түсірмеу жолындағы саясатын іске асырып отырды. Ал Шыңжаң Кеңес Одағының бұл әрекеттерінен кеп жағдайда пайда көрді. Қытайдың баска ұлт аймақтарына қарағанда, Кеңес Одағымен көршілес болған Шыңжаңның экономикалық жағдайы біршама жоғары дәрежеде болды.
Шығыс Түркістан халқының ұлт-азаттық күресіне Мұстафа Шоқай барлық түркі тектес халықтар мен әлемнің кез-келген халықтарының да қолдауын қалайды. Ол ''Шығыс Түркістан халқы да әлемнің басқа еркін, азат халықтары сияқты өз тағдь^төзіайкъшдауьт қалайды. Осы бір әділетті күреске көрсетіліп жатқан және көрсетілуі мүмкін кез келген көмекке біз шын жүректен алғыс айтамыз" дейді (1. 406-бет. ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz