1723-1728 жылдардағы Ақтабан шұбырынды мен Алқакөл сұлама: жоңғар шапқыншылығының себептері және әлеуметтік-геосаяси салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ ЖЫЛДАРЫ

1723-1728 жылдары жоңғарлар көшпелі қазақ халқының жартысын жойып жіберді. Қазақ халқының тарихындағы ең ауыр, әрі ең қайғылы кезең болып, ел есінде "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сулама" деген атпен қалды. Неліктен бұлай болды? Қазақ жерлері қорғаусыз қалып, қарапайым халықтың шексіз азапқа түсуіне не себеп болды? Бұған дейін жоңғар әскері мен батырларына төтеп беріп, көбіне олардан басым түсіп келген қазақ батырлары мен жасағы қайда қалды?

Қазақ-жоңғар қатынастары Алтын Орда ыдырағаннан кейін дұрыс қалыптаспады. Бір-біріне шаруашылығы, әдет-ғұрпы ұқсас халықтар арасында екі жүз жылдай уақыт бойы соғыс жүрді. Тек қана XVI ғасырда жоңғар әскері қазақ жеріне жеті рет шапқыншылық жасаған. Бұл тартыс Алтай тауларының батыс бөктеріндегі жайылым жерлер үшін ғана жүрді ме, әлде басқа да себептері болды ма?

Тарихи әдебиеттерге сүйенсек, ойрат одағына кірген тайпалардың күшеюі, 1399-1408 жылдарға сәйкес келеді. Алғаш рет ойраттар, қазақтың керей рулық бірлестігіне шапқыншылық жасады. 1430 жылы қалмақ әскері Ыстықкөлге жетті. Бұл маңды үйсіндер мен қырғыздар мекендеген. Қалмақтар 1447 жылы Сырдария өзені бойында көшпелі өзбектерді (Әбілқайыр Шейбани ұлысы) жеңіп, ал 1459 жылы қалмақ елшілігі Гератта болып қайтты. XVI ғасырдың басынан жағдай өзгеріп, қазақ тайпалары басқыншылық рөл атқара бастады. Шағатайлық Сейіт ханның ұлы Рашид хан, 1522-24 жылдары қалмақтарға қарсы соғыста жеңістерге жеткені үшін "ғазы", яғни "жеңімпаз" деген атаққа ие болды.

Болашақ қазақ ханы Тәуекел сұлтан 1554 жылы ойраттарға қарсы жорық жасады. 1600-1660 жылдар аралығында қалмақтар Тар, Түмен уездерін ойрандады. Ал 1630 жылы Еділдің төменгі ағысы бойына жетті.

Тәуекел ханның інісі, әрі мұрагері Есім хан 1622-1629 жылдары Ыстық көлдің шығысында тұрып жатқан қалмақтарға шапқыншылық жасады. Есімнің баласы Жәңгір хан 1630-1643 жылдар арасында қалмақтармен ит жығыс күрес жүргізіп, бірде өзі де қалмақтардың тұтқынына түсіп қалды. Бүкіл өмірін қалмақтармен соғысуға жіберген Тәуке хан тұсындағы шайқастар ерекше нәтижелі болды. Тәуке ханның қажымас күресі нәтижесінде батыс қалмақтар мен шығыс қалмақтар арасында байланыс үзілді. Батыстағы торғауыт-қалмақтар өзінің хандығын құрып, Ресей құрамына кірді.

1718 жылы Тәуке ханның өлімінен кейін хантағына Болат отырды. Әлжуаз, ел басқару қабілеті төмен Тәуке ханның баласы, әрі мұрагері Болат хан тұсында, қазақтар қалмақтардың ұйымдасқан шапқыншылығының құрбаны болды. Ойраттардың әскери қабілеттерінің күшеюіне, 1709 жылы Полтава шайқасынан кейін орыстарға тұтқынға түскен швед артиллериясының сержанты Иоган Густав Ренаттың қосқан үлесі бар еді. Ол Тобольскіге жер аударылып, кейіннен Бухгольцтың Ертістің жоғарғы ағысы бойына жасалған атақты экспедициясына қатысқан болатын. 1715-1716 жылы қазіргі Павлодар қаласына жақын жерде Густав Ренат басқа да орыс солдаттарымен бірге қалмақтарға тұтқынға түседі. Ол тұтқында 1733 жылға дейін болып, қалмақтарды темір балқытуға, зеңбірек, снаряд құюға үйретеді. Тіпті типография ісін де ұйымдастырады. Қалмақтар Ренаттың басшылығымен соғысқа тиянақты дайындалып жатқанда, Тәуке ханның бұрынғы жеңістерімен көздері тұманданған қазақтар, көршілес қауіпті жаудың барын ұмытып, ішкі тартыстармен әлек болып жатты.

Қалмақтардың арасында Густав Ренаттың пайда болуы туралы басқа да пікір бар. Казактан шыққан Ермак Сібірге жол ашуымен Ресей патшасы І Петр: "Ресей Сібірмен жалғасып ұлғаюы қажет", - деген доктринасына орай, Шығысқа шығу үшін, жолда тұрған екі көшпелі, жауынгер халықты әлсіретумақсатында Ресейдің басштабы жоспар дайындады. Бұл жоспар бойынша ақша мен қарумен қамтамасыз етілген Иоган Густав Ренат қалмақтарға жіберілді. Егер оның көмегімен қалмақтар қазақтарды жеңсе, Ренатқа бас бостандығымен қатар үлкен сыйлық беруі туралы уәде берілді.

1723 жылдың көктемінде жақсы дайындығы бар, зеңбірек пен мылтықпен қаруланған жоңғар әскері, қазақ даласына баса-көктеп кіріп, жолында кездескеннің бәрін жалмап, қырып жойды. Орыс тарихшысы А. Левшин, өзінің "Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей" еңбегінде бұл оқиғаны былай сипаттаған: "1723 жылғы ұлы апат кезінде дүние-мүлкінен, мал-жанынан, туыстарынан айрылған қазақтар бас сауғалауға мәжбүр болған". Тарихта бұл оқиға, "Ақтабан шұбырынды" деген атпен қалған, яғни жаяу, жалаң аяқ босқан адамдардың табандарының тозығы жетіп, "ақ табанға" айналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама: жоңғар шапқыншылығының тарихи, әлеуметтік және экономикалық салдары (300 жыл)
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723-1730): жоңғар шапқыншылығының зардабы және қазақ халқының азаттық күресі
1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама: себептері, барысы және салдары
Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама (1723-1730): себептері, барысы және салдары
XVIII ғасырдың басындағы қазақ-жоңғар шиеленісі: Ақтабан шұбырынды және Алқакөл сұлама оқиғаларының себептері мен салдары
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және XVIII ғасырдағы қазақ-жоңғар қақтығыстары (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама мен Аңырақай)
1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы: Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама дәуіріндегі қазақ хандығының саяси және әлеуметтік зардаптары
XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен 1723-1730 жж. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама: жоңғар шапқыншылығы және азаттық күресі
XVIII ғасырдағы Орта Азия халықтарының жоңғар шапқыншылығына қарсы біріккен күресі: Ақтабан шұбырынды және Алқакөл сұлама
XVIII ғасырдың 20-жылдарындағы жоңғар басқыншылығы және қазақ халқының Отан соғысы (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz