Түркістан шаһары


Қазақ жеріндегі шаһарлардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар тереңінде жатыр. Түркістан шаһары - солардың бірі. Ал, осы Түркістанның көне тағдыры жайындағы тарихи мағлұматтар не дейді, оны біздің біліп - түйген болмысымыз қандай?
Шаһар . . . Қазақ жерін Шыңғысхан жаулап алған XII ғасырда, Отырар қырғыны кезінде Ясы (Жаса) немесе Туркістан қаласының аты аталмайды. Демек ол шақта бұл қала ірге көтергенмен, тым шағын болса керек.
Осы шағын қаланың өсіп, келе - келе даңқының жайылуына себепкер болған тарихи тұлға барын ескеру лазым. Ол - Қожа Ахмед Ясауи. Осы біздің ғасырдың 1093 жылдары Испиджаб қаласына (осы күнге Шымкент облысының Сайрам жерінде болған қала) дүниеге келіп, сол қалада балалық, жастық шағын өткізген. әкесінің аты Ибраһим, шешесі Қарашаш. Олар еті тірі, пысық баласына бастауыш білім берген. Оның одан әрі білім алуына жағдай жасап, оны Бұқардағы медресеге оқүға жіберген. Оқу, білім, дүниетану жолына ол осында түскен. Көп жыл оқып, көп ізденіп, араб тіліндегі оқулықтарды еркін меңгереді. Сол заманның қалың да көлемді кітаптарының бірі құранды бастан - аяқ жатқа айтатын болған. Аспан мен жер, табиғат жайындағы ғылыми кітаптарды да көп оқып, көп үйренген шәкірт оқуды озық бітіреді. Сөйтіп ол Мербі қаласындағы медресеге ұстаз болып барады. Осында біраз боп, Бұқарға қайта оларды. Енді өзі оқыған медресеге сабақ беріп, ұстаздық етеді. Келе - келе білімді, алғыр ұстаз осы медресеге басшы болады.
Артықша дүние - мүлік жинамай, білім - ғылым жинаған жас ұстаз Мербіде де, Бұқарда да тым жұпыны тұрса керек. Мұнын үстіне өсіп жетіле, тоқтаса келе шәкірттеріне де ешбір ерекше, тым артық тұрмауды уағыздай бастайды. Осы кезде оның артық дүние - мүлік, ақша, алтын - күміс жинау, ерен байлыққа талпыну, бөткен еңбекті пайдалану, сөйтіп өзгеден өтен тұру жараспайды, адамдарғы бірбірінен ерекшелене беру, артық ішіп, артық киіну күнә болады деген, сол кездегіше, мистикалық - софылық ойы - төңірегіне, әсіресе, озі жүрген Бұқарға, Мербіге шәкірттері арқылы тарай бастайды. Қалың көпті ашса - алақанында, жұмса - жұдырығынды ұстап отырған ел билеушілер, қыруар қазына иеленіп отырған саудагерлер, биік сарайлар салып, сонда сән - салтанатпен өмір кешкен дәулеттілер мен байлардың құлағы мұны естігенде елең ете қалып: «Бұл қайдан шыққан ой, кімнен шыққан сөз», - деп секем алады. Бүл сөз қасиетті бар ма? Жоқ. Басқа қасиетті кітаптарда айтылған ба? Жоқ. Ондай болса, мұны айтушыны аластау қажет деген қорытындағы келеді. Ахмед Ибраһим баласы, Бұқар медресесінің ұстазы, басшысы жан - жақты құғанға түседі. Ең алдымен медресе басшылығынан, артынша ұстаздығынан айрылады.
Ол шындық іздеп, өзінің ойына дәлел таппақ боп Мекке барады. Ерекше ештеңеге көзі жеткен жоқ. Ахмед өз ойына дәлел де, айғақ та таба алмады. Бірақ ол Ахмед деген жай атына «Қажы» деген жамау жалғап: алдымен «Қажы Ахмед», келе - келе «Қожа Ахмед» атанып кетті.
Міне, көп нәрседен көңілі суып, шындыққа көзі жете бастаған Қожа Ахмед қойын дәптеріне үңіліп, енді өзінің атақты «Хикматын» жаза бастады. Бәрі - бәрі өзінің софылық көзқарасын уағыздайтын бәйіт - өлендер шығарды. Жолай Бұқарға қайта соғып, ескі достар арасында өзінің бұрынғы ойынан, софылық идеясынан қайтпағандығын танытатын, бәйіт - өлеңдерін оқиды, оның елге таралуын көздеді. Бұл кезде бұрынғы ұстаз, енді «құдайдың үйін» көзімен көріп қайтқан Қожат Ахмед қуғынға қайта түсті. Көздің жасымен, жүректің қанымен жаңа жырлар жазылды. «Жыла, Ахмед жылай бер, жасыңды төк, шығар биік, жетер шың, мен баспаған жер қайда бар? Бара алмадым, баса алмадым, жетем деп жете алмадым. Бәрібір айналсоқтап кете алмадым, - деп өкінді ол. Төңірегің надан болғанда білімділік у екен . . . »
Ахмед ақыры, күндердің күнінде туған жер, өскен ел - Испиджаб қаласына қайта оралады. Дүние - мүлік, ақша - дәулет, байлық мұнда болған жоқ. Аса таяғы - ақ шыбықты сүйеу қып, «Хикматын» қолтығына тығып, сонау Бұқардан шыққан керуенге жаяу ілесіп ол Испиджабқа келген. Бұл кезде әкесі Ибраһим де, шешесі Қарашаш та дүние салған. Бұл солар тұрған, өзінің кіндік қаны тамған уйге келіп, бәйіт - өлең сазымен, әке - шешесін жоқтап ұзақ жылады. Өзін - өзі жұбатты. Өзіне - өзі көніл айтты, салауат тілеп, басу айтты. Бәрін бәйітпен, өлеңмен айтты.
Сол шақта Испиджаб - Ақсу өзені бойындығы үлкен қалардың бірі еді. Ақсу Арысқа құяды. Арыс Сырдарияға қосылады. Бұл жер Талас өзені мен Сырдария ортасындағы бау - бақшалы, тауы жақын, төңірегі жайлау әсем жер еді. XI ғасырда бұл жерге келіп қайтқан араб саяхатшы - миссионер, шолғыншы - барлаушылары, әсіресе, ғалым Маскуди Отырар, Шаш, Тараз, Испиджаб, Қараспан қалаларын ерекше атап жазды. Сондай әдемді, сауда жолы үстінде тұрған қаланың сұлуы да, байы да Испиджаб еді. Қожа Ахмед осы қалада едәуір тұрды. Күнкөрісі - бала оқыту, ермегі - өлең жазу еді. Оның «Хикматы» қолдан - қолға көшіріліп, жатталып та жүрді.
Солтүстік Жібек жолының үстінде сауда қаласы Испиджаб халқы, өткінші керуендер ғалым - ақынға онша көңіл аудармады. Дүние, табыс, алтын - күміс, жібек, жүн, түбіт, сақтиян қызығына түскен, ерсілі - қарсылы ағылған халық оның бәйіт-өлеңіне көңіл қойған жоқ, ауызша айтқан ақыл-парасатына күле қарамағанымен жөнді ықылас қоймады.
Өзінен жарты ғасыр бұрын өткен Жүсіп Баласаған ақыннан асып кете алмасын да білді. Ол бұған қарағанда халыққа жақын, оған керекті жайларды айта алатын терең де, жетік те көрінеді. Міне, осы кезді, ең алдымен, ол өзін жасынан білетін Испиджабтан алыстау жерден орын іздеп, Сырдария мен Қаратаудың нақ ортасындағы кең жазық, Қарашық өзенінің бойындағы елді мекеннен, өзі уағыз айтатын мешіт іргесінен өзіне қылует (жер астындағы күн түспес, шыңырау қапас) қаздырады. Нақ алпыс үшке келген күні Испиджабтын бір түнде үшті-күйлі жоқ боп шықты. Қайда кетті? Мұны ешкім, тіпті жақсы таныстар түгілі, ағайын-туыс, көрші-қолаңдар да білмей қалды. Артынша бүтін елге Испиджаб, Тараз, Отырар, Бұзық, Шаш, Қараспан, Бассаған, Ортасаған, Құлан өңіріне мынадай лақап-хабар тарады. «Пайғамбар жасына жеткесін жер басып, күн көріп, ай көріп, өмір кешу күнә. Сондықтан да өмірімді ай-күн көрмей, жер баспай, жер астында, тереңде, кылуетте өткізуге бел баладым . . . »
Бұл әлгі қалалардан бастап, бүтін ислам діні қанат жайған өңірге тез тарады. Керуендер, шабармандар, тіпті, ұзын құлақтар арқылы тарап жатты. «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді» емес пе? Бұл хабар мұсылман қауымына ескен желмен бірдей жеткен. Әсіресе, ислам фанатиктеріне көп жылдық азық, талдау-талқылау, үгіт-насихат болып кетті.
Ол қылуетте, өзіне-өзі салған жер абақтысында, он жыл жатты. Ел оған тамағы мен сусынын әкеп тұрды. Сөйтіп Қожа Ахмед жер астында он жыл жатып, 73 жасында, шамасы 1167 жылдары дүние салды. Оны бүтін ел болып, Ясы тұрғындары кастерлеп, сол қылует тұрған жерге жерледі.
Ол кезде оқыған машайық-софының мойнында өзінің белгісі-бойтұмары болған. Қожа Ахмед бойтұмары-сегіз қырлы асыл қара тас екен. Оны тақуа тұтқан елдің қалауымен Самарқаннан сегіз қырлы қара тас алдырып, мазар басына белгі қойған.
Оның өзі дүние салғанмен, «Хикматы»- өлең кітабы, білімдарлығы, соңғы істеген ісі ерлік ретінде ел аузында аңыз болып қалып еді. Мұнын бағына, осыдан екі жүз жыл өткен шақта Мавераннахр (Самарқан) жерінде Ақсақ Темірдің туы көтерілді. әрине, ол Қожа Ахмед басына орнатуды бірден ойлаған жоқ.
Ақсақ Темір 1381 жылы Герат қаласын алды. Артынша бүтін Персияны бағындырмақ боп, аттанар алдында біркеңесшісі айтыпты:
- Ау, артымызда, сонау Қаратау мен Алтайдын бастап, қалын еліміз қалды. Біз бөтен елді бағындырамыз деп мұнда жүргенде, онда, онау солтүстік жақтағы көршілер, көшпелі тайпалар келіп, біздің жерімізді басып алып қоймай ма? - дегенде, Ақсақ Темір едәуір көп ойланып қалған екен деп келеді аңыз.
Ол «Шынында да, солай болса қайтеміз», - деп толғана отырып, айтқан екен:
- Мұның рас. Бірақ қол жүріп, жол түсіп тұрғанда ат басын кері бұру қиын. Басқа айласын ізделік. Меніңше, сол бір діні жоқ, отқа, суға табынатындардың өздері өз еріктерімен келіп бас иетін айла табу қажет. Ондай айланың бірі - солармен шекараға жақын жерге зәулім, сымбатты ғимараттар, сағаналар, ескерткіш белгілер, қасиеті мол таңбалар, қысқасы, өз ата-бабаларының аруағына өздері өз еркімен келіп, бас иетін, қарусыз мойынұсынатын қасиетті жерлер болуға тиіс. Оны сен айт, не істеу керектігін мен айтам.
Ақсақ Темір айтыпты деген бұл сөз тарихта бар, жазылған. Ал кеңесші Ахмедтің «Хикматын» оқыған қу болса керек, бірден-ақ: «Ондай жер бар, ол Ахмед жатқан жер», - деген екен.
Міне, осыдан бастап, тұтқынға алынған немесе көзіне түскен кейінгі қасиетті, киелі жер деп атаған жөн. Сол жерге өздері келіп бас иетін болады.
Міне, осыдан бастап, тұтқынға алынған немесе көзіне түскен ұсталарды, уй салатын шеберлерді, қыш құятын құпияны білетін мамандарды Сырдария бойына айдады. Қожа Ахмед жатқан Ясы қаласынан зәулім сағана-ғимарат салуға бұйырды.
Мұндағы көп адам жатқан мазар-қорымда бір емес, атағы шыққан үш бірдей Ахмедтің жатқанын білетіндер, қайсы Ахмедтің басына сағына саламыз деп сұрамай жоқ. Ақсақ Темір бұл үшеуін де жақсы білетін. Оның бірі осы өңірді Темірден бұрын билеген Сұлтан Ахмед, екіншісі Құбылай Ханбалықты алғанда оның оң қанатын басқарған қолбасшы Ахмед, үшіншісі Қожа Ахмед болатын. әрине, Ақсақ Теиір бұл үшеуінің ішінен соңғысын, ең бұрын жатқанын, сол жерді қасиетті деп атандырған «Хикматты» шығарған Ахмедтің есімін атады. өйткені дүние салғанына 200 жылдан аса уақыт өтсе де, ел бұл жерге келіп, табынатын еді. әсіресе, Қожа Ахмед бейіті, қылует тұрған жер атақты еді. Содан да қалау осыған түскен.
Ал екінше аңыз, ел аузында сақталған аңыз бұдан әлдекайда басқашалау: Темірдің тұған шешесі Сақыпжамал осы баласына екіқабат кезінде түс көріпті. Түсінде ол бала емес, жылан туыпты. Сол жылан көз алдында үлкейіп, айдаһар бопты. Алдымен ол өзінің туған анасын жұтыпты, артынша сол кездегі Сырдария (бұл өзеннің түрікше атауы, ал македондықтар «Яксарт», арабтар «Сейхун» деп атаған) билеушісі Тоқалақты жұтыпты. Бұл түсін екіқабат келіншек уйіне кездейсоқ қонақ болған жолаушы кемпірге жорытыпты. Кемпір сатқындық жасап, бұл түсті Тоқалаққа айтып қойған. Қатал хан екіқабат әйелді алдырып, өз қолымен ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастатқан.
Сақыпжамалдың туған сіңлісі Теккене жеті айлық тірі жатқан баланың кіндігін тісімен қиып, баланы алып кеткен. әлі беті ашылмаған, бейқүнә он алты жасар қыздың емшегінен сүт шыққан. Баланы өсірген. Ақсақ Темір өмір бақи шешем, анам Теккене деп кетті. Бірақ, шын тарихын өскесін естіген. Демек, Ясы қаласында, Қожо Ахмедтің шикі кесектен тұрғызылған мазарының қасында Ақсақ Темірдің өз шешесінің сүйегі жатты, бұл жерге оның өзінің кіндік қаны тамған еді.
Шындығы аз, жай аңыз бола бермейді. Демек Қожо Ахмед басына саған-ғимарат салуды ойлағанда, ол бұл жайды да еске алды. өзінің дүниеге келген, кіндік қаны тамған жерге сағанағимарат орнатыпты дегеннен гөрі, қасиетті Қожа Ахмед басына орнатыпты дегеннің дәрежесі халыққа басқадан көбірек ұнайтынын білмей қалған жоқ.
Бұл сағананы көтеруге сонау Персиядан бастап, Самарқан, Отырар шеберлері жиналды. Жергілікті халықты құрылыс жүріп жатқан жерге жақын әкеліп орналастырды. Олар өздеріне тұрғын уйлер салды. Олар келе-келе қалаға, Ясыдағы сағана салушыларға көмек көрсетіп, негізгі қара жұмысты, қол жұмысын орындайтын қалаларға айналды. Құрылысты Темірдің сенімді адамы Мәулен Убайдолла Садыр мен ирандық Хасан басқарды. Ясы төңірегіне шоғырланған көп халықты бұлар сағана салуға ғана емес, Шыңғысхан күл-талқан еткен Отырарды, Бүзықты қайта тұрғызуға жаңадан Сауран, Қарнақ, Ихан, Сунақ тәрізді қалалар салуға пайданалар. Бұл құрылыстың қалай жүріп жатқанын күн сайын Темірге арнайы хабарлап отырды.
Ақсақ Темір жеңіске жетіп, көкірегіне жел толып отырған кезде мақтанатын: «Шыңғысхан да мен тәрізді жаһангер, үлкен қолбасшы. Бірақ, ол бұзушы, бүлдіруші, жүрген жерін талқандап кеткен адам. Ал мен болсам, сол сияқты жаһангермін, жеңімпазбын. Алдымен берілмесе бұзамын, жеңіп алған соң қайтадан жасаймын. Жығылғанды тұрғызамын, құлағысы келмегенді жатқызамын. Мен қазір шыңғысхан талқандаған қалаларды қайта жасап, кайта тұрғызып жатырмын». Оның мұнысында аздаған шындық та жоқ емес еді. Көрер көзге, естір құлаққа жасаса да, кейбір жерлерде сағаналар, жаңа қалалар, сәулетті сарайлар, зәулім бекіністер жасалып жатты. «Жүрген жерлерінде өзіңе, осында болғаныңа ескерткіш тәрізді етіп қала орнат, күмбез онат», - дейтіні болатын.
Қожа Ахмед сағанасы жедел салынды. Отқа күйдірілген әдемі де кішкене қызыл қыш Сауран қаласында тұратын еңбеккерлер қолымен жасалды. Аңыз бойынша Ясыдан 30-40 шақырым жерде тұратын қаладан қыш қатар тұрып қолма-қол беру арқылы тізіліп тірып жеткізілген. Есептеп көріңіз, 40 шақырым жерге қанша мың адам қоюға болады?
Ал осы сағанаға керекті қорғасынды, мысты, жезді Қаратау жерінен қазып, Қарнақта қорытып, қырық құлақты, қырық ту биенің еті сиятын қазаннан бастап, сағанаға керек темір заттардың бәрін жасады.
Қанша бір замандар өткеніне қарамастан, қазірдің өзінде Сауранда қыш құйылған жердің, Қарнақта мыс қорытылған жердің орны корніп тұр. Ал сағына құрылысында керекті ағаш Сыр бойынан Үшқайық деп аталатын жерден әзірленген. Ал мәрмәр тастар Самарқаннан түйеге теңдеп жеткізілген. Міне, осылайша Шәрәз, Герат, Тәбіріз, Мавераннахр, Отырар, Испиджаб, Шаш, Исфаған шеберлері бірлесіп жасаған зәулім сағана-ғимарат, көк күмбезді, алтындаған сары ала күмбезді ескерткіш Ясыдан бой көтерді. Халық сәулетті сағанаға бас иіп, табына бастады. Сонау Тәбірізден келіп, осындағы мүлік-қазанды Сәруар баласы Әбд-л-Әзиз ұстаның жасап берген қазанына жан-жатқан жосылым жатқан керуеншілер, мінәжат етіп келген халық қалтасындағы алтын, күміс, мыс теңгелерін бұршақтай жаудырып, осы қазанға тастай бастады. Қазан - Темірдің қазына, дәулет, байлық жинайтын қалтасына айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz