Түркістанның соңғы ханы


Түркістанның соңғы ханы
Түркістан қаласы жүздеген жылдар бойы қазақ хандарының тұрақты резиденциясына айналды. Оңтүстік-Батыс Жетісуда билік басына Жәнібек хан келгенге дейін Сығанақ пен Сырдарияның басқа да қалалары оның әкесі Барақтың қолында болды. Үш жүз жылдан соң осы Барақтың ұрпақтары Барақ хан (1750 ж. қайтыс болған) мен оның ұлы Дайыр сұлтан (1786 ж. қайтыс болды) орыс замандастарын өздерінің атақты аталары Түркістанға да билік жүргізген деп сендірген.
Қазақ жерлерінде Есім хан (1628 ж. қайтыс болған) билік құрған тұстан бастап Түркістан қазақтың ел басқарушы серкелерінің негізгі орталығы болды. Бұл туралы аласапыран жылы Түркістанға келіп Есім ханнан "саяси баспана" тапқан Хиуаның ханы әрі тарихшы Абылғазы өзінің "Түркілер шежіресі" деген еңбегінде нақты айтып кеткен.
Есім хан қайтыс болғаннан кейін қасиетті алада оның ұлдары Жәнібек (1729-1644 кейін) пен Жәңгір (1644-1652 жж. ) хандар және Тәуке хан (1729-1644 жж. ) тұрып, қазақ рулары мен маңайдағы отырықшы-егіншілікпен шұғылданатын халықты басқарған. Олардан соң мұнда Тұрсын, Қайып, Әбілқайыр, Болат, Сәмеке, Сейіт, Әбілмәмбет, Есім, Абылай, тағы бір Болат, Тәуке және басқа хандар тұрған.
Қазақ хандары осы Түркістанда шетелдердің елшілерін қабылдап, мұсылмандық салт-дәстүрге байланысты салтанаттар өткізген, төңіректегі елді мекендер мен қалалардан салық жинауға адамдарды, жат елдерге елшілерді осы арадан аттандырып, әулеті қанда мемлекеттерге ресми қағаздарға ханның мөрін басып, хат жазып отырған.
Түрлі әскери қақтығыстар мен аумалы-төкпелі кездерге, ондаған жылдар бойы шетелдік басқыншылыққа (катаклизмдерге) қарамастан, ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда Түркістан қаласы екі жүз жыл бойы қазақ мемлекетінің ресми астанасы ретіндегі маңызын жоғалтпады.
Тіпті, ташкенттік рақымсыз билеуші Мұхаммед Жүніс қожаның он екі жылдық үстемдігі де қазақ хандарының Түркістанда ақ киізге отыру дәстүрін бұза алмады. Ежелгі қаланы басып алған Мұхаммед Жүніс қожа оның бұрынғы ақсүйек билеушілерін бүкіл Түркістан аймағынан қуып шыға алмады. Сондықтан 1809 жылы Жүніс қожа шешуші шайқастардың бірінде Қоқанның ханы Әлімнен жеңіліп қалған тұста Сырдарияның орта ағысын мекендейтін Шыңғыс ұрпағының қазақтары Түркістанға қайта оралып, әулетінің бұрынғы күшін қалпына келтіріп, маңайдағы елді басқаруға мүмкіндік алды.
ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістанды оңтүстік қазақтарының ханы Тұрсынның (1717 ж. қайтыс болған) бесінші ұрпағы, Шыңғыс әулетінен шыққан Тоқай хан жеке дара биледі.
Түркістанның халқынан басқа оның қарамағында Орта жүздің қоңырат руы, Қаратаудың солтүстік жоталарын мекендейтін Ұлы жүздің сары-үйсін руы болды.
Қоқандықтар жаулап алғанға дейін Тоқай ханның Түркістанды басқарғаны туралы тарихи дәлел орыстың тарихи құжаттарында ғана емес, кейбір ортаазиялық материалдарда да келтірілген. Алайда, Ферғананың әскери-саяси құдіреті әлсіреген тұста жазылған қоқан жылнамашыларының жартылай ресми еңбектерінде, ал "Тұқай төре" немесе "Тоқай төре" делініп, қарапайым атпен аталады. Мұның өзі, Қоқан кезеңіне дейінгі Түркістанның соңғы ханының беделін жасанды түрде жоққа шығару әрекетінен туса керек.
Көшпелі қоңыраттар мен Сырдария бойындағықалалардың халқын басқару құқығы Тоқай ханға қоңырат руларының басшысы ретінде Оңтүстік Қазақстанды қоныс еткен әкесі Қарабас сұлтаннан қалған. Кейбір толық емес мәліметтерге қарағанда, Тоқайға Сырдария даласындағы билікпен бірге хан атағы да әкеден мұра ретінде қалған.
Мысалы, 1875 ж. Ұлы жүздің сұлтаны Шүрегей Ертіс бойындағы бекіністердің бірінде орыс капитаны Андреевпен кездескенде "Ташкенттің ханы" болған, шыққан тегі бытысқан Қарабас сұлтан туралы айтады.
Тоқай хан Түркістанда билік басына келген тұста Оңтүстік Қазақстандағы саяси ахуал өте шиеленісіп кеткен-ді.
1810 ж. көрші Қоқан хандығында, Дешті Қыпшаққа жорық жасаушылардың ісін жалғастыруды көздеген, атаққұмар жаңа билеуші Омар хан таққа отырды. Алғашқы бес жылдың ішінде жергілікті мәселелермен айналысып, Қоқанда шариғатқа қайшы келетін саясаттарды жойған ол өз жанындағы Раджаб диуан бегі Қухистанидің кеңесін тыңдай келе, оны Түркістанды жаулап алуға жіберді.
1816 ж. Раджаб датқа қолбасшы тәжін және Ферғана отрядтарымен Ташкенттен шығып, үшкүнде қазақ қоныстарына жетіп, төртінші күні түнде Түркістанға тұтқиылдан шабуыл жасады. Қоқандықтардың күтпеген жерден жасаған түнгі шабуылына қарамастан, Түркістан халқы басқыншыларға ерлікпен қарсылық көрсете білді. Қантөгіс ұрыстардың барысында ежелгі асананы қорғаумен жергілікті қазақтар мен сарттарды басқарған Тоқай хан қоқандық атты әскерлермен жан аямай соғысты. Қоқан әміршілерінің күші басым болғандықтан, ол Түркістаннан қашып шығуға мәжбүр болып, кейінгі бес жылдан астам уақыт қол астындағы қоңыраттармен бірге Түркістан маңында көшіп-қонып жүрді.
Қоқанның жаугершілік саясатына Түркістан ханының жанкешті қарсылығы тез арада бүкіл Қазақ даласына мәлім болып, алыстағы Омбы шенеунігіне де жетті. Уақыт өте келе оқиғаның басы-қасында болғандардың пікірі Сібір шекаралық кеңсесінің сарғайған қағаздарынан генерал-губернатор П. Д. Горчаковтың алдына көшіп, өз кезегінде ол Тоқайдың ерлігімен Ресейдің оқыған қауымын хабардар етті.
Қазақ ханының Түркістаннан қуғаннан кейін қоқандықтар қалалық қазынаны басып алып, аз уақытта отырықшы және көшпелі елді өздеріне бағындырды. Омар ханның тапсырмасы бойынша, Түркістанды басқаруға әулетіменқоқан сарайында жүрген Шеих-Бадал датқа тағайындалды. Сөйтіп, Шыңғыс әулетінің айтулы қазақтарының екі ғасырлық Түркістанды билеген дәуірі аяқталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz