Үйсіндер шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан жерiн ертеден жайлаған үйсiндер туралы не бiлемiз? Батыс
үйсiндердiң шекарасы Шу және Талас өзендерi арқылы өтiп, Қаратаудың шығыс
бөлiктерiне дейiн созылып жатқан. Үйсiндердiң қол басқарушысы ғұньмо деп
аталған. Үйсiн ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн "Қызыл-Аңғар қаласы" Есiк
көлдiң жағасында орналасқан. Ол ертеден белгiлi "Ұлы Жiбек" жолындағы
маңызды сауда орталығы.
Үйсiндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2 ғасырдың аяқ шенiнде белгiлi
бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас iздеп,
"Батыс өлкесiне" б.з.б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшiлiк жiбергенде ол
Жетiсуда болып, үйсiндер жөнiндегi алғашқы хабарды әкеледi. Чжан Цзяннiң
хабарына қарағанда, үйсiндердiң саны 630 мың адам және олардың 188 мың
жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-ші жылға дейiн үйсiндердiң жерi үш бөлiкке: сол шығыс
бөлiкке, оң батыс бөлiкке және ғұньмоның өзiне қарайтын орталық бөлiкке
бөлiнген, бiрақ олардың бәрi ғұньмоға тәуелдi болды. Үйсiндердiң тарихы
кiшi ғұньмолар мен ұлы ғұньмолардың үстемдiк үшiн өзара болған күрестерiмен
тығыз байланысты. Үйсiндер көршiлес халықтармен тығыз қарым-қатынас
жасаған. Хань империясы және ғұн тайпалары үйсiндермен одақ болып, Хань мен
ғұн әмiршiлерiнiң қыздарын үйсiн ғұньмоларына әйелдiкке берiп отырған.
Қытайдың Хань дәуiрiндегi әулеттiк жазбаларда үйсiндердiң саяси
тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, бiздiң заманымыздың III ғасырына
дейiн жеткiзiлген. Бiздiң заманымыздың 437 жылы үйсiндер Хань ордасына
елшiлер жiбердi деген хабар бар. Академик В. В. Бартольд – "Очерк истории
Семиречья" деген кiтабында және қазақ халқының ауыз әдебиетi тарихында
үйсiндердiң негiзiн құраушылардың бiрi – Дулат атты тайпаның болғанын
айтады.
Үйсiндер негiзiнен мал шаруашылығымен шұғылданған, олар егiншiлiк
кәсiптi де бiлген. Көбiнесе жылқыны қастерлеген. Олар қой, iрi қара, түйе
өсiрген, тары еккен, құлан, сайғақ, бұғы аулаған. Үйсiндер жүн тоқып, терi
илеп, киiм тігіп киген.
Үйсiндер қоғамы бiртектi болмаған. Ол байларға, ру және тайпа
ақсүйектерiне, әскери және дiни адамдар, жрецтер болып, сондай-ақ жәй мал
шаруашылығы және егiншiлiкпен айналысатын қарапайым топтарға бөлiнген.
Үйсiндердiң тапқа бөлiнуiн олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетедi.
Бiздiң заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда "Кангют" деген атпен қытайға
белгiлi қаңлы түрiк тұқымдас тайпалар да өмiр сүрген. Сырдария және Талас
өзендерiнiң бойында мекендеген қаңлылардың астанасы Битянь деген қала. Жаңа
заман шегiнде Кангюй князьдiгiнен 600 мың адамның 120 мыңы соғысқа шығатын
жауынгерлер екен. Қаңлылар үйсiндер тарапынан қысым көрiп, ғұндардан жәрдем
сұрап, көмек алып отырған. Қаңлы өзiнiң сауда, әскери және саяси қызметiнде
ешқашан шығысқа ұмтылған емес, өз байланыстарын олар батыс бағытта
дамытқан.
Қаңлы тайпасының қандай кәсiппен шұғылданғаны жөнiнде мағлұмат аз.
Бiрақ оларда мал шаруашылығы кеңiнен дамыған, егiншiлiк кәсiбiмен
айналысқан, колөнер iсiнде олар алтын, күмiс және темiрден бұйым жасауды
бiлген. Үйсiндер мен қаңлылар Алтай, Орта Азия және Сiбiр халықтарымен
саяси және экономикалық байланыс жасап тұрған. Үйсiндер мен қаңлылардың
арасында табиғатқа табыну, ата-бабаның аруағын құрметтеу сияқты дiни таным
көп тараған. Олар табиғаттан тыс құдiреттi күш бар деп сенiп, құрбан
шалған. Сонымен қатар олар күнге, айға, жұлдызға табынған.
Бертiн келе үйсiндер мен қаңлылардың алғашқы қауымдық құрылысының
ыдырай бастағаны байқалады, қоғам байлар мен кедейлерге, еркiн жандар мен
құлдарға бөлiнедi. Бай көсемдер тобы шұрайлы жайылымдарды пайдаланды, оны
өзiнiң меншiгi деп есептедi. Үйсiндер мен қаңлылардың бай қожайындары өлсе,
онда олардың құлдарын да өлтiрiп бiрге көметiн болған. Мұның өзi сол кезде
қоғамның таптық жiкке бөлiнгенiн айқын дәлелдейдi.

Үйсіндер (Усундер)

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. з. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг — Күн бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтеді-дағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде 6. з. 111-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси
тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас
жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп
отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші
біреулері үйсіндер — түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп
есептейді. Бірақ қалай болса да әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі
үйсін деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған
обаларына қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мекенжайлары зерттелген.
Үйсіндердің қорымдары тау сілемдерінде, таулы алқаптар мен өзен
жағалауларына орналасқан. Әдетте олар озен бойын қумай созылып жататын
обалар тізбегі болып табылады. Обалардың көпшілігі диаметрі 6—20 және
биіктігі 0,5—1,5 м топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер
болып келеді. Үйсін қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым
үлкен, диаметрі 50—80 м және биіктігі 8—12 м обалар кездеседі. Сондай
обалардан — тіпті таланып-тоналғандарының өзінен — археологтар алтыннан
жасалған көптеген әшекейлерді — киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола
айналарды, ағаш қобдишаларды тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі ІІІ—ІІ ғғ. жатады. Олар
— Қапшағай ІІІ, Өтеген ІІ, Қызыл еспе, Қызыл ауыз ІІІ, Қызыл Қайнар. Оларға
ортақ сипат — қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5—6-дан
обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы I ғ. — б. з. I ғ. деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге — Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезеңде үйсін қорымдары
жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі II — III гг. деп саналатын үітніт — кейінгі кезеңге
Қапшағай II, Шолақ-Жиде I,II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол
қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын
үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер
ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар
мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй
іргесіндегі мал шаруашылығына коса егіншілікпен айналысқан тәрізді.
Тян-шаннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген
шатқалдардан кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі
шұрайлы өзенінің бойында. Ол арадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары
аршылып ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Қыстақ қасынан ежелгі
егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.
Үйсіндер шаруашылығы. Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер
ретінде сипаттаған. Оларда үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де
айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де
жүреді —деп жазылған.
Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігінде шешуші рөл
атқарған. Жстісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірт қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірленіп-әлденіп алатын, тау бастарындағы шибі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес —30—100 шақырым шамасында болады. Сол
себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем
мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар сол арадан тұрақты үйлер
салып, оның қасынан егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің
отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі — олардың
тұрақты тұрғын үйлері, қора-жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ-
табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі дақылдар қалдықтары бар
мекенжайларының болуы.
Археологиялық материалдарга қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі
кезеңінен кейінгі кезеңіне жақындаған сайын егіншілік рөлі артып отырған.
Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді — малшаруашылықты — егіншілік болған.
Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін
байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі.
Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар
да болған деседі. Үйсіннің Теңліц обасынан табылған алтын қаптырмада
шоқтығы биік айгыр мінген салт кісі бейнеленген.
Дәулетті-текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан
тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн
маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті
Қытайдан жүрдек аттарга айырбастап алатын болған немесе тарту-таралғы және
салық ретінде алып отырған.
Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал
еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып
жасайтын болған.
Үйсіндер мыс, қорғаныс, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған,
темірді балқытып, одан пышақ пен қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын
жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар,
киім-кешек әшекейлеп істеп шығарған.
Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары — тайпа мен ру
дэулеттілері. жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен
егіншілер болған. Үйсіндер арасында жеке меншіктің өскеніне обаларын қазған
кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола
алады. Үйсіннің кейбір әскербасылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің
қолында алтын мен мыс мөрлері болғаны туралы жазба деректер айғақталады.
Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның
жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені айтылады. Үйсіндер
қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге құлдар да болған, олар негізінен
соғыс тұтқындарынан құралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология материалдарынан
айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің көлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және
биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диаметрі 10, биіктігі 1 м дейін
жететін ең көп кездесетін кішкентай тағылған алтын қаптырмалар, алтын
сырғалар, алтынмен қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған. Ал,
кішкентай обалардағы қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады,
мәйіттің қаңқасымен қатар темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір
кезде қола сырғалар мен қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба
деректер де, археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму барысында
мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.
лдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін
анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға
болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның усундер зиратында бір ыдыстың түбінен
табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді.
Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт сұр топырағы дәнді дақылдар
еккен кезде суаруды қажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін.
Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілік
те дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы,
топырақтың табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндердің саяси құрылымы
Жетісудағы Тиграхауд - сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы тайпалар одақтары
Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).
Үйсін мемлекеті Қазақстан территориясындағы бастапқы мемлекеттіліктің үлгісі
Үйсіндер мен қаңлылар
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Пәндер