Отбасы - неке құқығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Отбасы-неке құқығы

Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зерттелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды.

Отбасының басшысы ер адам болды. Қазақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан тұрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.

Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасының әйел мүшелерінің құқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.

Неке. Қазақ некесі экзогамиялық сипатта болды. Экзогамиялық дәстүр бір рудың, топтың ішінен ерлер мен әйелдерге некеге тұруға рұқсат етпеді. Қазақтарда жеті атаға дейін некелесуге жол берілмеген.

Сондай-ақ қазақ некесі полигамиялық сипатта та болды. Полигамия бір ер адамға бірнеше әйелмен некеде тұруға немесе көп әйел алушылыққа рұқсат ету деген ұғым.

Отбасы патриархалдық сипатта болған соң некелесу мәселесін ата-аналар, негізінен әке шешетін. Олардың шешіміне қарсы болғандар қатаң жазаға ұшырайтын.

Неке құда тұсу рәсімінен басталады. Ата-аналар балаларын үйлендіру үшін құда түседі. Құда түсу балалар жас күнінде, тіпті туылмай тұрып та жасала беретін. Құда түскен соң жігіт жағы қалың мал төлейтін. Қалың малы төленген қызды қалыңдық деп атайды. Қалыңмалы төленген қыз сол жігітке шығуға міндетті болған. Үйленгенте дейін жігіт қайтыс болса, қалыңмалы төленген қалыңдық жігіт елінің жесірі ретінде оның туыстарының біріне күйеуге шығуға міндетті болды.

Хандар, сұлтандар, билер, байлар қалыңмалын төлеп үш-төрт, кейде одан да көп әйелдер ала берген. Қазақтар шариғат жолымен төрт әйел алумен шектелген. Бірақ 20-ға дейін әйел алған хандар да болған. Өкініштісі қартайған билігі, байлығы бар адамдар жас қыздар алуға құмар болған. Бұл ретте шариғат та, адат та олардың құқығын қорғаған. Қазақтар бірінші әйелді бәйбіше, қалған әйелдерді тоқал деп атаған. Бәйбіше артықшылық құқықпен пайдаланған.

Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалындыктың ата-анасына мал ретінде төленетін төлемақы.

Қалыңмалдың мөлшері әртүрлі болған. Өте бай адамдар 100- 150-ге дейін ірі қара мал, орта дәрежедегілер 75-100 мал, одан төменгілер 20-40 мал, кедейлер үшін дөңгелек қалыңмал - 10 мал болды. Көбіне қазақтар арасында қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек-орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.

Сондай-ақ қалыңмалга "бас жақсы" ретінде аса құнды заттар берілді. Бас жақсыға жақсы мылтық, сауыт, дулыға, жүйрік арғымақ, әдемілігі көз тартатын түйе берілетін. Көрсетілген әр жақсы 5 ірі малға теңестірілетін.

Қазақтарда неке кию рәсімін шариғат жолымен молда жасайды. Неке кию салтанатты жағдайда үйленушілердің ата-аналарының, 2-3 куәнің және көпшіліктің алдында өтеді. Неке қию үшін үйленуші жастардың ырзалығы міндетті болған. Онсыз молда некені қия алмаған. Молда неке батасын оқыған соң неке қиылды деп есептелген.

Некені тоқтату адат бойынша тек ер адамның құқығы. Некені бұзуға түрлі себептер болған. Солардың бастысы әйелдің ерінің кезіне шөп салуы, еріне дұрыс қарамауы. Бірінші жағдайда ол куәлердің көрсетуімен дәлелденуі тиіс болды. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және өзіне ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені токтату туралы мәселе қоя алды.

Ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болғанда неке тоқтатылады.

Неке тоқтаған жағдайда балалар әке жағында калады. Тек емізулі бала анасында қалады.

Адат әйелдің құқығын төмен қойды. Ері әйелін ұрып-соғуға құқылы болды. Әйелдің өз алдына мүлкі болмады. Тіпті оның жасаумен келген мүлкі де еріне тиесілі болды. Әйел ерін тыңдауға және оның әмірін орындауға міндетті болды.

Ажырасқан жағдайда ері әйеліне киімі мен төсек орнын, ат және шапан ғана берді.

Әмеңгерлік. Адатта ерекше әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға-інілеріне берілді. Әменгерлік жолымен ерге шықкан әйелдер көбіне жаңа күйеуінің екінші не үшінші әйелі болатын. Тіпті кей жағдайда жесір әйелдердің өзінен жасы кіші әмеңгерге шығуы да кездесті.

Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім береді.

Жасы келген жесірлер әмеңгерге шықпай өз алдына үй болып отыра беретін.

Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды. Олар да әменгерлік жолымен атастырған жігіті қайтыс болған жағдайда оның туыстарының біріне шығуға тиіс болды.

Әмеңгерлік бойынша жесір әйелдің балалары жаңа әкесінің қамқорлығына өтіп жетім деген аттан құтылды. Осылай балалар да, жесір әйел де тарығудан құтылып отырған. Жесір әйел болса күйеуге тиіп, ерлі болды. Сөйтіп жесір әйелдердің болмауына жағдай жасалды. Мұндай жағдай қоғам ішінде жеңіл жүрісті әйелдердің болмауына да себеп болды. Оның үстіне әйелді жесір, баланы жетім ету рудың атына таңба келтіретін оқиға еді. Әмеңгерлік тәртібі бұл мәселені де шешті.

Мұрагерлік құқығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы пәні
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы туралы
Отбасылық қатынстар ұғымы
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Отбасы құқығы. Ұғымы, негіздері мен принциптері туралы ақпарат
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz