ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ

ХVІІІ -ХІХ ғасырлар тоғысында Еуразия континентінде Ұлыбритания мен Ресей бәсекелестігі шиеленісе түсті. Екі империя да Орталық және Орта Азиядан дәмелі болатын. Ресейдің жолында толық бағынбаған халқы мен түсініксіз Қазақ даласы жатпағанда І Петрдің оңтүстік-шығысқа, Индияға қарай жылжу жөніндегі доктринасы табысты болар еді.

Қырғыз даласының әскери топографиясы баяндалған 1820 жылғы журналдан мынаны оқуға болады: "Ұлы Петр, орыстардың белсенді саудасын кеңейтуді көксеп, алыстан шолып, Индияға қарады. Екі елдің арасындағы қатынастарды түбегейлі өзгерту ниетімен ол сауда қатынастарын дамытып қана қоймай, Хиуа хандығын, одан соң Бұқар билеушілерін, сондай-ақ алтын араласқан бай топыраққа жету үшін Жаркентті өзіне қосып алғысы келді".

Қазақ жүздері Ресейге қосылғаннан кейін, патша әкімшілігі кейінгі онжылдықтарға шегеруге болмайтын күрделі мәселеге тап болды. Ресей державасы монархия, ал оның бейнесі патша немесе патшайым еді. Қазақ даласын, шыққан тегіне байланысты жоғары билікке құқы бар шыңғыс әулеті - хандар биледі. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы әулетінің ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақта (Қазақстанның оңтүстік-батысындағы территориялар) 350 жылдан астам үстемдік құрды. Бұл әулеттің кейбір мүшелері Хиуада бүкіл ХVІІІ ғ. бойы хан тағында отырды.

Хан лауазымы тікелей мұрагерлікке берілмеді. Оған тек әскери, сот, дипломатия істерінде дарындылық танытып, көп әрі күшті рулардан қолдау тапқан сұлтандар ғана ие болды. Бұл жерде, кейбір жүздерде, мысалы Орта жүзде ұлы Болат хан мен Әбілмәмбет хан сияқты бірнеше хандардың болғанын айта кету керек.

Мұраға қалған хан лауазымы көп міндет жүктеді. Қазақтарда хан билігінің басты міндеті халықты сыртқы жаулардан қорғап, көрші елдерге жаугершілік жасауды ұйымдастыру еді. Қазақ хандарының ықпалы мен күші соғыс кезінде арта түсіп, бейбіт кезеңдерде әлсірейтін. Бірақ қандай жағдайда болмасын хан мемлекеттің, жүздің, немесе тайпаның басшысы болды.

Ресейдің еуропалық бөлігіндегі отар елдерді (Польша, Финляндия) ұлы княздар, император әулеті, мүмкін, болашақ патшалар биледі. Бірақ олардың бәрі жоғарғы билеушіге - Ресей императорына бағынды. Ресейдің Азиялық бөлігіндегі империяға қосылған қазақ жүздерінде бірнеше дара билеуші - хандар болды және мұндай жағдаймен патша әкімшілігі келісе қоймады. Абсолютті монархиялық Ресейде екі немесе бірнеше патшаның болуы мүмкін емес еді. Сондықтан, Қазақстандағы мемлекеттік саяси институт - хандық билікті жою күрделі мәселенің шешімі болып табылды.

Хандық билікті жоюды жеделдеткен тағы бір мәселе сол кезде саяси дербестігін сақтап қалған оңтүстік-шығыс Қазақстанның шекаралық аудандары болатын. Патша үкіметінің қысымшылығына көзі жеткен бұл аймақтың халқы қытай жаққа шығып, бодандық алып кетуі әбден мүмкін еді. Мысалы, Орта жүздің ханы Абылайдың екі жақты (Ресейдің және Қытайдың) бодандығын патша үкіметіның мойындауын осы жағдаймен түсіндіруге болады.

Қазақтардың 1773-1775 жылдары Е. Пугачев бастаған көтеріліске жаппай қатысуы, 1783-1797 жж. көтеріліс басшысы Сырым Датұлының Нұралы ханмен теке-тіресі Кіші жүздегі хан билігінің босаң екендігін дәлелдеді. Осыны пайдаланған Орынбор губернаторы барон Игельстром Кіші Кіші жүзде хандық билікті жоюға бірінші болып әрекет жасады. Алайда, хандық билік дәстүрі әліде күті болғандықтан, Игельстром реформасы іске аспай қалды.

Орта жүзде басқаша ахуал қалыптасты. 1781 ж. Абылайдың қайтыс болуы, оның ұрпақтары арасындағы ұрыс-керіс хандық билікті әлсіретіп жіберді. Оның үстіне, 1795 ж. екі сұлтан, 19 старшын және 122360 қазақ Уәлиді тақтан тайдыру туралы қартайған ІІ Екатерина патшайымға өтініш жолдады. Дәл осы кезде өкімет хандық билікті жоюды жөн көрмей, оны әлсірете түсу үшін Уәлидің көзі тірісінде Барақ сұлтанның ұлы Бөкейді екінші хан етіп тағайындады.

Осы тағайындаудан кейін патша әкімшілігі Бөкей (1817 ж. ) мен Уәли (1719 ж. ) хандар қайтыс болғанша әліптің артын бағу саясатына көшті. Олар өлгеннен кейін бұл өңірге хан тағайындалған жоқ. Сөйтіп, Ресей билігі шарпымаған аудандар биліксіз қалып, оғаш ахуал қалыптасты. Іс жүзінде хандық билік ешқандай келісімсіз жоғарыдан жойылды.

Жаңа реформа дайындауды патша сол жылдары белгілі либерал қайраткер өз замамының белгілі адамдарының бірі М. М. Спиранскийге тапсырды. Ол бірнеше маңызды реформалар дайындап Сібір комитетінен өткізді.

Азиялық Ресей орталығы Тобыл қаласы болған Батыс Сібір және астанасы Иркутск қаласы болған Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына бөлінді. Батыс генерал-губернаторлығының құрамына Тобыл, Томск губерниялары мен Орта жүздің жерін қамтыған Омбы облысы кірді.

Сібір қазақтары туралы Жарғыға сәйкес Оңтүстік Батыс Сібірді мекендейтін қазақтар "көшпелі бұратаналар" қатарына жатқызылды. Қазақ жерлері округ (15-20 болыс), болыс (10-12 ауыл) және ауыл (50-70 түтін) сияқты әкімшілік территорияларға бөлінді. Осындай құрылым бұрынғы хандық билік жүйесін жоюға тиіс еді.

Жарғы бойынша округтерге тиесілі жерге шектеу енгізілді. Енді бір округтен екінші округке көшу үшін басшылардың рұқсаты керек болды. Мұның өзі жайылымды пайдаланудың қауымдық патриархалдық дәстүрлерінің жойылуына әкеп соқты.

Жарғыға сәйкес округтердің бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі енгізілді. Ауылдарды старшындар, болыстарды сұлтандар, округтерді аға сұлтандар басқаратын болды. Бұл өзгерістер, ең алдымен, ежелден әкімшілік артықшылықтары бар Шыңғыс әулетіне қарсы бағытталған еді.

Аға сұлтандарға үлкен құқықтар берілді. Олардың басшылығымен өтетін округтік приказ мәжілістерінде облыс басшысы тағайындаған екі Ресей өкілі және таңдалып алынған екі "құрметті қырғыз" қатысуы тиіс болды.

Көпшілігін өзі білетін, мысалы, Абайдың әкесі Құнанбайдың билігі туралы А. Янушкевич былай деп жазды: "Орта ордада құлаған хандықтың орнына Ресей аға сұлтандардың билігін орнатты . . . барынша шектелген мұндай билік бір қарағанда, елеусіздеу болса да, басы мен жүрегі бар адамның қолында біршама маңызға ие болады. Тәкәппар хан әулетінің атақты ұрпақтары үлкен дәреже мен жоғарылаудың сатысы ретінде осы атаққа ие болуға тырысты".

Аға сұлтандар мен ауыл старшындары үш жылға сайланды. Бастапқыда тек Шыңғыс әулетінен сайланған болыстар өз орындарында өмір бойы қалды. Қайтыс болған болыстың орнына оның бауырлары немесе балалары үміткер бола алды.

329 тармақтан тұратын Жарғының мәтіні қазақ тіліне ауларылып ауылдарға таратылды. Алғашқы округтер мен приказдарды ашу үшін Көкшетау маңындағы қайтыс болған Уәли ханның қоныстары мен Қарқаралыдағы Бөкей ханның ауылдары таңдалып алынды. Солтүстікке подполковник А. , Орталық Қазақстанға Орта жүз қазақтарының өмірі туралы бірнеше тамаша зерттеулердің авторы Омбы облысының бастығы міндетін атқарушы, гвардия полковнигі, кейінірек Батыс Сібір губернаторы болған С. Б. Броневский жіберілді. Алғашқыда жеті округ ашу көзделіп, кейінірек Ұлы жүздің де аралас аудандарын қамти отырып, Орта Азия шегіне шығу мақсатымен олардың санын сегіз-онға дейін жеткізу жоспарланды.

1824 жылы 8 сәуірде ашылған алғашқы Қарқаралы сыртқы округі бастапқыда Орталық Қазақстанның шағын ауданын қамтып, Жоғары Ертіс шебі бекінісінен (форпостан) 280 шақырым (верста) жерде тұрды.

Полковник С. Б. Броневскийдің Батыс Сібір генерал-губернаторы П. М. Капцевичке мәлімдегеніндей аға сұлтандыққа Бөкей ханның ұдарының ішінен Батыр, Тәуке және Тұрсын сұлтандар үміткер болды. Бөкей қайтыс болғаннан кейін "ежелгі дәстүр бойынша Тұрсын хан тағына отырғанымен, оны үкімет бекітпеді. Тұрсын кенеттен қайтыс болғанда, Бөкейге берілген патша грамотасы мен жоғары дәрежелі сыйлықтар Тұрсынның үлесіне тиді. Сұлтандардың басым көпшілігі батыл түрде Тұрсынның кандидатурасын жақтағанымен, оның жоғарылауын жақтырмаған сұлтандардың екінші бөлігін сайлауға келмеді".

Ресей армиясының майоры шеніндегі жоғары лауазым иесін сайлау рәсімі ерекше салтанатты жағдайда өткізілді. Округтік приказдың қарамағына кіретін 250 казактан ішкі күзет қойылып, сайлауға сұлтан, би, старшындардан басқа қара халықтың үлкен тобы қатысты.

Қазақ Даласында тұңғыш округтің ашылуына патшаның ерекше көңіл бөлгеніне оның 1824 ж. 27 шілдедегі атаулы жарлығы куә. Бұл жарлықта І Александар округтің ашылуы туралы барлық губерниялық, облыстық басқармаларға, үкіметке көпшілік орындарына, министрліктерге, әскери генерал-губернаторларға Қасиетті Синодқа және басқаларға хабарлауды тапсырады.

1824 ж. тамызда подплковник А. Григорович құрамына атығай, керей, қанжығалы және қарауыл рулары кіретін Көкшетау округі мен приказын ашты. Аға сұлтандыққа кең тараған Абылай әулетінің 30 ұлының кенжесі Қасым төре қолдаған Уәли ханның ұлы Ѓұбайдолла сұлтан сайланды.

Бұдан кейін 1825 ж. Құсмұрын, 1826 ж. Баянауыл, 1831 ж. Аякөз, 1832 ж. Ақмола округтері құрылды. Сайлаулар шілде-тамыз айларында, мал семірген уақытта зеңбіректерден, мылтықтардан дүркін-дүркін оқ атылып, ерекше салтанатты жағдайда өткізілді. Офицерлердің алтындатылған, зерлі-әшекейлі киімдері далалықтардың көзін тұндырды. Даярланған жүздеген солдаттар пен казактардың үш қайтара "уралауы", үрлемелі оркестрдің қатты дауысы елдің көңілін аулап, Далада мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан хандық биліктің жойылуы назардан тыс қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хан билігінің саяси жүйедегі алатын орны
Кіші жүз хандығындағы көтерілістер
Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары
Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
ҒҰБАЙДОЛЛА УӘЛИХАНОВ ӨМІРІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанда жүргізілген реформалар
Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы
Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже.
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық статусы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz