Қазақ АКСР - ның одақтас республикаға айналуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
20-жж. аяғы мен 30 жж. басында КСРО-ның әлеуметтік-эконо-микалық
дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер
мен астыртын үйымдарды іздеу кең өрістей берді. Орталыққа ұқсату үшін (онда
өнеркәсіп партиясына және шаруалар партиясына қатысқандарға қарсы сот
процестері жүріп жатты) Казақстанда үлтшылдық бағыттағы жауларды іздеу
бастадды. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар
мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиги апаттар болса — бәрі де тап
жауларының тіміскі әрекеті деп түсіндіріліп, осыған сай халық жауларына
және кеңеске қарсы деген бұлікші үйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты
іс қозғалды. 1932 ж. Семейде, осы облыстың Абралы, Шыңгыстау жоне Қу
аудандарында өмірде болмаған, орталығы Алматы болып табы-латын астыртын
Қазақстан шаруалар партиясының филиалы ашылды. Алайда шаруалардың
жаппай көтеріліс жасауына және ауылдар мен селоларда ашаршылықтан
адамдардың өлуіне кара-май, бүл іс кең өріс алмады. Осы іс бойынша 20-дан
астам Адам жауапқа тартылды. 1933 ж. Қызылорда облысының Қармақшы
ауданында байшыл-ұлтшыл контрреволюциялық Жайлас ұйымы әшкереленіп,
жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға
бұйырылды.
Осымен қатар партия ұйымдарын тазалау жүргізілді. Сенуге бол-
майтындардың немесе бір кезде қате жібергендердің бәрі БК(б)П қатарынан
аяусыз қуылды. Олар негізінен троцкийшілердің; оңшыл және ұлтшыл
ауытқушылардың қатарында болдың немесе соларға жаның ашыды деп айыпталды.
Егер 1921 ж. алгашқы негізгі таза-лаудың кезінде Қазақстанда партиядан 2,1
мың адам шығарылса, 1929—1935-жж. —5,8,1939 ж.—15,4 мың адам партиядан
шығарылды. 1937— 1938-жж. жазалау кезінде республикада БК(б)П-дан 9223
коммунист шығарылды.

Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Тоталитарлық жүйенің қылмысы
мен халықты жаппай жазалауы

1936 жылы желтоқсанда қабылданған Кеңес Одағының жаңа Конституциясы
КСРО-ға тікелей қарайтын жаңа одақтас республикалардың құрылуын заң жүзінде
іске асырды. Осы уақытқа дейін Одақтың құрамында жеті республика болып
келсе, енді олардың саны он бірге жеткізілді. Завкавказье Федерациясы
таратылып, оған қарап келген Әзірбайжан, Армян, Грузин республикалары енді
Одаққа тікелей қарайтын болды. Қазақ, Қырғыз Автономиялық республикалары да
Одақтас республикаларға айналды.
Қазақстанның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, оның Одақтас
республикаға айналуы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын
қабылдауды қажет етті. Осыған орай Орталық Атқару Комитеті құрған
Конституциялық комиссия жасаған Конституциялық Заң жобасы 1937 жылы 9
ақпанда Республика еңбекшілерінің талқылауына ұсынылды. Баспасөз бетінде,
ұжымдарда кеңінен талқыланған Конституция жобасын 1937 жылы наурыздың 21-26
аралығында болған Қазақстан Кеңестерінің төтенше оныншы съезі қарап
бекітті.
Конституция Қазақ Кеңес Республикасының жұмысшы, шаруалар табының
социалистік мемлекеті екенін, оның саяси негізін еңбекшілер депутаттары
кеңесі құрайтынын, сол арқылы бүкіл биліктің еңбекшілердің өз қолдарына
топтастырылатыны атап көрсетілді. Республиканың экономикалық негізін
шаруашылықтың социалистік системасы және мемлекеттік, сондай-ақ,
мемлекеттік-кооперативтік меншіктен тұратын социалистік меншік құрайтынын
жариялады. Республикадағы ең жоғарғы мемлекеттік орган төрт жылға тікелей
сайланатын ҚКСР Жоғарғы Кеңесі деп көрсетілді. Жоғарғы Кеңес өзінің
Президиумын және Үкіметті - Халық Комиссарлар Кеңесін құрады делінді.
Конституция барлық азаматтардың демократиялық құқықтарын, бас
бостандығы мен міндеттерін белгілеп, республиканың ұлттық ерекшеліктерін
ескерді. Онда Қазақстанның Одақ құрамына егеменді ел ретінде ерікті
кіретіні, жерінің тұтастығы мен бөлінбейтіндігі, Қазақ КСР азаматтарының
КСРО азаматы болып танылатыны туралы айтылды. Конституцияда тұрғылықты
халықтың өз тілімен еркін пайдаланып, ана тілінде мектеп, мәдени ошақтар
мен мемлекеттік мекемелер ашуға ерікті екені көрсетілді.
Заң жүзінде осындай демократиялық еркіндік пен құқықтар
мойындалғанымен, іс жүзінде конституциялық ережелердің бұрмалануы,
демократияны бұзушылық пен заңсыздықтың осы жылдарда белең алғаны қазіргі
күндерде белгілі болып отыр. Жариялылық тұсында шыншылдықты, ақиқатты
қалпына келтіруге, боямасыз көрсетуге ұмтылыс жасалып жатқан бүгінгі таңда
сол жылдардың тарихындағы ақтаңдақтар қазір жаңа деректермен,
мағлұматтармен шыншылдық тұрғысынан көрсетілуде.
30-жылдардың екінші жартысында, дүниежүзілік соғыстың қара бұлты қаптап
келе жатқан тұста әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі өзінің бойындағы ең бір
жексұрындық қасиеттерін көрсете бастады. Соның салдарынан Кеңес қоғамы аса
ауыр да, зардапты қиындықтарға кездесті. Одан Қазақстан да тыс қалған жоқ.
Жергілікті партия, кеңес, комсомол, кәсіподақ ұйымдары, шаруашылық орындары
үлкен соққыға душар болды. Жеке адамды дәріптеу жағдайында жергілікті
кадрларды қудалау етек алды. Қаралап, жала жауып арыз бергендерді
қолпаштау, жаппай сезіктену, шет ел пайдасына шпиондық жасап жүр деп
орынсыз айып тағу, басқа жүгенсіздіктер мен жөнсіздіктер тыюсыз етек алды.
Партия, кеңес қызметкерлері, оқыған зиялылар орынсыз қудалауға, құрбандыққа
ұшырады. Сөйтіп, қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 жылы басталды.
Бұл жылы "халық жауы" деген айып тағылып, Л. И. Мирзоян, О. Исаев, Ү.
Құлымбетов, С. Мендешев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов,
С. Есқараев, Т. Жүргенов, ақын-жазушылар С. Сейфуллин, Б. Майлин, І.
Жансүгіров, Р. Тоқжанов, А. Қоңыратбаев тағы басқа ғылым мен мәдениеттің,
өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам
НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті. Олардың
арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы
қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін
қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ
халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.
Сол тұста болмашы жазығы бар, тіпті ешбір жазығы жоқ адамдар да ұсталып
жатты. Оған анекдотқа айналып кеткен мына бір кішкене суреттемені келтіруге
болады. Ауылдағы егде тартқан пысықтау бір қазақты ұстап, аудандағы НКВД-ға
әкеліп тұрса, оның бастығы - бұл не істеп еді? - деп сұрайды. Сонда
белсенді болып көзге түскісі келген милиция қызметкері: - Бұл ештеме жасап
үлгерген жоқ, бірақ жау екенін біліп тұрмын, - деген екен. "Елдегі
белсенділер" бұл сияқты озбырлықты аз жасамаған. Бейімбеттің бір
әңгімесінде ауданнан келген бір милицияның бір әдемі келіншекті қызыл
матадан іш киім кидің деп жауаптап әуреге салғаны айтылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғ. 20-30 жылдардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
КАЗАҚСТАНДА СОЦИАЛИЗМ ҚҰРУ КЕЗЕҢІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ (1917-1941 ж. ж. )
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық- саяси өмірі
20-30 жылдардағы Кеңестік жүйенің реформаларының қасіретті салдарларына байланысты тарихи зерттеулер
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары
Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тарихи қалыптасу жолдары (кезеңдері)
Қаз АКСР құрамына кірген қалалар
1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Пәндер