ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті: зерттеушілер, ағартушылар және ұлттық мәдени өрлеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғ. екінші жартысы -ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің құрамына қосылған ұлт аудандары да, соның ішінде Қазақстанның жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар қаптап жіберілді. Көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ және басқалардың есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннiң, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.

Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми-жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саяхатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған.

Еліміздің мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың түңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оның қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский. Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл-педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі - Ыбырай Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліп-биін жасады. Осы әліп-би бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ қыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жүмыс істей бастады. Оны бітірген кыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.

Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж. / өзінің шығармашылығымен кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ол орыстың ғылыми-жағрафиялық қоғамының мүшесі болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп өздерінің халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесіп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, олардан кейін іле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Өспе, Кемпірбай қазақ мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Біржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т. б. өлең-жырлары өздерінің терең мазмұнымен жұртшылықты тәнті етті. Айтысқа түсіп жүлде алып, өлеңдері жұрттың есінде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келіншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат, Балқия, Рысжан, т. б. солардың қатарына жатады.

Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Ықылас, атақты әншілер Мұхит, Әсет, Біржан сал, Жаяу Мұсаның есімдері бүкіл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра - бүгінгі таңда да қазақ халқының игілігіне айналып отыр.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы - Абай Қүнанбаев. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған ғақлиялардың мол мүрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, рухани тазалыққа үндеді. Оларға жат қулық-сұмдықты, залымдықты шенеді. Ол туралы қазақтың аса көрнекті ойшыл жазушысы Мүхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі, ол леп кешегі өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгiн ол үн біздің үнімізге қосылып жаңғырып жаңа өріс алып тұр".

Абайдың ақын шәкірттері өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, інісі Шәкәрім қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әсіресе, Шәкәрім Құдайбердіұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уақытқа дейін халык жауы ретінде аталып, есімі жұртқа белгісіз болып келді.

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін, -

деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесін биіктетіп, мол әдеби мұра қалдырды. Шәкәрім жазған "Қазақ шежіресін", "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек", "Дума", "Дубровский әңгімесі" /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерінің, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттің "Том ағайдың лашығы" деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тіліндегі аудармаларын атауға болады. Қазақтың ірі ойшыл шежірешісі, ақыны Мәшүр Жүсіп Көбеев те /1858-1931/ осы Шәкәрім түстас өмір сүріп, халық сүйіп оқитын шығармалар жазды.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялыларының қалыптасуы: ағартушылық, саяси көзқарастары мен тарихи рөлі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының тарихы мен тарихнамасы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасыр басындағы Түркістандағы патшалық Ресей отарлық билігінің қалыптасуы мен қызметі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы мысал жанрының қалыптасуы және Молда Мұсаның үлесі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мұсылман ағартушылығындағы медреселердің рөлі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы мұсылмандық және жәдидтік білім: отаршылдық саясаттың ықпалы мен тарихнамалық талдау
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ кітаби ақындарының дәстүрлі жазба әдебиеттегі орны
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ғылыми мекемелер мен қоғамдардың қалыптасуы, қызметі және білім-ғылымға ықпалы
Әсет Найманбайұлының белгісіз шығармалары мен поэтикасы (ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасыр басы): тарихи-әдеби талдау
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстандағы сауда жүйесінің қалыптасуы мен дамуы (Сырдария облысының материалдары негізінде)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz