Шоқан ғылымға не қосты


ЖОСПАР
Кіріспе2
Шоқан ғылымға не қосты?2
Қорытынды4
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi6
Кіріспе
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Оның қысқа да жарқын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көп ғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ықпал етті.
Шоқан ғылымға не қосты?
Шоқан ең алдымен, өз заманының аса мәдениетті, зор білімді азаматы еді. ол шығыстың, орыстың, тіпті сонау батыс Европа елдерінің тарихы мен әдебиетін еркін игерген. Бұған оның көптеген шығыс тілдері мен европа тілдерін жетік білуі себеп болды. Мәселен ол қаэақ және орыс тілдерінен басқа Европа елдерінің (ағылшын, француз, неміс) еркін білді, оның үстіне араб, парсы, түрік тілдерін меңгерді, Ол қандай да болмасын еңбектерді, әдеби кітаптарды өэінің түпнұсқасынан оқи алатын еді. Мәселен, ол шығыстың ежелгі тарихи мұралары болып есептелетін, көптеген батыс және орыс ғалымдарының тісі батпай жүрген Рашид-Эддин, Әбіл-Ғазы, Бабур, Тарихи Рашиди, Шәйбани-нама сияқты тарихи шығармалардың текстерін еркін оқи алатын.
Шоқан шығармалары, ең алдымен, өз халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған. Мәселен, оның «Аблай», «Қазақтардың ертедегі қару-жарақтары», «Шона батыр», «Қазақ батырлары», «Қазақтардың ата-тегі», «Қазақтардың көшіп-қонуы» атты еңбектері қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдебиеті жөнінде қағазға түскен алғашқы ғылыми деректер. Ал, «Сібір қазақтарының сот реформасы жайында», «Даладағы мұсылманшылық», «Шаманизм сарқыншақтары» деген еңбектері оның теориялық ой-пікірінің шыңы болып есептеледі. Шоқанның прогрестік-демократиялық көзқарастары, ең алдымен, осы еңбектерінен айқын көрінеді.
Осы және басқа еңбектерінде Шоқан өзін қаналған халықтың мүддесін қорғаушы, ағартушы-демократ ретінде танытады. Мәселен, «Сібір қазақтарының сот реформасы жайында» деген еңбегінде ол Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде патша өкіметі жүргізіп отырған сот реформасының халыққа жат сипатын ашып береді. Оның қалың бұқара емес, тек ат төбеліндей байлар мен билердің, сұлтандар мен қожа-молдалардың мүддесі үшін жасалып отырғандығын ашық айтады. Сөйтіп, Шоқан тап туралы қазақ тарихында тұңғыш рет қалам тартқан қоғам қайраткері болып есептеледі. «Шаманизм сарқыншақтары», «Даладағы мұсылманшылық туралы» деген еңбегінде діннің шығу тарихын материалистік тұрғыдан түсіндіре келіп, жалпы діннің, оның ішінде исламның халыққа қарсы, реакциялық сипатын әшкерелейді.
Шоқан тек қазақ халқының ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия халықтарының тарихын, тұрмысын өте жақсы білді, ол өзін бірсыпыра еңбектерінде олардың ғасырлар бойы хандар мен бектердің, байлар мен молдалардың табанында тапталып келе жатқанын ашық айтады. Ол кезде өнер-білім ордасы болған Орта Азияның сол кездегі тоқыраушылығы тоғышарлығын, надандығын ашық жазды. «Жоңғария очерктері» атты» еңбегінде ол Орта Азия феодалдарының топастық, арамтамақтық және фанатист қылықтарын көрсете келіп, олардың идеологиясын әшкерелейді.
Шоқанның Орта Азия мен Шығыс Түркістаңды зерттеп, география ғылымына үлкен үлес қосқанын бүкіл дүние жүзінің ғылымы мойындайды. Оны ең алдымен орыс ғалымдары П. П. Тянь-Шаньский, И. В. Мушкетов, М. И. Венюко Н. А. Аристовтар Шоқанның Тянь-Шаньмен Жетісу географиясы туралы еңбектерін аса жоғары бағалап, оны осы алғаш ашушылардың бірі деп есептеген.
Ол тек Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихы мен тұрмысын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен бірге қытай, моңғол, қалмақ елдерінің де географиясына, этнографиясына, тарихына, тұрмыс-салтына терең талдау жасаған. Мәселен, оның «Жоңғария очерктері», «Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы», «Алты шаһардың немес Қытайдың Нан-лу өлкесінің шығысындағы алты қаласының жағдайы» атты еңбектерінде Жоңғарияны, Син-Цзяньді мекендеуші қытай, моңғол, қалмақ халықтарының тарихын, тұрмысын, әдет-ғұрпын қызғылықты етіп жазады.
Міне, осы аталған еңбектерінің өзінен-ақ Шоқанның ғылымның сан-саласынан терең мағлұматы бар, жан-жақты ғалым екенін аңғарамыз. Мәселен, оның географ, этнограф, тарихшы, шығысты зерттеуші, экономист, юрист, публицист, әдебиетші екенін және осы ғылымдарға өзінше үлес қосқанына ешкім шек келтірмейді. .
Шоқаннан қалған мұраның бірі- бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.
Қорытынды
Заманында дүние жүзілік ғылымға елеулі үлес қосқан Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт», «тамаша ғалым» деп атады. «Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқының шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді» - дейді Потанин. «Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бір ауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» - деп жазды Н. И. Веселовский. Шоқанды көрген, оны жақсы білген ғалымдардың осынау жан тебірентерлік жылы сөздері - оның еңбегіне ғылым әлемінің бір ауыздан берген әділ бағасы болып қала бермек.
Петербургте болған жылдары 1859-1861 Шоқан өміріндегі ең бір қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы интеллигенциясымен араласа жүріп ол өзінің білімділігін, талантын танытты. Шоқан шығыс зертеушілері В. В Грирорьевпен, В. П. Васильевпен, В. В. Веньяминов-Зерновпен, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі А. Н. Захаровпен, сыншы Н. Н. Страховпен, ақындар А. Н. Майковпен, Я. П. Полонскиймен және басқа орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен байланысын үзбеді. Шоқанның достарыныың ішінде аса көрнекті орыс жазушысы Ф. И. Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда танысқан кейіннен Семейде жалғасқан бұл достық Петербургте де үзілмеді.
1861 жылдың көктемінде белгілі ғалым болып танылған Шоқан ауруға шалдығып, аулына қайтады. Пікірлес достарының арасында Петербургте екі жылдай болған Шоқан үшін бұл кезең жарқын да, қуанышты да болды. Ағайын-туысымен келісе алмаған соң Шоқан Омбыға келіп қазақтың сот реформасындағы мәселелерімен айналысты. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясының құрамында Әулие ата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады.
1865 жылдың “Русский инвалид“ газетінің 51 санында көрнекті жас қазақ ғалымының Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды.
Шоқан Уәлиханов 30 жасында туберкулез ауруынан 1865 жылдың сәуір айында Алтын Емел жотасының етегінде Көшен тоғаны деген жерде, албан руының аға сұлтаны Тезектің ауылында қайтыс болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz