Қазақ шежіресіндегі тарихти деректер
Мұхтархан ОРАЗБАЙ
Тарих ғылымдарының докторы, Профессор
Қазақ шежіресіндегі тарихти деректер
Тарихта қажырлы мінезімен танылған, өз кешуінде ержүрек, ақыл-парасатты
ерекшелігімен өмір кешкен Түрік тектестер (соның ішінде қазақтарда бар)
тұтас дүниеге танымал,тарихи терең тамырлы мәдениетке ие елдердің біріне
жатады. Әлем таныған ойшыл адамзат ғалымдары соңғы екі ғасыр бойы жасаған
жаппай зерттеулерінде, Түрік тектестерді жан жақтылы тану, тарихи кешулерін
тұтастай қарастыру, саяси, экономикалық, қоғамдық, әскери өмірлерімен толық
танысуды өздеріне мызғымас бойтұмар ете отырып, осы аталған елді өз
ойларының иіртпегіне қалай көндірудің аса қауіпті әрі жымысқы саясатын іске
асырудың жасырын және әшкере жолын қарастыруды басты тақырып етіп ұстанған
болатын. Амал нешік, адамзат мәдениетінің қордалы қорына, асыл арнасына
асқан данагөйлікпен үлес қоса алған елдердің біріне жататын Түрік
тектестерге жасалған осындай жойдақсыз қаскүнемдіктер, ұзақ ғасырларды
бастан кешкен тарихы, ұлан-асыр әдеби мұралары, өскелең өреден танылатын
мәдениеті бар қауымға жасалған теңдессіз қиянаттар мен бейгүнә жалалар,
аталған елді адам нанғысыз улы тәсілдермен тұншықтырудың оңтайлы құралына
айналаып қала берді.
Алайда, істің екінші бір жағы, атап айтқанда, Түрік тектестерді
тұқырлатамыз деп жүріп, олар күтпеген жерден, өздеріне беймәлім болған
елдің керемет кешулері мен таңғажайып тағдырларының тарихтағы талас
жүрмейтін деректеріне тап болды. Түрік тектестер тарихының тарихтағы алтын
кезеңдерінің бадырайған алтын жазулармен жазылған баға жетпес белгілерін
көздерімен көрді. Осындай деректер күн көзіне шыққан сайын жарқырай
бастады. Өздерінен өзгені жанға баламайтындар, әлемде өзімізден өзгеде
тарихи мәдениет атаулы болмаған деп кеудесін кергендер, жоғарыда аталған
терең тамырлы деректерді көзі көріп, қолы ұстағаннан кейін, олар өмірдің
бетқаратпас шындықтарынан Түрік тектестермен санасуды біртіндеп үйрене
бастады. Алжасқан ақылдары бастарына біртіндеп қона бастады.
Солардың бірі және бірегейі ретінде танылатын, тарихи талғамы мен
түсінігі өзгеше көзге басылатын ерекшелігі арқылы дүние жүзіндегі талай
талғампаз жандарды өзіне табындырып отырған елдердің бірі қазақстан елі.
Шежірелі кешуі, керемет даналығы мен мұндалайтын қазақ елінің кешулері
де адам баласын таңырқатарлықтай ғажайып еді. Сол елдің тарихи қожасы мен
қазіргі егемен күндегі басым көп санды ұстайтын ұлтың атауы да қазақ ұлты
ретінде әлем мемлекеттерінің біріне айнала алды.
Қазақстанды танып білгісі келетін,соның ішінде қазақ ұлтын терең
мағынасымен танып, аталған ұлттың тұтас болмысы мен тіршілігін толық ұғып
білгісі келетіндер аз емес екені анық.
Алайда, егемендігін алғанына он неше жыл ғана болған Қазақстанды жете
тану, оның тарихи тамырларын толығынан аңғару оңай-оспақ шаруа емес екені
бесенеден-белгілі шаруа. Олай дейтініміз, соңғы бір ғасыр ішінде, аталған
елге жасалған жат жұрт жаулаушыларының отаршылдық бүлік пен аталған ұлтқа
жасалған қастандықтарға толы зәһарлі саясаттың ашшы уыты,әлі де болса талай
жылдарға дейін жалғасатыны белгілі.
Сондықтан да, бұл тақырыпта тән толық қанды мағлұматты табу мен тану өте
қиындықтарды тудырып отырады. Талай ғасырларға созылған әрі бір желіде
жалғасып жеткен отарлау саясаты мен отар экономикалық тонаушылық, ең
алдымен мәдени және білім саласындағы ұлт өкілдерін жою сынды құпия түрде
жүргізілген қатігездіктерден басталды. Оның дәлелі ретінде, соңғы он жыл
ішінде мемлекетімізде елбасының жарлығымен ақталып жатқан сан мыңдаған
бейгүна жандардың тарихи жалаға толы қылмысты делінген бейгүнә “істері” куә
бола алады.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында жазықсыз түрде сотталып, елім,
жерім, отаным, ұлтым, қазағым деп шыжақтап сөз сөйлегені үшін оққа
байланған қазақ азаматтарының санын санап отырудың өзі, есі бар адамды
ақылынан адастырарлықтай қан мен жасқа толы қасіретке батырады.
Ғасыр басында жеті миллион жан саны бар бір ұлт, бір ғасыр соңында,
тағы да сол баяғы жеті милион санымен қалғанын естудің өзі, дүние жүзіндегі
әрқандай бір ұлттың есті азаматының басына күдік бұлтын ұялатып, ақылына
симастай азап әкеледі десек қателеспейміз.
Бұл тақырып, тек қана, қазақ ұлтының азаматтары үшін ойланатын
тақырып емес, сонымен бірлікте, Қазақстанды танысам, білсем, қазақ ұлтын
құрметтесем, сырласып силассам деген дүние жүзіндегі әрқандай бір елдің
азаматтары үшін де, өте тартымды тақырыптардың біріне жататыны даусыз.
Қазақстан елін, шежіресін, қазақтың тілі мен тарихын білу, адамзат
мәдениетін танудың құрамдас бөлегі деу артық айтпағандық.
Тарихтағы тарпаң күндердің тепкісі мен тегеуріндерінен сомдалып өткен
біздің ұлтымыз, өзіне хас, ешкімге ұқсай бермейтін ғаламат мінезімен,
әлемдегі адамзат атаулының ұрпақтарына бұйыра бермейтін тамаша табиғатымен,
өзге ұлттарға ұқсамайтын аса зерек қабілеттілігі және біртоға
ақылдылығымен көзге түсіеді. Тарихтағы аса көп санды ғалым ұлдарының
адамзат баласының саналы ойына, адамгершілік жолында дұрыстық жолын
жақтаған инбатты кеңестері, ой пікірлері, даналық пен өнерлілікті
дәріптейтін тамаша дәстүрі, тұтас ұлт ретінде алып айтар болсақ, өте ерте
кезден бастап қалыптасқан.
Айталық, ертедегі қазақ ұлтының тіршілік жүйелерін зерттейтін болсақ,
жазу-сызусыз-ақ, дүниежүзілік адамзат білімін ойға тоқып, соны өмірдің
өзегімен тікелей ұштастыра отырып қолдануы, адамзаттың ген ғылымында
қайтадан қарайтын күрделі тарихи тақырыптар қатарына әрі соның ең
маңыздысына жатады.
Жұмыр шардың батысы мен шығысы, теріcкейі мен күнгейінде жасап жатқан
сан мыңдаған халықтың, сан ғасырлар бойы толассыз ізденіп, елге тыныштық,
бейбіт, тату тәттілік, береке, бірлік сыйлауды ойласып сарпалтаңға түсіп,
соңғы екі ғасыр бойы әуреленіп жатса, айталық, философия, изм т.б. толып
жатқан тақырыптарды қамтыған идеялар, танымдар, түсініктер, көзқарастар,
аксиомалар, нысайлар сынды қоғамдық талас пен қайшылықтарды бәсеңдету
жолдарын іздеп жатса; елде демократия орнатамын, теңдік заңдарын шығарып,
әділділікке жеткіземін десіп әуре сарсаңға батып жатса; солардың бірталайы,
дәлірек айқанда, берекелі тыныштық, ел мен жер десе, отан, ұлыс, ұлтым
десе, соның қамы, соның ертеңі, соның келешегі десе, ішкен асын жерге
қойып, соның жолында тер төгетін, неге болса шыдай беретін тамаша
қасиеттер, даурығып, далбақтамай ісін тындырытын дағдылар, көп жағдайда,
тек қана қазақ баласының бойынан табылады. Бұндай ерекшелікті тек қана
қазақ қанынан іздегендер ғана таба алады.
Тарихта талай ғұламалар жазып сызып, көз майын тауысып хатқа түсіріп
қалдырған дүниелердегі тоқ етер түйіндердің көбі, біздің қазақ баласының
қанына өте ертеден сіңіп, қалыптасып қалған секілдннеді. Осы тектес тұқым
қуалаған тамаша қасиеттеріміздің арқасында ғана, біздің әлгінде ортаға
қойып отырған тарихи ген тақырыбы жүйсінде сақталып қалғандығының жанды
айғағы іспеттес, үш ғасырлық ең аяусыз тұтас ұлттық жаныштаулар мен қан
сорғалатқан тұтас ұлттық езгіге төзе алдық. Содан аман өттік.
Қысқа ғана он жылдық азаттық алған күндер ішінде, біз басқа ұлттар жүз
жылдап зорға өткен ұзын сонар жолды, дәлірек айтқанда, тұтас қоғамдық
демократиялану, күллі әлемдік істерді жаңаша, адамгершілік қасиеттермен
тану, түсіну, бажайлау мен парықтау сынды маңызды әрі күрделі тақырыптарды
тез арада игере алдық. Осындай елеулі тарихи барысты, өте зеректікпен,
ақылды түрде нық басып, дәл аттап өте алдық. Бұл, жоғарыда атап өткен қазақ
халықының атадан балаға ауысып, тұқым қуалап жеткен керемет табиғи
болмысының, тарихтағы ерте кезден қалыптасып, қанына сіңісті болып,
үйреншікті мінез қалыптастырған таңғажайып генетикалық ерекшеліктерінен
туындағаны анық.
Біз дана халқымыздың таңғажайып тарихын арыдан қозғап, тереңінен толғап
айтуға болатын тамаша күнге дөп келіп отырмыз. Бұл бір тарихи бақыт,
теңдессіз қуаныш. Осындай бақыт пен қуанышты бізге силап кеткен, өздері осы
жолда ғазиз жанын пида еткен сан мыңдаған қазақ азаматтарының мәңгіге
шұғыла шашатын аталы рухтары алдында бас иіп, солардың өшпес рухы мен аталы
киелеріне тағзым етпеуімізге болмайды.
Әрбір қазақ, әр уақыт соларды еске алып, солармен мақтанып жүруге
хақылымыз. Бойымызды солардың ғаламат рухы кернегенде, біз келешек күніміз
бен бақытты ұрпағымыз үшін қуанған үстіне қуана беретін боламыз.
Сонымен бірлікте, осындай ұлы халықтың асыл перзенті, көреген көшбасшысы
бола білген ұлдарының бірі елбасымыздың, атап айтқанда, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтің даналығынан бөле жарып айтуға да болмайды. Аумалы төкпелі
сәттердегі көреген саясаты мен білгір басқарушы қабилеті мен жөнсілтегіш
шешімдері, дүние жүзіндегі тісқаққан талай саясаткерлерді тамсантуы, оларды
бас шұлғытып тәнті етуі, қазақ ұлтының ерекше мінезін көз көріп отырған
өмірдегі шыншыл дәлелі деуімізге болады.
Бұл құбылыстың ендігі бір қырынан көз салар болсақ, осынау өтпелі
кезеңде, елбасына серік бола білген, ерліктері мен ақылдарын қосып, ертең
үшін ереуіл атқа ер салған салмақты саяси тұлғаларымыз бола білген
азаматтарымыздың арымай талмай ете алған ерен еңбектерінен бөле жарып
қарауға да болмайды. Бүгінгі осы аталған шежірені елге ұсына лауымыздың өзі
де, кешегі керемет кешулеріміздің, келешек ұрпаққа деген, әсіресе, қазақ
жастарына, ертеңімізге деген ұлы бастаманың осы сәттен бастап қадам тастауы
мен болашаққа жол тартуы деуге болады. Бұл да, жоғарыда ортаға қойылған
елбасымыздың данагөй саясатының және елін сүйетін ерлердің елі үшін жасаған
елеулі азаматтық еңбектерінің жаңаша бір қыры деуге де болады.
Зеңгір көкте қалықтаған көгілдір туымыз, өр дауыспен көкті жара
шырқататын айбатты елұраныз, төр маңдайшамызда жарқырап тұрған дүлдүл
мүсінді елтаңбамыз, өз төрімізге құрметтеп ілінген қазақ көсеміміз, міне,
осылардың барлығы ерекше аялауға, іззетпен ардақтауға, зерденің зеңгірде
ғана тамаша ілтипатпен ұстауға татитын ұлы құбылыс. Қазақпын деген жанның
ең жоғарғы ұлтын сүйетін, отанымен мақтанатын, мемлекетін қастерлейтін ой
мінбесі осы өлшемдерден құралуға тиысты. Ұлтын сүйетін ой армандардың
барлығы да осындай түсінік тұғырында түлеп ұшып, ертеңге қанаттануы керек.
Біздің тарихымыз, соңғы ғасырлардағы кешулеріміздің көбі қан мен жасқа
толы өтті.
Бүгінгі күннің бақыты мен қуанышы, азаттық құшағындағы өміріміз бен
еліміздің егемендік аясы сөз болады екен, оның тарихи терең тамырларын еш
уақытта ұмытуымызға болмайды.
Күні кеше, жат жұрттық өктем саясаттың әміршілері, біздің қазақты,
сорланып, қаңғырып, елсіз күйсіз тау мен таста жүрген кезінде тауып алған
етіп көрсету арқылы, өздерін біздің қазақтың ең жанашыр қамқоршысы етіп
көрсете білген еді. Тарихымызды да, сол өздері тауып алған кездерден ғана,
немесе өз отарларына айналдырып алған сәттен бастауды жөн санады.
Ғасырлық ғылым атаулыны, соның ішінде тарих ғылымдарын, этнография мен
археология ғылымдарын осы тақырыпта жан таласа жалған дәлелдер мен
тұжырымдар табуға жұмсап, осындай жалғандықтар үшін жандарды құл етіп, көп
ойшылдарды орасан зор ауыртпалық пен өнімсіз әуре сарсаңға салды. Қазақтар
осы таяу ғасырларда хандық құрған, тарихта қазақтың ата жауы жоңғарлар ғана
дегенді аузы кеппей айта берді, айта берді. Осылайша, өздерін қамқоршы,
басқаларды жаулаушы етіп көрсете алды. Сандырақтаған өтіріктің бәрі шындық
болып көрінді. Әлі күнге сол өтірікті есінен шығара алмай даң болып
жүргендеріміз қаншама.
Тарихтағы Отырар қаласының қыйрап қалған көне жұртын 1970-жылдары қазып,
сол жерден орта ғасырлардағы қазақтар жасаған таңғажайып мәдениет іздерін
көргенде, оларды сол беті сырын ашпай жауып тастауды, ұмыт қалдыруды жөн
санады. Олай болатыны, аталған қала орынынан кезіндегі қазақтар қазып су
құбырларын жүргізген тарихи мәдениет жаңалығын көздері көрді. Басқа
қалалардан да өскелең мәдениет қалыптастырған қазақ қаласы Отырарды қазып
табу, жат жұрттықтарға ең ауыр соққы боп тиді.
Ал, Есік обаларынан алтын кіреуке киген ескі күндегі қазақтың арғы атасы
саналатын сақ жауынгерін көргенде, оларды да, кей ғалымдары иран текті
шығар деп жорамалдап та бақты.
Орхон жазуларын көрген батыс ғалымдары, оны руникалық жазулар шығар
десіп, немесе Балқан жарым аралында ХІ ғасырларда жасаған елдерден Орхон
бойына тарап барған жазулар десіп сандырақтады.
Содан барып, аталы жалғастықты, тұқым қуалайтын табиғи ерекшелікті жоққа
шығарып бақты.
Сақтар, ғұндармен қандастық туыстығы жоқ.
Ғұндардың түрктермен қандастық туыстығы жоқ.
Түріктердің қазақтармен қандастық туыстығы жоқ, дейтін адам ойын
алжастыратын тарихи дәлелдемелерін, өздерінше жасаған тұжырымдарды да
ортаға салды. Тұтас таихымызды түгелімен жоққа шығаруды көздеді. Қазақтың
“жеті атасын білмеу жетесіздік” деген тұжырымын дәлелдеген олар, ортамызға
талай “жетесіз” жандарды, азғындарды тудырды.
Бұлай етудегі олардың басты мақсаты не еді?
Жауап: қазақтан тексіз ұрпақ жетістіру, аталы тарихын ұмытқан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz