Шумерлер тілінің мәдениеті


ЖОСПАР
Шумерлер тілінің мәдениеті1
Өлі құдайлардың патшалығы6
Ежелгі шумерлердің діні6
Шумерлердің құдай пантеоны7
Аспан құдайы Ану-тингир7
Ежелгі шумерлердің аспан құдайы Ану-дингир7
Шумерше Таммуз және қазақша Тамыз. 8
Шумерлер Э-Куры. 8
Аңдарға табыну. 9
Шумерлердің бұғылары. 9
Иль-бити және аруақтарды қадірлеу. 10
Ежелгі шумерлердің қасиетті ағаштары. 11
Су құдайы Ап-су. 12
Мардук құдайы. 12
Қасиетті сиырдың сүті. 13
Қасиетті соқа. 13
Шумерлер тілінің мәдениеті
Тіл - ол мәдениет иеленушісі - ең басты құрал. Халықтар тілінде оның мінезі сақталады. Тіл шыншыл тарихи құжат болып сақталады. Ата-бабаларымыздың ақыл ойлары бізге тіл арқылы жетеді. Тіл халықтың өткенін, қазіргісі мен болашағын хабарлай алады. И. Ожеговтың орыс тіліндегі сөздігінде тіл жайлы былай делінген: «Тіл - дыбыстардың жүйесі, сөздік пен грамматикалық құрал, ой жұмысын ақиқаттайтын және қарым-қатынаста болудың қаруы болып табылатын, қоғамдағы адамдармен ой алмастырып, бірін-бірі түсінетін, сөзбен айтылатын шығарманың жиынтық құралы, жалпыхалықтық, дыбыстық, сөздік және грамматикалық жүйеде негізделген». Шумер тілі Қосөзенде Евфрат пен Тигрде, қазіргі Бағдаттан өтетін жолдан оңтүстік Парсы шығанағына дейін тараған. Қаншалықты және қашан тірі тілдей тарағанын айту қиын. Мүмкін шумер тілі сонда да көне түркі тілінің бейнесі болар. Шумерлер өздерінің тарихының ауыр кезеңіне қарамастан, ғасырлар бойы өз өркениеттерін құрып және оны өз ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.
Ежелгі шумерлер өздерінің меншікті жазуларын меңгерген. Олар ежелгі тарихты жаза білген. Шумерлердің жазуы өте күрделі болған. Жазып, оқып білу үшін бұл өнерге көптеген жылдар арнау керек. Тіпті ассириялық патша Ашурбанипал шумер жазуымен айналысып, одан қанағат тапқан. Оның патшалар жазбасы мен ежелгі шумерлердің сына жазуы сақталатын өзінің жеке кітапханасы болған. Міне, ол: «Мен үшін әдемі де әрі түсініксіз шумерлер қолтаңбаларын қайталау үлкен қуаныш болды» деген.
Шумерлердің шамамен б. з. б. XX ғасырда өмір сүргенін ұмытпайық.
Әрине, олардың мәдениеті толық жойылған деп сендіруге болмайды, бірақ, өзгермеген деп есептеуге тағы да болмайды. Шумер әдебиеті - өмірдің ең бай ескерткішінің бірі.
Мыңжылдықтарға қарамастан, олардың әдебиеті бізге жетті. Бүгінгі күні небары 150-ден астам ескерткіштер бар, көпшілігі үзінді көрініс күйінде сақталған.
Көне шумерлік жазу сына жазу деп аталады. Сына жазу деген не? Сына жазу - ол жазу жүйесі. Сына жазудың жалпы белгісі сына тәріздес таңбалар күйі, жұмсақ саз балшыққа сына тәрізді таяқшамен басу жолымен алынған. Жазу техникасы өзгеріп, сына тәріздес сызықшаларына айналуының нәтижесінде шумерлерде сына жазу шамамен б. э. б. 4 мыңжылдықтың аяғында пайда болуы мүмкін. Шумер сына жазуы негізінде логографиялы немесе бір белгі бір сөзді көрсетеді. Сына жазу жүйесінің мағынасын 19-шы, 20-шы ғасырда әр елдер ғалымдарының жұмысының нәтижесінде ашқан. Шумерлерден басқа халықтар сына жазуды алып пайдаланған, сөйтіп бірен-сарандап сына жазу ерекше тілдерге бейімделе бастады да, логографиялы таңбалар буынына айнала бастады. Еуразия даласында шумерлер пайда бола бастаған кезде, олардың сына жазуы жайылып «Ежелгі түркі руникалық жазу» атауын алған жаңа жазуға өзгертілді.
Енді көне шумерлер жазуы мен көне түркілік руникалық әліппесінің арасындағы ұқсастықты табуға тырысып көрейік. Ол үшін шумерлер иероглифі мен түркілердің руникалық 11 белгілерін салыстырамыз.
Шумерлер жазуында - иероглифі болған, оны «кур» деп оқыған, «кир» деген сөз «ел», «отан», «жер» деген мағынаны берген.
Ежелгі шумерлер түнгі аспанды қызықтап, онымен тілдесіп, болашақты болжауға болады деп есептеген. Сол арқылы шумерлер «түнгі аспан» белгісін мынандай - күмбез арқылы бейнеледі.
Шумерлердің - 1 белгісі бір санын білдіріп, «аш» болып дыбысталатын белгісі көне түркіше - 1 белгісі де сол мағынаны білдіріп, «ас» болып оқылады. Көне шумерлердің бұл - 1 белгісі және оның мағынасы көне түркі тілінде еш өзгеріссіз қалған десек те болады. Шумерлердің - «күн» белгісі, түркілерде - болып, сол мағынаны беруі әбден мүмкін.
Шумерлердің - «қас» болып дыбысталатын «құманы» тіпті де өзгермеген. Түркілерге ол дәлме-дәл қалпында өтіп, - «к» дыбысын береді.
Сонымен көне түркі руникалық жазбалары көне шумерлер иероглифтерімен тығыз байланыста.
Сонымен, көне шумерлер мен түркілердің 11 белгісі бар, дегенмен олардың арасын мыңжылдықтар бөліп тұр. Онда шумерлердің ежелгі ескерткіштерінде не жазылған? Бұл ескерткіштерде мифологиялық, эпикалық, забур, махаббат жырлары, жар-жар, жоқтау, кедейлік жоқтау жырлары және патша жазбалары сақталған.
Аңға тән стильдерді қалыптастыру, ең алдымен, шумерлерден басталған. Бірнеше ғасырлардан кейін аңдар мүсіні Еуразия көркем шығармашылығының басты сазына айналды. Аңдар кейіпінің стилі ежелге шумерлердің қоғамдық ақыл-ойларын көрсетті, барлық әлемдік және әлеуметтік күштері аңдар бейнесі арқылы байқалған.
Тіпті құдайларының құдіретті аңдар үстінен де билігін бейнелеген. Бұл шумерлер бұйымдары мен ескерткіштерінен әбден анық. 1919 жылы жас археолог Г. Р. Холл Урдан 7 шақырым батысқа қарай орналасқан Эль-обейда төбелеріне жоспарлық қазбаларын бастады. Б. з. б. үшінші мыңжылдықтың ортасында ол ғибадатхана ашты. Таңқаларлығы, бұл ғибадатхана өзінің ежелгі көркін сақтаған.
Осы ғибадатханадан шумерлердің ежелгі аңдық стилдері анық және айқын көрінген. Қазбаларды қарастыра келе, бұл өнер шумерлердікі екені белгілі болды. Ғибадатханаға кіре берісте баспалдақтың екі жағында, арыстанның битумнан жасалып, мыспен қапталған, көздері барынша ашылған, көлемділігі табиғи болмысына сәйкес қызыл яшмадан, ақ ұлу тастан, жасыл стеатиттен жасалған мүсіні тұрды.
Ғибадатхананың бір жақ қабырғасында қайық, бір жағында қайық каютасында қабан, басқа жағында балық пен қаз бейнеленген. Ғибадатханаға кіре берісінің үстінде тырнағымен екі бұғыны қапсырып алған құсты бейнелеген үлкен жайпақ бедер бекітілген. Құс «Имдугугу» деген есімге ие.
Эрнест де Сазрек бірнеше жылдар бойы қазбалар жүргізген кезде, Телло шөл даласында ежелгі Лагаш билеушісінің архиві мен кеселерін тапты (б. з. б. III мыңжылдықтың ортасында) .
Бір қызығы, шумерлер арыстанның мүсінін жиі бейнелеген. Тіпті жартылай адам - жартылай арыстан яғни жартылай құс - жартылай арыстан сфинкстары кездеседі.
Қызығы, Шумер өркениетінің егін шаруашылығы гүлдену кезеңі тез арада таралды, осы жерде қоныстанған адамдар суландыру кәсібін игеріп, табиғаттың қолайсыздығына қарамастан, дәнді-дақылдар өсірді.
Шумерлер екі өзенге кіре алатын болғандықтан, өздерінің егін шаруашылықтарын жоғарғы деңгейге жеткізе алған бірінші халық болды. Шумерлер қоғамында өндіріс күштерінің дамуы, өндіріс еңбегінің өсуімен қосымша өнімдер пайда болды. Сонымен қатар адамдарды құлға айналдыру да дамыды. Құл иеленушілік тәртібін біз ежелгі патриархал отбасынан табамыз. Отбасындағы бірінші рет пайда болған жасырын түрдегі құл иеленушілік шумерлердің барлық құжаттарына нұсқайды. Ежелдегі отбасы құқылары, шумерлердің жазып қойған кодекстерінде әкелерінің балаларын құлдыққа сатуына рұқсаттары бар. Өз балаларын ата-аналары жиі сатып жіберіп отырғандығы жайлы ерекше құжаттарға жазылып, бүгінгі күнге дейін сақталып келген.
Осы сауданы бүркейтін бала асырау дәстүрлері ерекше құжатқа тіркелген. Бала асырап алушы бала берушіге асырап алғаны үшін белгілі бір ақы төлеген. Осылайша бұл бала асырап алу дәстүрі баланы сатудың жасырын түрі болған.
Өлі құдайлардың патшалығы
Ежелгі шумерлердің діні
Ежелгі шумерлердің өмірі діңдер мен табыну әдеттерімен тығыз байланысты. Бұрынғы заманның діни түсініктері әлем-танушылықтың көлеңкесін құрып, адамзатқа үлкен әсерін тигізді. Дін деген не? Дін - бұл бір нәрсеге немесе әлдебіреуге табыну. Тарих пен археология шумерлер үшін дін олардың өмірінің бір бөлігі болғандығын көрсетеді. Шумерлер пантеондары он мыңдаған пұттар мен құдай бейнелерін тізбектейді. Аңыз патшаларын құдай деп есептеген. Ежелгі Шумерде қалалар мен мемлекеттер пайда болып жатқанда-ақ, дін шумерлер өмірінде өзінің нық орны болатын. Діни түсініктері мен пұттары қорқып, құрметпен қараған, оларға арнап құрбандық шалған.
Шумерлер құдайы ұрпақтан ұрпақтарына аттары өзгертіліп қана берілген деп айтуға болады, бірақ сол діни көзқарастар әлі күнге дейін Тигр мен Евфраттың арасында қандай болса, сондай болып қалған.
Шумерлердің құдай пантеоны
Аспан құдайы Ану-тингир
Аспан мен аспан жарықтарын құдай тұту, әсіресе ежелгі шумерде кеңінен тарады. Сондықтан шумерлер ежелгі ең жоғарғы аспан құдайы Ану-дингирді, аспан құдайы дегенді білдіретін, «әке» және «құдайлар патшасы» болып есептелетін, өз тағында аспанның үшінші бөлігінде отырып, әлемді басқаратын құдай деп санаған. Құдіретті күшті деп санаған сол құдайға әлемнің толқыған тасқын суынан қорыққан басқа барлық құдайлар көмек сұрап келеді. Осылайша ежелгі шумерлердің дүние жүзі үш әлемнен және үш қабаттан тұрады деген түсінігі болған. Түркілер Тенгри әлемін он қабатты деп есептеп, бүкіл әлемнің үстінен жоғары деп атаған. Тенгри құдайы аспанның тоғызыншы қабатында мекен етеді, оның аты Көк-Тенгри. Осыған қарағанда шумерлер аспанға табынғандай түркілер де табынады. Қазақтар арасында, Тенгри - табынуына негізделген ежелгі діндердің ғұрыптары әлі күнге дейін орындалады.
Ежелгі шумерлердің аспан құдайы Ану-дингир
Шамаш отына табыну.
Басқа құдайлар арасынан көрнекі орын алатын от немесе жарық, күн құдайы. Бабар-Шамаш бір уақытта қаһарлы және күн қызуынан құрғатып жіберетін және қасиетті күн сәулесінен тірілтетін бейне. Шумерлер отты киелі тұтып, от құдайы Шамашқа құрбандық шалған. Күн құдайларына табыну скифтардағыдай.
Шумерше Таммуз және қазақша Тамыз.
Тірілте алатын Шамаша күн құдайының бейнесі өмірге қайта алып келетін табиғи құдайдың бейнесімен байланысып жатыр, кейде күн құдайларының айналымы жүргізіліп тұрған. Бір қызығы, қазақтарда жәй ғана, мағынасыз барлық өлеңдерге қолданылатын «тамыз-тамыз-тамызық» деген өлеңдер сақталып қалған. Қазақтар қолданатын бұл өлең қайырмасы шумерлердің Тамыз құдайының құрметіне арналған дұғалар мен діни өлеңдер, ұрандар болып табылады деп сенуге болады. Осылайша, Тамыз сөзі (қазір бұл сөз қазақтарда тамыз айын білдіреді) тағы да бұл сөз «от жағу» немесе «су құю» дегенді білдіреді. қазақтар өздері түсінбей ежелгі шумерлер құдайына арналған осы дұғаны қолданады. Бұл дәлелдеме қазақтар шумерлердің ұрпақтары екенін білдіреді.
Шумерлер Э-Куры.
Шумерлер тауларды қасиет тұтып, оларға құрметпен қараған. Сондай-ақ жоғарғы жер құдайы Энлиль «ұлы тау» деп аталады. Бұл құдай аспанға жетіп, аспан мен жерді байланыстырып тұрған «ұлы тауда» мекендейді. Ниппурдағы Энлилия ғибадатханасы «Тау үйі» (Э-Кур) деген атқа ие. Тауға табыну шумерлер үшін үлкен мағына берген. Таулар құдайлардың үйі болып есептелген.
Аңдарға табыну.
Аңдарға табыну діни түсінік бойынша ежелгі шумерлерде өте кеңінен тараған. Урда табынған ежелгі шумерлердің құдайы Наннар «Құдіретті өгіз Ану» деп аталды, сол сияқты жер асты дүниесінің патшасы Нергал қорқынышты аңдар түрінде бейнеленді.
«Өгіздің мүйізі, арқасында бір уыс шашы бар, бет әлпеті адамдікіндей, қанаты бар, төрт аяғымен тұратын, алдыңғы аяқтары мен денесі арыстандыкіндей».
Су иірімдерінің құдайы балықтың құйрығымен немесе арқасында балық бар етіп бейнеленді, ал найзағай мен Бабылдың жоғарғы мемлекеттерінің құдайы Мардук - таңғажайып грифон, жартылай жылан, жартылай жыртқыш құс түрінде бейнеленген. Шумерлер қошқарды қасиет тұтып, оған құрбандық шалып, құрметпен қараған. Әскер аттарын да қастерлеген. Патшаның жеке атын құдай деп таныған. Патша өлгенде оның аты онымен бірге көмілуі керек болған. О дүниеге барғанда аты оған қызмет етеді деп сенген.
Шумерлердің бұғылары.
Ежелгі шумерлер пантеонында бұғының да бейнесі болған, ол шумерлерде қасиетті жануарларға саналып, басқа құдайларына теңелген. Үйлерінде, ғибадатханаларда олар бұғының бейнесін жиі ұстаған. Мысалы: шумерлердің «Андуз» немесе «Им-дугу» атты танымал аңыздары бар. Шумерлер аудармасында олар жел құдайы, бір мезетте жақсылық пен жамандықты жұтып жатқан, аспан мен жер өрісінің жаушысы арыстан басты бүркітті білдіреді. Андуз геральдикалық композицияда қанатын кең жайған, тырнақты аяқтарымен екі бұғыны ұстап тұрған арыстан ретінде бейнеленген. Бұл жерде екі бұғының бейнесі анық көрініп тұр, бұл дәлелдеме ежелгі шумерлердің діни аңыздарында айтарлықтай орын алған.
Ежелгі шумерлер жырларында Гильгамеш жайлы бұғы бейнесінде берілген, соңынан жер асты дүниесінің жындары қуып жүрген және оны азаптап жатқан, өліп бара жатқан және тірілген құдай Думузи жайлы аңыз бар. Осындай сюжетті скифтер отардың қудалануы немесе бір бұғыны жыртқыш аңның азаптау сахнасын бейнелейді. Таңқаларлық ұқсастықты скифтерден де табуға болады және кейбір ғалымдардың айтуы бойынша кездейсоқ емес.
Иль-бити және аруақтарды қадірлеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz