АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ МЕН КІТАПТАРЫ
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ МЕН КІТАПТАРЫ
1905 ж. Ресей империясындағы демократиялық күштер баспасөзге
мемлекеттік бақылауды жоя алмсас да, сөз және баспасөз бостандығы
жарияланды. Мұның өі революциялық басылымдар мен үкіметке қарсы газет-
журналдар және кітаптар шығаруға мүмкіндік берді.
Отарлық аймақтар үшін азаттық қозғалысының жаңа сатысы ұлттық
баспасөздің, мерзімді басылымдардың, журналдар мен кітаптардың дамуымен
басталды. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басында Қазақстанда өзіндік
ғылыми ой қалыптасып, М.- С.К Бабажанов, К.Халиди, М.Шорманов,
Ш.Құдайбердиев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және басқалар өз еңбектерін
жариялай бастады.
1870 ж. 28 наурызда "Түркістан уәлаяты газетінің" алғашқы саны жарық
көрді. Басылымға Түркістан генерал-губернаторлығы бастамашы болды. Газет
қазақ және өзбек тілдерінде басылып, онда Шоқан Уәлиханов, Маңғыстау
қазақтарының көтерілісі (1870 ж.) туралы мақалалар жарияланды.
1888 ж. Омбыда Далалық генерал-губернаторлық "Дала уәлаятының газетін"
шығарды. 1902 ж. кейін екі газет те Ақмола және Жетісу облыстарының
"Ведомостарына" қосымша ретінде жарық көре бастады. Жергілікті басшылықтың
шешімі бойынша бұл газеттер отарлау саясатын бекіте түсіп, Шығыстағы бодан
елді рухани бағындыру мақсатында ашылған еді. Отаршыл әкімшілік газет
беттеріне патша жарлықтарын үкімет органдарының шешімдерін, отар өлкені
игеру үрдісін жария етіп, империялық саясаттың мәнін түсіндірді. Сонымен,
бұл басылымдар ақпараттық-анықтамалық сипатта болды. Сондай-ақ газеттерге
империяның қол астындағы отар өлкенің өмір салтын насихаттау жүктелді. Осы
мақсатта бейресми бөлімде қазақ және басқа да түркі халықтарының тарихы,
этнографиясы мен әдебиетіне байланысты мақалалар жарияланып тұрды.
1911 ж. тұңғыш "Айқап" қазақ журналы шықты. Оның баспагері әрі
редакторы белгілі ақын әрі прозаик, журналист Мұхамеджан Сералин болды.
Төрт жылдың ішінде журналдың 88 саны шықты.
1913-1918 жж. аралығында "Қазақ" газеті жарық көрді. Газеттің әр
саны 3000 данамен таратылып, жиыны оның 265 саны басылды. Кейде ол 8 мың
дана болып таралды. Бұл басылымдарда қазақтардың көшпеліліктен егіншілікке
көшу мәселелері қозғалып, осыған байланысты егіншілік мәдениеті
насихатталды. Көшпелі өмір салтының а пайдалы жақтары көтеріліп, одан бас
тартуға болмайтыны айтылды. Сондай-ақ, шығыс әйелдерінің теңдігі мен
бостандығы, ұлтаралық қатынастар мәселелері сөз болды.
Осы жылдары Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай
Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір
Диваевтың және басқалардың кітаптары жарық көрді.
Семейде "Жәрдем" баспасының негізі қаланды. 1917 ж. дейін әр түрлі
қалаларда қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.
Ақпан мен Қазан революциялары аралығында Семейде "Сарыарқа" газеті
шығып тұрды. Оның редакторлары Р.Мәрсеков пен Х.Ғаббасовтар болды.
Газет Алашорда автономиясын жария еткен екінші Бүкілқазақ съезінің
шешімдерін насихаттаған А.Ермековтың "Жаса, Алаш, жаса!" атты мақаласын
жариялады.
Омбы кадет корпусының түлегі М.-С.К. Бабажанов қазақ халқының тарихы
мен этнографиясына арналған бірнеше ғылыми еңбектерін жария етіп, өлкедегі
жылқы өсіруді, қымыздың емдік қасиеттерін, қазақы діни нанымдар мен тарихи
ескерткіштерді зерттеді.
Аякөзден шыққан К.Халидидің басты еңбегі "Тауарих Хамса" (Тарих
кітабы) 1910 ж. Қазандағы "Урняк" баспасынан жеке кітап болып шықты.
Кітапта бес халықтың - ұйғыр, өзбек, қазақ, монғол және қытайлардың тарихы
зерттелді.
Ш.Құдайбердиев жан-жақты білімді адам болған. Ол бірнеше шығыс
тілдерін меңгеріп, Стамбұл мен Париж кітапханаларының мұрағаттарында жұмыс
істеген. Ол тарихты, философияны, музыканы, әдебиет пен дінді (ислам)
зерттеді. Ш.Құдайбердиевтің қазақ тарихына көзқарасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz