1867-1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАЛАР


1867-1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАЛАР
Хандық билікті іш жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. 19 ғасырдың 60 жылдары казактардың басқару жүйесін өзгерту үшін, И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын екі облысқа бөлу жоспарланды:
1) Батыс облысы - орталығы Торғай.
2) Шығыс облысы - орталығы Сергиополь немесе Қарқаралы.
Бұл ұсыныс қабылданбады.
1865 жыл - Ішкі Істер Министрлігі Кеңесінің мүшесі Гирс басқарған дала комиссиясы құрылды. 1865 жылғы 5 маусым - 2 Александар бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық діни мәселе, т. б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш. Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды:
- халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.
- әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш. Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері феодалдар мен (ірі бай Мұса Шорманұлы, Ш. Уәлиханұлы, Сейдәліұлы Сұлтан) ақылдасып, мәліметерді солардан жинады.
1865-1867 жылғы 11 шілде - «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.
1868 жылғы 21 қазан «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Уақытша ереже» бекітілді.
5-сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кері әсер еткен буыны - әкімшілік ауылдар. реформа бойынша, Жетісу облысы ашылды.
Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уезд бастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғынландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындалды.
Генерал-губернатор барлық әскери және азаматтық билікті өз қолына алды.
1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді.
1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оның вице-губернатор қадағалады. Басқарма үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты іске асыру.
Шыңғыстың тұқымдары - сұлтандық өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды.
Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар 3 жылға сайланды. Әкімшілік басқару әскери сипатта болды:
- облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді.
- болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын бплікті иеленді.
Реформаның басты қағидасы әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы.
әскери - сот комиссиялары
уездік соттар
билер мен қазылар соты
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс - ескі шариғаттық салттардың шектелуі.
Реформа нәтижесі - өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
Феодалдық патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске, жұмысқа жалдануы) .
Отарлық басқару күшейді.
Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болды.
Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1867-1867 жылдардағы реформалар 2 жылға Уақытша енгізілгенімен, бұл тәжірибе 20 жылға созылды.
XIX ҒАСЫРДЫҢ 60-70-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ
1867-68 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті:
- жерді патша өкіметінің мемлекеттің меншігі етіп жариялады.
- жаңа бекіністерді көптеп салды.
- салықтар көбейтілді (шаңырақ және земство салығы) .
Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді. 1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығы - Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды.
Көтеріліс жетекшілері - Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айрылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп, ауытқыды.
Көтерілісшілер талаптары:
- еркін көшіп-қонуды сақтау.
- жер сатуды тоқтату.
- уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою.
- салықты жою.
1869 жылғы 6 мамыр - Жамансай көлі маңында 20 мың көтерілісші Фон Штемпель тобын жеті күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай, әскери шепке қайтып кетті.
1869 жылғы наурыз-маусым - 30 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Көтерілісшілерге қарсы подполковник Рукиннің, граф Комаровскийдің, ген-губернатор Веревкиннің жазалаушылар тобы жіберілді.
1870 жылы 16 наурызда Маңғыстау приставі подполковник Рукин тобы «Ережелерге» қарсылық білдіріп, көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.
Бозащы түбегінде 200 көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Рукин атылып өлді.
Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып, николаевск станциясы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып, көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті.
Салдары:
1. Маңғыстау қазақтарынан 57901 салық жиналды.
2. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90 мың қой өткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz