Алматы - сүйікті қала
Алматы - сүйікті қала
Алматы мекенінің іргесі қаланғанына жүздеген жылдар өтті. Осы жылдар ішінде
қала мен оның тұрғындары талай қуанышты және қайғылы оқиғаларды, көптеген
саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді басынан кешірді. Алматының
тарихи келбетін, көненің көзіндей ескерткіш мұраларын сақтап, қалпына
келтіре отырып, оларды келер ұрпақтарға мирас ету – біздің азаматтық
парызымыз.
Қала Евразия континентінің ортасында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-
шығысында, 770 шығыс бойлық пен 430 солтүстік ендікте, солтүстік Тянь-Шань
жотасы – Іле Алатауының бөктерінде орналасқан. Бұл орайда Алматы Душанбе,
Қарақол және Ееван қалаларымен бәсекелесе алады. Гагра мен Владивосток
қалалары онымен бір шақырымға созылған қала Іле Алатауының мұздықтарынан
бастау алып, Іле алқабына (Балқаш көлінің бассейні) құятын Үлкен және Кіші
Алматы өзендері мен олардың салаларының бойында орналасқан. Тау өзендері
мен көлдері қаланы қамтамасыз етуші су көздері болып табылады. Тау аңғары
емдік қасиеті мол шипалы бұлақ көздеріне, қайнарларға бай, солардың
негізінде бальнеологиялық курорттар жұмыс істейді.
Қала төңірегінде Үлкен Алматы көлі мен Жосалы кезең асуында Күн жүйесі мен
ғарыш сәулелерін зерттейтін ғылыми станция, Каменка жоны мен Асы асуында
астрофизикалық обсерваториялар, Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау
шаңғысы базасы спорт кешендері, альпинистік және туристік лагерьлер,
санаторийлер, демалыс үйлері мен кемпингтер бой көтерген.
Қаланың оңтүстік қабырғасын көмкере қоршаған мұзарт құздардың ішінен Талғар
(517 м), Комсомол (қазіргі Нұрсұлтан, 4376 м), Үлкен Алматы (3684 м)
шыңдары айрықша ерекшеленеді, қиян басын күн сүйген басқа да шыңдар
биіктігі жөнінен Еуропа Монбланынан, Кавказ Қазбегінен, Америка
Тахмулькосынан кем түспейді.
Бұл өлкеге жыл бойында ғана емес, тәулік ішінде температурасы әлденеше
құбылып тұратын шұғыл континентальды климат тән. 500 метрдей биіктіктегі
қала көшелері солтүстіктікке қарай жазық және Қаланың оңтүстік аймағында,
теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте, Медеу шатқалы мен каменка жонында
(1600-ден 1750 метрге дейін) тау Арктикасы мұздықтарының лебі еседі.
Алматыда желдің жылдық орташа жылдамдығы Мәскеумен салыстырғанда екі есе
кем. Шілде айының орташа температурасы Шри-Ланка (Цейлон), Калимантан
(Борнео) немесе Ява аралдарындағыдай дерлік болса, қаңтардағы орташа
температура Норвегияның солтүстігіндегі ауа райымен бірдей.
Мұнда жыл ішінде 1596 сағатқа жуық күн нұры төгіліп тұрады, жайма-шуақ
мезгіл 151 күнге созылады. Түрлі биіктікте ауа температурасының деңгейі де
өзгеріп отырады – теңіз деңгейінен 1400 метр биіктікке көтерілгенде әрбір
100 метр сайын ауаның жылдық температурасы 0,660-қа төмендейді. Табиғаттың
осындай қолайлы факторлары спорт пен туризмнің даумына аса оңтайлы жағдай
туғызады.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі аса бай әрі сан алуан.
Алматы төңірегінде территориясында табиғи қорықтар мен қорықшалар
орналасқан Іле Алатауы ұлттық паркінің бір бөлігі болып саналады. Мұнда
мекендейтін сирек кездесетін аңдар мен құстар Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. Солардың бірі – Алматы елтаңбасында бейнеленген қар барысы
немесе ілбіс.
Тау етегіне таман дәнді және бақша дақылдары, темекі мен жүзім алқаптары
алма мен жеміс-жидек бақтарына ауысады. Алматы бір кездері ежелгі қаланың
смиволы болған апорт алмасының отаны саналады әрі соның атымен аталады.
Тау бөктерін қиялай жабайы алма, долана, өрік өссе, ортаңғы бөлігіне қарай
қылқан жапырақты ағаштар мен бұталарды сымбатты Тян-Шань шыршалары
алмастырады. Одан әрі биіктегнде жайқалған субальпі және альпі шалғындары,
шөбі шүйгін жазғы жайылымдар тау тундрасына, басынан мәңгі қар арылмайтын
құз шыңдар мен мұздықтарға ұласады.
Қала территориясының 8 мың гектардан астам жерін бақтар, гүлзарлар мен
саябақтар алып жатыр. Алматы көшелерінде өсетін мәуелі ағаштардың қатарынан
Солтүстік Америка, Қырым, кавказ, Сібір мен Қиыр Шығыстан әкелінген
экзотикалық өсімдіктерді кездестіруге болады. Қала төңірегінде жергілікті
флораның сирек кездесетін өкілдері: шиқылдақ, желайдар, долана, кекіре
өседі. Бұл өңірдегі көптеген өсімдіктер осы өлкені көркейтуге атсалысқан
адамдардың есімдерімен аталады. Мәселен, Колпаковский ксифиумы, Недзвецкий
алмасы, Фетисов жуасы, Кушакевич қалампыры, Дублицкий саршатыры, Шренк
шыршасы, Регель шыршасы, Корольков бәйшешегі – Алматы шежіресінің бір үзігі
іспеттес. Іле Алатауының көптеген жерлеріне өлке тарихында өзіндік орны бар
ардагер азаматтардың есімдері берілген. Пальгов, Брызгалов, Джмитриев,
Шнитников, Войцеховский мұздықтары, Рысқұл аңғары, ағайында
Колокольниковтер, Зимин, Кудерин шыңдары, Баум тоғайы, Веригин тауы,
Пугасов көпірі, Моисеев бақтары осының айқын дәлелі. Алайда бүгінде олардың
көпшілігі өзгертіліп, жаңа атауларға ие болған.
Сәулетші А. П. Соколов-Земанның жобасы бойынша Веригин тауында бірнеше
қоғамдық мекеме ғимараттары салынып, республика Жоғарғы Кеңесінің сәулетті
үйі бой көтеруі тиіс еді. Алайда бұл тамаша жоба Абай даңғылының бойында
Республика Сарайының тұрғызылуымен жарым-жартылай ғана іске асты. Көктөбеде
биіктігі 372 метр қуатты телемұнара орнатылған (таумен қоса есептегенде
мұнара теңіз деңгейінен 1402 метр биіктікте тұр). Тау бөктері
алматылықтардың сүйікті демалыс орны: мұнда олар қыста арнайы жасалған
трассаларда шаңа мен шаңғы тепсе, жазда сейіл құрып, тынығады.
Абай даңғылындағы аспалы жол көзді ашып-жұмғанша Көктөбеге жеткізеді. Тау
басынан оңтүстік астананың әсем келбетіне көз жіберіп, қайнаған тыныс-
тіршілігінің куәсі боласыз. Шағын кафелерде ұлттық тағамнан дәм татып, емін-
еркін серуен құрасыз.
Веригин тауындағы шөптер мен шешек атқан көкнәр, бәйшешек, таушымылдық
тәрізді гүлдердің ортасында, бояу иісі мұрынды жарған мольбертке сүйене
ойланып тұрып, суретшілер Николай Хлудов (Шың басында, 1886 ж.), Әбілхан
Қастеев (Кіші станица көрінісі, 1937ж.), Әубәкір Ысмайов (Алатау
алқабы, 1942 ж.), Евгений Сидорокин (Аспалы жол шіреті, 1970ж.), Дмитрий
Калачев (Жаңа телемұнара, 1982 ж.) өздерінің ғажайып шығармаларын
тудырды.
Веригин тауы мен оның төңірегінің көрік-келбеті ару қаламыз жайындағы
алғашқы киноленталардан орын алды. Ресжиссерлер Ш. Аймановтың Біздің
сүйікті дәрігер (1957 ж.), А. Нұғмановтың Алматыға қош келдіңіздер
(1975ж.), Я. Б. Сиктің Таулар мен қала (1976 ж.), В. П. Татенконың кешкі
Алматы оттары, Алмалы қала, Алматы (1978-1981 жж.) фильмдері
жұртшылықтың әлі де есінде.
Көктөбе баурайынан ақбас Алатау мен алмалы алқапты, Алматыны сүйсіне көзбен
шолған композиторлар Б. Ерзакович пен С. Шабельский ақын Д. Әбілев, А.
Лукашенколармен бірлесіп алматы, Менің қалам (1948 ж.) атты әндер
жазды. Әсет Бейсеуовтің Алмалы Алматым тұңғыш вальсі де осында дүниеге
келді. Қаланың тынс-тіршілігі Дмитрий Снегиннің Менің қалам өлеңі (1939
ж.) мен Тайыр Жароковтың Сел поэмасына (1937 ж.) арқау болды. Алматы
туралы Юрий Платонов пен Алексей Брагин, Дмитрий Фурманов пен Юрий
Домбровский де тебірене қалам тербеді.
Алматы қаласының тарихы XIX ғасырдың ортасында Іле Алатауының бөктерінде,
Кіші Алматы өзенінің жағасында бой көтерген орыс әскери бекінісінен
әлдеқайда әрі замандардан басталады.
Қола дәуірінде (б.д.д. – X-IX) бұл өңірде отырықшы тайпалар өмір сүріп,
егіншілік әне мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың қоныстарының жұрты
қаланың солтүстік шетінен және Көктөбе баурайының маңынан табылды.
Кейінірек бұл жерлерде сақ тайпалары, одан соң үйсіндер мекен етті. Осы
кезеңнен сақталып қалған қорған-обалар қаланың әр түпкірінен бертінге дейін
кездесіп қалатын. Алайда қала өсіп, жаңа үйлердің бой көтеруіне байланысты
жер бетінен олардың ізі біржола өшті.
Сақтар мен үйсіндер қорған-обаларда өздерінің көсемдерін, соғыста шейіт
болған жауынгерлерді және қарапайым адамдарды жерледі. Кейбір обалардың іші
қиып салынған бөренелермен шегенделетін болған. Қорғанда кімнің жерленгенін
оның көлеміне қарап анықтауға болды. Диаметрі 100 метрге, ал биіктігі 18
метрге дейін жететін үлкен қорғандарға патшалар мен ақсүйектердің денесі
қойылса, көлемі отраша обалар – жауынгерлерге, ал кіші-гірімдер мал бағумен
және егіншілікпен айналысқан адамдарға мәңгілік қоныс болды.
Сақ және үйсін тайпаларының жерлеу ғұрпы бойынша адамдардың мүрдесімен
бірге алтын әшекейлер, қару-жарақ, бағалы ыдыстар, тұрмыс заттары қоса
көмілетін болған. Осы заттар арқылы бұл жерде кімнің жерленгені, оның ырыс-
дәулеті жөнінде ой түюге болады. Соның бірі – Есік қорғанынан табылған сақ
жауынгерінің бейіті.
Қорған ішіндегі ағашпен шегенделіп, еден төселген қабірде біріңғай алтын
жапсырма киім кигізілген сақ жауынгерінің мүрдесі қойылған. Басында – Күн
құдайы Митраның смиволы саналатын қанатты аттар бейнесімен әшекейленген
биік сүйір дулыға, қасында қару-жарағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz