Азалы жылдар жаңғырығы


ЖОСПАР
Азалы жылдар жаңғырығы2
Азалы жылдар жаңғырығы
Мың өліп, мың тірілген қазақ өз басынан небір күйді кешпеді. Солардың ішінде, әлдебіреу қазір тамсанып есіне алатын Кеңес заманының әдейі қолдан ұйымдастырған "Ұлы" жұттың - ашаршылықтың зардабын айтып жеткізу мүмкін емес. Халқымыздың тарихындағы қаралы кезең - "Ақтабан шұбырындының" өзі ашаршылықтың азалы ақпарларымен шендесе алмайды. Қазақ халқы елінен, жерінен жөңкіле көшті, сан мыңдап қырылды, малынан айырылды. Ел басына үйірілген кесепаттың ауырлығы сондай: анасы - баласын, баласы апасын көмусіз қалдырды. Әйтсе де, тұтастай бір халыққа қарсы қолдан жасалған осы нәубет туралы кеңес дәуірінде әңгіме айтпақ түгілі, тіпті ол жөнінде еске алудың өзіне тиым салынған болатын. Әлі есімде, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары анам маған отызыншы жылдардағы ашаршылық жәйінде сыбырлап қана айтып отыратын.
Біздер бүгіндері әңгіме арасында бұрын бәрі жақсы еді, қоғам барынша әділ еді, қарапайым жұрттың қамын ойлайтын еді деп жатамыз. Ал енді ол қоғам жөніндегі шындықтың төркіні мүлде өзгеше сипатта болғанын тек тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ғана көзіміз жетіп отыр.
Мінеки, осы тұрғыдан келгенде қазақстандық белгілі жазушы Валерий Федорович Михайловтың "Ұлы" жұттың жазбалары" атты кітабының алар орны ерекше дер едім. В. Ф. Михайловтың бұл еңбегінің Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша "Аударма" баспасынан үшінші қайтара толықтырылып жарық көріп отырғанын айтқан жөн. Автор өзінің бүл еңбегінде бұған дейін әлі еш жерде жарияланбай келген тың деректерді тілге тиек ете отырып қазақ халқының тарихи тағдыры туралы тереңнен тебірене ой қозғайды. Кітаптың алғашқы беттерінен-ақ сіз де еріксіз толқуда болып, аяныш сезімінің жетегіне еріп кете бересіз. Енді бір сәт осы кітапта келтірілген мына деректерге назар аударалық.
Белгілі әдебиетші Мекемтас Мырзахметов бала кезінде шешесінің айтқан әңгімесін былайша баяндайды:
- 1933 жылдың ерте көктемі. Аштық ауылымызды (біз Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында тұрғанбыз) түгелдей дерлік жалмап кеткен ең бір қасіретті шақ екен. Шешеміз ажал тырнағынан қашып, көрші қыстақтағы туыстарына кетпек болыпты.
Кішкене қарындасымды қолына көтеріп, етегінен ұстаған екі жасар мен қасындамын, жолға шығыпты.
Ауыл шетінен-ақ колхоздың бақшасы басталатын. Жалғыз аяқ соқпаққа түскеніміз сол екен, алдымыздан ұялы қасқыр шыға келіпті. Жүз шақырымға дейін айнала төңіректе, ол кезде үй малы әлдеқашан біткен, сондықтан да аш қасқырлар топтасып алып, әр жер-әр жерде адамдарға шабатын болыпты. Бұрын мұндайды ел естіп-көрмеген.
Шешем айғайлап, жұртты көмекке шақырған. бірақ жақын маңда ешкім болмапты. Қасқырлар жайлап жақындап, қаумаламаққа көшеді. Шешем қатты қысылады - не қасқырлар бәрімізді паршалап тастайды, не ол балалардың бірін қалдырып, екіншісімен қашып құтылуға әрекеттенуге тиіс. Қызын жерге қойыпты да, мені көтеріп кері қашыпты. Ауылдан адамдар ертіп, жаңағы жерге келсе, қарындасымнан ештеңе де қалмапты.
Жанбай жатып сөнген сол қарындасыма мен өмір бойы қарыздармын.
. . . Анамның мұңдана отырып айтқан әңгімесінен кейін, мені неліктен қалдырмадыңыз деп сұрағам. Ол кісі: "ұл қажеттірек болды ғой" деді. Дегенмен, аяулы анамның өмір бойы қандай қайғылы сезімнен арыла алмағанын, өзі туралы не ойлағанын түсінудің өзі мүмкін емес . . . "
Сананы селт еткізер, жан түршіктірер осы іспеттес естеліктерді кітаптың өн бойынан оқи келе, бұл қасіреттің бірде-бір қазақ шаңырағын айналып өтпегенін аңғару қиын емес. Әркімнің жан сыздатар өз қайғысы, өз қасіреті бар. Тіпті арада жетпіс жыл өткеннен кейін де ол жөнінде ауызға алып, әңгімелеу соншалықты ауыр, ал кейде мүмкін де емес. Бұл тұрғыда кітаптың мына бір жолдарына тағы көз жіберсек: "Алғашқы жүздескенімде қазақтың қарт жазушысы Әлжаппар Әбішев ол жылдардың естеліктерін айтқысы келмеді. Менің сөзімді тыңдап, селқостау жымиып:
- Айта алмаймын, ауыр өте ауыр, - деп қолын сілтеді.
Бірнеше минутқа созылған үнсіздіктен кейін оның тұнжырай сөйлеген сөзі естілді.
- Менің атамның есімі Жолдыбай еді. Қазақтар айтатындай, оның кіндігінен тараған ұрпақ тоқсан төрт адам екен. Міне, біздің әулет сондай болған. Коллективтендіруден кейін солардан тірі қалғаны жетеу ғана . . . " Кейбір отандастарымыз, қазақ жерінде орын алған ашаршылық туралы жоғарыдағылар білмеді, әйтпесе оған жол бермеуші еді деген уәжін алға тартады. Ал, мәселенің тіптен олай емес екендігін В. Ф. Михайлов өзінің кітабында Қазақ СРО Мемлекеттік орталық, Қазақстан компартиясы деректеріне, РК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің пленумдарынын шешімдеріне сүйене отырып түп-тамырына дейін дәлелдеген. Атап айтқанда, бұл кітапта тұңғыш рет XX ғасырдың отызыншы жылдары жағалай ұжымдастырудын кесірінен қайғы-қасірет шеккен қазақтар туралы сөз қозғай келе, осы «іс-шаралардың» басында Ленин мен Сталиннің сенімді серігі, Николай II патшаны өлтіруді ұйымдастырушылардың белсенді мүшесі, ел ішінде "Қу жақ" атанған Ф. И. Голощекиннің тұрғаны жөнінде тайға таңба басқандай деректер молынан берілген. Ол Голощекиннің ата-тегін терең зерттей отыра, оның Қазақстанға келуін былайша суреттейді.
"Партия тарихын жазушылар Голощекиннің Қазақстанға қалай тап болғандығы туралы анық жазбайды, басшы болғанын бірақ көрсетеді.
Былайынша айтқанда, Филипп Исаевичті бірінші хатшылыққа ешкім, соның ішінде қазақстандық коммунистер сайлаған жоқ. Ол бұл қызметке тағайындалды. Яғни, Сталиннің РК (б) П-ның XII съезінде " . . . необходимо подобрать работников так, чтобы на и люди, умеющие осуществлять директивы, могущие принять эти директивы, как свои родные и умеющие проводить их в жизнь" деп айтқан тұжырымдамасы жүзеге асты.
1925 жылдың күзінде Қазақстанға да осындай пысықай орындаушы тап болған еді.
Голощекин қазақ жері екі жарым ай толмай жатып-ақ: "ауылда шын мәнінде Совет өкіметі жоқ, байдың билігі, рулардың үстемдігі бар екенін мәлімдеді". Ең қызығы, Филипп Исаевич өз кабинетінен аттап шығып, бірде-бір ауылға аяқ баспаған".
Сөйтіп, Голощекин Қазақстанда "Кіші Октябрь революциясын" жасауға кірісіп те кетті. Өзінің осы ойын жүзеге асыру бағытында небір айла-қулыққа, адам ойына келмейтін небір зұлымдықтарға барғанын тағы да осы кітаптан табуға болады. Мұны В. Ф. Михайлов өзіне тән суреткерлікпен былайша өрнектейді.
"Адмирал Колчак: "қазақтарды басқару оңайдың оңайы, қалың көпшілік интеллигенцияның көзін жойсаң болды, - қазақтарды бағындырғаның" - деген екен дейтін лақап сөз бар. Сібірдің билеушісі солай деп айтты ма, айтпады ма, - ол жағы белгісіз, бірақ Колчактың аз уақыт билігі кезінде бірде-бір қазақ интеллигенциясы қиянат көрген жоқ. Алайда, от жанбаса түтін қайдан шықсын, бәлкім, көкейінде ондай ой болуы да мүмкін. Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин 1930 жылы қазан айында қазақ республикасының құрылғанына он жыл толған мерекесіне байланысты өткен Алматы қаласы партия активі жиналысында осы ойды ашық болмаса да, астарлы түрде жеткізді.
Голощекин қазақ халқының рухани көсемдері мен ұстаздарын жаңа құрлысқа қатыстыруға шын ниетімен құштарлана қойған жоқ, - сондықтан да ұлтшыл деген атақты барлығына таңумен болды. Бұл оның ұстанған тактикалық тәсілі еді, "ұлтшылдарға" уақытша тек қана уақытша ғана төзуге келісті, ал одан соң оларды өмірден аластап тынды".
Нәтижесінде, елдің саяси өміріне "Садвакасовщина", "Рыскуловщина", "Сейфуллиновщина" тәрізді атаулар енгізіліп, қазақтың бетке ұстар азаматтары шетінен өлімге қиылып кете барғанын және өзінің осындай қанқұйлы саясатын ақтап алу мақсатында Голощекин идеологиялық бағытқа кезенген оқпанын бір сәтке де ауытқымағанын кітапта мына тәрізді көптеген нақты деректер келтірілген.
"С. К. деген біреу "Советская степь" газетінің 1927 жылғы 27 мамырдағы нөмірінде Қазақстан Жазушылар одағы жөнінде былай деп хабарлады:
"Шығарманың саяси бағыты автордың қай ағымның иесі екендігіне байланысты айқындалады. Алдын-ала жүргізілген есепке қарағанда, ұлтшыл авторлардың күшімен 14 кітап, КазАПП-тықтардың 16 және жолбикелердің 9 кітабы жарық көрген . . . Ұлтшыл авторлардың өздеріне тән айырмашылық бар (Байтұрсынов, Әуезов, Дулатов, Кемеңгеров, Омаров, Абай, Жұмабаев) .
. . . Ұлтшылдар қазақ даласы мен халқын таптан тыс, шын мәнінде шабыттана жырлайды, ал шынтуайтына келгенде өз қаламдарын Совет өкіметіне қарсы бағыттаған".
Көріп отырғанымыздай, марқұм Абай Құнанбаевтың өзі де қырағы сынның қырына ілігіп, революциядан соң Кеңес өкіметінің қас-жауы деп жариялайды. Осылайша қазақ жазушылары мен мәдениет өкілдері қудалауға ұшырады. Одан басқа тұтқындау, тергеу және үкім шығару туралы бір ауыз сөз де айтылмады. Өйткені, Голощекиннің қудаланған азаматтардың кіналары жөнінде келтіре қоятын нақты дәлелдері жоқ еді. В. Ф. Михайлов бұл тұрғыда "Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі қортындысынан" мынадай үзінді ұсынады:
Мағжан Жұмабаев туралы: " . . . 1926 жылы негізсіз айыпталып, он жылға түрмеге кесілді. Астыртын қызметі үшін керек деген желеумен оған 1921 жылы "Алқа" атты ұйым құрды-мыс деп жадағай кінә тағылды. Ал шын мәнінде бұл алқаны Сібір халықтарын Қазақ республикасы туралы кенінен хабардар ету үшін Сібір революциялық Комитетінің жанындағы Қазақ АССР- інің өкілдігі ұйымдастырған еді. Осынау ағартушылық алқа кейін сталиндік репрессия кезінде қазақ ұлтшылдығының құпия контрреволюциялық ұйымы деп танылды".
Ахмет Байтұрсынов жөнінде: "Елімізде революцияға дейінгі интеллигенцияның көрнекті қайраткерлері жазықсыз қудаланып, жазаланған 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында алашорданың бұрынғы жетекшілерінің контрреволюциялық қызметінің тың деректері табылыпты-мыс деген өсек-аяң А. Байтұрсыновтың үстінен де қаптап кетті. Ол баспасөздің сан мәрте шабуылының объектісіне айналды және ОГПУ коллегиясында сотталып, Архангельск облысына айдауға жіберілді. Ал әйелі мен қызы Томскіге жер аударылды".
Жүсіпбек Аймауытов хақында: "…1929 жылы құпия ұлттық ұйымға қатысыпты-мыс деген сылтаумен тағы да қамауға алынды және 1931 жылы атылды . . .
Республика прокурорының наразылық білдіруі бойынша Қазақ ССР Жоғаргы соты М. Жұмабаевты, А. Байтұрсыновты және Ж. Аймауытовты олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына орай, қайтыс болғаннан кейін толық ақтады".
Міне, осы келтіргендерге қарап-ақ, шындығында, қазақ зиялыларының іс-әрекеттерінде кандайда бір контрреволюциялық қимылдың болмағанын аңғару қиын емес. "Буржуазиялық ұлтшылдардың" бар кінәсі өз халқының тағдырын көбірек ойлап, сол халықты мүлде білмеген, түсінбеген және жаратпаған, кабинете отырып-ақ шеті де шегі де көрінбейтін нұсқаулар арқылы басқаруды ғана діттеген Голощекинге қарағанда қабырғаларының қаттырақ қайысқандығы еді. Голощекин қазақ халқының былайғы тіршілігінен мүлде бейхабар еді. Сегіз жылдың ішінде ауылға баруға бір рет те әрекеттенбеуі жайдан-жай ғана емес.
Осыған орай, кітап авторының мына пайымдаулары көп жайды аңғартатындай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz