Жұмысшы қозғалысының тууы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Жұмысшы қозғалысының тууы. 1

Қазақстанда 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс. 3

Жұмысшы қозғалысының тууы.

Қазақстанның саны аз және бытыраңқы жұмысшылары революциялық күреске ХХ-ғасырдың бас кезінде қосылды. Қазақ жұмысшыларының капиталистік қанаушылыққа қарсы революциялық қимылында ол кезде белгілі бір ұйымшылдық болмады, жұмысшылардың алғашқы ереуілдерінің тууына 1900-1903 жылдардағы өнеркәсіп дағдарысымен байланысты жұмысшылардың онысыз да ауыр халінің онан сайын нашарлауы себеп болды.

Өте мөте үлкен ереуілдер 1901 жіне 1903 жылдарда Успен руднигінде, сол сыйяқты 1902-1903 жылдарда Екібастұз бен Қарағандыда болды. Жұмысшылар ол кезде тұрмыспен байланысты. Тек экономикалық талаптар ғана қойды: жалақыны арттыруды, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсылауды талап етті.

ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында Сибирь темір жолындағы Сибирь темір жолындағы теміржолшылар, Орынбор-Ташкент темір жолын салып жатқан жұмысшылар арасында да ереуіл туды. Мұғалжар станциясындағы жқмысшылардың ереуілі теміржолшыларшыладың ереуілдерінің ішінднгі ең үлкен болды. Бұған 800 адам қатысты. Бұл ереуілдің тууына жалақының екі айдай бреілмегендігі, жұмысшылар жалақысының кем берілуі, тұрмыс жағдайының, әсіресе, тұрған үй жағдайының ауырлығы себеп болды. Лениннің “Искра” газеті 1903 жылғы Ақпанның 1-інде Ташкент жолындағы темір жолындағы темір жол жұмысшылары халінің ауырлығын хабарлап, былай деп жазды: “Подрядчиктердің жұмысшылардың жалақысын жеп қалатынын, қанаушылықтың орасан ауырлығын, жұмысшылардың, барақ деп аталатын, саламмен жапқан ұраларда тұратынын, шіріген овощь сорпасымен қоректенетінін айтып жатудың қажеті жоқ, өйткені мұның бәрі дағдылы іске айналған ”.

Революциялық күреске қазақ жұмысшылары да қосылды. Бірінші Мемлекеттік думаның Орынбор губерниясынан сайланған депутаты Т. Седельников өзінің “Қазақ даласында жер үшін күрес” деген кітабында қазақ жұмысшылары арасында таптық сана сезімінің туа бастағанын айта келіп, былай деді:”Өскемен, Қарқарлы, Ақмола уездеріндегі кен орындарында, таскөмір шахталарында, Ертіс бойында -кемелер мен пристандарда жалданып жұмыс істеуді кәсіп қылып кеткен пристандарда жалданып жұмыс істеуді кәсіп қылып кеткен қазақ жұмысшылары көп жұмыс істейді, өздігінен дерлік ереуілдер де жасады: бұлар нағыз пролетарлар”.

Қазақ жұмысшыларының үлкен ереуілі 1903 жылғы желтоқсанның 20сында Рязановтардың Спас мыс заводында болды. Заводтың басқарушысы Сухорков бұл ереуіл туралы әкімдерге жіберген хабарында:”Уәделескен күні қазақ жұмысшыларының көбі онан әрі жұмыс істегісі келмей, есеп берілуін сұрады, сол сыяқты, өздеріне қосылмаған жұмысшыларға ықпал жасауды көздеді” деп жазды. Ереуіл үш күнге созылды. Жұмысшылар тұрмысқа байланысты ғана экономикалық талптар қойды.

Бұл ереуілдердің бәрі жұмысшылардың жеке отрядтарының некен -саяқ қыймылы болды. Тек кейінен, Ресейде революциялық қозғалыс күшейе келе, революцияшыл социал -демократиялық ықпалы шет аймақтарға тарай келе, Қазақстанда революциялық қозғалыс кең өрістеп, ұйымшылдыұ сыйпаты бар қозғалысқа айналды. Қазақ халқының еңбекші бұқарасы бірте -бірте саяси, революциялық күреске ұосыла бастады. Лениндік “Искраның” революцияшыл социал -демократияның идеялары, орыс жұмысшы қозғалысы Қазақстанда революциялық және Ұлт-азаттық қозғалыстың өсуіне кейінен, 1905-1907 жылдардағы революция кезінде әсер етті. Мұның әсері Қазақстанға Кавказ сыртының, Еділ бойының, Сибирьдің әсіресе Самара, Саратов, Уфа, Омбы қалаларының, сол сияқты Орал қалаларының социал -демократ ұйымдары арқылы таралды. Марксистік әдебиет пен үндеулер Қазақстанға жиі келе бастады. Мысалы, Қазақстанның солтүстік облыстарында Петропавлдағы “жұмысшы табын азат ету күресі одағының ” үндеуі таралды.

Қазақстанда социал -демократияның жергілікті ұйымдары көбінесе саяси жер аударылған адамдардың көмегімен құрылды. Мысалы, Петрпаулда социал -демократия ұйымы құрылды. Бұл қалаға бір топ социал -демократтар, Омбыдағы темір жол мастерскойларының жұмысшылары жер аударылған болатын. Қазақстанда Ленин мен Сталиннің сенімді серіктері -Михаил Васильевич Фрунзе мен Валериан Владимирович Куйбышев революциялық жұмыс жүргізе бастады. М. В. Фрунзе 1904 жылы Верныйдағы гимназияны бітіріп, сол қалада өзінің революциялық жұмысын бастады. Омбыда туған В. В. Куйбышев жас жіғіт кезінде -ақ Омбыда, Көкшетауда, Петропаулда ұйымдастыру насихат жұмысын жүргізді. Томскіде С. М. Киров революциялық жұмыс жүргізді. Сибирьде жұмыс жүргізген социал -демократ ұйымдары Қазақстанда революциялық күрестің күшеюіне әсер етті.

1902 жылы Петропаулдың темір жол депосында, жер аударылып келген жұмысшылар Федулин және Фигин социал -демократтар үйірмесін құрды. Бұл үйірме көп ұзамай социал -демократтар ұйымына айналды. Орыс, украйн, қазақ, татар жұмысшылары бұл ұйымға мүше болды. Петропаулдың социал -демократтар ұйымы РСДЖП-ның омбы комитетімен, ол арқылы РСДЖП Сибирь одағымен байланысты болды. РСДЖП Омбы комитетінің мүшесі В. В. Куйбышев жолдас Петропаул және Көкшетау ұйымдарына тікелей басшылық етті. Оның басшылығымен Көкшетаудда астыртын баспахана құрылды. Петропаул мен Көкшетаудың социал -демократтары жұмысшылар, қолөнершілер, солдаттар, шаруалар арасында үндеулер, листовкалар таратты, олардың революцч-иялақ күреске шақырды.

Қазақстанда 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Саяси партиялар туралы ақпарат
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық партиялары
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Түрксібтің салынуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz