Қазақстан Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында


Толықтыру керек
ЖОСПАР
Кіріспе1
Қазақстан Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында1
Қорытынды8
Қолданылған әдебиеттер тізімі8
Кіріспе
Қазақстан Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында
Революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстар. Қазақ халқының тынысын тарылтқан, жерді патша үкіметінің қолына байлап берген 1867-1868 жылдардағы және 1891 жылдағы әкімшілік-сот және жерді басқару жөніндегі реформалар екендігі белгілі. Бұл реформалар қазақ даласын жаппай отарлауға заң жүзінде кең жол ашты.
Онда “көшпелі қырғыздар қоныстанып жүрген жер мемлекеттің меншігі” деп танылды. Демек, қазақ шаруаларының жері мемлекеттік меншік деп жарияланды. Патша үкіметі енді қазақ даласын отарлауды, Ресейдің орталық губернияларынан шаруаларды қоныстандыру қозғалысын бастады. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Колпаковский бірінші болып бастама көрсетті. Ол жасаған “шаруаларды қоныстандыру туралы ереже” бойынша қоныстанушылардың әр адам басына 10 десятина жер үлесі белгіленді, олар 3 жылға салықтар мен міндеткерліктерден босатылды. Г. А. Колпаковскийдің 1884 жылғы есепті баяндамасынан: “Егер менің жобалаған шараларым заң болып қабылданса, дала болыстарының шегінде негізінен орыс егіншілерін қоныстандыру дұрыс жолға қойылады да, бірнеше онжылдықтар өткенде дала өлкесін таза орыс тұрғындары мекендейді”.
Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында басталды. Қазақ даласына қоныс аудару қозғалысы 1870 жылдан бастап 1892 ж. Сібір темір жолы комитеті құрылғанға дейін жалғасты. Осы комитет құрылғаннан кейін қоныс аудару қозғалысының жаңа кезеңі басталады. Қазақстанның тарихи қалыптасқан этнодемографиялық жағдайының қатты өзгеріске ұшырағандығының айқын дәлелі - 1897 жылғы жалпыхалықтық санақ нәтижесінен көрінеді. 1897 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша қазақ даласындағы 6 облыстың байырғы халықтарын шетке ығыстырудың нәтижесінде қазақтар үлесі (81, 7%) төмендей бастады, оны мынадан көруге болады: Торғай облысында қазақтар 76, 5%, Петропавл уезінде - 43%, Көкшетау уезінде - 51%, Қостанайда - 77%, Семейде - 88%, Оралда - 71%, Сырдарияда - 62%, Ақмолада - 52%, Жетісуда - 54%.
1896 ж. Ақмола облысында 10 мыңдай жаңа қоныстанушылар тұратын 132 село болды, ал 1900 ж. селолар саны 200-ге, көшіп келушілер саны 160 мыңға жетті. Келушілер тек Украина мен Ресейден емес, Сібірден, Орта Азия, Польша, Финляндия, Кавказдан да болды.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 1896-1905 жылдарға дейін 294 мың келімсек болса, 1906-1910 ж. олар 770 мыңға артты. 1917 жылы қазақтар бүкіл халықтың 58%-ын ғана құрады.
Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы, ұлттық интеллигенцияның нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы бірінші буржуазиялық-демократиялық революциясымен тікелей байланысты.
Ғасырлар бойы қасық қаны қалғанша қорғаған жерінен айырылып, кіріптарлыққа түскен қазақтың ауыр халі және патшалық Ресейдің қатал отарлық саясаты көзі ашық оқыған қазақтың азаматтарына ой салды. Дәл осы тұста қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, Халел мен Жанша Досмұхамбетовтер, Жақып Ақбаевтар саяси күрес аренасына көтерілді.
19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында екі бірдей езгіге қатар ұшыраған қара халықтың ашу-ызасы мен наразылығы орыс пролетариатының революциялық қозғалысына ұласты. Бірақ Ресей пролетариаты мен қазақ кедейлері арасындағы арасалмақта өзгешелік бар еді. Орыс пролетариатына әрине, жұмыстың ауырлығы, алым-салық көптігі, еңбекақы аздығы, жұмыс уақытын қысқарту сияқты талаптардың орындалуы керек еді. Ал қазақ жұртына жердің қайтарылуы, алым-салықтың еселеп өсуін тоқтату, екі жақты, жалпы отарлық езгіден құтылу керек еді.
Бұратана отар халықтардың патша үкіметіне деген наразылығы орыс пролетариатына қарағанда екі есе асып түсті.
Еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын жоқтаған алдыңғы қатарлы зиялы қауым осы бір прогрессивтік қозғалыстың ұйымдастырушыларына айналды.
Қазақ жерін отарлап, халқын орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын әшкерелеп, оған қарсы үгіт-насихат жүргізген Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаевтар петициялары мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде алым-салықтың көбеюіне, билеуші тап өкілдерінің озбырлығына, ал негізінен жаппай қоныстандыру саясатына батыл қарсы шықты. Патшалық самодержавиеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар мен топтардың ісіне араласа жүріп, өздерінің ой-пікірлерін, жеке көзқарастарын баспасөз беттерінде жариялап жүрді. Мәселен, М. Тынышбаев “Сахарадағы толқудың басты себебі - саяси, рухани, діни, экономикалық езгі” - деп дәл көрсетті. “Орыс шенеуніктерінің ойынша бұратана халықтар орыстандыру саясатына құрбандыққа шалынуға және жойылуға тиіс: орыс өкіметінің көзіне қазақтар адам болып көрінбейді, өмір сүруге хұқысыз әлдебір зиянды мақұлық боп елестейді, сондықтан олар бізге қатыгездіктің, айуандықтың сан түрін істеп бағуда. Халық құлақ естімеген азап шегуде” деп ашына жазды. “Қандай қанқұйлы зымиян мақсат?! Орыс бодандығын қантөгіссіз бейбіт қабылдағаны үшін, бұрынғы тәуелсіздігі мен бостандығының қарымына қазақтардың алған “сыйы”, міне осы!”, - деп қалыптасқан жағдайға қарсы күресуге шақырды.
1905 ж. жазда Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата уездерінде толқулар бұрқ ете түсті. Мамыр-қазан айлары аралығында ірі қалаларда социал-демократиялық топтар ұйымдастырған шерулерге қатысушылар “Самодержавие жойылсын!” деген ұрандар көтеріп шықты.
Перовскіде, Қостанайда, Верныйда, Петропавлда, Оралда, Успенск кенішінде, Қазақстанның темір жол бойында орналасқан бірқатар пункттерінде қозғалысты РСДРП жергілікті басшылары ұйымдастырды. Социал-демократиялық ереуіл комитеті Қызылордада, Қостанайда, Оралда, Успенскіде құрылды.
1905 жылғы жазда Семей, Торғай және Орал облыстарында аграрлық толқулар болды. Сібір казак әскерлерінің жеріндегі қозғалысқа Семей облысы Қарқаралы уезіндегі қазақ кедейлері қосылды. Олар патша шенеуніктерін қуып шығып, олардың озбырлығына шағым жасалынған петициялар жазды. Мұнда, яғни Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде Дала өлкесіне көп дабыра тудырған атақты петиция дүниеге келді. Оның соңына 14, 5 мың адам қол қойды. Кезінде патша үкіметіне үлкен үрей тудырған петицияны заң тәртібіне түсіріп жазған қазақтың ең алғашқы заң қызметкері Жақып Ақбаев болды. Әскери губернатор Романов, дала генерал-губернаторы Лосевский сапарлары қазақтарды тоқтата алмады.
Мемлекеттік Дума және қазақтар. 1905 жылғы 18 ақпандағы рескрипт бойынша жұрттың бәріне өз мұқтаждықтарын еркін талқылауға және петиция жолдауға құқық берілді, бірақ жергілікті жерлерде патша әкімшілігі қозғалыстарды әскери-полиция күштерімен басып-жаныштады. Бұл оқиғаның қаһармандары Орынбор губернаторы Барабаш, Торғайдікі - Ломачевский еді.
Осылайша, қазақтардың ой-тілектері мен ұмтылыстарына барынша кедергі жасалып бақты. Булыгин Думасына өкілдік сайлау хұқынан айыруға тырысты. Барлық губернаторлар бірауыздан қазақтарды сайлауға қатыстырмау талабын қойды. Бірақ сахарадағы қатты толқудың арқасында патша үкіметі қазақтармен санасуға мәжбүр болды.
Ел ішінде революциялық күштердің өрлеуінен қорыққан патша үкіметі 17 қазанда манифест шығарып, онда адам жеке басының бостандығын, ұждан, сөз, жиналыс, ұйым құру бостандығын беруге уәде етті. Қазан манифесімен қанаттанған ұлттық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялылары жалпыұлттық мүддені көздеген арыз-тілектер жазуды ұйымдастырып, жалпыұлттық газет шығару, ел мүддесін қорғайтын саяси партия құру, Мемлекеттік Дума жұмысына атсалысу сияқты міндеттерді мойнына ала бастайды. Әлихан Нұрмұхамедұлы Семей облысы қазақтарының атынан І Мемлекеттік Думаға мүше болып сайланады. Ол орыс тіліндегі басылымдарда (“Товарищь”, “Речь”, “Слово”) патша билігінің қазақ даласындағы әділетсіз отаршылдық саясатын әшкерелейтін мақалалар жариялайды, қазақ кадеттер партиясын құруды көздеген жиналыстар өткізеді. Осы кездегі қазақ халқының елдігін, бостандығын аңсайды. Болашақтағы “Алаш” партиясының бағдарламалық негізіне арналған идеяларды ұсынады. “Қазақтардың өзін-өзі басқаратын автономиясы болуы керек” дейді.
Сол кездің өзінде-ақ дербес ұлттық мемлекет құруды аңсаған қайраткерлер қатарында М. Тынышбаев болды. 1905 ж. 19 қарашада Автономия одағының І съезі болады. Онда “Қазақтар және азаттық қозғалыс” атты баяндама жасаған М. Тынышбаев: “Сахарада саяси партия әзірге жоқ . . . ” - деп қорытындылайды.
Бүкілресейлік саяси ереуіл халықтық революция өрлеуіне, қазақ даласында ұлт-азаттық күреске жол салды. Ресей орталығындағы революция қазақ еңбекшілерін патша өкіметіне қарсы күреске итермеледі. Қазақ шаруаларының аграрлық-азаттық қозғалысы әсіресе Семей мен Ақмола, Омбы, Павлодар облысы мен уездерінде күшейе түсті. 1906 ж. Жаркент, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарындағы ауылдарда шаруа толқулары кең қанат жайды.
1905 жылғы 11 және 15 қарашада патша манифесімен танысуға арналған үлкен шеру өтеді. Қазақ зиялылары оны қазақ тіліне аударып береді. Семей және Павлодар уездері қазақтары мен татарлар қозғалысы Жетісуға дейін жетті: мұндағы Лепсі уезінде 1 мың адам қол қойған петицияда үкіметтің екіжүзді саясатына қарсылық білдірілді. Төмендегідей талаптар қойылды: халықтың өзін-өзі билеуі; генерал-губернаторлықты жою; патша үкіметі заңдарын жою; шаруа бастықтары мен урядниктік институттарды жою; әскери басқаруды азаматтық басқарумен ауыстыру; сөз бен ар-ұждан бостандығын беру; Мемлекеттік Думада тең өкілдіктің болуы; келімсектерді тоқтату және тартып алынған жерлерді қайтару.
Осыдан кейін Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты қудалау басталады. Ә. Бөкейханов 1906-1907 жылдары абақтыда отырып, ары қарай жер аударылса, А. Байтұрсынов өз өмірбаянында “1909-1910 жылдары Семей түрмесінде сотсыз, тергеусіз отырдым” деп жазды. Жақып Ақбаев “Степной край” газетінде (1905 ж. 9 қараша, N235) “Саяси көзқарастарыма байланысты заң орындарынан жұмыстан шығарылдым” дейді.
Тарих қалтарысында елеусіз қалып келген бір топ қазақ азаматтарының халық қамы үшін қабілет-дарынын сарқа пайдаланған кезеңі Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатысып, парламентке қызмет еткені болды.
Дума Ресейде барлығы төрт рет сайланды, соңғысы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. Олар 5 жылға бір рет сайланды. І-ІІ Дума жұмыстарына қазақ депутаттары да қатысты, кейіннен 1907 жылғы 3 маусымдағы заң Қазақстан мен Түркістан өлкелерінен депутат сайлау құқының күшін мүлде жойды. Тек Орал казак әскерінен бір депутат сайлау құқығы сақталып қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz