ОРТА АЗИЯҒА САЯХАТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ОРТА АЗИЯҒА САЯХАТ
А. Вамбери.

Мен Венгрияда, Дуна-Сцердахели елді мекенінде, Петербург комитетінде, 1832
жылы тудым. Шет тілдерді үйренуге деген құлшынысымның арқасында, мен сонау
балалық шағымда-ақ, бірнеше еуропалық және азиялық тілдерді үйренген едім.
Басында, мені Шығыс пен Батыстың тарихы қызықтыратын-ды, осының
нәтижесінде, тілдердің арақатынасына да көңіл аудара бастадым, және
сондықтан, “nose te ipsum” деген сөзді ұстанып, ана тілімнің басқа
тілдермен туыстығы мен шыққан тегін анықтауға кірісуім, аса таңырқаушылық
туындамайтын сияқты.
Венгр тілінің алтайлық тамырлары бар екендігін, әркім біледі, бірақ ол
финдық па, әлде татар тармағына жата ма, осыны шешу - әлі алдымызда тұр.
Ғылыми тұғырдан және біздің, венгрлықтардың ерекше бір ұлттық
қызығушылығынан туындаған осы мәселе, менің Шығысқа қарайғы саяхатымның
басты себебі болған еді. Мен тірі тілдерді зерттей отырып, венгр тілі мен
түркі-татар үстеулерінің бар екендігіне, теориялық зерттеулердің
нәтижесінде өз көзім жеткен тумаластығының дәрежесін, анықтауға ұмтылдым.
Мен ең алдымен, Константинопольге аттандым. Түріктердің үйлерінде көп
жылдар бойы тұрақ тауып, медреселер мен кітапханалаларды аралаған мен,
нағыз түрік, тіпті әпенді де болып кеткен едім.
Бұдан әрі қарайғы лингвистикалық зерттеулердің барысында, алыс-алыс
жерлерге бару қажеттілігі туындаған еді, және мен, Орта Азияға қарай
сапарға дайындалғанда, өзімнің әпенді кейіпімді қалдырып, Шығысты сол
шығыстың байырғы тұрғыны ретінде аралауды жөн көрдім.
Осымен, менің Босфордан бастап Самарқанға дейінгі сапарымның мақсаты
анық дейік. Геологиялық және астрономиялық зерттеулер менің мақсатымнан
тысқары болатын, оның үстіне, менің осы кейіпіме қарай, оған қол жеткізу
мүмкін емес еді. Мен негізінен, Орта Азияның тұрғындарына, олардың саяси
және әлеуметтік қарым-қатынастары, мінез-құлықтары, әдет-ғұрыптарына назар
аудардым, және осы жеңіл-желпі очеркімде осыны сипаттауға тырысамын. Осы
елдерге саяхатымның барысында, мен олардың географиялық жағдайлары мен
статистика туралы да, өзімнің мүмкіндігімше анық-қанық мәліметтер алуға
тырыстым; дегенмен, өзімнің саяхатымның негізгі және ең құнды нәтижесі деп,
тек филологиялық бақылауларымды ғана білемін, оларды асықпай, тиянақтырақ
талдап шыққанан кейін, ғылыми әлемге оны қарастыруға ұсынармын. Саяхатымның
нағыз жемісі деп, мына қосымшаланған беттер емес, әлдебір жыртық-қиықтарды
киіп, талғажау етер ештеме жоқ болып, үнемі азаппен өлуден қорқып, бірнеше
айлар бойы жаһан кезіп жүріп жасаған, осы бақылауларымды білерсіздер.
Біреулер мені бірбеткей дер, алайда, мен жылдар бойы мақсатыма жетуге
асыққан адаммын, non omnia possmus omnes екенін ұмытпаған абзал.
Осы жазбаларды жарыққа шығарғанда, мен кейбір өзіме бейхабар салаларды
қозғай отырып, оларды сипаттағанда немесе материалды таңдауда бірқатар
ағаттықтарға жол беруім де мүмкін. Менің орта азиялық кейіпіме қарай, бұл
еңбектен екі есе асатындай, осыдан ауқымдырақ мәліметтер жинақтаған едім.
Бұны мен келешекте егжей-тегжейлі жазуды жоспарлап та қойған едім; ал
қазірше, жадымдағы алған әсерлердің бояуы қанық кезінде, барлық көрген-
білгенімді жай ғана баяндауды жөн санаймын. Осыған орай, мен толықтай
табысқа жеттім деп нық айта алмаспын. Оқырмандар мен сыншылар мені жазғыруы
мүмкін, ал қолымдағы мәліметтер, басымнан кешкен оқиғаларға тұрмауы да
мүмкін; бірақ, өтінем сіздерден, мен тыңдау – ұятсыздыққа, сұрастыру –
қылмысқа, ал көрген -білгеніңді жазып алу - өтелмес күнә болып саналатын
елдерде болған едім, осыны ұмытпаңыздар.
Әңгіменің сабағы үзімес үшін, мен бұл кітапты екіге бөлдім. Бірінші
бөлім, менің Тегераннан Самарқанға және қайтар жолымды сипаттайтын саяхат
туралы жазбаларымнан; екінші бөлім – Орта Азияның географиясы,
этнографиясы, саяси және әлеуметтік қарым-қатынастары туралы жинаған
деректерден тұрады. Бір жағынан мен бұрындары бірде-бір еуропалықтың аяғы
басып көрмеген жерлерге барсам, екінші жағынан, менің жазбаларым - маған
дейін аз жазылған немесе тіптен де жазылмаған жақтарды қамтитындықтан,
оқырман осы екі бөлімді де бірдей қызығушылыпен оқитынына сенем.

А. Вамбери
Пешт. 1864 ж. Желтоқсан айы.

Бұхар хандығы.
Тұрғындары.

Бұқар хандығы қазіргі кезде, шығысында - Қоқан хандығы мен Бедазшань
тау жотасымен, ал оңтүстігінде – Окус пен Керки және Чихардшуй
аймақтарымен, ал солтүстігі мен батысында – Ұлы Шөлдаламен шекараласып
жатыр. Бұхараның шекарасын дөп басып айтуға болмайтындай, оның халқының
санын да нақты анықтау мүмкін емес. Олардың саны 2 ½ миллионға жететін
отырықшы және көшпенді десем, асыра айтпаспын; ұлттарына қарай, олар
өзбекк, тәжік, қырғыз, араб, мервтер, парсылар, үндістер мен еврейлерге
бөлінеді.
1. Өзбектер. Олар, біз Хиуаны сипаттағанда атаған сол 32 буынға
жатады, бірақ, өздерінң хорезмдік аталастарынан бет-әлпетімен де, мінез-
құлқымен де ерекшеленеді. Хиуалықтардың сарттармен араласқанына қарағанда,
бұхара өзбектерінің тәжіктермен арақатынстары тығызырақ болған-ды, сол
себептен, біте-бірте өздерінің ұлттық сипатынан және өзбектердің мәнезіне
сондай тән турашылдық нышандарынан айрылған еді. Әмірдің өзі маңғыт және
хандықта маңғыт руы үстем болғандықтан, олар мемлекеттің әскери күшін
білдіреді, дегенмен, офицерлердің өз қатарынан асып, жоғары өскенін сирек
бақылауға болады.
2. Тәжіктер. Бастапқыда Орталық Азияның барлық қалаларында тұрақ
тапқан тәжіктер, бұл қалада ең көп шоғарланған екен, өйткені Бұхара –
тәжіктің өз ұлтын мақтан тұтаны жалғыз қала болып табылады. ол өзінің
бұрынғы отаны – ежелгі Хорасанмен[?] шекаралас орналасқан, Хотеннен
(Қытайға) – шығыста, Каспий теңізіне батыста, солтүстікте – Ходжент жатыр,
ал оңтүстігінде – Үндістан. Бұл халық - өзінің көнелігі мен өткен шақтағы
ұлылығына қарамастан, көргенсіздік пен ұждансыздықтың ең төменгі шегіне
жеткендігі, өкінішті-ақ және оларды Орта Азияның өкілі ретінде қарастыратын
болсақ, ол туралы мүлдем ұсқынсыз түсінік алар едік.
3. Қырғыздар[?]. Қырғыздардың немесе өздері атқандай, қайсақтардың
саны Бұхарада айтарлықтай емес; бірақ біз, реті келіп тұрғанда, өзінің
санына қарай Орта Азияда айтарлықтай болып табылатын және көшпенді өмірінің
көнелігіне қарай қызықты, осы халық туралы, өзіміздің алған әсеріміз туралы
айта кетеміз. Менің саяхатымның барысында қырғыз шатырларының жеке топтарын
байқаған еді, тұрғындарынан оларды саны туралы сұрағанымда, олар мені
күлкіге айналдырып; “Ең алдымен шөлдегі құм түйірлерін санап ал, сосын
қырғыздарды санап көр” дейтін. Олардың шекараларын да осылайша, анықтау
мүмкін емес-ті. Олардың Сібір мен Хиуа, Түркістан және Каспий теңізінің
аралығын мекендейтінін білеміз; олардың мекендеу жері, қоғамдық құрылымы
сияқты – оларды Ресейге де, Қытайға да жатқызуға болмайтынын дәлелдей
түседі. Қытай, Қоқан, Бұхара мен Хиуа қырғыздарды, арасында өздерінің
жіберген алым-салық жинаушылар жүргенге дейін ғана басқара алады; қырғыздар
бұндай алым-салықтарды тонаушылық деп біліп, салықтың тек оныншы немесе
қандай да бір бөлігін ғана төлегенге мәз. Жүзжылдық, мүмкін мыңжылдықтың
аясында өткен барлық төңкерілістердің - қырғыздарға айтарлықтай ықпалын
тигізбегендігінен, түркістан халықтарының ізгілік пен тағылықтың оғаш
қосылысы болып табылатын олардың әдет-ғұрыптары әлі де, сол қалпында
сақталған еді. Қырғыздардың музыка мен поэзияға деген ерекше ықыласы,
әсіресе олардың ақсүйектік менмендігі таң қалдырады. Бір қырғыз екінші
қырғызбен кездескенде, ең алдымен “Jeti atang kimdir?” деп сұрайды. Бұл
сұрақты сегіз жасар балаға қойса да, ол бұған еш мүдіріссіз жауап беруі
тиіс; ал керісінше болса, оны өте тәрбиесіз және надан деп санайды.
Мәрттігі жағынан қырғыздар түрікмендерден біраз артта қалады, ислам діні де
оларда тұрақсыз қалыптасқан екен. Тек байлар ғана қалалардан бір молданы
шақыртып, олар қой, жылқы және түйе түріндегі сыйақыға, ұстаздың да,
священниктің де және хатшының да рөлін атқарады. Біздер, еуропалықтар үшін,
тіпті олармен тығыз байланысқанның өзінде, қырғыздар оғаш болып көрінеді.
Біз аптап ыстыққа немесе омбы қарға қарамастан, күн сайын, бірнеше сағаттар
бойы, бүкіл үй-ішімен көшіп, бірнеше сағатқа ғана тоқтап, қайта көшетін -
өмірі нанның не екенін естіп-білмеген, тек сүт және етпен қоректенетін
адамдарды көреміз. Қырғыздар қалалықтар мен басқа отырықшы тұрғындарды ауру
немесе есінен адасқан адамдар деп санайды, - және бет-әлпетінде қандай да
бір моңғолдық нышандары жоқ адамды көргенде, оған аяушылықпен қарайды.
Олардың эстетикалық түсініктері бойынша, моңғолдың түрі сұлулықтың ең
жоғарғы нышандарын білдіреді, өйткені Құдай, оларды атжақты қылып жаратып,
қасиетті жылқыға ұқсатқан екен.
4. Арабтар – үшінші халифтің кезінде Кутенбенің басшылығымен,
Түркістанды жаулап алуға қатысып, сол жерде қалып қойған жауынгерлердің
ұрпақтары болып табылады; бірақ олардың, Хиджас пен Аркедегі туыстарымен
түр-сипатынан басқа, ұқсастығы шамалы; бұл жерде арабша сөйлейтін адамдар
аз кездеседі. Олардың саны, шамамен 60.000. Олар негізінен отырықшы,
Варданзи мен Вафкенттің маңайын мекендейді.
5. Мервтер – 40. 000 парсының ұрпақтары, оларды шамамен 1810 жылы,
қаланы сариктердің көмегімен жаулап алғанда, Мервтен Бұхараға Саид ханның
бұйрығымен қоныс аударған еді. Өздерінің шығу тегі –Азірбайжан мен
Қарабақтан шыққан, Мервке Надір шахтың бұйрығымен аударылған түріктерге
жатады. Бұхарадағы бұл халық – тәжіктерден кейінгі ең қу халық, бірақ олар
тәжіктер сияқты қорқақ емес-ті.
6. Парсылар – жартысы құлдар, жартысы – еркіндік алып, Бұхарада
тұрақтаған халық. Діни қысымшылыққа қарамастан (олар өздерінің шейіттік
ғұрыптарын тек жасырын орындай алады), парсылар саудагерлік пен қолөнермен
шұғылдануға әуес, бұл жердегі тіршілік аса қымбат болмағандықтан, оларға
табыс, отандағы табысына қарағанда, оңайырақ келетін сияқты көрінеді.
Парсылар ойлау қабілеті жағынан Орта Азияның көптеген халықтарынан
әлдеқайда жоғары және құлдықтан жоғарғы мемлекеттік қызметтерге дейін
жететін кездері де сирек емес. Шет аймақтардың көптеген билеушілері,
бұрындары өзінің құлдары болған және өзіне адал болып қалған парсыларды
әртүрлі қызметке қалдыратындықтан, әмірдің жанында парсылар құжынап жүреді;
ханның басты уәзірлері де осы халықтан шыққан. Бұхарада оларды,
ферғаналықтармен ең көп араласқан, сонықтан шайтандық қулықты солардан
үйренген деп санайды.
... Қоқанда бұл бұрыннан бері ғұрыпқа айналып, өздерін өзбектер деп
санайтындардың жартысы, жоғарыда аталған көшпенділерге жатады. Өзінің сырт
пішіне қарай қоқандық өзбек ебедейсіз көрінеді, бұған оның қолайсыз, кең
киімі себеп болса керек. Біз бұл халықтың сужүректілігін талай көрдік, және
егер елді қорғайтын көшпенділер болмаса, Қоқанның қалалары әлдеқашан
Хиуаның, Ресей немесе Бұхараның билігіне көшер еді.
2. Тәжіктердің саны Бұхарадағыға қарағанда, аса көп болмағанымен,
басқа жерлерде байқалмайтын, үлкен топтарға бірігіп, тіпті, бүтін бір
ауылдар мен қалалар да акус түзетіні бар. Осылайша, Ходжент қаласы,
Велкендас және Кизакус (Ходженд маңында) ауылдарының тұрғындары тек осы
алғашқы парсы тайпасының адамдарынан тұрады, бір аңызға сенсек, осыдан 400
жыл бұрын оларға Наменгань, Әндіжан және Мерголань[?] сияқты, маңызды
қалалар тиесілі болған екен. Ал енді, олардың мінез-құлқына келер болсақ,
онда, қоқандық тәжіктер өздерінің бұхаралық тайпаластарынан асып кеткені
шамалы; тек олардың тілдері, грамматикалық формалар бойына, сөз байлығынына
қарап, олардың тілі - басқа тәжіктерге қарағанда, әлдеқайда таза деп айтуға
болады, бұл әсіресе, бұхарада туған, Рудеки атты ежелгі ақын жиі
қолданатын, тұғындары көптеген формаларда сақталған тілде сөйлейтін,
Қоқанда жиі байқалады. Басқа қоқандық қалаларда, әсіресе Қытаймен шекаралас
жерлерде, тәжіктер сирек кездеседі.
3. Қайсақтар хандықтың жергілікті халқының басым бөлігін құрайды. Олар
таулы мекендерде көшпенді өмір сүріп, Тшаганак көлі мен Ташкенттің арасын
қоныстап, ханға өздерінің Хиуадағы тайпаластарымен бірдей алым-салық
төлейді. Қоқандық қайсақтардың арасында, Хазірет Түркістанда салынған,
өздері ешқашан дерлік тұрмайтын үйлері бар, дәулетті адамдар да кездеседі.
Негізі, олар, өздерінің санының көптігі мен ержірексіздігіне қарамастан,
олар хандықта үлкен ықпал күшіне ие.
4. Қырғыздар. Бізде барлық қайсақтарды қателікпен қырғыздар деп
атайтын, хандықтың оңтүстік бөлігінде, Қоқан мен Сарыкөл арасын мекендейді,
өзінің соғысқұмар мінезіне қарай, әртүрлі саяси партиялар оларды өздерінің
қарсыларстарын күйрету үшін қолданады. Олардың лашықтарының саны 50. 000
дейін жетеді; осыдан, олардың саны теке түркмендермен бірдей екендігін
байқауға болады
5. Қыпшақтар. Менің пікірімше, қыпшақтар түркі халқының ең ежелгі де
алғашқы тайпасыны жатады, және Комулдан Адриатикалық теңізге дейін тарыдай
шашыраған осы үлкен әулеттің барлық бауындарының арасындағы, өзінің байырғы
ұлтының түрін, мінез – құлқын, тілі мен тәлім –тәрбиесін берігірек сақтаған
тайпа болып табылады. Рашиб-ед- дин- Табиби беретін, қыпшақтардың атауының
аңызға айналған этимологиясы, оқырманның қызығушылығын тудыра қоюы екталай.
Бұл бір кездері үшкен және қуатты тайпа болған дейді; қазір қыпшақтар
небары 5. 000 – 6. 000 түтіннен ғана тұратындығына қарамастан, Дешті Қыпшақ
далаларын бір кездері, солардың ата-бабалары жаулап алған деседі. Өзінің
мардымсыз санына қарамастан, қыпшақтар әлі де, Қоқандағы саяси оқиғаларға
үлкен ықпал көрсетуге қабілетті болып табылады: олар хандарды тағайындап,
ауыстырады, кей кездері тіпті, бес жүз аттыдан тұратын қыпшақ жасағы бір
қаланы жаулап алғанда, хан оларға тойтарыс беруге жүрексінетін кездер де
болады. Түрік тілінде мен парсы немесе араб тілінен енген, кірме сөздерді
мүлдем байқағам жоқ; моңғол тілінен шағатай тіліне ауысудың тамаша формасы
бола алады. Қыпшақтардың Орта Азияның басқа халықтарына қарағандағы бет
әлпеті де, осындай байланыста болып табылады. Қысық көз, көсе және атжақты
олардың түріне қарап, оларды моңғолдармен ұқсастыруға болады; оның үстіне,
олар негізінен тапал, онысына қарамастан, өте ұшқыр келеді. Жоғарыда
айтылғандай, олар Орта Азияның барлық басқа халықтарының арасындағы ең
ержүрек халық болып саналады, және олардың бүкіл Азияны дүрліктірген,
қуатты да мықты орда екендігі - сөзсіз.
Қоқан хандығы бірнеше аумақтарға бөлінеді, олардың барлығы
әдеттегідей, өздерінің ең ірі қалаларының атымен аталады. Оның астанасы
Қоқан болып саналады, жергілікті халық айтуы бойынша, Қоқан - Латиф, немесе
тамсандырған Қоқан деп аталады[?]; ол тамаша жазықтықта, көлемі бойынша
алты Хиуадан, Бұхарадан үш есе, Тегераннан төрт есе асып түседі. Хан сарайы
орналасқан қаланың оңтүстік бөлігі, жақында ғана дуалмен қоршалған еді, ал
солтүстігі болса, әлі де ашық. Тұрғындар мен үйлер саны мардымсыз аз,
өйткені үйлердің жан-жағы жеміс ағаштары қоршалған, кей кездері, осындай он-
он бес үйдің жанынан өту үшін, ширек уақытың кететіні бар. Астанасына жалпы
сипат берсек, бұл қаланың тұрғындары, өздерінің үйлерін бұхаралық
үйлерлерден әлдеқайда қарапайым деп санайды. Тастан тек төрт мешіт пен -
орыс тауарлары мен жергілікті жібек, тоқыма және былғарыдан тігілген
бұйымдар ғана сатылатын, - ауқымды базардың азғантай бөлігі ғана салынған.
Бұл жерде, хандықтың астанасында жасалатын ер-тоқым, нагайкелер мен
ерттеуге арналған басқа да бұйымдар әсіре үлкен сұранысқа ие.
Қоқаннан кейін, хандықтың негізгі сауда қаласы болып саналатын, елдің
айтуы бойынша, Орынбормен және Қызырлшармен (Петропавл) маңызды сауда-
саттық жүргізетін, көптеген бай көпестер тұратын, Ташкент туралы да айта
кеткен жөн. Ташкент Бұхарамен, Қоқанмен және Қытай Татариясымен тікелей
сауда-саттық жүргізеді және орыстардың астыртын ұмтылып келетін, өте
маңызды әскери тұғыр болып табылады, және бұрынырақта айтып кеткендей,
олардың ақырғы форпостары (Кале Рехим) осыдан небары бірнеше күншілік жерде
орналасқан-ды. Ташкенттің жаулануы, Бұхар және Қоқан хандығының тізе
бүктірге айтарлықтай септігін тигізер еді, бұл жерде, орыс найзасына
хандардың арасында толастамайтын алауыздық үлкен көмек көрсететіні сөзсіз.
Ташкенттен кейін, ең маңыздысына Ходженд жатады, онда 5. 000 түтін үй,
алаша тоқылатын көптеген фабрикалар да бар, он бес медресе мен, осыдан екі
есе үлкен мешіт бар; Мерголан – қоқан оқымыстылары шоғырланған үлкен қала,
бұл жерде қазір, Махмұд Ағзамның қолбасшысы, ходша Бузурук тұрады; бұл
қолбасшы бір кездері қалаға жеңіскер болып кіргенде, әмір оған қарсы келе
алмаған еді, осыдан кейін ол, бұхаралық әмірдің рақымына бөленген еді;
хандықтағы ауыр жібек мата, ең тамаша атлас тоқылатын Әндіжан; маңайына
қыпшақтардың басты тұрақтары орналасқан Наменган. Осы қалардан басқа,
Хазірет Түркістанды да атай кеткен дұрыс, бұл қалада барлығы қадірлеп,
қасиет тұтатын, дін және өнеге-тәлім (мешреб[?]) туралы еңбек жазған, Қожа
Ахмед Яссауидің кесенесі бар, оның еңбектері әлі күнге дейін, отырықшы және
көшпенді қоқандықтардың ең сүйікті кітаптары болып табылады. Шехри Мензин
мен Джусті айтар болсақ, бұл жерлерде Түркістанда сатылатын хиссарлық
пышақтардан кейінгі, ең қымбат пышақтар жасалып шығарылады. Шериханды
атайтын болсақ, онл ең үздік жібек шығаруымен ерекшеленеді, және кей
кездері Тахты Сүлеймен деп аталатын Ошты ерекшелеуге болады. Бұл жердің
Тахты Сүлеймен деп аталуы, хандықтың шығыс шекарасында, саны жыл сайын арта
түсетін тәуәп етушілер келетін, Сүлеймен тағын бар- ды. Олар қаланың
ортасында орналасқан төбешікке қарай бет алып, бір кездері үлкен
төртбұрышты тастардан қаланған және колонналармен безендірілген, ежелгі
ғимараттардың үйінділердің арасында, мәрмәр тақ пен ислам бойынша бірінші
пайғамбар болып саналатын, Адам атаның жер өңдеушілікпен айналысқан жеріне
келіп тәуәп етеді. Бұл аңыз бекерден емес; оны құрастырушы - жер
өңдеушілікті діни міндет ретінде ұсынуды ниет еткені анық.
Не болса да, Ош біздің археологтарымыз үшін қызықты болары сөзсіз. Бұл
үйінділер, әсіресе колонналар, гректік тамырлардын бастама алғанын
аңғартады, және біз Шығыстан Ескендірдің ең қиыр отарын іздестірер болсақ,
осы белгілерге қарап-ақ, ержүрек Макендоқтың өзінің алпауыт мемлекетінің
шекарасын осылайша таңбалаған ба дерсің[?].
Саяси қарым-қатынастарда Қоқан хандығы, Бұхара мен Хиуа сияқты,
бұрыннан бері, дербес хандық болып саналады. Қазіргі оның билік басындағы
әулет, өзін Шыңғысханның кіндігінен тараған деп жариялайды: дегенмен, бұл
неғайбыл, өйткені Шыңғысханның ұрпақтарын тақтан ӘмірТемір тайдырған еді,
ал ӘмірТемір ұрпақтарының ақырғысы, Барберден кейін, тақты Шейбани, сосын
қыпшақтар мен қырғыздардың елбасылары кезекпен иемденген болатын. Бұхарамен
үнемі тақ үшін соғысып отыратын хан әулеті, қыпшақтардан таралып, билік
басында сексен жылдан астам уақыт қана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш. Уәлиханов
Орта ғасырдағы географиялық мәлімет
Ірі шығыстанушы В.В.Бартольдтың еңбектері
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы
Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары
Ежелгі ғалымдар
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
XVIII ғ. - ХІХ ғасырдың аяғындағы қазақ мәдениеті
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz