МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
МӘДЕНИ ҚҰРЫЛЫС

Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті:
- Ұлт зиялыларының аздығы;
- Ұлы державалық шовинизм;
- Материалдық-техникалық базаның болмауы.
* 1924 жылғы сәуір – Сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды.
1921-1927 жылдары 200 мың адам оқып сауат ашты. 1928 жылдың аяғында
сауатты адамдар – 25%, оның ішінде қазақтар 10% болды.
* 1926 жылғы мамыр – ҚАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы
қабылданды.
- Үш жылдық және төрт жылдық мектептердің үлес салмағын көбейті.
- Қазақ қыздарына арнап мектеп ашу.
Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Оралда
ашылды.
Ағарту ісіне бөлінетін қаржы өісті: 1924-1925 жылдары РКФСР-де 30 тиын
болса, ҚАКСР-де – 68,9 тиын.
Мәдени құрылыс процесін жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше
болды:
* А.Байтұрсынов – суретті әліппені, мысал-жұмбақтар жинақтарын;
* Ж.Аймауытов – қостілділік және ана тілін оқыту әдістемесін;
* Ә.Бөкейханов – география оқулығын;
* Қ.Сатпаев – алгебра оқулығын құрастырды.
20-жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік
әдебиетті жазуға С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов,
М.Жолдыбаев, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров т.б. белсене қатысты. Қазақ тіліндегі
оқулықтарды әзірлеу мен баспадан шығаруды құрамына А.Байтұрсынов,
Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, Х.Болғанбаев, Ж.Аймауытов енген редакциялық
алқа ұйымдастырды. Қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар Қазан қаласында
бастырылды.
1926 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Меңдешев, Ж.Аймауытов, С.Қожанов
т.б. орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын зиялыларды ашық айыптауға және
қудалауға ұласты.
1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, 1940 жылы кириллицамен ауыстырылды.
Нәтижесінде араб жазуымен жазылған ата-баба мұрасын, рухани байлықты
игеруге мүмкіндік болмай қалды. 1920-1930 жылдары араб әрпімен шыққан
басылымды пайдаланғандар пантюркист, панисламист деп жарияланып,
қудалауға ұшырады.
* 1928 жыл – комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық
басталды. 1930 жылы 5 мыңға жуық комсомол, соғысқа дейінгі бесжылдықтарда
65 мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты.
* 1931 жылғы желтоқсан – 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға
бірдей міндетті білім беру енгізілді.
Білім беруге жұмсалатын қаржы өсіп отырды:
1928 жыл – 12 млн сом.
1932 жыл – 60 млн сом.
1937 жыл – 447 млн сом.
1940 жыл – 682 млн сом.
1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде
көшпелі аудандарда жалпыға бірдей оқу енгізілді. 20-жылдардың ортасында –
73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр, 44 неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс
істеді.
1930-1932 жылдардағы аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді:
* 1932 жылдың күзі – балалар үйлеріне 68 мың жетім бала орналастырылды.
* 1932 жыл – Шығыс Қазақстанда 1687 бала қайтыс болды.
* 1933 жылдың 1 қаңтары – 100-нан астам панасыз бала есепке алынды.
Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүрі себептері:
• Ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары.
• 1930-1932 жылдардағы аштық пен күйзеліс
• 1934-1935 оқу жылы интернаттар саны 127-ден 221-ге көбейді.
• 1936 жылы сауатсыздықты жою бөлімдерінде 500 мыңнан астам адам
оқыды. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ауыл
мұғалімі журналы, Төте жол газеті шығарылды. Соғыс қарсаңында
республикада 44 мыңнан астам мұғалім болып, 160 мұғалім орден,
медальдермен марапатталды.
Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы – Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Сәулет және құрылыс өндіріс
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ, ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайының құрамындағы ескерткіштер
Сортөбе қалалар тобындағы жаңа археологиялық зерттеулер. Орналасуы, құрылымы және заттар кешені
Ашылып қалған мәдени қабатты зерттеу және байқау қазбасы
Пәндер