Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан

(1904-1985 жж.)
Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 жылы мамырдың 11 жұлдызында Ақпеті
болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Болашақ
ғұлама ғалымның әкесі Хақан — атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы,
Олжабай батыр Абылай хан басшылығымен Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр және
Қабанбай батырлармен бірге Отанымызды жоңғар шапқыншыларынан қорғап көзге
түсті. Олжабай батыр Абылай ханның жақын серігі, оның ту ұстаушысы болды.
Олжабайдың ерліктерін Бұқар жырау жырға қосып мадақтады, оның әскерлері Қаз
дауысты Қазыбек бидің өсиеттерін тыңдады. 1772 жылы Олжабай батыр және
Едіге би орыс ханшасы II Екатеринаға солтүстік қазақ жерлерін, Құлынды
даласын қайтаруды талап етіп хат жазғандары белгілі болып отыр. Жасыбай
көлі аумағында орналасқан Олжабай қыстауы бар, қазір ол жер Дулат асуы деп
аталады. Жазда Молғазы-Айдабол руы Шідерті өзені жағасына жайлауға көшетін.
Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен
аңыздарын білген, үйде халық әндері, өлеңдері және Абай әуендері жиі
шырқалатын. Олжабай батырдың ұрпағы Әлкей 5 жасында оқып, жаза білуге
үйренді, бала кезінде "Қобыланды", "Алпамыс", "Көроғлы", "Қозы Көрпеш —
Баян сұлу" дастандарын жатқа білді. Хақанның шаңырағында белгілі ақын,
ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса, Имантай Сәтбаев және қазақ даласына
белгілі адамдар жиі бас қосатын.
Әлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1955 жылдан Баянауылда үш
сыныпты орыс мектебінде оқыды, 15 жасында гимназияда оқу мақсатымен
Екатеринбург қаласына сапар шегеді, алайда азамат соғысы кесірінен оқу
үзіледі. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласында мұғалімдер курсына
түсіп, белгілі әнші Майраның үйінде тұрады, даланың әсем әндері мен
Тәттімбет күйлерін жан дүниесіне сіңіреді. 1920 жылы курсты бітірген соң
туған ауылына оралып, Далбы мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921
жылы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев сынды белгілі қазақ ағартушысы директор болған
Семей техникумына оқуға түседі, 1939 жылы Әлкей Хақанұлы А.3. Сәтбаевтың
қызы Раушан Әбікейқызына үйленеді.
Семейде оқып жүрген кезінде Әлкей Хақанұлы "Таң" журналы және "Қазақ
тілі" газетінің редакцияларымен ынтымақтастықта араласып тұрады. Осында ол
Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен танысады, екеуінің арасындағы достық ұзақ
жылдар бойғы сыйластық қарым-қатынасқа айналды. Ұлы Абайдың рухани мұрасы
Ә.X. Марғұланның зерттеу нысаны болады. М. О. Әуезовпен бірге Абайдың туған
жеріне, Шыңғыстауға барып, Абайдың баласы Тұрағұлмен және Абай әндерін
тамаша орындайтын Абай немересі Жәбірайлмен таныс болады. Осы жылдары Әлкей
Хақанұлы атақты қазақ ақыны Мағжан Жұмабайұлымен танысып, оларды достық
байланыстырады.
М.О. Әуезовтің кеңесі бойынша, 1925 жылы Әлкей Хақанұлы Ленинградқа
сапар шегіп, Шығыс институтының әдебиет факультетіне түсіп, бір уақытта
Ленинград университеті және өнер тарихы институтының дәрістерін тыңдайды.
"Осы жоғары оқу орындарында біздің еліміздің ең атақты ғалымдарының
дәрістерін: академик В. В. Бартольдтың Орта Азия тарихы және археологиясы
бойынша, академик С. Ф. Ольденбургтың үнді фольклоры және өнері бойынша,
академик Ю.И. Крачковскийдің араб филологиясы бойынша, Е. Э. Бертельстің
парсы поэзиясы бойынша, С. Е. Маловтың ежелгі түркі тілдері бойынша, А. Н.
Самойловичтің Орта Азия халықтарының әдебиеті бойынша, академик Н. Я.
Маррдың, И. И. Мещаниновтың, В. Л. Щербаның тілтану бойынша, белгілі
шығыстанушылар В. В. Струве, Б. Я. Владимирцовтың, Б. М. Эйхенбаумның, С.
И. Руденко, А.Ю. Якубовскийдің, белгілі географ Г. Е. Грумм-Гржимайлоның
дәрістерін тыңдау бақытына ие болдым. Осы ғұламалардың күш-жігерінің
арқасында біз, студенттер, II курстың өзінде-ақ өзімізді ғалым ретінде
сезіндік", — деп жазды Ә.X. Марғұлан. Оған ірі түркітанушы Е.В.
Бертельстің, арабтанушы, Құран Кәрімнің аудармашысы және білгірі И.Ю.
Крачковскийдің, эпостанушы В. Жирмунскийдің, академиктер К. Розановтың, Е.
В. Тарленің еңбектері ерекше жақын болды.
Ленинградта ғылым негіздерін табысты игере отырып, Ә.X. Марғұлан
Ленинградтың бай мұрағаттарында бірнеше қайнар-бастауларды зерттейді, қазақ
халқының мәдениеті және тарихы бойынша әдеби және архивтік материалдарды
жинаумен шұғылданады. Осы жылдары ол әдеби шығармашылық қызметке ден қояды.
Оның аудармасы арқылы қазақ оқырманы алғаш рет атақты орыс және шетел
жазушыларының шығармаларымен танысады. Ленинградта Әлкей Хақанұлы А.
Затаевичпен танысып, онымен бірге туған өлкеге каникулға келеді, атақты
музыкатанушы көптеген қазақтың халық әуендерін жазып алады. 1926-1927
жылдары академик А. Е. Ферсман және профессор С. И. Руденко басшылықтарымен
(жетекшілігімен) КСРО FA одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу
бойынша ерекше комитеттің қазақстандық және алтайлық экспедицияларына
қатысады. Ә.X. Марғұланның қазақ халқының мәдениетін және наным-сенімін,
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білуі экспедицияның антропологиялық
отрядының жұмысына үлкен практикалық көмек тигізді. Әлкей Марғұланның
экспедиция жұмысына қатысуының нәтижесі найман және адай тайпалары туралы
алғашқы ғылыми еңбектердің жариялануы болып табылады. 1929 жылы Әлкей
Марғұлан Шығыс институтында оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы
дипломдық жұмысын табысты қорғап, одан кейін Қазақ КСР-ның Халық Ағарту
комиссариаты жанындағы жаңа алфавит комитетінде жұмыс істейді. 1931 жылы Ә.
X. Марғұлан Ленинградта материалды мәдениеттер тарихының Мемлекеттік
академиясының (ГАИМК) аспирантурасына түседі. Осында ол академик С. Ф.
Ольденбург және КСРО FA-ның мүше-корреспонденті А. Ю. Якубовскийдің
жетекшілігімен Шығыс қайнар-бастауларын зерттеумен айналысып, Шығыс
Түркістанның археологиясы мен өнері бойынша маманданып, белгілі археологтар
С.И. Руденко, М.П. Грязнов, А.А. Миллер, Н.И. Репников басқаратын бірнеше
археологиялық экспедицияларға қатысады, қазақ мәдениеті және Әлішер Науаи,
Қазақстандағы декабристер тарихы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы мақалалар
жазады, Ш.Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасын зерттеуді бастайды. Осы
жылдары ГАИМК-те болашақ кеңестік ғылымның шоқжұлдыздары А.П. Окладников,
А.Н. Бернштен, С. П. Толстов, К.В. Сольников, И.И. Смирнов оқыды.
Ә.X. Марғұлан өзінің кандидаттық диссертациясы үшін күрделі, аз
зерттелген және біздің уақытымызда зор ғылыми қызығушылық тудыратын "Пайдзе
және жарлықтардың, тағылған атақтардың тарихи мағынасы" мәселесін таңдап
алды. Шын мәнінде бұл қыпшақтық этномәдени қауымының жазба ескерткіштерін
зерттеудің алғашқы әрекеттерінің бірі болды.
Қазақ халқының этногенезінде қыпшақ мәселесін негізгі арқау ретінде
әділ бағалай отырып, Әлкей Хақанұлы оны бүкіл ғұмыры бойы назарынан тыс
қалдырған жоқ. Белгілі болғандай, қыпшақтық мәселе тек қазақтардың
этникалық тарихымен ғана емес, сонымен қатар Орта Азия және Оңтүстік-Шығыс
Еуропаның түркітілдес халықтарының тарихымен де тығыз байланысты. Сондықтан
Ә.X. Марғұлан және оның шәкірттерінің қыпшақтар туралы зерттеулерінде
Еуразияның көптеген халықтарының тарихына жарық түсіреді. 1943 жылы ол
кандидаттық диссертациясын өте табысты қорғап шықты. Белгілі шығыстанушы
Н.В. Кюнер еңбекке жоғары баға берді.
1936 жылдан 1938 жылға дейін КСРО FA-ның материалды мәдениеттер тарихы
институтында зерттеуші-стажер, ал кейін ғылыми қызметкер болып істеді.
Алайда сталиндік қуғын-сүргін жылдары басталып кетеді. Жас ғалым
тұтқындалып, Петропавл қамалында, содан кейін психиатрикалық клиникада
қамалып, ұсталды. Тозақтың отынан аман-сау қалып, Ә. X. Марғұлан кейін де
үнемі органдардың жіті бақылауында болды, өз әріптестерінің әрқашанда сынға
алуына ұшырады. Партиялық тарихшы Б. Степанов "Большевик Казахстана"
журналында: "Филология ғылымдарының докторы Марғұлан өзінің "Едіге тарихта
және аңыздарда" атты кітабында орыс халқының қас жауы Едігені қазақ
халқының ең тамаша қасиеттерімен сипаттап, оны халықтың шынайы өкілі деп
атайды", — деп жазады. Әрі қарай Б. Степанов былай деп жазады: "Ә. Марғұлан
"Қазақ эпосының тарихи негізделуі және сипаты" туралы кітабында шешілуі
тиіс міндеттерді партиялық тұрғыдан қарастырмады. Қазақ эпосы тарихын
кезеңге бөлу негізіне қойылған тәуелсіздік үшін күрес, өндірістің дамуы,
қанаушыларға қарсы күресте қалың бұқараның арман-аңсары мен үміті, таптық
күрес — осылардың барлығы көлеңкеде қалады". Осы тәрізді көптеген жала-
айыптаулар Ә. X. Марғұланның тұтастай археологиялық ізденістерге кетуінің
себебі болды. Алайда тыныш, еркін жұмыс істеу мүмкіндігі алдамшы сағым ғана
болды, 50-жылдардағы қуғын-сүргін кезінде Ә. X. Марғұлан жұмыссыз қалды.
1938 жылдың аяғында КСРО FA Президиумының шешімімен Ә. X. Марғұлан
КСРО FA Қазақ филиалына жіберілді. Сол жылдардан бастап ол КСРО FA Қазақ
филиалы (бөлімшесі) жүйесінде үздіксіз жұмыс істеді, кейінірек Казақ КСР
Ғылым академиясы құрылуына байланысты, 1941-1946 жылдары тарих секторының
меңгерушісі, 1946 жылдан 1951 жылға дейін палеолит және археология
секторын, 1958 - 1976 жылдар аралығында Қазақ КСР FA Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих, археология және этнография институтының этнография бөлімін
басқарды.
1976 жылдан өмірінің соңына дейін этнография бөлімінің аға ғылыми
қызметкері болды. Жан-жақты терең білім мен дарын, еңбекқорлық пен
ізденгіштік оған қазақ халқының филологиясы мен этнографиясы, мәдениеті
және өнер тарихы, аймақтың ру-тайпаларының тарихы, археология сынды
Қазақстан ғылымының көптеген салаларында алғашқы ашушы, тұңғыш зерттеуші
құқығына ие болуына жеткізді. 40-жылдар басында Ә. X. Марғұлан жазба
ескерткіштерін және қазақ халқының фольклоры мен рухани мәдениетін
зерттеумен қатар, Қазақстанда мекендеген ежелгі халықтардың (ру-
тайпалардың) материалды мәдениетінің археологиялық ескерткіштерін іздеуді
алғашқылардың бірі болып бастайды. Оның ынта-жігері мен ұсынысы бойынша
қазақ даласының ең шалғай аудандарына бірнеше архологиялық және
этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ә. X. Марғұлан керуен жолдары
мен қазақтардың көшінің ізімен мыңдаған шақырымдар жүріп өтті, ондаған
археологиялық ескерткіштерді іздеп тапты, оларды жан-жақты зерттеп және
жүйелі түрде суреттеді. Ол өзіне дейінгі Қазақстанды зерттеушілердің қазақ
даласын меңіреу, тіршіліксіз бос жатқан, анда-санда көшпенділердің
(номадтардың) көші өтетін шөлді қу дала деген тұжырымдарының жалған
екендігін дәлелдеді. Шу мен Талас, Сырдария өзендері бойындағы Оңтүстік
Қазақстандагы ежелгі қала мәдениетінің іздерін Ә. X. Марғұлан тауып және
негіздеп зерттеді, Ол Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ, Сарайшықта алдын ала
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Сонымен бір уақытта ол эпикалық
жырлар мен аңыздарды, қазақ халқының ертегілерінің үлгілерін жинады. Осы
зерттеулердің нәтижесінде 1950 ж. жарыққа шық-қан "Ежелгі Қазақстандағы
құрылыс өнері және қалалар тарихынан" атты монографиясында алғаш рет
қалалық өркениеттің ірі орталықтары суреттеліп, оларға терең ғылыми
негізделген талдау берілген.
Ә. X. Марғұлан алғаш рет Қазақстанда мәдени-шаруашылық іс-әрекетінің
әр түрлі типтерінің өзара әрекеті барлығы мәселесін көтеріп, оларды жан-
жақты зерттеу қажеттігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz