Әз Тәукенің Жеті жарғысы
Әз Тәукенің „Жеті жарғысы”
„Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол”,„Қара қылды қақ
жарған”, „Қанға-қан, жанға-жан”.
„Ел жебірі-ер жебірі”, „ Қожа сұлтанның құны- жеті күн”, “Елшіліктің
бір жорасы- шешендік”.”Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен”,”Тура биде туған
жоқ, туынды биде иман жоқ”, ”Күнтөбенің басында күнде жиын”- деп келетін
қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, айшықты ойлар, бинелі тұжырымдар алты
алашқа ежелден мәлім. Солай бола тұра осындай тұжырымды тіркестер мен
кестесі келіскен қағидаларды сонау бір бағзы заманда өмір сүрген. Әз
Тәукенің заңдарымен - Алаштың Ата тарихындағы орыны айрықша Әз тәукенің
„Жеті жарғысымен" кіндіктес екенін көпшілігіміз аңғара бермейміз. Расында,
мұның бәрі сол- жеті жарғының халық аузында жүрген жұрнақтары немесе соған
қатысты айтылған ұлағаттар.
Тарихи деректер бойынша, Әз Тәукенің „Жеті жарғысына” дейін де Қасымның
(1445ж. ш. т- 1518ж. ш. ө) хандық құрған кезінде ел басқару ісінде
қолданған әдет-ғұрып заңдарының ережелері өмірге келген. Ол „Жарғы” деп
аталды.Оның түпкі мәні „ақиқат” деген ұғымды білдіреді. Яки „Қара қылды қақ
жару”- дауды тура, әділ шешу, „Қасым хан өзіне дейін қолданып келген әдет-
ғұрып заңдарын іріктеп, оны ел басқару ісіне лайықтайды.
Оған мынадай ережелер енді.
1. Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік)
2. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, тонау)
3. Әскери заң (аламан міндеті, қосып жасау, қара қазан, ердің құны,
тұлпар ат)
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік халықаралық қатынастағы
сыпайылық, әдептілік
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл, бақауылдың міндеттері )
Қалың қазақтың көкейінен шыққан бұл заңдар ел арасында „Қасымның бес
жарғысы ” немесе „Қасым салған қасқа жол” деген атпен тарады.
Біздің халқымыздың арасында „Есім салған ескі жол” деген де түсінік
бар.
„Қасымның қасқа жолы” 17ғ дейін өзгеріссіз жетіп, Есімнің қалың
жұртқа „Еңсегей бойлы ер Есім” деген атпен белгілі ханның тұсында ел
билеушілерінің әдет-ғұрыптары мен жол-жобалары кеңінен пайдаланыла бастады.
Ол өзіне дейінгі қолданылып келген қанға-қан алу, мертіктіргенді
–мертіктіру, құн алу, кек қайтару, барымта алу, айыптыға дүре соғу, құлды
сату- сатып алу, қалың мал төлеу, әмеңгерлік сияқты жол-жораларды дамытса,
Есім ханның тұсында жарғыға, дінге байланысты ережелер сыналып енгізіле
бастады. Дегенмен, халыққа кеңінен танымал билер заңын өзгеріссіз
қолданатын ол алты Алашқа “Есім салған ескі жол” ретінде бағаланды.
“Қасым ханның қасқа жолы”, “ Есім салған ескі жолы ” ежелгі билер
жасаған қалпын бұзбай құба қалмақ заманына дейін жетті, 17ғ. аяғы мен 18ғ.
басында (1680-1718ж.ж.) өзіне дейінгі ел билеу жосықтарына көптеген
өзгерістер енгізілді. Ол байырғы әдет-ғұрып нормаларын жаңартып, байытып
„Жеті жарғы” деп атады. Тәуке ел басқаруда беделі зор билер мен батырларға
арқа сүйеді. Әз Тәукенің тұсында заң кеңесі, билер кеңесі сияқты тұрақты
мемлекеттік органдар жұмыс істей бастады. Жыл сайын, күзге таман Ташкентке
таяу жерде құрылтай өткізілді, мемлекеттік мәселелер сонда талқыланатын
болды. “ Күнтөбенің басында күнде жиын” деген қанатты сөздің шығатын кезі-
нақ осы кез.
Жылдан жылға құрылтайда мемлекеттік елдік мәселелермен бірге жүз,
тайпа, ру арасындағы дау-шарларды шешуге Үйсін Төле, Қаз дауысты Қазыбек,
Алшын Әйтеке сияқты саңлақ билер белсене араласты. Мінекей, осы үш арыстың
қатысуымен ежелгі жарғылар қайтадан сүзгіден өткізіліп, оған тағы да екі
тарау қосылды „Жеті жарғы”-жесір дауымен, күң дауымен айтылды. Сонымен
“Жеті жарғыда” негізінен жер дауын, жесір дауын, мал дауын, жан дауын, құн
дауын, мүліктік және халықтық - елдік мәселелерімен хандық билік
проблемаларын қарайтын жеті тарау болды. Тарихшылардың пайымдауынша, әр
баста “Жеті жарғының” жазба нұсқасы да болған сияқты. Бір өкініштісі, ол
бізге жетпеген ғылымға белгісіз.
Алайда, “Жеті жарғының” ауыз-екі айтылатын нұсқасы халық арасына кең
тараған. Бұл маңызды құжат дүниеге келгеннен кейін, шамамен бір ғасырдан
соң орыс ғалымдарының назарына іліккен. Қазіргі халық ауызындағы ереженің
дені А. Левшиннің “Қырғыз-қазақтар немесе қырғыз-қазақ ордасы мен
байтағының суреттемелері” деген жазбасы мен үндес сәйкес келетіндіктен
бүгін осы нұсқаны тәржімалап, оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
- Жарғыда жазалау заңына басты орын берілген. “Қанға-қан, жанға-жан”.
- Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, зинақорлық жасағандар өлім
жазасына кесіледі.
- Осы жарғы бойынша өлген адамның туыстарын кісі өлтірушіні өлтіруге
құқы бәрі біреудің қолын, аяғын, құлағын немесе басқа мүшесін кесіп
алған кісі өзінің нақ сондай мүшесінен айрылады. Алайда, билер
сотының шешімімен, талапкердің келісімімен жазаның жеңілдетілуі
мүмкін. Ондай жағдайда айыпкер бүкіл қылмысы үшін құн төлеп
құтылады. Қылмыскер өлтірген әрбір ер азамат үшін 1000 қой, әрбір
әйел үшін 500 қой төлегенде бір жерін шауып тастаған кісі соған
сәйкес құн төлейді.
- Сұлтан (төре) мен қожаны өлтірген адам өлген кісінің туысынан 7
адамның құнын төлейді. Сұлтанға (төреге) немесе қожаға тіл тигізген
кісі – 9, ал оларды ұрып-соққан адам – 27 мал айып төлейді.
- Егер әйелі ерін өлтірсе, өлген кісінің ағайын-туыстары оған кешірім
жасамаса, онда әлгі әйел өлім жазасынан айып төлеп құтыла алмайды.
Бұл ереженің екі қабат әйелге қатасы жоқ, олар ерін өлтіргені үшін
жазадан босатылады. Бірақ, олар мәңгілік халық қарғысына ұшырап,
қарабет атанады. Егер ері әйелін өлтірсе, ол құн төлеп жазадан
құтыла алады.
- Ата-ана өз баласын өлтіргені үшін жазаланбайды, бірақ жұртқа қарабет
болмас үшін некесіз тапқан сәбиін өлтірген әйел өлім жазасына
кесіледі.
- Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.
- Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, оны майып қылса, сөйтіп
одан жансыз бала туса, онда кінәлі кісі мынадай құн төлейді. Бес
айға дейінгі шақалақтың әрбір айы үшін бір-бір бес айдан тоғыз айға
дейінгі шақалақтың әрбір айы үшін бір-бір түйе.
Әйел зорлау кісі өлтірмеу парапат қылмыс болып есептеледі, сондықтан да
кінәлі өлім жазасына кесіледі немесе зорланған қыздың туған-туыстарына құн
төлеп айыбын өтейді. Алайда айыпты зорлаған қызға үйленіп, ата-анасына
қалың мал берсе өлім-жазасынан құтылып, құн төлеуден босатылады.
- Ерінің көзіне шөп салатын әйел зинақорлықпен айналысып жатқан сәтте
күйеуі ұстап алса, оны өлтіруге хақылы, тек оны қылмыс үстінде
өлтірген жағдайда ғана жазаланбайды. Басқа жағдайда ол билер сотынан
күнәсі мойнына қойылған әйелі мен күнаһар еркекті өлім жазасына
кесуге өтініш жасауға хақылы. Ал әлгілердің күнәсіз екендігіне төрт
сенімді кісі ант су ішкен жағдайда олардың екеуіде жазаланбайды.
- Өзге біреудің айыбын әйелдің келісімісіз алып қашқан адам өлімге
бұйырылады немесе құн төлейді, ал келіскен жағдайда, алып қашушы
оның күйеуіне құн төлеп, оған қоса қалыңдық қыз беріп, әлгі әйелді
алып қала алады.
- Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, ал сұрамаса айып
төлейді.
- Жеті атаға дейін қан араластыру өлім жазасына бұйырылады, өйткені
бұл тұрғыдағы қылмыс әдетте бөгделердің талқысына берілмейді.
- Жеті кісі күнәлі етсе, құдайға тіл тигізуші таспен атып өлтіріледі.
- Кәпір болған адамның бүкіл мал-мүлкі оның туған-туысының қарамағына
өтеді.
- Құл өмірі күңсіз, құл иесінің құқы шексіз құлдық арызына ешкім
ешқашан құлақ аспайды.
- Ата-анасына тіл тигізген немесе қол жұмсаған ұлды мойнына құрым
кигізіп байлап, қара сиырға мінгізеді де оны қамшымен сабап, ауылды
айналдырады. Ал мұндай қыздың қол-аяғын байлап, шешесінің билігіне
береді.
- Қылмысы айғақталған ұрлықшы бір жолғы ұрлығы үшін тағы (27) айып
төлейді, бұл жаза халық арасында айбана деп аталады. Егер ұрлықшы
мал ұрласа, онда кінәлі кісі бір түйеге бір тұтқын, бір атқа – бір
түйе, бір қойға-бір ат қосып қайтаруға тиіс. Әдетте, 100 түйе 300
жылқыға немесе 1000 қойға тең.
- Кімде-кім әрі ұрлық жасап, әрі кісі өлтірсе, екі қылмысы үшін құн
төлейді.
- Күйеуінің немесе әкесінің ұрлық жасағанын біле тұрып хабар бермеген
әйел немесе бала-шаға ешқандай жазаға тартылмайды, өйткені отбасында
отағасының үстінен сөз тасу әбестікке баланады.
- Тазыны немесе бүркітті өлтірген кісіден қожасы тұтқын құл немесе күң
даулауға хақылы.
- Әкесінен еншісін алған ұл баласыз күйі қайтыс болса, оның үй-жайы
әкесіне өтеді. Ал кәмелетке толмаған балалары болса, олар ең жақын
туыстарының қамқорлығыиа беріледі, ал ондай туыстары жоқ болса, өзге
сенімді кісілерге тапсырылады.
- Рухани өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады.
- Бөгделер барымталаған жылқы, сиыр, қой төлімен бірге қайтарылады,
оның әлдеқандай мал мен төлді жасырып қалмау үшін барымташыдан ант-
су ішуді талап етеді.
- Дауды шешу, кінәліге ұкім шығару- ханның міндеті, хан болмаған
жағдайда талапкер мен жауапкер тұратын ауылдың билері мен
ақсақалдарының міндеті. Сондай-ақ екі жақтың қалауымен дауды шешуге
екі аралық би қатысады.
- Егер жауапкер қазының әділдігіне күмәнданса, онда ол басқа бимен
алмастырылады.
- Егер жауапкер билер сотына қатыса алмаса әрі белгіленген құнда не
оның өсімін төлей алмаса, жауапкердің қарызын бүкіл туған-туысы
немесе ауылы болып бірігіп төлейді.
- Қылмысқа көз жеткізу үшін кем дегенде екі, кейде үш кісінің куәлікке
жүруі қажет. Ал куәлер жоқ болған жағдайда ант-су ішу қалды, бірақ
талапкер де,жауапкер де өзі үшін ант-су іше алмайды. Олар үшін
өзінің адалдығымен қалың жүртқа танымал беделді кісілер ғана ант
бере алады. Егер айыптаушы үшін ешкім ант-су ішпесе, ол сотталады.
Әйелдер сондай-ақ қызметкерлер, қызметшілер, құлдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz