20-30-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

ТАҚЫРЫБЫ:

20-30-ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

ТЕКСЕРГЕН: ҚЫРЫҚБАЕВА ЭЛЬМИРА

ОРЫНДАҒАН: ӘЛІКЕН ӘЛІБЕК

АЛМАТЫ-2006

20-30-ШЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Қазақ халқының тәуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи даму кезеңдеріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерге жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін туғызды. Әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында болған тарих ғылымы шындық бұрмаланып, ұшқары пікірге толы теориялардың тууына коммунистік идеологияға қайшы келетін оқиғалар жайлы ашып айтпауға, айтқанның өзінде тері сипаттамалар беру тән болды. Ал, енді шын мәніндегі тәуелсіздікке ие болғанымызда халқымыздың көп қатпарлы тарихының қасіретті беттерін қайта қарап, отаршылдық бұғауында бұрмаланған тарихын толық қамтып жазу мәселесін жедел қолға алу мүмкіндігін туғызып отыр.

Қазақ халқы өзінің қилы тарихында талай шапқыншылықтар мен күйзелістерді басынан кешірген еді. Солардың бірі ХХ ғасырдың 30-жылдарында болған ашаршылық болды. Қазақ халқының тең жарымынан астамы қырылған бұл қасіретті кезеңді тарихымызда төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

1. МЕМЛЕКЕТКЕ АСТЫҚ ПЕН ЕТ ДАЙЫНДАУДЫҢ СТАЛИНДІК БАҒЫТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ.

1929 жылы 20 желтоқсанда БК(б) П Орталық Комитетінің қабылдаған ет проблемасын шешуге байланысты шаралар қаулысы мал шаруашылығымен айналысатын қазақ шаруаларының тағдырында шешурі рөл атқарды. Кеңес Үкіметі ет проблемасын, оны жедел дайындау, контрактациялау жолымен шешуге күш салды. Оның заңдық негізі КСРО ХК 1929 жылғы 7 қазандағы қаулысы болды. Ол қаулы бойынша, мал басы жас категориясы бойынша үшке бөлініп, 1929 жылы 70 пайызы, ал қалған бөлігі 1930 жылы қыс айында тіркелініп, мемлекет белгілеген бағамен сатылып алуға тиіс болды. Бұл шара бойынша 276900 мал шартқа отырғызылуға тиіс болды. Бірақ алғашқы айдан бастап-ақ шарт жасау ісі сәтсіздікке ұшырады. Осындай жағдайға қарамастан, Москва 1929-жылдың күзінен бастап Қазақстанға бұрынғы жоспардан тыс тағы да үстеме тапсырма берді. Мысалы, «Союзмясопродукт» мекемесі 1929-жылы 45000 ірі қараны шартқа кіргізуге керек болса, қарашада Москва осы мекемеге тағы да 800 басты шартқа тіркетуге жүктеді. Жоспарға қосымша мал қосу туралы ұсынысты тек орталық қана емес, Қазақстанның басшы органдары да мүдделік танытып, ірі қараны ғана емес, қойды да шартқа отырғызып, оның санын 500 мыңға жетуге ұсынды. Бұл ұсыныс әрине құпталды Қазақ халқының басты шаруашылығының қайнар көзін тартып алу мұнымен шектелмеді. КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930-жылғы 16 қаңтардағы малды жыртқыштықпен союға күресу туралы қаулысы меншік иелерін қуғынға ұшыратудың жаңа науқанына негіз салып берді. Бұл қаулы бойынша, мал сойған шаруа қожалық иелерін жер иелену құқығынан айырып, мал-мүлкін айрып, екі жыл бас бостандығынан айыру көрінді. Бұл тек жеке шаруаларға қатысты емес, колхоз мүшелеріне де тиісті болды. Жоғарғы Органдар бұларға қосымша шартқа отырғызылған мал басы шығын болғанда жазалаудың орындалатынын жасырмады. Бұл туралы 1930 жылы 4 ақпанда жергілікті органдар мен аудандық атқару комитеттерінің сауда бөлімдері өздерінің бастықтарынан шартқа тіркелген мал басының амандығын қамтамасыз етпегендердің істерін прокуратураға тапсыру туралы нұсқау алды. Осындай жөнсіз шаралар нәтижесінде Қазақстандағы 36 млн малдың 15 млн-ының көзі құртылды. Оның 90 пайызы Республикадан тысқары жерлерге әкетілінді. Қазақ қауымының ғасырлар бойы қалыптасқан жеке меншік психологиясын көзге де ілмеген және оның ауыр салдарлары болулары мүмкіндігін мүлде ескермеген осындай ауқымды міндет қазақ ауылындағы мал мәселесі төңірегіндегі әбден шиеленіскен жанжалдарды одан әрі ушықтыра түсті. Малды шартқа тіркеу ісі күн санап жоғарыдан түскен қатал тұсқаулардан жаңа қарқын алды. Осындай үздіксіз қысым көп кешікпей-ақ өз нәтижесін берді. Мәскеудегі Сюзмясо басқармасының жергілікті жерлерге жолдаған хатында одақ көлемінде малды шартқа тіркеу жоспарының орындалғаны атап көрсетілінді. Қазақстандағы ссы мекеменің органы да өзінің осы 1930-жылғы 24 наурызда Мәскеудегі Орталыққа жолдаған мәлімдемесінде Қазақстан бойынша жоспардың, жоспардағы 308 мың бас ірі қараның орнына 312343 ірі қараның шартқа тіркелгенін, яғни жоспардың 101 пайызға орындалғанын, ал енді үшінші тоқсанда 92 мың бас ірі қараны шартқа тіркейтінін, сондай-ақ, барлық жерде қойларды шартқа тіркейтінін атап көрсетті. Бірақ Мәскеудегілер жергілікті жерден түскен мәліметтерге сене қоймады. Бұл жұмысқа байланысты тексеру бригадалары ұйымдастырылып, жұрт алдында айыптыларды ашық соттау процесі өткізілу тиіс болды. Бұл жұмыс Қазақстанда да қызу қолға алынды. Айта кеткен жөн, басқалар тәрізді мұнда да малды шартқа тіркеуде өрескел қателіктер орын алған еді. Жоғарыдан үздіксіз жасалынған қысымға шыдай алмаған Қазақстандағы жергілікті органдар қоғамдық сектордағы барлық мал басын түгелдей малға отырғызды. Осыған байланысты, малды шартқа тіркеудің негізгі салмағы колхоздарға, дәлірек айтса колхоз мүшелеріне түсті. Егер 1933-жылдың бірінші маусымына қарай колхоздарда барлық малдың 21 пайызы ғана шоғырланғанын, ал жалпы мал басының шартқа тіркеудің 42 пайызы колхоздарда жүргізілгенін ескерсек, колхоз мүшелеріне жеңіл болмағанын байқаймыз. Сөйтіп, осылайша ет дайындаудың басты ауыртпалығы негізгі халқы қазақтар болып табылатын шеткі және шалғай аудандарға түсті. Бұл аудандардағы әр-түрлі ұйымдардың 1928-1929-дайындау жылының он айы ішіндегі көрсеткіші төмендегідей болды. Оны мына кестеден байқай аламыз:

Ұйымдар: Ұйымдар
Ірі қара: Ірі қара
қой: қой
Етке айналд.: Етке айналд.
Ұйымдар: Бас саны
Ірі қара: Жоспарды орындау
қой: Бас саны
Етке айналд.: Жоспарды орындау
саны
Жоспардың орындалуы
Үлес салм.
Ұйымдар:

Союзмяпродукт

Животноводсоюз

Потребкоопер

Ленмясопрод

Мосмясо

Ірі қара:

225043

157136

82881

30080

9549

қой:

70, 3

96. 0

107. 7

81. 0

63. 7

Етке айналд.:

289290

258149

231675

20960

11006

41. 6

74. 8

268

50. 5

18. 3

438338

321080

168250

67580

18360

63. 4

90. 3

121. 7

77. 5

47

43. 2

31. 7

16. 6

6. 6

1. 9

*Жәрмеңкеде дайындалған 17516 бас ірі қара мен 58233 қой кірмей қалған.

Әрине, 20-30-жылдарда Қазақстанға қанша мал басының немесе еттің сыртқа тасылып әкетілгенін дәлме-дәл айтып кету мүмкін емес. Десе де қолда бар мәліметтің қазақ шаруалары үшін аштық апатының асқынған кезеңі болған 1932-1933 жылдардың қарсаңындағы жылдарда қанша малдың арам өлгенін немесе тұтыну ет дайындау үшін сойылған архив қорындағы мәліметтер негізінде шамамен анықтауға болады. Қазақстандағы малдың басты үш түрі - жылқыдан, ірі қарадан, қойдан, 1927-1928 және 1930-1931 шаруашылық жылдары аралығына барлығы 11753, 1 мың бас өлген. Ал 10022, 8 мың бас мал сойылған. Соңғы көрсеткіш негізінен ет дайындау және оның ішкі қажеттілікке тұтыну нәтижесі болып табылады. Егер Қазақстанда сойылған еттің жергілікті жабдықтауға небәрі 8-9 пайызы қалдырылғанын ескерсек, қалған бөлігі сыртқа шығарылған.

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕНШІК ИЕЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ.

Таптық күрес идеясымен уланған бай феодалдарды тап ретінде жоюды көздеген Кеңес Үкіметінің шолақ белсенділері Қазақстанда әдеттегідей аса белсенділік көрсетті. Қазақ қоғамының рулық, достық принциптерін ескермей, теориялық тұрғыда пісіп жетілмей таптық күрес идеясын қазақ қоғамына күштеп таңу да ашаршылықтың болуының негізгі қадамдары болды. 1928-жылы қазақ ауылында кедейлердің жалпы үлесі халықтың 60 пайызы болды. Ал, 50 бастан жоғары малы бар қазақтар бір пайыз ғана болды. Байлардың қазақ ауылында үлес салмағы өте аз бола тұрса да малдың дені солардың қолында болды деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Жаңа зерттеулер шындықтың басқашалау екенін көрсетеді. 1927-жылы Қазақстанда 16 млн 632 мың бас ірі қара мал болған. Оның 14, 8 пайызы, яғни 2 млн 461 мыңы ауқаттылардың қолында шоғырланды. Ал қалған 14 млн-ы әлді шаруаның, кедейдің, жарлының меншігіне жатты. Қазақта ірі байлардың көп болмағаны 1928 жылы жүргізілген тәркілеу нәтижелері дәлелдейді. Үкімет дерегі бойынша, тәркілеу 696 қожалықты қамтығаны белгілі. Ал соңғы кездегі зерттеу, олардағы байлар санының 1000-нан асып кеткендігін көрсетеді. Осы тәркілеуге ұшырағандардан ірі қараға шаққанда барлығы 144474 мал тартылынып алынған. Байларға соққы беру желеуімен көптеген орта және кедей қожалықтар қырғынға ұшырап, бозып кетті. Қазақ қоғамының рулық-туыстық принципке негізделуі және қазақ байларының жерді меншіктенбеуі өзінің кедей туысы тәрізді тұрмыс кешуі қазақ қоғамындағы әр-түрлі әлеуметтік жіктер мен топтардың ашықтан-ашық жауласуына жол бермейді. Бұл жайлы профессор Кушнер былай дейді:

«. . Мен тап күресін әлеуметтік таптарды қазақ қоғамынан босқа іздеппін. Нақты тап үстеміне сәйкестікті іздедім. Бірақ, таппадым» десе, қазақ қожалықтарын бес экономикалық топқа бөліп зерттеген профессор Швецов қазақ қожалықтары неғұрлым ауқатты болса, соғұрлым олардың тауарлылығы төмен болады деген қорытындыға келеді. Егер аталған топтардағы әр қожалықтарға келетін салықтардың орташа салмаған алар боқса, 1 топ 1, 6; 2 топ 5, 76; 3 топ 31; 4 топ 41, 76; және бесінші топ 77, 5 сом. Қожалық тобы жоғары болған сайын салық та езе түседі. Және бұл қысым үшінші топтан бастап күшейе береді. Әрине, мұндай шешімдер Голощекинге және оның айналасындағыларға ұнамайды. Ол аталған ғалымдардың нақты өмір ақиқатын бейнелейтін зерттеулерін бұрмаланған қорытынды деп санады. Тәркілеуге байланысты әр-түрлі өсек аяннан үрейленген халық малдарын жасырып қалуды, сойып алуды көздеді. Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет 1928-жылы тамыздың 27-інде қабылданды. Бұл декрет бойынша ірі байға ірі малға шаққанда 400 бастан жоғары малы бар көшпелі аудандарда 300 бастан астам малы бар қожалықтар жатқызылды. Байларды тәркілеуді жүзеге асыру үшін Қазақ АКСР ОК-ның өкілдері жан-жаққа округтерге аттанды. Байлар тәркілеуді көмектесу үшін жергілікті жерлерден құрамына кедейлер кірген жәрдемдесу комиссиялары құрылды. Бірақ бұлар жоғары партиялық бюрократияның сенімін ақтамады. Керісінше, тәркілеуге кедергі жасап, өз руларынан шыққан байларды қорғады. Ал енді алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет жоғарыдағы байлардан 225972 бас малды тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ, үміт ақталмады. Барлығы 144474 бас мал ғана тәркіленді. Бұл белгіленген жоспардың 64 пайызы. Бұл берілген есептің дұрыс жасалмағандығынан түсіндіріледі (бай шаруа қожалықтарының санын өсіріп көрсету, орта тапты бай қатарына қосуы, қолдағы мал санын асырып көрсету) .

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ КЕЗЕҢІ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
Зерттеу жұмысының құрылымы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
ЕКІ САНАҚ (1926-1939) АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz