КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ҚАСІРЕТІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ҚАСІРЕТІ
(1802 - 1847)

Кенесары Қасымов тарих сахнасына өзінің атасы, қазақ жерлерін
біріктіруші Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде шықты. Кенесарының
тұсында патшаның жаппай отарлауына байланысты Қазақ хандығын қалпына
келтіру мүмкін болмады. Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығын аяқ
асты еткен патша үкіметі хандық билікті мүлде мойындамады. ¤зін қазақ
даласындағы хандық биліктің бейнесімін деп есептейтін, халқымыздың аса
көрнекті ұлдарының бірі Кенесарының қасіреті, міне, осында.
1822-1824 жж. Орынбор және Сібір қазақтары туралы Жарғылар
қабылданғанына қарамастан, ХVІІІ ғ. 20-жылдарының аяғына қарай, Даланың
дербестігін сақтап қалған аудандардың тәуелсіздігіне қауіп төнді.
Сондықтан, көтерілісті бастаған сұлтанның басты мақсаты өз әулетінің жерін
қайтарып алу, сол арқылы әке мен атадан қалған мұра - Қазақ хандығын іс
жүзінде де, заң жүзінде де қалпына келтіру еді.
Кенесарының патшаға қарсы күресі қарсыластардың даму деңгейлері әр
түрліболғандықтан, басынан-ақ сәтсіздікке ұшырады. Қылыш, садақпен
қаруланған ондаған мың атты әскері бар "даланың жалғыз қасқырына"
Наполеонды жеңіп, Еуропаға ғана емес, Азияға да үстемдік орнатқан Ресей
империясының үлкен әскери күші қарсы тұрды.
Шыңғыс ұрпағының таққұмарлары Ресейдің отарлау саясатына қарсы шығып,
халқына бостандық әперу жолындағы патриоттығы, тіпті, оның жеке басының
қамын ойлауы туралы да көп айтуға болады.
Қалай десекте, Кенесары Қасымовтың қасіретті тағдырының келешек ұрпақ
үшін басты тағылымы - патшаның бұғауында өмір сүргісі келмей, еркіндікке
үйренген көшпелілер көсемі ретінде өлімге бас тігуі болмақ.
Кенесарының қасіреті - оның Ресей жаулап алған елдердің бірінің ханы
болуында. Аңызға сенсек, жаулары қоршап алып, найзаға шаншып көтергенде де
өлім аузындағы Кенесары "Мен сендерден найза бойы биікпін" - деген екен.
ХІХ ғ. екінші жартысындағы орыс тарихнамасының озық өкілдері
А.Н.Середа, Л.Красовский, И.Завалишин мен біршама уақыт бойы қазақ ханының
қамауында болған барон Услар оның жеке басының қасиеттеріне
қаттысүйсінгенімен, Кенесарының қолбасышылық қасиеті, дипломатиялық
шеберлігі, ой-өрісі мен ақылы ұзақ жылдар бойы айтылмай келді.
П.П.Семенов-Тянь-Шанский оны "қазақ даласының Митридаты" деп атаған.
1847 ж. көтерілісті басу үшін жіберілген генерал-майор Вишневскийдің әскери
экспедициясының құрамында болған А.Янушкевич Кенесарыны алжир халқының
француз отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі болған Әбу - Әл
- Қадермен салыстырады.
Сібір мен Орынбор қазақтарының еркін көшіп-қонуына қарсы бағытталған
1822 және 1824 жылғы патша жарғылары дәстүрлі хандық билікті жойып қана
қоймай, кең байтақ қазақ даласына орыстардың бірте-бірте қоныстануының алғы
шарттары болды.
Қазақтың байтақ даласының Орталық Азияда орналасуының стратегиялық
маңыздылығы орыс патшасын ежелден-ақ қызықтырған еді. Орта Азия, Оңтүстік
Қазақстан мен Шығыс Түркістан үшін ХІХ ғ. 30-40 жылары күшейе түскен
ағылшын-орыс қайшылықтары, байтақ даланың сарқылмас табиғи байлығы мен
жайлы климаты, жер мен судың, орман мен таудың молдығы, Қазақ даласы
ертеден транзиттік рөл атқарып келген Шығыс елдерімен сауданы дамытуғадеген
қажеттілік Ресейдің отарлау саясатының стратегиялық мақсаттарының жүзеге
асырылуын жылдамдата түсті.
Бұған дейін империя құрамында болмаған Орта жүздің үлкен бөлігін
Ресей құрамына қабылдау осы саясаттың бір сатысы еді. Алайда, көздеген
мақсаттарына әскери күш қолдану арқылы жетуге ұмтылған Петербор
билеушілері, бағындырмақ болған көшпелілер өмірінен мүлде хабарсыз еді.
Қазақ даласы мен Түркістан өлкесінің білгір маманы ретінде
К.Кауфманның шақыруымен келген тегі неміс, ұзақ жылдар бойы Кенесарымен хат
жазысып тұрған орыс әдебиетшісі А.Гейне былай деп жазады: "Қазақтардың
өмірінің ерекшелігі сондай, ол біздің өміріміздің бірде-бір түріне
ұқсамайды, сондықтан, еуропалықтар түрлі қорытындылар жасайды. Қазақтар
момын бурят, байкалдықтар немесе жауапсыз остяк, тунғыстар емес... Олардың
жауынгерлік рухы басылмаған, оның үстіне олар мұсылмандар, олардан ары
қасиетті Бұқара, жылпос Хиуа мен Қоқан... ал онда Англия жатыр".
Патша үкіметі, өзінің әскери-саяси жаңалықтарын енгізе отырып, қазақ
ақсүйектерін биліктен өз бетінше аластап, Солтүстік Кавказды отарлаудың
қайғылы зардаптарын естен шығарып алды. Абылай ханның ұрпақтары тарапынан
қатты қарсылыққа тап боламыз деп ойламады.
Хан тағынан күшпен тайдырылып, кезінде Ұлы Петрдің серігі болған,
князь А.Д.Меншиков айдауда болған Березовқа жіберілген Уәли ханның үлкен
әйелінен туған Ғұбайдолла сұлтан да, 20-шы жылдары көтеріліс басшысы
Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан Қасым төренің ұлы Саржан сұлтан да
Кенесары Қасымовпен тең келе алмады. Л.Красовскийдің пікірінше Кенесары
"атасы Абылайдн ақылы аспаса да, одан және әкесі Қасымнан мінезінің
қуаттылығымен асып түсті".
Көреген саясаткер ретінде Кенесары сол тұста еуропалық жандармға
айналған Ресей сияқты күшті державамен күресу үшін үш жүзді біріктіру
қажеттігін, көптеген адам шығын болатынын, әскери ғана емес, дипломатиялық
әрекетті де пайдалану қажеттігін жете түсінді.
Халықтық қозғалыстан шеттеп бара жатқан кейбір сұлтан, би,
старшындарды басып тастап, орыс жағына шықпақшы болғандарды қатаң жазаласа
да хан негізінен мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жақтады. Тұтқындарға
кешіріммен қарады, олардың кейбірі, оның ішіндеорыстар да бар, ханға қызмет
етті. Орыс елшілерін әдеппен қабылдады. Әскери тәртіпті бұзушылар кездесіп
тұрғанымен, қырғыздарға қарсы күрес кезінде болмаса, хан аса қатігездік
көрсеткен жоқ. Бұған атақты ханның даңқты істеріне белсене араласқан 1848
ж. сәуірде Кенесары қайтыс болатын Майтөбедегі қырғыздармен шайқасқа
қатысқан жауынгер-ақын Нысанбайдың "Кенесары-Наурызбай" поэмасы дәлел.
Осы арада, ханның тұтқыны болып, онымен бірнеше ай бірге болған барон
Услардың Кенесарыны ауызша суреттеуін айта кеткен жөн "Кенесары аласа
бойлы, арықша келген адам. Қалмақ тектес бет пішіні оның шыққан тегін
білдіреді. Қысықтау көздерінде қулықтың табы бар. Түрінен көп жағдайда сыр
беріп қалатын қатыгездік байқалмайды". Осы мінездеме Кенесарының
замандасынан бізге жеткен бірден-бір айғақ.
Кенесары патша үкіметімен әскери қақтығыстың күделілігін жақсы
түсінген. Оның бергі мақсаты Сібір генерал-губернаторы Абылай әулетінің
жерінде құрған әкімшілік округтерді жою болды. Қасым сұлтанның балалары мен
жақын-жуығы Көкшетау, Қарқаралы округтерін мекендейтін. Осы мәселені бейбіт
жолмен шешу үшін Кенесары сұлтан граф Е.А.Перовскийге"даланы бақылау
күзетін кемінде 35 жылға" жою туралы ұсыныс жасайды. Ұсынысы
орындалмағаннан кейін ғана батыл әрекетке көшеді.
Кенесары сұлтан Ресеймен шектескен аудандардың жағдайы, патша
үкіметінің көтерілісшілерге қарсы қолданатын әскери-қаралау шаралары туралы
жақсы хабардар болды. "Сібір мен Орынборда шашырап жүрген оның агенттері
өздерінің қамқоршысына (патронға) қатысты барлық іс-шаралар туралы анықтап,
ханға дер кезінде хабарлап отырды,"- деп жазады орыс ғалымы Н.Середа 1870
ж. "Еуропа жаршысында" жарияланған "Сұлтан Кенесары Қасымовтың көерілісі"
деген мақаласында.
Патша үкіметімен арадағы он жылдық теке-тірес барысында Кенесары
өзінің сенімді адамдары арқылы Орынбор әкімшілігі өкілдерімен үзбей хат
жазысып, империямен жанжалды бейбіт жолмен шешуге әрекеттенеді.
Мұрағатта Кенесары сұлтанның Омбыға адам жіберіп, Сібір губернаторын
қазақ жерлерін отарлауды тоқтатуға көндіру, сөйтіп, сол уақытта Ресей
ықпалынан тыс, тәуелсіздігіе сақтап қалған қазақтарды еркіне жіберу
жөніндегі әрекеттеріне куә болатын қызықтықұжаттар сақталған. Оның бір
хатынан үзінді келтірейік.
"...Сіздердің ата-бабаларыңыз бен менің атам Абылайдың тұсында ел
тыныштығын ешкім бұзбаған еді. Екі жақ та тиімді сауда жасап, біздің
адамдарға ешкім салық салмаған. Соңғы уақытта, ежелгі бейбітшілік бұзылды,
біздің халықтан салық жиналып, түрлі қысым жасала бастады. Сіздердің кіші
бастықтарыңыз бүкіл қырғыз халқы тұтастай Ресей бодандығын алды деп
қателесіп, менің атам Абылайға қараған жерлерде сегіз округ құрылды. Бұл
біздің халық үшін мейілінше қайғылы жағдай. Сондықтан, бүкіл қазақ халқы
қысымшылық көрмей, бейбіт өмір сүруі үшін, ұлы тақсыр Сізден біздің
даладағы сегіз округ пен басқа да мекемелерді жоюыңызды сұраймыз..."
Сонымен қарақшының" басты мақсаты - Орта жүзде хандық билік
жойылғаннан кейін пайда болған Қарқаралы, Көкшетау, Құсмұрын, Ұшбұлақ,
Баянауыл, Аякөз (Сергиополь), Ақмола, Аманқарағай сияқты сегіз округті
құрту.
1824 жылы Қасым төренің бұрынғы иелігінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлының қасіреті
Көтерілістің шығу себептері. Көтерілісшілердің отаршылдық саясатқа қарсы қарулы күресі
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қазақ халқының тарихына шолу
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
Тәуелсіздік - ащы термен келген тәтті жеңіс
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Ортақ заман Зар заман
Майлықожа сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылық қызметі
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Пәндер