Биоценоз - тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Биоценоз туралы түсінік.

Олардың қасиеттері.

Биоценоз - тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің, бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз. Оларды кейде экологиялық топтар деп те атайды. Олардаң мекен ететін жерлері: Теңіз, көл, тау, дала, шөл, орман т. б. болуы мүмкін. Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді. Осы атауды тек тірі организмдердің топталып тіршілік ететін түрлеріне, белгілі бір ортаға бейімделуіне, осы ортада көптеген жылдар бойы өмір сүретін осы ортаның абиотикалық факторларына бейімделген түрлердің топтарына қолдануды ұсынған болатын “Биоценоз” деген терминді экологиялық әдебиеттерде бір территорияның бөлігіндегі мекендейтін организмді айтқанда жиі қолданылып отырады. Мысалы: Шырша биоценозы, шөлді жердегі шөптесін биоценозы, бетегелі дала биоценозы деп құрлықта бірыңғай орналасқан өсімдіктердің атауына да қолдануға болады. Сонымен бірге біз тек, өскен өсімдіктерді ған атап отырғанымыз жоқ, соған қоса осы мекенді тіршілік ететін басқа да тіріоргаизмдерді айтамыз. Осындай атау тіршіліктің мекені су ортасы да аталады. Мысалы:Су жағасындағы құмда не батпақты топырақтар биоценозы, аббиссать тереңдегі, пелоги биоценозы деп аталады. Биотоп - табиғат кеңістігінің бір бөлігі. Бұл кеңістікті мекендеген тірі организмдер мен оған әсер ететінорта факторлары бар. Биоценоздың көлемі өте кішкентай, аз болса, олардың арасындағы өту зонасы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Осы өту зонасын экотон деп атайды.

Биоценоз құрылысының тағы бір қасиеті олардығы түрлердің санын бөліп қана қоймай, әр түрлердің, жеке түрлердің арасындағы қатынастарды да білген пайдалы.

Биоценоздың негізгі қасиеттері.

Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін, әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады.

1) Түрдің молшылығы - осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны. Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін.

Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі. Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады. Мысалы: О - түрі жоқ, 1 - сирек және жайылып орналасқан, 2 - сирек емес, 3 - молшылық, 4 - өте көп кездеседі.

2) Жиілігі - дегеніміз - биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді. Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді . Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін, бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі.

3) Тұрақтылығы - мынадай формуламен көрсетуге болады:

С= Px 100 ; С - тұрақтылық белгісі, Р - сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде - 50 % дейін кездеседі; 2) Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі. 3) Кездейсоқ түрлер, сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер.

4) Басымдылығы - топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп, басымдылық көрсетуін - даминаттық деп атайды.

Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін, мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар, жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін, ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды.

Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән.

5) Сенімділігі - бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды. Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді. Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады. 1) Тек 1 биоценозға тән байланысы бар, осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер. 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер - тихноцендті; 3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер -ксеноценд. 4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Өсімдіктер бірлестігі
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Экология даму тарихы
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы туралы ақпарат
Тіршіліктің пайда болуы
Экожүйе мен биогеоценоз - тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz